- •1.2.Салауатты өмірін сақтау, тұлғаны әлеуметтендірудің бір саласы
- •2.2.Мектеп оқушыларына салауатты өмір салты бойынша білім беру өзектілігі.
- •«Өнерге қанат қаққандар» атты концертіне арналған сценарий
- •41»Ұлтаралық мәдени» бағытында іс-шараның жоспарын құрастырыңыз
- •43.Студенттік клуб құрып оның іс-әрекеттік жоспарын жаз
- •44. «Дұрыс әрекет тәжірибесі - өмір негізі» тақырыбына эссе жаз
- •Педагогикалық шеберлік деген не?
- •47 «Әлеуметтену және компьютер» тықырыбына шағын шығармашылық жұмыс жаз
- •48Өзін-өзі тануды оқытудың аксиологиялық аспектілерін қысқаша сипатта
- •49 «Интернет және студент» тақырыбына шағын шығармашылық жаз
- •50.Педагогикалық артистизм ұғымына сипаттама беріңіз.
- •Педагогикалық шеберлік деген не?
- •51. «Қазіргі кездегі біріктіріп оқыту және инклюзивті білім беру түсінігі» тақырыбына шағын шығармашылық жұмыс жазыңыз
- •53.Өзін-өзі тану білімнің жеке саласы тақырыбында шағын шығармашылық жұмыс жасаңыз.
- •54. Өзін-өзі дамыту және өзін-өзі танудың құрылымы ретінде 5-6 қағида ұсыныңыз.
- •55.Қазақ менталитетінің ерекшеліктері.
- •59 Микросоциум тісінігіне философиялық, педагогикалық, психологиялық тұрғыдан анықтама беріңіз..
«Өнерге қанат қаққандар» атты концертіне арналған сценарий
Сынып жетекші: Қош келдіңіздер, қадірменді ұстаздар, ата-аналар, оқушылар және өнер сүйер көпшілік! Бүгін, сіздер менің шәкірттерімнің сынып аралық концертін тамашалайтын боласыздар. Сейтек салған сара жол Өнерге тартқан дара жол Пернелер қуып сырғыйды Көкейден туған дана жол Оркестрдің күмбірі Кең даламның дүбірі Өз оқушыларымнан құралған оркестрдің орындауында :
1.Сейтектің күйі «Той бастар» 2.Халық күй «Келіншек»
1-жүргізуші Қадірменді өнер сүйер қауым ! Өнер десе ішкен асын жерге қоятын бауырмал ағайын !
2-жүргізуші Құрметті қонақтар ата-аналар , оқушылар, өздеріңізге арналған «Өнерге қанат қаққандар» атты сынып концертімізге кезек берейік.
1-жүргізуші Жалпы, кештің мақсаты : Жас ұрпақтарды шығармашылыққа баулып, оқушылардың бойындағы өнерімен талабын арттыра түсу.
2-жүргізуші : Өнер десе елең етпейтін пенде жоқ. Қазақ деген елдің құшағы кең , мейірімі жүректі елжіретер , пейілі дархан , өнері ұшаң – теңіз.
1-жүргізуші : Өнер десе елең дейтін халықпыз, Өнер бар да шалқыған Ақ Жайықпыз. Әнсіз – күйсіз өткен тойы Қазақтың, Көрінетін секілді-ау қызықсыз.
2-жүргізуші: Күй атасы Құрманғазы атамыз, Күйлеріне тәнті болып жатамыз. Динадайын шәкірті бар тектінің, Өнегесі азық бізге жақсының.
1-жүргізуші: «Өмір – дастан, бала жастан»,- демекші домбыра бөлімінің 1 сынып оқушыларының орындауында Ә.Қонысбековтың күйі «Көксерек»
2-жүргізуші : Директоры мектептің, Композитор ағамыз. Әндері мен күйлерін, Жаттап лезде аламыз. Ізін басып ағаның, Бізде сіздей боламыз.
1-жүргізуші : «Құтты болсын Наурыз», орындайтын 4 сынып оқушысы Байсейт Ақбота
І-жүргізуші: Қуанады үлкен – кіші, жауған қарға далада Құдіреті күшті табиғат, таң қалдырмай бола ма? Жаңа жауған ақ ұлпа жаңа жылды келтіріп , Бір жылға үлкейгенін сезінді жас бала да
ІІ-жүргізуші : Домбыра бөлімінің 1сынып оқушысы Серік Нұрбақыт күй «Ақша қар»
І-жүргізуші: «Домбыра сен де мін бар ма ? Мінсіз болсаң тіл бар ма ? Тіл жоқ деуге бола ма, Тілден артық үн бар да? Домбыраның күші мол, Көмейінде күй бар да», — депті ақын І.Жансүгіров атамыз.
ІІ-жүргізуші : күй — «Қобызшы қыз», Орындайтындар оқушылар Әбдіжан Ботакөз , Таир Досым , Рахман Аяулым.
І-жүргізуші: Биле, жаным , ойнашы, Ойнағанды қоймашы. Қайтып келмес жастығың, Мың бұралып ойнашы .
ІІ-жүргізуші : 5 сынып оқушысы Лес Айгерімнің орындауында Испан биі
І-жүргізуші : 2 сынып оқушысы Азатбай Жарқынайдың орындауында «Аналар алтын»
2-жүргізуші : 1 сынып оқушысы Ахымбек Арайдың орындауында Ертегілер әні .
2-жүргізуші: Домбыра бөлімінің сынып жетекшісі Нұржамал Шалабаева Құрманғазының «Балбырауын» күйін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші : Әнді айту әркімге де өнер ғой, Өнер деген түбі шексіз әлем ғой. Әр шәкірттің қабілеті әр қилы, Әсем әнді орындаған шебер ғой. Домбыра бөлімінің 5 сынып оқушысы Таир Досымның орындауында «Қазақ елі»
2-жүргізуші Мектебіміздің директорына қорытынды сөз кезегін береміз. Келген қонақтар, ата –аналар өз балаларыңызға жылы сөздеріңізді айтып өтіңіздер. Осымен сыныпаралық концертіміз соңына жетті. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет
40. Ойынды ұйымдастыру технологиясы және оны бос уақыт саласында пайдалану мүмкіндіктерін түсіндіріп жаз
Ойын технологиясы арқылы 5-6 жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту, сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттерді шешу қажет: - «сөйлеу тілі», «ойын» ұғымдарының теориялық сипатын анықтау; - мектепалды даярлық тобында ойын арқылы сөйлеу тілін дамытуды ұйымдастыру жолдарын анықтау және негіздеу; Қазіргі талап - әрбір оқушыға сапалы да терең білім беру. Сондықтан да мектептегі оқу процесінің барысы әртүрлі педагогикалық әдіс-тәсілдермен жүйелі түрде оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытып, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру. Мектепалды даярлық сынып балаларына білім беру субъектісі ретінде, оқушыларды ойын технологиялары арқылы дамыту, білім беру, тәрбиелеу. Тұлға педагогикалық субъект ретінде меңгерілетін, қалыптасатын, білім мазмұнына ендірілетін, қызметтік формаға ие болатын адам тәжірибесі. Білім беру саласында оқушылардың әр пәнді игеруге деген құлшынысын арттыру үшін жаңа педагогикалық технологияны тиімді пайдалану қажет, себебі жаңа технологияларды қолдану мұғалімдер мен оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, пәнге деген қызығушылығын арттырады. Өзекті мәселелердің бірі болып отырған « Қазақстан – 2030» жолдауында да, «Білім туралы» заңда, Елбасымыздың «Болашақтықтардың форумында» сөйлеген сөзінде оқушыларды шығармашылықпен қалыптасқан және жеке тұлға ретінде оқытып, дамыту қажеттілігі айтылған. Бұл мақсат, міндеттерді іске асыруда, оқушыларды шығармашылық іске баулу, оқушыларды іріктеу, еңбекке және қоғамдық істерге араластыру, олармен ғылыми, шығармашылық ізденіс бағытында жұмыс жүргізу. Мектепалды даярлық сыныбында оқушылардың өзін- өзі дамыту құзырлығы бүгінгі күні білім беру саласындағы өзекті мәселе. Оқушыларды заман талабына сай коммуникативті қасиеттері мен эстетикалық талғамы – сезімі жоғары,ұшқыр ойлы, белсенді, креативті,кез келген ортаға бейімделетін, өзін -өзі ұстай алатын тұлға қалыптастыруда, құзырлы білімдерін дамытуда ойын технологиясының маңызды функцияларының атқаратын орны ерекше.
1. Ойынның әлеуметтік-мәдени белгілері, Ойынның әлеуметтік-мәдени белгілі мәдени байлықты, тәрбие потенциалын игерген ұжымның толыққанды мүшесі бола алатын баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуының көрсеткіші. 2. Ұлтаралық қарым-қатынас функциясы. Ойындар арқылы кез-келген ұлт өкілдері өз ұрпақтарын өмірдегі әр түрлі жағдаяттардан жол таба білуге, кикілжіңді қатігездіксіз шешуге, әр қилы эмоцияларды дұрыс қабылдай білуге үйретеді. 3. Ойында адамның өзін іс жүзінде көрсетуі. Ойын барысында бала өзін іс жүзінде көрсетеді. 4. Коммуникативтік ойын. Осы әр түрлі қиыншылықтан жол таба білуге итермелейді. 5. Ойынның диагностикалық функциясы. Жеке тұлға интеллект, шығармашылық жағынан өзін-өзі іс жүзінде көрсетеді. 6. Ойынның емдеу функциясы. Ойын адамның тәртібіндегі өзін қоршаған басқа адамдармен қарым-қатынасын және оқудағы туындаған әр түрлі қиындықтарды жеңу үшін пайдаланылады. 7. Ойынның түзету функциясы. Түзету ойындарының тәртібі нашар, психологиялық көмекті қажет ететін оқушылар үшін көмегі зор. 8. Ойынның көңіл көтеру функциясы. Ойын қиялды дамытып, көңіл көтеруге итермелейді. Заман талабына сай әр мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізеді.. Ойын дегенміз-жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын-төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттерді қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi. В.А.Сухомолинскийдің сөзімен айтар болсақ, «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дегеніміз-ұшқын, білімге құмарлық пен іліктеудің маздап жанар оты.» ¥лы педагог А.С. Макаренко ойынға үлкен мән бере отырып, өзі басқарған мекемелерінде ойынды тәрбиеленушілер өміріне міндетті түрде енгізіп отырады. Ойын баланың өмipiн қызыққа, қуанышқа бөлеуін камтамасыз eту үшін ол балалардың ойынға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын тәрбиелейді- деп қарастырады. Ойын технологиясы бойынша әр түрлі түрткінің тәсілдерін қолдану оқушылардың құзіреттілігін дамытуда, оқушының өзін- өзі дамытуда ерекше орын алады. Тапқырлық,шыдамдылықты қу үрдістерінде ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдаланады.Бала тек ойын ойнап қана қоймай, осы ойын арқылы білім алып, жан-жақты тұлға дамиды.
Ойын- оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан да мектепалды дайындық сыныптарда оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді.Оларды жалықтырмай әр түрлі ойын түрлері мен сабақты қызықты өткізуге тырысамын. Ойын әрекетінің қызықты болуын қамтамасыз ететін, баланың танымдық қызығушылығы сапаларын дамытатын басты нәрсе: білім, әрекет, қарым-қатынас. Міне осы жағдайларды ескере отырып, ойын түрлерін төмендегідей жүйеленеді:
Мазмұнды бейнелі ойын: отбасы, балабақша, мектеп, аурухана, ұшқыштар, мал фермасы, құрылысшылар, мұнайшылар, темір жол, теңізшілер;
Қимыл қозғалыс ойындары: «ақ серек, көк серек», «ұшты-ұшты», «аңшылар», «сиқырлы таяқ», «мысық пен торғайлар», «бақташы мен қозылар», «соқыр теке», мысық пен тышқан, .
Дидактикалық ойындар: заттардың түсін анықта, қуыршақты серуенге дайында, орныңды тап, ойлан тап, түсті лото, тез ретке келтір, көршілер, аралар, дүкен, сен жалғастыр, дәл тауып айт, т.б.
Құрылыс ойындары: лото, және басқа констукторларды пайдалану.
Рөлді-сюжетті ойындар: ертегі, әңгімелерді ролдерге бөле отырып орындау, сахналық көрініс көрсету.
Өзімнің іс-тәжірибемнен сабақ үрдісінде пайдаланатын ойындардың бірнеше түрлерін атап көрсетуіме болады.Оқушылардың қызығушылықтарын туғызытын, ойын әрекетінің ең негізгі түрінің бірі- дидактикалық ойындар. Дидактикалық ойын тәрбиеленушінің жас ерекшелігіне сай, бағдарламадағы материалдарға, оның ішінде нақты сабақтың мазмұнына сай болып, тапсырманың мәнін ашады. Дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да пайдаланамын. Дидактикалық ойын барысында есте сақтау, көру, сезіну, қабылдау, ойлау сөйлеу, процестері дамып, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйретеді. Бала ойын ойнай отырып үйренеді. Мысалы, сауат ашу сабағында жаңа дыбыстармен танысуда «Сөз ойла, тез ойла»ойыны. Ойынның шарты сөзді дұрыс оқып айтқан балаға текшелер. Кім көп текше жинайды сол жеңеді.Ойын соңында жеңімпаз бала анықталады. Т дыбысы мен әрпін өткенде «Сен жалғастыр» ойынын ойнатуға болады.
