Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сырты саяси нас сратары (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
78.27 Кб
Скачать

3. Хх ғасырдың ортасы ххі ғасырдың басындағы сыртқы саяси насихаттың белсенді себебі және шарттары.

Қазақ баспасөзі халықтың саяси ой – пікірін оятып, дүниетанымын байытуға едәуір әсері болды. Газеттің ақпарат жеткізуші, үгіт –насихат саласындағы қызметі жөніндегі А. Байтұрсыновтың: “Газет –халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мақау, көзі жоқ соқыр сықылды” (Қазақ, 1898, №10) –деуі, газеттің әлеуметтік – қоғамдық өмір саласындағы алатын орнын, қызметін нақты бағалаудан туындаған. Азаттық жолындағы қозғалыста орыстың алдыңғы қатарлы жазушылары мен аса көрнекті публицистері баспасөзді күрес құралы етті.

Мысалы, 1836 жылы А.С.Пушкин ұйымдастырған «Современник» журналын алпысыншы жылдары А.Г.Чернышевский мен Н.Л.Добролюбов басқарып, оны шаруалар революциясы идеясын насихаттайтын айбынды органға айналдырды. Қазақ ағартушылары қатарлы орыс баспасөзінің тамаша дәстүрлерінен үлгі өнеге ала отырып, қазақтың бұқарашыл публицистикасы мен журналистикасының негізін қалады.

Орыстың ұлы ағартушыларының демократияшыл дәстүрінен үлгі - өнеге ала отырып, олар қазақ халқының жарқын болашағы үшін күресті, феодалдық - патриархалдықтың сарқыншақтарына қарсы шықты, ұлы орыс халқымен дос болу, оның озат мәдениетінен үйрену идеясын қызу насихаттады. Азаттық жолындағы қозғалыста орыстың алдыңғы қатарлы жазушылары мен аса көрнекті публицистері баспасөзді күрес құралы етті. Мысалы, 1836 жылы А.С.Пушкин ұйымдастырған «Современник» журналын алпысыншы жылдары А.Г.Чернышевский мен Н.Л.Добролюбов басқарып, оны шаруалар революциясы идеясын насихаттайтын айбынды органға айналдырды. Қазақ ағартушылары алдыңғы қатарлы орыс баспасөзінің тамаша дәстүрлерінен үлгі - өнеге ала отырып, қазақтың бұқарашыл публицистикасы мен журналистиканың негізін қалады 11,б.77. Қазақстанның қалаларында патшаның жергілікті әкімшілік орындарының ресми органдары болып табылатын газеттер шыға бастады. «Облыстық ведомстволармен» қатар қазақ тіліне аударылып, Орынборда «Торғай» газеті, Омбыда «Дала уалаяты» газеті, сондай-ақ Оралда, Астраханьда және басқа кейбір қалаларда шығарылған газеттер де Қазақстан өмірімен байланысты болды .

«Орал» газеті шет аймақтағы еңбекшілерге саяси тәрбиелеуде елеулі роль атқарды. Ол Еділ мен Оралдың, Орта Азия мен Қазақстанның түрік тілдес барлық халықтары түсінетін татар тілінде шығарылды. Оның Астраханьда, Верныйда, Петропавлда, Қазанда, Темірде, Оралда, Перовск мен Қостанайда және басқа қалаларда жаздырып алатын оқушылар болды. Газеттің басты публиці Х.Ямашевтің мақалалары басылып тұрды. Оның басқа проблемалармен  қатар партияның идеялары насихатталды. Х.Ямашев марксизм-ленинизм идеяларын шабытпен жазды, жұмысшы табының мүддесін жақтап қорады, патша өкіметі мен капитализмді, сондай-ақ меньшевиктерді, эсерлерді және басқа пролетариат жат партияларды әшкереледі. 

  ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың І жартысындағы қазақ баспасөзінің саяси-қоғамдық және әлеуметтік мәні орасан күшті. Біз бітіру жұмысында, әсіресе қазақ қауымы үшін қызмет көрсеткен «Қазақ» газеті мен «Айқын» журналының қызметіне ерекше тоқталдық.  Ахмет Байтұрсынов, М. Дулатов, Әлихан Бөкейханов, М. Тынышпаев сияқты қазақтың біртума талаптар шоғырын осы газеттер арқылы үзеңгі қағыстыра мәдениет майданына шығуы ұзақ уақыт отар болып келген елдің қордаланып қалған келелі мәселелерін көтерді.  Қорыта келгенде, ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың І жартысындағы қазақ баспасөзі – қазақ халқының қоғамдық - әлеуметтік ой – пікірін оятуға, мәдени - әдеби дүниетанымын қалыптастыруға, кеңейтуге едәуір әсер еткен рухани құрал қызметін атқарды.  Жалпы баспасөз атаулыға тән төл ерекшелік үгіт – насихат қызметін атқару барысында салмақтанады. Сондықтан да болар әр жылдары жарық көрген басылымдар – еліміз тарихының әр күні, айы мен жылының жылнамасы іспетті.