- •Типтік технологиялық процесстер мен өндірістерді автоматтандыру
- •1 Дәріс. Кіріспе. Автоматтандыру облысындағы тапсырмалар. Басқару жүйелерінің әртүрлілігі туралы ұғым
- •2. Автоматтандыру облысындағы тапсырмалар
- •3. Басқару жүйелерінің әртүрлілігі туралы ұғым
- •1 Сурет
- •2 Сурет.- Функционалдықсұлба
- •Б) Комбинирленгенреттеупринципі
- •В)абж-де басқарылатын айнымалыңығ ауытқуы принципі
- •3 Сурет. - абж-нің басқару принциптері(а,б,в)
- •4 Сурет.- Басқару жүйелерінің құрылымдық схемасы:
- •4 Дәріс. Абж классификациясы және тү басқару формалары
- •5 Дәріс. Автоматтандырылған жүйелердің негізгі элементтері
- •1.Басқару жүйелерінің негізгі элементтері
- •2.Автоматтандырылған жүйелер элементінің классификациясы
- •6 Сурет. - Сигнал түрлерінің классификациясы
- •Түрлендіру 10→2Түрлендіру 10→8
- •8 Дәріс. Технологиялық процесстің автоматтандырылған қазiргi деңгейi
- •7 Сурет. - Автоматтандыру жүйесінің таралған қазіргі иерархиясы
- •8 Сурет. - Тік және көлденең коммуникация - кез-келген автоматтандырудыңмаңызды элементтері
- •9 Сурет. – абж тп құрылымы
- •10 Дәріс. Технологиялық процесстің автоматтандырылған жүйесін техникалық қамтамасыз ету
- •10Сурет – Бағдарламалық қамсыздандыру құрылымы
- •1. Қандай стандарттар қолданылады?
- •2. Стандартты пакеттің негізгі функциялары?
- •14 Дәріс. Siemens фирмасының wincc– операторлық деңгейдегі бағдарламасы (scada)
Типтік технологиялық процесстер мен өндірістерді автоматтандыру
1 Дәріс. Кіріспе. Автоматтандыру облысындағы тапсырмалар. Басқару жүйелерінің әртүрлілігі туралы ұғым
Қарастырылатын сұрақтар
1. Кіріспе
2. Автоматтандыру облысындағы тапсырмалар
3. Басқару жүйелерінің әртүрлілігі туралы ұғым
Кіріспе. Кибернетика ғылымының негізін салушы американдық математигі Н. Винер айтқандай: XVIII ғасыр – уақыт ғасыры; XIX ғасыр –булық машиналар ғасыры; қазіргі уақыт – байланыс және басқару уақыты деп айтқан.
Қандайда бір объектті басқару дегеніміз қажетті күйлер мен үрдіске қол жеткізу үшін оған берілген әсерді айтамыз. Басқару объектісі ретінде ұшақ, станок, электродвигательді т.с.с алуға болады. Объектті техникалық құралдар көмегімен адамның қатысуынсыз басқару автоматты басқару деп аталады. БО мен автоматты басқару құрылғыларының жиынтығы АБЖ деп аталады.
Автоматты басқарудың негізгі мақсаты адам қатысуынсыз басқару объектісінде болатын белгілі бір өзгеру заңдылығының бір немесе бірнеше физикалық шамасының мәнін ұстап тұру болып табылады.
Технологиялық процесті автоматтандыру – өндірістік процесті басқаруды адамның тікелей қатысуынсыз жүзеге асыратын жүйелер немесе жүйені іске асыруға арнаған әдістер мен құралдар жиынтығы.
Технологиялық процесті автоматтандырудың негізгі мақсаттарына жатады:
Өндірістік процестің тиімділігін арттыру;
Өндірістік процестің қауіпсіздігін арттыру.
Мақсаттар келесі технологиялық процесті автоматтандыру тапсырмаларын шешуі арқылы қол жеткізіледі:
Реттеу сапасының артуы;
Құрал-жабдықтар дайындығының коэффициентін артуы;
Процес операторының жұмыс тиімділігін жақсарту.
Технологиялық процесті автоматтандыру тапсырмаларын шешуі іске асады:
Автоматтандырудың қазіргі заманғы әдістерін енгізу;
Автоматтандырудың қазіргі заманғы құралдарын енгізу арқылы.
Әдетте, технологияық процесті автоматтандыруы нәтижесінде технологиялық процесті басқарудың автоматтандырыған жүйесі (ТП АБЖ) құрылады. Бір өндірістік процесс аумағындағы технологиялық процесті автоматтандыру өндірісті басқару жүйесі мен өндіріс орнын басқару жүйесін енгізуді іске асыруға мүмкіндік береді.
Келістіру әр-түрлілігіне байланысты келесі технологиялық процестерді автоматтандыру түрлеріне бөледі:
Үздіксіз техноогиялық процесті автоматтандыру (Process Automation)
Дискретті технологиялық процесті автоматтандыру(Factory Automation).
Технологиялық процестерді басқару мен автоматтандыру жүйелері – автоматты күйде берілген технологиялық сипаттамаларды қолдау және басқару үшін және берілген жүйе үшін құрылатын объекттерді қорғау үшін арналған жүйелер. Технологиялық процестің автоматтандырылған басқару жүйелері үшін басқарылатын объект ретінде технологиялық жабдықтар мен олардың көмегімен нысаналы өнімді өндіру процесінің нұсқаулары мен регламенттеріне сәйкес іске асырылған өндірістің жиынтығы болатын технологиялық басқару объектісі болып табылады(ТБО).
Барлық материалды және материалды емес өндірістің автоматтандырылатын, соның ішінде технологиялық процесті автоматтандырылған басқару жүйелері арқылы іске асатын өзінің технологиялық процестері болады.
Технологиялық процесті басқару – кез-келген материалды процесті орындау мен олардың белгілі бір мақсаттарына жетуін қамтамасыз ететін информациондық процесс.
Технологиялық өндірісті адамдар басқарады, олар өндіріс құралдары мен еңбек жабдықтарға әсер етеді. Технологиялық процесті басқаруда еңбек өнімі – өндірістің өнімі немесе қызмет. Негізінде, технологиялық процесті басқаруда өндіріс процесінің құрамаларының қозғалысына, технологиялық процестің жеке операцияларына, жеке ауысуларға координациялау жасалады. Әдетте, технологиялық процесті басқару үздіксіз болады.
Технологиялық процестер кез-келген өндіріс үшін материалдық база ретінде қызмет атқарады, сондықтан өнімділік, шығарылатын өнімнің сапасы(сенімділігі), өндірістің пайдалылығы сияқты өндіріс сипаттамаларын арттыру үшін процестерді басқаруды қамтамасыз ету қажет және оларды басқаратын автоматтандырылған жүйені енгізу қажет. «Басқару объектісі ретінде технологиялық процесс» ұғымы атап айтқанда, құралдардың конструктивті элементтері болып табылатын ,бірақ ТП АБЖ техникалық құрамына кіретін датчиктер мен атқарушы органдардан басқа, технологиялық құрал-жабдықтарды айтады. Сондықтан келесі айтылғанда технологиялық процесті басқару технологиялық жабдықтың жұмыс режимін басқаруды білдіреді.
«Басқарылатын технологиялық процесс» термині ретінде келесіде басқарылатын кіріс әсері (басқарылатын, басқарушы) анықталған,шығарылатын өнімнің кіріс және шығыс әсерлерінің арасындағы детерминді немесе кездейсоқ тәуелділіктер орнатылған, кіріс әсері мен шығыс параметрлерді (жалпы немесе бөліктерінің) автоматты есептеу әдістері және процесті басқару әдістері жасалған процесті айтады.
Сонымен, басқарылатын технологиялық процесс деп, ТП АБЖ енгізуге дайын,яғни ТП АБЖ технологиялық процесс жүйесін құратын процесті айтады (1-сурет).
