Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эволюция 17-18.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
29.71 Кб
Скачать

Биологиялық оқшауланудың эволюциядағы ролі

Биологиялық оқшаулану дегеніміз - бұл дербес түрлердің шағылысуына кедергі жасайтын тетік. Бір түрдің әр түрлі популяцияларының ішінде жүздеген және мыңдаған жағымды мутация жасайтын ұрпақтар жинақталады. Бұлар атап айтқанда олар тіршілік дағдысын жасауда қоршаған ортаның тап сол нақтылы жағдайларында тіршілік етуді жеңілдетеді. Бір түрдің әр түрлі популяцияларының дарақтары біртіндеп бірінен - бірі барған сайын ерекшелене бастайды. Егер жинақталған өзгерістер шағылысуға мүмкіндігі жоқ кездегі сәтте басталса, онда биологиялық оқшаулану пайда болады. Демек дербес жаңа түрлер түзіледі. Биологиялық оқшауланудың әр түрлі формалары болатынын атап көрсету қажет. Мысалы, анатомиялық оқшаулану - бұл жыныс мүшелер құрылысының сәйкес келмеуі. Биологиялық оқшаулану түрішілік ерекшеліктердің негізінде пайда болады және оның бірнеше түрлері белгілі: 1) экологиялық оқшаулану; 2) генетикалық оқшаулану.

Экологиялық оқшаулануға даралардың түсінің, қоректену, кебею ерекшеліктері алып келеді. Мысалы, Молдавияда тышқанның бір-бірімен араласпайтын (будандаспайтын) 2 популяциясы кездеседі: сары тамақты орман тышқандары және дала тышқандары. Олардың бір-бірінен бөлінуіне себеп қорек құрамының әр түрлі болуында. Популяциялардың ажырасуы фенотиптік ерекшеліктерге алып келген дала тышқандары ұсақ, ми сауытының пішіні өзгеше болып келеді.

Ұзақ уақытқа созылған экологиялық оқшаулану популяциялар дивергенциясын күшейтіп, жаңа түрлердің түзілуіне алып келеді. Бұған мысал ретінде адам аскаридасы мен шошқа аскаридасын алуға болады. Олар бір-бірімен морфологиялық жағынан ұқсас, біртекті болып келеді. ЭколОгиялық оқшаулану популяция аралық будандасу мүмкіншілігін темендеткенімен, толық жоя алмайды

Генетикалық оқшаулану даралардың өзара будаңдасуын болдырмайтын тосқауыл, богеттер қояды.

Арамарфоз-эволюцияның даму бағыты

Ароморфоз. Әр алуан тіршілік жағдайында пайда болып, ағзаның құрылым деңгейі мен атқаратын қызметін күрделендіре түсетін, тіршілік қабылетін арттыратын жалпы маңызы бар бейімділіктерді А.Н.Северцев морфофизиологиялық прогресс немесе ароморфоз деп атады. Ароморфоз - тұқым қуалайтын өзгергіштік пен табиғи сұрыпталудың негізінде, ұзақ уақыт аралығын қамти жүретін әрекет. Ароморфоз үнемі биологиялық прогресске әкеледі. Мысалы, омыртқалы жануарлардың дамуындағы ірі аромофоз қан айналу мүшелер жүйесінің эволюциясы болып табылады.Ароморфоз (көне грекше: аіro — көтеру, көне грекше: тофһе - форма, пішін) - органикалық дүние дамуының негізгі эволюциялық бағыттарының бірі, қоршаған орта әсерлеріне байланысты тірі организмдердің құрылымдық және қызметтік жағынан күрделеніп, жоғары сатыға көтерілуі. Мыс., бауырмен жорғалаушылардың арғы тектерінің сүтқоректі жануарларға айналу кезінде 3 камералы жүректен 4 камералы жүректің жетілуі және т.б. Морфологиялық-физиологиялық үдеріс. Бұл орасан зор бейімделгіштіктің пайда болуы, ол тіршілікке бейімділікті едәуір көтеріп, жаңа тіршілік ортасына көшуге жәрдемдеседі. Ароморфоз кезінде мүшелер (морфология құрылысы едәуір күрделеніп, ол тіршілік үдерісін (физиологиясын) күшейте түседі. Ароморфоздың қоршаған ортаның тар көлемді жағдайларына «жармасып» қалмауы да мүмкін, яғни ароморфоз нәтижесінде алынған артықшылық жай ғана бейімделуден әлдеқайда басым болады. Мысал ретінде хлорофилл және фотосинтездің пайда болуын, яғни ағзалардың автотрофты қоректенуге көшуін атауға болады. Бұл ароморфоз ғаламшарымызда барлық тіріліктің сақталып қалуына мүмкіндік берді. Жасушалардың, оның органоидтары және тіршілік үдерістері кезеңдерінің пайда болуына ароморфоз жәрдемдесті деп есептеуге болады. Көпжасушалық, мүшелер мен олардың жүйелерінің пайда болуы да жануарлардағы маңызды ароморфоздау нәтижесі деп есептеледі. Әрбір мүшелер: тамыр, сабақ, жапырақтар, гүл, тұқым және жемістің пайда болуы да көпжасушалық. Осылардың бәрі ірі ароморфоздар. Олар ағзаның мүмкіндігін соншалықты ұлғайтатын болғандықтан, ағзаның шынында да дамудың жоғарырақ сатысына көшуіне мүмкіндік береді. Ароморфоздар көбінесе ірі жүйелі топтардың пайда болуына себепші болып, солардың белгілері болып табылады.