- •1. Сыртқы саяси насихаттың әдістемесі және формасына анықтама беріңіз.
- •2. Сыртқы саяси насихаттың қалыптасуы мен даму тарихы.
- •3. Хх ғасырдың ортасы ххі ғасырдың басындағы сыртқы саяси насихаттың белсенді себебі және шарттары.
- •4. Саяси қарама-қарсылық, ақпараттық егестікке сипаттама беру
- •5. Соғыс жылдарындағы және «демократиялық түрлендіру» әлеміндегі батыс арнайы қызметінің ықпалы.
- •7. Қазіргі замануи ведомоствосы жұмысының әдістемесі.. Ақпараттық жорамал.
- •9. Насихат теориясы. Жалпы сананың масс-медиа ықпалының ғылыми-теориялық даму кезеңі.
- •10. Насихаттың теориялық қырын талдау, тұжырымда.
- •11. Огюста Конта, Герберта Спенсера, Фердинанда Тенниса және Эмиля Дюркгейма әлеуметтік теориясы.
- •12. Адам қарым-қатынасының жауапкершілігінің ой-пікірі. Жалпы көпшіліктің ғылыми тұжырымдамасы.
- •13. Хх ғасырдың басындағы Масс-медиа күшінің тұжырымдамасы.
- •14. Гарольд Лассуэл и Уолтер Липманн «Оң насихаттың тұжырымы» теориясы. Насихаттың түрлері.
- •15. Джона Дьюидің насихатқа қарсы білім беру тұжырымдамасы.
4. Саяси қарама-қарсылық, ақпараттық егестікке сипаттама беру
Саяси қатысудың ерекше формасының бірі қарсылық көрсету болып табылады. Қарсылық көрсету формасында қатысуды теориялық тұрғыдан түсiндiрудiң өзi қиын. Себебi, қарсылық көрсетудің тиiмдi қабылданатын инструменттiк сипаты жоқ, сонымен бiрге оны билiкпен тiкелей байланыс түсiнiктерi арқылы түсiндiру мүмкiн емес. Бiрақ саяси қарсылық көрсету қоғамның саяси жүйесiне күштi ықпал ететiн әлеуметтiк белсендiлiктiң жарқын көрiнiсi ретiнде қарастыруымыз керек. Бiздiң ойымызша, саяси қарсылық көрсету азаматтардың шығармашылығына негiзделген, оның билiкке балама саяси даму жолын ұсыну мақсатында туындайтын iс-әрекетi. Қарсылық көрсету формасында қатысудың басты ерекшелiгi оған тартылған индивидтер мен топтардың қалыптасып отырған әлеуметтiк-саяси және құқықтық тәртiп шеңберiнде орталық және жергiлiктi билiк құрылымдарымен конструктивтi ынтымақтасудан бас тартуы болып табылады. Мұндай жағдай қарсылық көрсету формасында қатысуды «дәстүрлi емес саясат» ретiнде анықтауға мәжбүр етедi. Сонымен, қарсылық көрсету формасында қатысу әр түрлi саяси белсендiлiк түрiнде жүзеге асырылуы мүмкiн. Олардың қатарында: ресми ұйымдар мен лауазымды тұлғаларға хат жазу; «қарсы» дауыс беру, яғни сайлаушының барлық үмiткерге қарсы дауыс беруi; «қарсылық көрсету» акцияларына қатысу және т.б. Бiрақ бұл қарсылық көрсетушiлер билiктi толығымен мойындамайды дегендi бiлдiрмейдi. Керiсiнше, оларды басқару жүйесiнiң ахуалы қатты толғандыратынын көрсетедi. Қарсылық көрсету формасында қатысуды зерттеген А. Марш қарсылық көрсетуді мiндеттi түрде ортодоксалды саяси мiнез-құлыққа қарсы қоюдың қажетi жоқ екенiн көрсетедi [1]. Марш пiкiрiнше, индивид мiнез-құлқындағы қарсылық көрсету потенциалы мен олардың ортодоксалдық саяси мiнез-құлық моделiне қосылуына дайындығы арасында өзара байланыс бар. Яғни, қарсылық көрсету формасында қатысу белгiлi бiр деңгейде, жағдайда ортодоксалдық қатысуға айналу мүмкiндiгiн айтты. Себебi, қарсылық көрсету формасында қатысу басқа қатысу формаларынан бас тарту дегендi бiлдiрмейдi. Керiсiнше, қарсылық көрсету формасында қатысу әлеуметтiк-саяси тұрғыдан белсендi азаматтар қызметi. Қарсылық көрсету акцияларына қатысу дайындығы мен iс-жүзiнде қарсылық көрсету, көңiл толмаушылықтың шынайы деңгейiн анықтау мақсатында саяси ғылымда «қарсылық көрсету белсендiлiгі» мен «қарсылық көрсету потенциалы» деген ұғымдар пайдаланылады. «Қарсылық көрсету белсендiлiгі» мен «қарсылық көрсету потенциалды» қалыптастыруға ықпал ететiн факторларды шартты түрдегi депривация теориясымен түсiндiруге болады. Азаматтық дау-жанжалдарды зерттеушi Тед Роберт Гарр фрустрацияны немесе көңiл толмаушылықты түсiндiру үшiн шартты түрдегi депривация теориясын ұсынды [2]. Зерттеушi пiкiрiнше, шартты түрдегi депривация адамдардың өздерiнiң жақсы өмiр сүру құқығы мен оған қол жеткiзу қабiлеттiлiктерi мен мүмкiндiктерiн бағалауы арасындағы қарама-қайшылық. Шартты түрдегi депривацияны сезiну фрустрацияға алып келедi, яғни оның негiзгi көзi болып табылады. Сонымен бiрге, депривация сипатына нақты әлеуметтiк орта ықпал етедi. Егер қоршаған орта деңгейi төмен болса, онда ол көңiл толмаушылықты төмендетiп және депривацияны басуға алып келедi. Ал қоршаған орта деңгейi жоғары болса, онда ол әдiлетсiздiк сезiмiн қалыптастыруға және депривация алғы шартына айналады. Протестiк потенциалға шартты түрдегi депривациямен қатар, субъектiлердiң әлеуметтiк және саяси қатынастарды тұжырымдауға қабiлеттiлiгi, билiк органдарының қызметiне көңiл толмаушылығы ықпал етедi. Қазiргi заманда қарсылық көрсетушiлер қатарында өздерiнiң қоғамдық жағдайын жақсартуға ұмтылушылармен қатар, қатысудың психологиялық аспектiсi маңызды деп есептейтiн топтар да бар. Сондықтан, қарсылық көрсету формасында қатысуды құрайтын топтарды екiге бөлуiмiзге болады. Бiрi материалдық бағыттағы топ, екiншiсi материалдық емес бағыттағы топ. Материалдық бағыттағы қарсылық көрсету тобына әлеуметтiк мәртебесi төмен топтар немесе әр түрлi этникалық, дiни т.б. азшылықтар жатады. Бұл қарсылық көрсету тобындағылар үшiн қарсылық көрсету әлеуметтiк белсендiлiк инструментi. Олар өздерiнiң алдына әлеуметтiк мәртебесiн, жағдайын жақсарту жолында нақты мақсаттар қояды. Мысалыға, Қырғызстандағы қарсылық көрсетушi топтың негiзiн, қалыптасып отырған әлеуметтiк-экономикалық жағдайға байланысты, осы материалдық бағыттағы топ құрады. Материалдық емес бағыттағы топ жоғары мәртебедегi топ өкiлдерiнен тұрады. Бұл топ өкiлдерi үшiн қарсылық көрсету формасында қатысу инструменталдық сипатта емес, олар әлеуметтiк және психологиялық энергия алу, өз-өздерiн тұлға ретiнде көрсету мақсатында қолданылады. Жалпы қарсылық мiнез-құлық балама әлеуметтiк-саяси қатынас және өмiр сүрушi саяси режимдi жоққа шығару болып табылмайды. Дәстүрлi демократиялық жүйелерде қарсылық көрсету өзiндiк даму құралы. Демократиялық қоғамдарда демонстрациялар нақты iске қоғамдық қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылады. Мұндай белсендiлiктiң мысалы ретiнде АҚШ-ғы қоршаған ортаны қорғаушылар демонстрацияларын, таңдау құқығын қорғау мақсатындағы үзiлiссiз митингiлердiң ұйымдастырылуын айтуымызға болады [2]. Саяси қарсылық көрсету саяси жүйенiң белгiлi бiр әлеуметтiк топтарды ықпалдастыруға қабiлетсiздiгiнен туындайды. Мұндай қабiлетсiздiк саяси жетекшiлердiң бiлгiрсiздiгiнiң салдары. Қарсылық көрсету саяси үрдiстiң бiр бөлiгi ретiнде бұзушы, құртушы құбылыс ретiнде бағаланбауы керек. Мысалы, патшалық Ресей үкiметi қазақ халқының ұлт-азаттық жолындағы көтерiлiстерiне «бүлiк», «қарақшылық» деген мазмұндағы баға берген. Ал кеңестік үкіметте бұл саясаттан алыс кете алған жоқ. Сонымен бiрге, «бүлiк» деп бағаланғанына қарамастан Сукарно басқару кезiндегi қарсылық көрсету акциялары дайындалған, ұйымдастырылған түрде өткiзiлген. Бiрақ қарсылық көрсетудің оң потенциалын көтеру үшiн оған сай алғы шарттар болуы қажет. Қарсылық көрсету формасында қатысу ортодоксалдық емес қатысу түрi ретiнде анықталғанмен, Қазақстан азаматтарымен де саяси үрдiстi жандандырушы қажеттi шара ретiнде мойындалып отыр. Саяси жүйе құрылымдарының қызметiне көңiл толмауышылық қарсылық көрсету формасында қатысу негiзi болуы мүмкiн. Яғни, өздерiнiң қоғамдық жағдайына «кiнәлiлердi» iздеу. Сонымен, қарсылық көрсету формасында қатысу себептерiнiң қатарында қоғамда қалыптасып отырған жағдайға көңiл толмаушылықтың өсуi, индивидтердiң өзiнiң қоғамдық жағдайына қанағаттанбауын жатқызуымызға болады.
