Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Mamandy_1179__1179_a_kirispe.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
208.13 Кб
Скачать

43.Студенттік клуб құрып оның іс-әрекеттік жоспарын жаз

Студсовет құрдық және оның атқаратын қызметі жайында айту

Бұл студенттік клубтың аты «Қыран». Клуб – қоғамдық ұйым; ол студенттерді біріктіріп ғылыми, көрмекдік, шығармашылық, саяси қызығушылықтарын біріктіретін орын.

Клуб – студенттердің өз еркімен қатынасып, демалыс уақыты ұйымдастыратын орын.

Клуб – студенттердің тұлғалық ерекшеліктерін, адамгершілік құндылықтарын нығайтатын ұйым.

Клуб 2010 жылы 3 сәуіренен бастап философия және саясаттану факультетінің жалпы және этникалық педагогика кафедрасының негізінде жұмыс жасауда. Клубтың мақсаты – студенттердің бойындағы шығармашылық, ұйымщылдық, ізденушілік, сөйлеу мәдениеті тағы сол сияқты қасиеттерді қалыптастырады.

Студенттік клубта 47 мүше жұмыс жасайды. Оның басшысы Орынбаева Айзада. Оның басшылығымен клубта көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда.

44. «Дұрыс әрекет тәжірибесі - өмір негізі» тақырыбына эссе жаз

Адамның психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі әрекетпен айналысуына байланысты болады. Адам өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығарады. Мәселен, мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын ойын арқылы білдірсе, ересек адам өзіне тән ерекшеліктерін еңбек процесінің сан алуан салаларында көрсетеді. Әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс. «Әрекет дұрыс болу үшін,-дейді Әл-Фараби,- біздің соған баратын жолымыз қандай болу керек екенін ... анықтап алуға тиіспіз».

Оқу – іс-әрекеттің негізгі саласы еңбек процесін нәтижелі орындауға қажетті білімді, дағды мен икемді жүйелі түрде меңгеру.

Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті – оқу. Оқу арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жиналған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін береді.сонымен бірге жаңа буын оқу арқылы өзінен бұрынғылардың практикалық әрекетін, ғылымөбілім жүйелерін меңгереді, сөйтіп, өзін практикалық әрекетке дайындайды. Білім жүйесін меңгеру арқылы ғана адам ой және дене еңбегінің тетіктерін жақсы түсінеді. Оларды жан-жақты білуге мүмкіндік алады. Білім меңгеру – ұзақ уақытты керек ететін күрделі процесс

Адам психикасын қалыптастыруда шешуші роль атқаратын әрекеттің бірі - еңбек.Еңбек адам тіршілігінің арқауы,оның өмір сүруінінің басты шарты.Еңбектің адам сана сезімінің қалыптасуына қалайша әсер ететіндігі жөнінде .У.Ушинский:«...Еңбек тән мен рухани адам жаратылысының және жер бетіндегі адамның тіршілігінің күрделі заңына айналады,ол адам тәнінің,адамгершілігі мен ақыл-ойының жетілуінің жағдайы,оның адамгершілік ар-ұяты, бостандығы және ақыраяғында қуанышы мен бақыты болып табылады» дейді.

Ойын – бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасайды. Ал мұның өзі оның дамуы үшін ерекшк маңызы бар фактор екендігі түсінікті

Ойын баланың түрлі қасиеттерін дамытатынын, мұнда да баланың қабілетіні, белсенділігі бір сыдырғы байқалатынын А.С.Макаренко өте жақсы көрсетті. «Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет істеу, әрекет ету қандай орын алып отыратын болса,-деп жазды ол,- балалар өмірінде ойын да сондай үлкен маңызды.Ойында бала қандай болса, өскенен кейін жұмыста көбінесе сондай болады. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады».

Ойын адам әрекетінің бір түрі болғандықтан, оның да өзіне тән мотивтері болады. Мәселен, дәрігер ауру адамды емдегенде өзіне жүктелген міндетті сезінеді, осылай істеуді оның мамандығы қажет етеді. Ал, дәрігер болып ойнаған баланы алатын болсақ, ол да айналасындағыларды өзінше «емдейді».Бірақ бұл оның жай қызығуынан туған. Ойынның қозғаушы күші – баланың нақты тілегі мен қызығуы.

45 «Менің жеке шығармашылығым» портфолио құрылымын құрыңыз

46Әлеуметтік педагог, өзін-өзі тану маманының жеке басындағы артистизм: эстетикалық талғам, интеллектуалды эмоциялық тәрбиелік, тұлғаның көркемдік – шығармашылық, актерлық және тағы басқа тақырыбына қысқаша талдау жасаңыз.

Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог - өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман. Шеберлік - кәсіби немесе әуесқойлық білімдердің каңдай да болсын түрінде істі терең танушылықпен, дамыған іскерлікпен үйлестіріп тиімді әрекеттерді жүзеге асырушылық. [1]

жұмысқа, ісәрекетке байланысты: белгілі бір көзқарас бойынша жұмыс пен қойылатын талап сапалары; іс-әрекеттің еркіндік деңгейі, жұмыс қалай іске асып жатыр екенін бақылау; оны зерттеуге жұмсалатын уақыт; тәжірибе мен білім деңгейі;

адамға қатысты: білім барысында және тәжірибе іс-әрекетінде ашылатын адамның қабілеттілігі;

әлеуметтік құрылыс: әдеттер мен тәжірибе, кәсіподақтар келіссөзі, енбекті Реттеуге байланысты енбектің немесе жұмысбастылықтың кейбір түрлеріне басылатын таңба. Мұның бәрі ақы мен статустың жіктелген нормаларын шақырады. Әдетте істің ресми біліктілігінде бейнеленеді: «білікті», «жартылай білікті», «төмен білікті»;

кең әлеуметтік мағынада: әлеуметтік факторлардың ең жалпы кабілеттіліктері мен кұзіреттілігі, яғни әлеуметтік өмірге араласу әрқашан «білікті орындау» болып табылады.[2]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]