- •Типтік технологиялық процесстер мен өндірістерді автоматтандыру
- •1 Дәріс. Кіріспе. Автоматтандыру облысындағы тапсырмалар. Басқару жүйелерінің әртүрлілігі туралы ұғым
- •2. Автоматтандыру облысындағы тапсырмалар
- •3. Басқару жүйелерінің әртүрлілігі туралы ұғым
- •1 Сурет
- •2 Сурет.- Функционалдықсұлба
- •Б) Комбинирленгенреттеупринципі
- •В)абж-де басқарылатын айнымалыңығ ауытқуы принципі
- •3 Сурет. - абж-нің басқару принциптері(а,б,в)
- •4 Сурет.- Басқару жүйелерінің құрылымдық схемасы:
- •4 Дәріс. Абж классификациясы және тү басқару формалары
- •5 Дәріс. Автоматтандырылған жүйелердің негізгі элементтері
- •1.Басқару жүйелерінің негізгі элементтері
- •2.Автоматтандырылған жүйелер элементінің классификациясы
- •6 Сурет. - Сигнал түрлерінің классификациясы
- •Түрлендіру 10→2Түрлендіру 10→8
- •8 Дәріс. Технологиялық процесстің автоматтандырылған қазiргi деңгейi
- •7 Сурет. - Автоматтандыру жүйесінің таралған қазіргі иерархиясы
- •8 Сурет. - Тік және көлденең коммуникация - кез-келген автоматтандырудыңмаңызды элементтері
- •9 Сурет. – абж тп құрылымы
- •10 Дәріс. Технологиялық процесстің автоматтандырылған жүйесін техникалық қамтамасыз ету
- •10Сурет – Бағдарламалық қамсыздандыру құрылымы
- •1. Қандай стандарттар қолданылады?
- •2. Стандартты пакеттің негізгі функциялары?
- •14 Дәріс. Siemens фирмасының wincc– операторлық деңгейдегі бағдарламасы (scada)
4 Дәріс. Абж классификациясы және тү басқару формалары
Қарастырылатын сұрақтар:
1. ТҮ АБЖ классификациясы
2. Басқару жүйелерін функционалдаудың мақсаты мен тапсырмалары
АБЖ деп адамдар жиынтығын, сонымен қатар административті және экономика-математикалық әдістердің, ақпараттық базаның, есептеу техникасының және байланыс құралдарының жиынтығын түсінеміз. Мұндай жиынтық адамдар шаруашылығының барлық сферасында оптималды басқаруды жүзеге асыру қажет. АБЖ-да басқару – дегеніміз, сыртқы орта және объект күйі туралы ақпараттарды ескеріп, эффективтіліктің берілген экономикалық критериі бойынша көптеген мүмкін әсерлердің ішінен аса жақсы басқарылатын әсерлерді таңдау болып табылады.
Өндіріс сферасына АБЖ енгізудің негізгі эффективтілігі, өндірілетін басқарушы ісерлердің сапасының жақсаруы, әрекет етуші әсерлерге жүйенің әсер ету уақытының төмендеуі, ақпарат ағынының реттелген құрылымы, жұмыскерлерді өндірістік жұмыстан босату есебінен орындалады.
АБЖ, белгілі бір функционалдық қасиеттер бойынша анықталған, басқарудың нақты тапсырмасы мен мақсаттарына жауап бере алатын, автоматты басқару жүйесінің элементтері болып табылатын жүйешелерге бөлінеді. Бір функционалды бағытталған тапсырмаларды шешу аумағында АБЖ жүйешелері жеке жүйе болып қарастырылады.
Басқару жүйесінің классификациясын келесі қасиеттер бойынша жіктейміз:басқару функциясын автоматтандырудың дәрежесі, жүйенің күрделілік дәрежесі, анықталғандық дәрежесі, басқару объектісінің типі және т.б. Автоматтандырудың дәрежесіне байланыстыбасқару функцияларының келесі түрлерін анықтайды: қолдық, автоматтандырылған және автоматты басқару. Осыған сәйкес басқару жүйелерін автоматтандырылған және автоматтыдеп бөлеміз.
Орындалатын функцияларға байланысты АБЖ келесідей классификациялаймыз:административті-ұйымдастырылған, технологиялық(технологиялық үрдістерді басқару үшін) және интегралданған.Интегралданған АБЖ екі түрді біріктіру функциясын орындайды, яғни административті-ұйымдастырылған (жоспарлаудың және мекеме шаруашылығын оперативті басқарудың экономикалық критериі бойынша оптимизациялау)басқару және технологиялық үрдістерді басқару сұрақтарымен байланысты функциялар. Шығыс нәтижесі ретінде келесілерді айтуға болады: ақпараттық және басқарылатын АБЖ. АБЖ құрылымы бойынша келесідей болады: берілген шама мен шығыс айнымалы арасындағы қосындыға(айырмашылық) пропорционал центрленген және децентрленген.
Күрделілік дәрежесіне байланысты жүйелер күрделі және қарапайым болып бөлінеді. Күрделі жүйелер келесідей сипатталады: жүйені сипаттайтын параметрлер саны аса көп, бұл параметрлердің көп мөлшері сандық мөлшерде сипатталмайды және өлшенбейді; басқару мақсаты нақтылы қысқартуларсыз формалды сипатталмайды; басқару жүйесіне нақты формалды сипаттама беру мүмкін емес.
Анықталғандық дәрежесі бойынша жүйелер детерминделгенжәне ықтималдылықты (стохастикалық)болып бөлінеді.Детерминделген жүйеде оның алдыңғы күйі және кейбір қосымша ақпараттар арқылы жүйенің келесі күйін анықтауға болады. Ықтималдылықты жүйеде дәл осындай ақпарат негізінде жүйенің көптеген кейінгі күйлерін анықтауға болады және әрқайсысының ықтималдылығын анықтауға болады.
Жүйелердің кейбір мысалдары: ұшақтың автопилоты – қарапайым детерминделген жүйе, ЭЕМ – күрделі детерминделген жүйе, тауар сапасын бақылау жүйесі – қарапайым ықмилдылықты жүйе, өндірістік мекеме – күрделі ықтималдылықты жүйе.
Басқару объектісінің күйі туралы ақпараттарды қолдану дәрежесі бойынша:
КБ бар басқару
КБ жоқ басқару.
Басқару объектісінің құрылымы және параметрі туралы ақпараттарды қолдану дәрежесі бойынша:
адаптивті
• адаптивті емес
іздеумен
іздеусіз
идентификациямен
айнымалы құрылымымен.
Координаттарды АБЖ-не түрлендірудің дәрежесі бойынша:
детерминделген f(t) =f(t+1)
стохастикалық (кездейсоқ әсерлермен) f(t)
f(t+1)
Координата түрленуінің мат. модельінің түрі бойынша:
сызықты
бейсызықты (релелік, логик.және басқ.)
Басқарылатын әсерлер түрі бойынша:
аналогты
дискретті (үзілісті, импульсті, цифрлы)
Адам қатысуының дәрежесі бойынша:
қолдық
автоматты
автоматтандыру (басқаруда адам).
Шығыс айнымалының өзгеру заңдылығы бойынша:
стабилизациялайтын: шығыс айнымалының алдын-ала жазылған мәні өзгермейтін болып табылады.
программалық: шығыс айнымалы анықталған, алдын-ала берілген программа боцынша өзгереді.
бақылайтын: шығыс айнымалының мәні автоматты жүйенің кірісіндегі белгісіз мәнге тәуелді.
Басқарылатын және реттелетін параметрлер саны бойынша
бірөлшемді
көпөлшемді
Интеллектуалдылық, адаптация, оптималдық дәрежесі бойынша
экстремалды
өзіндік реттелетін
интеллектуалды
• реттелетін органға сезімталдылық әсер бойынша(өлшенетін элемент)
• тура басқарылатын жүйелер
• жанама басқарылатын жүйелер.
Басқару жүйелерін функционалдаудың тапсырмасы мен мақсаты. Автоматты басқару жүйелері негізінен технологиялық үрдістерді басқару үшін қолданылады және локальды сипаттамаға ие. Мұндай жүелерді адамның қатысуы аса маңызды емес, ол тек диспетчердің жеке функцияларын орындайды. Автоматтандырылған басқаруда адам басқару контурына кіреді және ақпараттарды өңдеу құралдарын қолдана отырып жүйеге әсер ететін шешімдер қығарады. Автоматтандырылған реттеу жүйесін қолдану объективті сипаттамаға ие және қазіргі таңда басқару үрдістері күрделі болуына байланысты..
Автоматты басқару және автоматтандырылған басқарудың мақсаттары әртүрлі. Автоматты басқаруды өндірісті автоматтандыруда қолдану- автоматтандырудың эффективтілігін анықтайтын, ұжым құрамының қысқартуына алып келетін өндірістік жұмыстарды істеуге арналған құрылғылармен жұмыс жасауға бағытталған. Автоматтандырыған басқаруда жұмыскерлер санының қысқаруы болмайды, сонымен қатар есептегіш техника мен қымбат құрылғыларды сатып алумен байланысты шығындар пайда болады. АБЖ енгізумен басқаратын ұжымдар саны көбейеді.
АБЖ оның көмегінсіз істеуге болмайтын, жаңа жұмыстарды істеуге бағытталған. АБЖ басшыға негізгі шешімдерді қабылдауға және қате іс әректтер қауіптілігін минимизациялауға көмек жасау қажет.
