Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Mamandy_1179__1179_a_kirispe.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
208.13 Кб
Скачать

41»Ұлтаралық мәдени» бағытында іс-шараның жоспарын құрастырыңыз

Қазақстанда бүгінгі таңда өзара татулық пен келісімде жүзден астам ұлттар мен этностар, этникалық топтар өкілдері тұрады. ұлтаралық келісім мен татулық қазіргі таңда қоғамдағы көкейтесті мәселенің біріне айналып отыр. Елдегі ұлтаралық келісім мен жарастық мәселелеріне үлкен ықпалын тигізіп келе жатқан ұйымдарының бірі – Қазақстан халқы Ассамблеясы болып табылады. Бұл ұйымның алдына қойған мақсат-міндеттерінің бірі – нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатысына, қандай әлеуметтік топқа жататындығына қарамастан республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының теңдігін, халықтар достығы мен ұлтаралық келісімді нығайту мен сақтау болса, бұл міндеттер табысты түрде іске асып келеді. еліміздегі ұлтаралық келісім мен бірлік қазіргі кезеңде орын отырған қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық дағдарысты еңсеруде де маңызды роль атқарған факторлардың бірі бола алады деп ойлаймыз. Өркениетті экономика, өркенді саяси-рухани құрылым дәне дамыған инфрақұрылым қалыптастыру үшін қазір ең керегі – ұлттық ынтымастық пен бірлік. Ассамблея: мәдени-ағартушылық — тілдер мен ұлттық мәдениеттерді, салт-дәстүрлерді қайта жаңғырту және насихаттау;тәрбиелік — қазақстандық және ұлттық отан сүйгіштікті қалыптастыру;ұлтаралық қатынастарды қадағалау негізінде ұлтаралық татулық пен келісімді нығайту; Қазақстанды мекен еткен ұлт өкілдері арасында достық қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын мемлекеттік саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар дайындау ісімен айналысады.

42-билет. Отбасылық әлеуметтенудің ерекшеліктері тақырыбына шағын шығармашылық жазыңыз.

Отбасы институты - әлеуметтік жүйенің негізгі және маңызды саласы. Отбасы саналы азаматтың қалыптасцында басты рөл атқарады. Отбасының берекелі де беркі болуына тұтас қоғамның тұрақты болуын қамтамасыз етеді. Бұл әлеуметтік институттар арасында тығыз байланыс бар. Мәселен, мемлекет тек саяси билікті ғана жүзеге асырып қоймайды, сонымен қатар экономикалық, рухани және отбасы салаларының қызметтеріне де елеулі ықпал етіп отырады. Қазіргі әлеуметтік институттың дамудағы ғылым мен техника рөлін фетишизациялау технологиялық детерменизмнің (У. Огборн, Л. Мэмфорд және т.б.) және сциентизмнің теориялық негізі атқарады. Олардың ойынша, біздің заманымызда әлеуметтік институттардың дамудың негізгі детерминанттары болып техника және ғылым табылады, сонымен қатар әлеуметтік даулардың өсуі мен шиеленісуіне әкелетін техника прогресі мен қоғамның қазіргі кездегі моральдық деңгейі арасындағы алшақтыққа мән береді. Қоғамды қарастыруда детерменизмнің басқа да түрлері кездеседі: экономикалық (А.Хайт, О.Дункан), мәдени (М.Вебер, П.Сорокин) және т.б. Қоғамды қарастырудағы қатал детерминацияланған тәсілдің кемшілігі болып қоғамды зерттеуде және әлеуметтік қатынастарды талдауда қоғамның бүкіл шағын жүйелерінің қызметінің өзара байланыстылығы салдарынан белгілі бір әлеуметтік процестердің түпнегізін анықтау қиын болатындығы табылады. Социологиялық талдау үшін маңызды қоғамның жүйелілік белгілерін бөледі: біртұтастылық (бұл ішкі қасиет қоғамдық өндіріспен сәйкес келеді); тұрақтылық (әлеуметтік өзара әрекеттердің ритмі мен режимінің салыстырмалы тұрақты өндірісі); динамизм (буындардың ауысуы, қоғамдық субстраттың өзгеруі, сабақтастық, бәсеңдеу, қарқындылық); ашықтық (әлеуметтік жүйе өзін табиғатпен зат алмасудың арқасында сақтайды, ол қоршаған ортамен тепе-теңдік негізінде және сыртқы ортадан заттар мен қуаттың қажетті мөлшерін алу арқылы жүзеге асырылады); өзін-өзі дамыту (оның көзі өз ішінде, бұл – әлеуметтік қауымдастықтар мүддесіне және стимулдарына сүйенетін өндіріс, үлестіру, пайдалану); әлеуметтік болмыстың кеңістіктік-уақыттық формалары мен тәсілдері (адамдардың көпшілігі ортақ іс-әрекетпен, мақсаттармен, қажеттіліктермен, өмір нормаларымен біріктірілген. Бірақ уақыт зымырап өтіп жатыр, буындар ауысуда, және әрбір жаңалылық өмірдің қалыптасқан формасын табады, оларды қайта жаңғыртады және өзгертеді).

Отбасы қоғамның элементарлы құрылымы ретіндегі алғашқы әлеуметтік бөлігі болып табылады.  Олардың қажеттілігі мынадай жағдайлармен сипатталады:  1. Отбасы тәрбиесі өзінің сипаты жағынан эмоционалды, өйткені байланыстырушы ата-ананың балаларына деген махаббаты мен балалары тарапынан да сондай сезімдердің болуы байланыстырады.  2. Бала, әсіресе, жас кезінде басқа әрекеттерден гөрі отбасындағы әрекеттерге көбірек бейімделіп, өмірлік тәжірибе жинақтайды.  3. Отбасы кіші микроорта ретінде баланы біртіндеп қоғамдық ортаға бейімдеу қызметін атқаруға мүмкіндігі жоғары және баланың өмірлік тәжірибесі мен дүниетанымын кезеңді жүзеге асыруда да тиімді.  4. Отбасы біркелкі емес, әртүрлі жастағы адамдардан тұратын әлеуметтік ортаны құрайды. Бұл өз кезегінде баланы әртүрлі жастағы адамдармен қарым-қатынас жасау тәжірибесін меңгеруге мүмкіндік туғызады.  Отбасы тек балалар үшін ғана емес, сонымен қатар ересек адамдар үшін де әлеуметтендірудің ең маңызды факторы болып табылады. Оған көп жағдайда адамның бүкіл өмірі барысындағы дене, эмоционалды және әлеуметтік дамуы байланысты болады. Адамның дене жағынан дамуы отбасындағы тұрмыстық жұмыстардың қалай жолға қойылғандығы мен ұйымдастырылғандығы байланысты болады.  Ал отбасының эмоционалды дамуына отбасындағы психологиялық жағдай мен қарым-қатынас жатады. Бұл өз кезегінде отбасы мүшелерінің әлеуметтік дамуына өзіндік ықпал етеді. Отбасындағы адамдардың бір-біріне қарым-қатынасында қолдау көрсетуі мен бір-біріне бауыр басып қалуы адамның қоғамдық ортаға тез бейімделуіне ықпал етсе, отбасындағы бейтараптық немесе жиі кінәтағушылық адамның қоғамда өзін бөлектенуге, сенімсіздіктің қалыптасуына немесе қиын кезеңдерде тығырықтан шығудың жолдарын іздестіріп табуға қабілетсіздікке алып келеді.  Отбасы баланың жеке басының қалыптасуына екiжақты әсер етедi:  - отбасының материалдық жағдайын сипаттайтын өзiндiк өмiр сүру дәстүрi арқылы, яғни отбасы мүшелерiнiң материалдық және рухани қажетсiнуi мен әлеуметтiк құндылықтары арқылы әсер етедi;  - әлеуметтiк және белгiлi бiр мақсатқа бағытталған әсер арқылы. Бұл көбiнесе отбасындағы негiзгi көзқарас пен тәрбие процесi қоғамның тәрбиелiк мақсатына, идеялық талаптарына қаншалықты сәйкес келуiне байланысты жүзеге асырылады.  Әлеуметтік педагогикада отбасының әлеуметтендіру процесінде атқаратын бірқатар қызметтері анықталған (Ф. А. Мустаева), олар:  Біріншіден, адамның дене және эмоционалдық дамуы жүзеге асады. Балалық шақтағы және ерте жастық шақта қабылдайтын мұндай әсерді тек отбасы ғана бере алады, басқа әлеуметтендіру институттары мұндай қызметті жүзеге асыра да, орнын толтыра да алмайды. Балабақша кезінде, кіші мектеп жасында және жеткіншек жас кезеңінде де отбасы баланың әлеуметтенуі үшін маңызды әлеуметтендірушілік рөлді атқарады, әйтсе де бірден-бір орта болудан қалады. Басқа да әлеуметтендіру институттарының қызметінің ықпалы қосарлана бастайды, бірақ қарттық шақта қайтадан бірден-бір әлеуметтендіру ортасы болады.  Екіншіден, бала өмірінің алғашқы үш жылындағы оның жыныстық психологиясының қалыптасуында отбасы маңызды рөл ойнайды. Әкенің ұлына немесе қызына деген жеке қатынасы шешуші міндетті атқарады, яғни әкенің ұлының агрессивті қарым-қатынасы мен қызының нәзік әрекетіне деген жеке қатынасы мен көзқарасы олардың жыныстық санасының қалыптасуына түрткі болады. Ана әдетте балалырының бәріне бірдей мейірімділіпен қатынас жасайды. Отбасындағы әкенің бала әрекетіне немқұрайлы қарауы немесе отбасында әкенің жоқтығы баланың жыныстық әлеуметтену процесінің өтуінде проблема туғызады.  Үшіншіден, баланың ақыл-ойы жағынан дамуында да отбасы жетекшілік рөл ойнайды, сонымен қатар әлеуметтенудің барлық кезеңдерінде баланың мәдениеттік қарым-қатынастың мөлшерін сезінуге және меңгеруге ықпал етеді.  Төртіншіден, отбасы адамның отбасылық рөлдерді орындаудағы әлеуметтік нормаларды меңгеруінде де маңызды орынға ие.  Бесіншіден, отбасылық және ұлттараралық қатынастарға бағытталған және балалардың өмірлік стилін, өмірлік жоспары мен оған жетуге апаратын өмірлік талпыныстарын, қызығушылық деңгейлерін анықтайтын құндылық бағдары да осы отбасында қалыптасады.  Алтыншыдан, адамға әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету отбасына тән, бұл сипат баладағы өзіне деген бағаға, өзін-өзі құрметтеу деңгейіне, өзін-өзі қабылдау шарасына, өзін-өзі жүзеге асырудың тиімділігі мен аспектілеріне байланысты болады. 

Тұжырым:  1. Отбасы-қоғамның бір бөлшегі бола отырып, баланың қоғамға енуін қамтамасыз ететін әлеуметтендірудің негізгі институты болып табылады.  2. Отбасының әлеуметтендірушілік қызметінің сипаты оның қоғаммен қарым-қатынасы нәтижесінде қалыптасқан отбасылық құндылықтарына байланысты анықталады.  3. Отбасы типтеріне байланысты отбасының баланы әлеуметтендірушілік ықпалы да әртүрлі болады. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]