- •1.2.Салауатты өмірін сақтау, тұлғаны әлеуметтендірудің бір саласы
- •2.2.Мектеп оқушыларына салауатты өмір салты бойынша білім беру өзектілігі.
- •«Өнерге қанат қаққандар» атты концертіне арналған сценарий
- •41»Ұлтаралық мәдени» бағытында іс-шараның жоспарын құрастырыңыз
- •43.Студенттік клуб құрып оның іс-әрекеттік жоспарын жаз
- •44. «Дұрыс әрекет тәжірибесі - өмір негізі» тақырыбына эссе жаз
- •Педагогикалық шеберлік деген не?
- •47 «Әлеуметтену және компьютер» тықырыбына шағын шығармашылық жұмыс жаз
- •48Өзін-өзі тануды оқытудың аксиологиялық аспектілерін қысқаша сипатта
- •49 «Интернет және студент» тақырыбына шағын шығармашылық жаз
- •50.Педагогикалық артистизм ұғымына сипаттама беріңіз.
- •Педагогикалық шеберлік деген не?
- •51. «Қазіргі кездегі біріктіріп оқыту және инклюзивті білім беру түсінігі» тақырыбына шағын шығармашылық жұмыс жазыңыз
- •53.Өзін-өзі тану білімнің жеке саласы тақырыбында шағын шығармашылық жұмыс жасаңыз.
- •54. Өзін-өзі дамыту және өзін-өзі танудың құрылымы ретінде 5-6 қағида ұсыныңыз.
- •55.Қазақ менталитетінің ерекшеліктері.
- •59 Микросоциум тісінігіне философиялық, педагогикалық, психологиялық тұрғыдан анықтама беріңіз..
2.2.Мектеп оқушыларына салауатты өмір салты бойынша білім беру өзектілігі.
Әлеуметтік педагогикалық салауатты өмір салтын қалыптастыру тұжырымдамасының мақсаты-Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарында салауаттану білім жөнінде кешенді ғылыми зерттеулер жүргізіп, салауатты өмір салтын қалыптастырудың тұжырымдамалық негіздерін жасау.Тұжырымдаманың тапсырмасына, салауаттану тұрғысындағы ғылыми білім жүйесіне және әдіснамалық ұстанымдарына, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес анықталады. Сонымен қатар,тұжырымдама үздіксіз білім беру жүйесіндегі салауаттанудан алған білімнің көлеиін, төрөлшемін (Критерий) тиімділігін ғылыми негізде анықтауға мүмкүндік береді.Тұжырымдамада оқушыларды жалпы білім беретін мектепте СӨС тәрбиелеудің үш сатысын белгілейді.Бастауыш мектепте (1-4 сынып оқушыларына білім беру)- СӨС қалыптастыру теориялық және практикалық білімді, шиыршылықта,даму негізінде жасалады. Кезекті сыныпқа өткен сайын оқушының игеруге тиісті білім икемділігі және дағдылары күрделендіре түсуі қажет. Ұстаз тек істі жандандыратын әдістемелік әдістерді (ой-өрісін дамытатын және педагогикалық ойындар,әңгімелер, ертегісабақтар ғана меңгеріп қоймай, сауықтырудың дәстүрлі және дәстүрлі емес негізгі әдістері мен тәсілдерін де) ЕДК, тыныс алу гимнастикасы,нүктелі уқалау, психотренинг,шыңдау және т.б пайдалана білу қажет. Негізгі мектепте (5-9 сынып оқушыларына білім беру) – Салауатты өмір салтын қалыптастыру, бастауыш мектепте игерілген дағдыларды аянды етуге, салауатты өмір салтын тіршілік әрекетінің әдеттері мен таптауырыны түрінде жүргізуге, өз денсаулығын қоғамның рухани байлығы ретінде ұғынуға бағытталған. Лрта сыныптардағы салауаттанудан білім беру міндеті сабақтарда оқушылардың өз денесінің, физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін, тұлға аралық қатнас сипатын және өз мінез-құлықының ерекшеліктерін білуге жәрдемдесетін орта жасаудан тұр.Толық орта мектепте (10-11 сынып оқушыларына білм беру) –аурулардың пайда болу себептерін, олардың сақтандырудың осы заманға әдістерін әлде қайда кеңірек және тереңірек алдап, әлеуметтік салауаттануды оқытып үйретеді. Сонымен қатар, республика көлемінде көпшілікке арналған басылымдар және оқушыларға арнайы жазылған оқулықтар дайындалып,таратылуда.Алайда біздің зерттеу жұмысымыздың барысында бұл құралдардың санының аз болуына байланысты жалпы халықтың және мектепте мұғалім мен оқушы сұраныстарының толық негізде басқару мәселесіне қатысты жарық көрген басылымдар.Жаңа ұрпаққа қажетті, бүгінгі күннің талабына жоғарғы деңгейде жауап бере алатын оқулық және басқа да оқу-әдістемелік құралдарын жасау қажеттілігі-мәселені теориялық негізде ұғынбайынша мүмкүн емес жағдай.Әлеуметтік педагогиканың салауатты өмір сүру салты интегратифті түрде қалыптасады. Сондай-ақ, адамдардың іс-әрекетіне байланысты болады. Әлеуметтік педагогикалық салауатты өмір сүру салты шаруашылық, күнделікті үй тұрмысы, материалдық рухани формаларын қанағаттандыру үшін, қоғамдық ұжымдарда өзін-өзі ұстай білу, қоғамдық тәртіппен санасу, артық сөз айтпау, орынсыз саясатпен айналыспау, кез келген адамдарды жамандамау, біреуді біреугешағыстырмау,өзін ақылды деп санап басқаларды ақмақ ретінде көруден аулақ болу. Сонымен өмір сүру салты дегеніміз тұлға мен қоғам деңгейінің прогресті дамуының көрсеткішінің категориясы. Әлеуметтік педагогикалық салауатты өмір сүру салтының жоғарғы немесе төменгі деңгейде болуының әлеуметтік экономикалық жағдайларға байланысты болады.Адамның психикасына, денсаулығына ағзаның функционалды биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес салауатты өмір сүру салты біркелкі болмайды. Әр адам өзіне қалыптасқан өмір салты мен тіршілік етеді. Ол ұрпақтан ұрпаққа ген арқылы беріліп арқылы беріліп отыруы мүмкүн. Міне, осыған байланысты салауатты өмір сүру салтының үш категориясы болады.
1)Әлеуметтік педагогиканың салауатты өмір сүру деңгейі;
2) Әлеуметтікпедагогиканың салауатты өмір сүрудің сапасы;
3) Әлеуметтік педагогиканың салауатты өмір сүрудің стилі;
Әлеуметтік педагогикалық салауатты өмір сүру деңгейі мен салауатты өмір сүру сапасы эквипотенциялды болып келеді.
Әлеуметтік педагогиканың салауатты өмір сүрудің стилі дегеніміз-әлеуметтік психологиялық категория-адамның қоғамдық орындарда (мектептерде ) өзін-өзі ұстап көрсете білуі.
29-билет. Адамды тәрбиелеуде әлеуметтік топтардың әсерін талдаңыз
Әлеуметтік топ — жеке тұлғалардың ортақ, ынтымақты, үйлескен іс-әрекетті жүзеге асырудағы қажеттіліктерін қамтамасыз ететін адамдар бірлестігінің, өзара әрекетінің негізгі түрі,бірігу дәрежесі әрқилы бірлестіктердің құрамын белгілейін өте кең ұғым. Жалпы, әлеуметтік топ ұғымы мүдделердің, құндылықтар мен жүріс-тұрыс нормаларының ортақтығы мен айырмашылықтарына орай халықтың жіктелуін бейнелейді. Қазіргі әлеуметтік ғылымдарда әлеуметтік топтар ретінде таптар, сословиелер, таптар және сословиелер ішіндегі бөлімшелер, этникалық, кәсіптік, жыныстық, жас ерекшелігіне қарай, мекендік, тұтынушылық, діни, білімі бойынша және басқа да топтар қарастырылады. Әлеуметтік топтар теориясында топтар үлкен, орта және кіші болып бөлінеді:
Кең мағынасында Әлеуметтiк топ ұғымы адамдардың кез келген әлеуметтік бірлесуін – отбасынан, құдастар тобынан елдің, тіпті, бүкіл адамзат қоғамына дейінгі түсінікті қамтиды. Бірақ әлеуметтануда көбіне тар мағынада - қандай да бір жеке, ұжымдық немесе қоғамдық мүдделер мен мақсаттарды жүзеге асыруды көздеген өзара әрекеттегі адамдар жиынтығы - қоғамның ішіндегі құрылым ретінде түсіндіріледі. Әлеуметтiк топ мүшелері өздерін осы топқа жатқызады және де басқалар да оларды сол әлеуметтік топтың мүшесі ретінде мойындайды (Р. Мертон). Әлеуметтiк топ санына қарай үлкен және кіші; әрекет етудің ұйымдасуы мен реттелуіне қарай ресми және бейресми болып бөлінеді.
1. Үлкен әлеуметтік топтарға халықты қамтитын бірлестіктер кіреді, яғни олар: сословиелер, таптар, әлеуметтік жіктер, жыныстық, жас ерекшелігі бойынша, этникалық, діни және т.б. топтар. Үлкен топтар елеулі саяси ықпалға ие болғандықтан әр түрлі әлеуметтік қозғалыстардың базалық негізі болуы мүмкін.
2. Орташа топтар өндірістік, территориялық бірлестіктерден құрылады, олардың арасында әр түрлі мүдделер мен саяси бәсекелестік болуы мүмкін.
3. Кіші топтарға, ең алдымен, мүдделер ортақтығы негізінде пайда болатын тұрақты немесе уақытша ассоцияциялар жатады. Отбасы, шағын өндірістік бірлестіктер, қоғамдық өмірдің әр түрлі ұйымдары кіші топтар түрлері ретінде есептеледі.
Аталмыш барлық топтық бірлестіктер қандай дәрежеде болмасын қоғамның саяси өміріне қатысып, саясат субьектісі бола алады. Осы топтардың ішінде үлкен топтың қызметі ерекше.
30-билет. Планета,әлем-әлеуметтенудің мегафакторлары ретінде дәлелде.
Планета,әлем-әлеуметтендірудің мегафакторы. Бұлар Күнді эллипстік орбиталар бойымен айналып жүреді. Күннен алыстау орналасуына карай, олар: Меркурий, Шолпан, Жер (Аймен қоса), Марс,Юпитер, Сатурн, Уран және Нептун деп аталады. Құралсыз көзбен бес планетаны - Меркурий, Шолпан, Марс, Юпитер және Сатурнды көруге болады. Сыртқы түріне қарап планетаны жұлдыздан ажырату оңай емес, оның үстіне ол көп жағдайда жұлдыздан гөрі жарық бола бермейді. Планеталар аспан сферасының тәуліктік қозғалысына қатысып кана қоймайды, олар сонымен бірге шоқжұлдыздар аясында ыгысатын (кейде елеусіз ғана) шырақтар қатарына жатады.«Планета» деген сөздің өзі олардың осы ерекшелігіне байланысты, өйткені ертедегі гректер «қыдырма» шырақтарды осылай атаған. Аспан денелерінің тәулік бойы аспан әлемінде қозғалатынын бәріміз де байқаймыз. Түні бойы Ай мен жұлдыздардың да қозғалысын бақылауға болады. Мұнда жұлдыздардың бір-бірімен салыстырғандағы өзара орналасу қалпы өзгермейді.Ең ірі планеталардың бірі болып табылатын Жерде тарихи даму процесінің нәтижесінде ондағы адамдардың әлеуметтік өмірінің әртүрлі формалары қалыптасты.Әлем-біздің планетамыздағы адамдар қауымдастығының жиынтығын білдіретін әлеуметтік саяси ұғым. Әлем, - басқаша ғалам. Ғалам – алуан түрлі формада болатын әрі ұдайы өзгеріп отыратын, кеңістік пен уақыт бойынша шеті де, шегі де жоқ бүкіл дүние. Ғаламды (араб сөзінен) зерттеумен тікелей шұғылданатын ғылым – астрономия. Ал барлық ғылыми білімге негізделген ғалам жөніндегі пайымдаулар космологияның мәселесі болып есептеледі.Әлеуметтенудің даму процесі планетаның жағдайына әсер етеді.Бұл әсерлер,әсіресе,ХХғ.ауқымды планеталық әлемдік проблемалар ретінде бұқаралық ақпарат,биліктегілер мен көпшілікті ойландыра бастады.Олар экологиялық,экономикалық,демографиялық ,әскери саяси проблемалар.Бұл проблемалар жасөспірімдерді әлеуметтендіруде өз ықпалын тигізді.Мысалы:Жер шарындағы атомдық қаруды қолданудың қауіп тудыруы.
31-билет. «Өзін-өзі тану – руханиадамгершілік білім беру» бағдарламасының тарихи негіздеріне жоспар құр
Қазіргі уақытта жас ұрпаққа рухани тәлім тәрбие беру заман талабы. Жаһандану уақытында тәрбие беру, ұлттық және рухани негізде үйлестіре жүргізуді қажет етеді. Адам тәрбиелеу, ӛзіні туған ұлы мен қызын тәрбиелеу – азаматтың ең бірінші аса маңызды қоғамдық қызметі, оның азаматтық қызметі. Егемен ел болып, еңсесін тіктеп, етек ж еңін жиіп, елдігін ерекшелей түскен қазақ елінің айрандай ұйыған айбынды ел болып кӛпке танылуы, ең алдымен бүгінгі өскелең ұрпаққа тікелей байланысты. Ендеше еліміздің болашағы жастар болғандықтан, олардың рухани тәрбиесіне аса мән беруімізді қажет ететіні сөзсіз. Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткші. Руханилықтың негізінде адамның мінез -құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады. Рухани -адамгершілік тәрбие – бұл дұрыс дағдылар мен өзін -өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым -қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез -құлқы мен іс әрекетін анықтайды. Адамгершіліктің негізі мінез -құлық нормала ры мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан кӛрінеді, моральдық ӛзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек етуі, ӛзара кӛмектесуі, сондай -ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез -құлық пен ӛзара қарым -қатынастың бӛлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық -экономикалық құндылықтарына жатады. Ыбырай Алтынсарин бабамыздың «Адамгершілікке тәрбиелеу құралы –еңбек пен ата-ана үлгісі» - дегендей, келешек азаматтың дұрыс жол таңдауы үшін, ӛздігінен саналы әрекет жасау үшін тал бесіктегі тәрбиенің орны ерекше екендігін айта кеткен абзал. Атақты педагог Сухомлинский; «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам ӛзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады деп кӛрсеткен. Демек, рухани тәрбиенің азығы ағаштың кӛшет кезінен бастау алуы. Білім -ғылым болмағанда ӛскелең ұрпақты діннің құдіретімен тәрбиелеп, үндеу тастаған. Бұл дегеніміз қаза қ халқының бала тәрбиесіне деген кӛзқарасының қырағылығы. Балалар адам ӛмірінің қуанышы, ӛмірдің мәні.Егеменді еліміздің болашақ ұрпақтарының сана -сезімін, ұлттық психологиясын сонау ерте заманнан келе жатқан ата -бабалар салт-дәстүрімен, халықтық мұраларымен сабақтастыра тәрбиелеу – қазіргі күннің ӛзекті мәселелеріне айналып отыр. Себебі ең берекелі, ең парасатты тәжірибе – халық түйген тұжырымдар, ғасырлар бойы «зергерлік» ұқыптылықпен сұрыпталған үрдістер, дамыған даналық дәстүрлер, тәлім -тәрбиелік ойлар.Ұлттық ойындарымыз халықтық мұраларды болашақ мамандарға дене тәрбиесін беруде пайдалану дене мүмкіндіктерін тәрбиелеп қана қоймай, ақыл -ой жұмыс қабілетін қалыптастырып, рухани-адамгершілік сезімдері арқылы шығармашылық күш -жігерін толық мәнінде кӛрсетуге әсер етеді.Еліміздің қоғамдық-экономикалық ӛміріндегі елеулі ӛзгерістерге байланысты саяси, экономикалық, әлеуметтік -мәдени, рухани жағдайлар жастарды тәрбиелеу мәселесін дұрыс бағытта ойластыруды талап етуде.Бүгінгі таңда халықымыздың тарихи мұраларын оқып-білу, қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру ӛмір қажеттілігінен туындап отырған әрқайсысымыздың азаматтық, перзенттік парызымыз. Сондықтан ата -баба дәстүрімен тәрбиелеу, халық педагогикасымен болашақ мамандарымызды сусынд ату жоғары оқу орындары оқу-тәрбие үрдісінің негізгі міндеттерінің бірі. Оқу бағдарламалар тәрбиенің адамгершілік, зерделілік, тәндік, еңбектік және өзге де аспектілерін ескереді. Осыған байланысты білім беру бағдарламасына енетін әдебиет, тарих, қоғамтану т.б. пәндер сияқты гуманитарлық пәндер бірінші орында тұрады.Оларды зерделеу және меңгеру - рухани, патриоттық, имандылық пен азаматтылықтың көзі ретінде, зұлымдық пен рақымсыздыққа қарсы әрекет ретінде қарастырылады.Ата-бабаларымыз ұлан байтақ елін, байлыққа толы жерін ғасырлар бойы қорғап, халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін ел қамын ойлаған батырларын, халқының сӛзін сӛйлеп, ел қамын жеген білімпаз шешендері мен билерін мақтан еткен. Шежіреге толы Отанымызды қорғау, шешен де өткір тілімізді, дәстүрімізді сақтау, оны зерттеп, білу- азаматтық парыз. Әр ұлттың өзіне тән ғасырлар бойы қалыптасып, ұрпақтан – ұрпаққа жалғасын тауып келген ұлттық психологиялық ерекшеліктің болғаны. Сондықтан барлық халықтың мақсаты ӛзінің ұрпағына тәрбие беруде күнделікті айналысатын шаруашылығын, шұғылданатын кәсібін ұлттық психологиялық арнада ұйымдастырып және рухани-адамгершілік тәрбиесімен ұштастыра білген.Адагершілік тәрбиесі – белгілі бір мақсатқа негізделген көзқарасты, сенімді, парасатты, мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді қалыптастырудағы және адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, қарым-қатынасты дамытуда, жалпы адамзаттық, құндылықтарды тиімді пайдалануға бағытталған жалпы адамзаттық тәрбиенің құрамдас бір бөлігі.Адамгершілік дегеніміз-қоғамның, өмірдің объективтік заңдылықтарына сәйкес адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеуге негіз болып табылатын талапқа сай белгілі бір гуманистік принциптерді білдіретін жалпы адамзаттық ұғым. Адамгершілік қоғамдық сананың басты белгілері болғандықтан, адамның мінез-құлқы. Іс-әрекеті, қарым-қатынас, көзқарастары арқылы сипатталады, әдептілік, меиірімділік, қайырымдылық, инабаттылық, қарапайымдылық т.б. Адамгершілік -әлеуметтіліктің биік шыңы, адам ұрпағының негізін қалаушы, халық мәдениеті басқалардан айырмашылығы – адамның рухани байлығы мәңгілік. Әлеуметтік ортаға әсер ететін белгілердің бірі - адамдардың бір-біріне, қоршаған табиғатқа қарым-қатынасы. Адамгершілік тәрбиесі мәселесі негізінен ұлттық психологиялық ерекшеліктерге сүйене отырып, тәрбие берудің әдістемелік жолдарын қарастырады:- Ұлттық дәстүрлер арқылы оқу-тәрбие үрдісінде адамның бойында рухани мәдениетті қалыптастыру.- Ұлттық дәстүрлер арқылы адамның психологиялық ерекшеліктерін зерттеп, дамыту.- Салт-дәстүр негізінде, ұлттық психологиялық ерекшіліктерді ескере отырып, рухани-адамгершілік құндылықтарын тәрбиелеу. Асылында, жаман адам болмайды, бойындағы нәпсісі рухынан үстем болғандықтан, барлық ақылы, білімі, қайрат -жігері мен өнері нәпсінің құлына айналғандықтан, жақсы іс-әрекеттер мен кӛркем амалдардың табылуы қиын. Түсіну үшін мынадай салыстыру келтіруге болады: Күн – адамның рухы болса, сәулесі - оның ақылы. Рухани бай адам ең алдымен әділ, мейірімді және қанағатшыл болады.Әрбір халықтың рухани азығының қайнар бұлағы - оның халықтық педагогикасы мен ұлттық салт-дәстүрлері болып табылады. Тән азығы мен жан азығының тепе -теңдігін сақтап, әсіресе, жан азығына басым көңіл білген халқымыз өміртануды діттеп, оның пәлсапалық заңдылықтарын терең ұғынған. Жан азығынан мақұрым қалған адамның адамдық қасиеті жойылып, оның хайуанға айналатынын ертеден ұғынған халқымыз жан азығын ең әуелі нәрестеге бесік жыры арқылы әуезді әуенмен беруді бастайды, одан соң жас балдырған жеке сіздерді ұғына бастағанда-ақ, оған жақсы мен жаманды ажыратып түсіндіреді.Әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыздың осы асыл да абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл-парасатына азық ете білу үшін, әрбір тәрбиеші, ұстаз халық педагогикасын сан ғасырларда қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан -жақты терең білумен қатар, өзінің бойына адамдық құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы шарт. Ол рухани-адамгершілік тағылымдарды өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде негізге алғаны жөн. Сонда ғана өзінің міндетін айқын сезіне білетін, мінез -құлқы жетілген саналы адам қалыптасады. Білім өзінің шынайы міндетіне жауап беруі үшін балаларда жас кезінен бастап, ең маңызды адамдық саналарды – адамгершілікті: сүюді, аяушылықты, төзімділікті, имандылықты, әдептілікті, мейірбандықты, шыншылдықты және басқа асыл қасиеттерді дамыту керек.
32-билет. «Өзін-өзі тану» пәні мен басқа пәндердің ықпалдасуы Қоғам өмірінің барлық сфераларында терең өзгертулер жүруде, әсіресе келешек ұрпақтың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру сұрағы өзекті болып тұр.
Жаңа ғасыр толқыны әкелген жаңалықтарға сәйкес қазіргі заманда адамның тұлғалық дамуына баса назар аударылып, жас жеткіншектерге берілетін білім негіздері олардың жеке даралық қабілеттерін жетілдіруге қызмет етеді. Әр баланың ішкі мүмкіндігі мен өзіндік қарымын дамытуға әсер ететін рухани адамгершілік қағидалары жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуының, өзін-өзі жүзеге асыруының аса қажетті шарты болып табылады.
Л.С.Выготский мектепке дейінгі шақта баланың нақты адамгершілік негіздері бекиді деген. Дер кезінде адамгершілік құндылықтары қалыптаспағанда, бұл қасиеттер адам дамуына тек қана кедергі болып қана қоймай, сонымен қатар жас өспірімдік шақта бала дамуында әлеуметке қарсы мінез-құлықтың болуына әсерін тигізеді.
Балаға адамгершілік тәрбие беру туралы педагогикалық-психологиялық, философиялық ойлар көптеген педагогтердің еңбектерінен кездестіруге болады. Бала бойындағы адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда арнайы тәрбие жұмыстарын жүргізуді өз еңбектерінде Ш.А.Амоношвили, О.С.Богданов, Е.В.Бондаревская, Н.И.Болдырев, Н.К.Гончеров, А.А.Гусейнов зерттеулерінен де көруге болады.
Л.С.Выготский, Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн психологиялық зерттеулерінде балаға жеке-бағытта жақындап келуді ұсынады. Олар баланы субьект ретінде қарап, басқа адамдармен қарым-қатынаста және байланыста қалыптасқан мінез-құлқын анықтауға болады деп қарады. Сондай жақын келу бала бойында жан ашу, іске араласу, бірге күйзелу сияқты адамгершілік құндылықтарды сынауға мүмкіндік береді. Бұл адамгершілік сапалары қарапайым адамгершілік нормаларды саналы орындаудан, қоғамдық ортадан адамгершілік тәртіпті игеруден басталады.
Адамгершілік құндылықтарды танып, өзін-өзі айқындау әртүрлі бағытта ғылыми салаларда зерттелген.
Балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу білім берумен ғана шектелмейді. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани-адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерінің дамуы оның өмірдегі ең ірі өзгеріске кездесетін сәті балабақша табалдырығын аттауынан басталып, оқу мен тәрбиенің ұштасып, біртұтас процеске айналған жағдайында жүзеге асады.
Көп жағдайда біз баланы, жеке тұлғаны өзіміз қалағандай етіп жасауға тырысамыз. Балаға табиғат берген табиғилықтан бұрын жасанды қасиеттерді бойына сіңіртіп, ең соңында сол әрекеттен аластауын қалаймыз. Мәселен, бала өмірге келген күннен бастап, біз баланың қалауынша емес, өз қалауымызша қарым-қатынасқа түсеміз. Бала «көрейін, ұстайын, жасайын» деген кезінде, тағы да ерік бермейміз. Ал оқу, үйрену қажет кезінде қызығушылық бала бойынан көріне қоймайды. Ол кезде енді ата-ана да, педагог те балаға күштеп оқытуға, үйретуге тырысады. Бұл жағдайда баланың өзін-өзі бағалауы, өзін-өзі айқындауы көрінбейді. Тек педагогтің, немесе ата-анасының бағыт көрсетуімен ғана әрекет етеді. Бұл ешқандай жаңа технологияны, ешқандай жаңашылдықты жүзеге асырмайды. Сондықтан бала тәрбиесінде баланы өзіміздей болғанын емес, өзінің қалағанын, тілегенін жасауға жағдай жасасақ, оны тәрбиелеуге кедергі жасамаймыз, тек тәрбиенің бала бойында қалыптасуына жағдай жасаймыз. Бала өзінің жеке тұлғалық қасиетін, «мен» тұжырымдамасын көрсете алады.
«Өзін-өзі тану» бағдарламасының негізгі мақсаты-адамның қоршаған ортаны біліп, өзінің ішкі жан дүниесіне үңіліп, өзін-өзі басқару негізінде адамгершілік-рухани әлеуетін көтеру.
Жеке тұлғаның бойына имандылық нұрын ұялатуда «Өзін-өзі тану» пәнінің мәні ерекше зор. Өйткені, бұл — кіріктірілген бағдарлама.Оның концептуалдық негізіне философия, педагогика, психология ғылымдарының әдістемелік ұстанымдары енгізілген.Бұл пән жеке тұлғаның өзін-өзі тануына және рухани баюына әсер ете отырып, әрбір тұлғаның жақсы жаққа өзгеруіне мүмкіндік береді.Сонымен қатар ол жеке тұлға ретінде өзін-өзі тануға және өмірлік ұстанымын, дүние танымдық деңгейін анықтайтын құндылықтар сапасына ие болуға бағыт-бағдар береді. Адамгершілік-рухани тұрғыдан дәріс алған балалар өмірлік маңызды құндылықтар жүйесін зерделейді, рухани және материалдық арақатынас мәселесін пайымдай отырып өзіндік көзқарастарын шыңдай түседі.
Аталған пәнде баланың рухани дүниесін дамытуға көңіл бөле отырып, тәрбиені құндылық бағдарға, «субъективті» қатынасқа негіздейді.
Өзін-өзі тану пәнін оқытуда оқыту үдерісіндегі ұтымдылық көрсететін оңтайлы әдіс-тәсілдерді пайдалану білім сапасының қажетті деңгейіне жетуге негіз болады. Ол өзін-өзі тану пәні мен өзге оқу пәндерінің инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы өзара сабақтасып, ықпалдасуын қажет етеді. Оқу пәндерінің өзара ықпалдасуы пәнаралық байланысты дамытуды ғана емес, ол сонымен қатар әр пәннің өзіндік мақсаты мен міндетінің айқындала, толыға түсуін де қамтамасыз етеді.
Пәнаралық байланыс – түрлі оқу пәндерінің арасындағы өзара байланысын айқындау шарты және білім беру мен оқыту талаптарының бірі.Пәнаралық байланыстың қазіргі оқыту-тәрбиелеу, білім беру жүйесінде балалардың дүниетанымын тереңдете отырып, оқытудың тиімділігін арттыруға көмектесуі ғылыми педогогикалық дәлелдеме ретінде танылады. Балалардың әртүрлі пәндер бойынша алынған білім-біліктері, қабылдауы,түсініп-білуі, олардың жалпы ақыл-ойына серпін туғызып, танымдық іс-әрекетіне шығармашылық сипат беріп, барлық алынған білімдерін жүйелейді. Пәнаралық байланыс арқылы оқытудың дамытушылық, білім және тәрбие берушілік қызметі объективті түрде кеңейіп дамып отырады. Пәнаралық байланыс балабақшаларда білім және тәрбие беру міндеттерін шешуде ерекше әрі маңызды роль атқарады. Пәнаралық байланыстар үшін, негізінен, оқу-интеллектуалдық, практикалық іскерліктердің орны ерекше. Ал, оқу-интеллектуалдық іскерліктер-ұғымдарды, заңдылықтарды, қорытындыларды, талдап қорытуларды қалыптастыру үшін логикалық ойлау тәсілдерін игеру мен жүзеге асырылатын әрекеттер жүйесі.
Пәнаралық байланыстың философиялық негізі дүниедегі барлық заттың, құбылыстардың бірімен- бірінің өзара байланыстылығы туралы тұжырымдалған білімдерде болатындылығын өмір көрсетуде. Негізінде, оқу пәндері әр ғылымның логикасына сүйенетіндіктен, олар бір- бірінен өз алдына оңашаланып, бөлектенбейді. Ең бастысы қазіргі кезде өздігінен білім алудың, оқытудың өзекті мақсаты- пәнаралық байланыстағы ойлауды кеңінен дамытуды жүзеге асыру. Пәнаралық байланыс кезінде материалдың өзара байланысын, бір-біріне тигізетін ықпалын, ортақ, негізгі тенденцияларын, әлеуметтік, экономикалық рухани ортақ белгілерін бір-бірімен сабақтастыру- ортақ заңдылықтарын ашуды көздеуі тиіс.
Пәнаралық байланыс- оқытудың қазіргі кезеңдегі ең көп қолданылатын үрдістерінің бірі. Ол пәндер арасындағы заңды байланыстылықты реттейді балалардың алған білімдерінің бір-бірімен сабақтастығын бір жүйеге келтіреді. Пәнаралық байланыс балалардың меңгерген білімін кешенді түрде пайдалана білуге жол ашады. Бұл мәселенің ең негізгі дидактикалық міндеті – оқыту үрдісінің білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы байланысты күшейте отырып, білім сапасын көтеру болып табылады.
Пәнаралық байланыстың алдына қоятын мақсаты сан алуан. Бірі пәнаралық байланыс бойынша білімнің теориялық негізін күшейтуді көздесе, екіншісі, пәнаралық байланыс арқылы балалардың дүниетанымын қалыптастыруды, үшіншісі осы мәселе негізінде балалардың практикалық дағдылары мен шеберліктерін дамытуды тағы басқа сол сияқты түрлі- түрлі мақсаттарды көздейді. Сонымен қатар, пәнаралық байланыс арқылы балалардың оқу-танымдық қызметі мен тәрбиешінің оқыту қызметінің өзара байланысын күшейту мәселесі де қарастырылуы мүмкін.
Пәнаралық байланыс балалардың әртүрлі пәндерден алған білімдерін бір жүйеге түсіріп, ақыл-ойына серпіліс туғызып, таным қызметіне шығармашылық сипат беру деп тұжырымдайды. Сондықтан, пәнаралық байланыс ақыл-ой әрекетінің психологиялық және физиологиялық негізін ми қыртысының жүйелік принципін ескергенде ғана жүзеге асады
Пәнаралық байланыс арқылы балалардың танымдық қызығушылығымен қатар мазмұндық, іс-әрекеттік, ұйымдастырушылық – әдістемелік, практикалық өндірістік т.б. қызметтерде жан – жақты белсенділік көрсетуі күшейеді. Пәнаралық байланыс ең алдымен балалардың сабаққа қызығушылығын арттырудың себебіне айналады. Балалардың іс — әрекетке танымдық, кәсіптік дербестігін пәнаралық байланыстар негізінде дамыту жеке тұлғаның дүниетанымдық, құндылық бағдарын қалыптастырумен өзара тығыз байланыста өтеді.
33-билет. «Ішкі тыныштық және қиянат жасамау- тұлғаның үйлесімді дамуының нәтижесі» тақырыбында эссе жазыңыз.
Ішкі тыныштық ол адамның өзін-өзі реттеуі, өзін-өзі үйлестіруі, жан дүниенің тыныштығы, рухани қасиеттерінің жиынтығы. Ішкі тыныштығын ойлаған адам, ешкімге жамандық ойламай, тек жақсылық тілейді. Өз бойындағы адамгершілік, рухани қасиеттерін дамытып, төзімділік, сүйіспеншілік, мейірімділік, түсініспеншілік,қайырымдылық қасиеттерін үйлестіре білуі керек. Ешкімге қиянат жасамауы, ренжітпеуі керек.Көңіліне тиетін нәрсе істеп,көре алмаушылықты көрсетпей, оны тыйа білуі керек. Керісінше қарым-қатынасқа түсетін адамның бойынан жақсы қасиеттерді де көре білуі керек. Басқаларға өтірік айтпай ж\е қызғаншақ болмау керек, бұл өте нашар іс-әрекет.
Жеке тұлға болып қалыптасатын адам «ішкі тыныштық пен қиянат жасамауды» байланыстыра білуі керек. Ішкі тыныштық әрбір адамның ішкі жан -дүниесінің көрінісі. Ішкі тыныштық ж\е қиянат жасамау тұлғаның дамуында ерекше орын алады. Адам рухани жағынан өте терең, әрі нәтижелі түрде қалыптасады.
34-билет. «Әлеуметтенудің микрофакторлары» тақырыбына қықаша баяндама жазыңыз.
Әлеуметтендірудің микрофакторларына отбасы, тәрбие институттары, құрдастары, микроорта, әр-түрлі ұйымдар жатады.
Отбасы-әлеуметтендірудің маңызды институты, ол өмір сүрудің жеке ортасы мен туылғаннан өмірінің соңына дейінгі тіршілігінде адамның дамуын анықтайды.
Бала өмірінің алғашқы жылдарында тұлғаның адамгершілік болмысы мен өзіндік санасының ж\е эмоционалдық әлемінің қалыптасуында отбасы шешуші мәнге ие.
Тәрбие институттары-нақтылы әлеуметтік-кәсіби құрылымға н\е нақтылы жас аралығындағы адамдардың дамуы үшін мақсатты, жоспарлы ұйымдастыру мақсатында қоғам мен мемлекет тарапынан арнайы ұйымдастырылған ұйым. Бұл ұйымдардың көбі өскелең ұрпақ тәрбиелеу мақсатында құрылады. Олар: қоғамдық-мемлекеттік, мемлекеттік, діни ж\е әртүрлі типтегі жекеменшік оқу-тәрбие мекемелері; балар мен жасөспірімдердің қоғамдық-саяси ж\е клубтық ұйымдары ж\е т.б.
Адамды әлеуметтендіру процесінде тәрбие институттары екі жақты роль атқарады. Біріншіден, әлеуметтендірудің бір бөлігі әлеуметтік- бақылаушы ретінде әлеуметтік тәрбие берушілік рөлді атқарса, екіншіден, кез келген қоғамның мүшесі ретінде тәрбиеленушілер оларға ықпал етеді.
35-билет. «Жеткіншектердің бос уақытын ұйымдастыру аясында жүргізілетін топтық шығармашылық іс-әркеттің технологиясы» - тақырыбында сызба құрастырыңыз.
Тәрбие үрдісін ізгілендірудің және мектептен тыс тәрбие жұмысын жетілдірудің негізгі шарты – оқушыларға даралап ықпал ету тәсілі болып саналады. Оқудан бос уақытында жасөспірім ортақ істің ұйымдастырушысы, белсенді қатысушысы болуға үлкен мүмкіндік алады. Іске қатысушы ретінде ол алдына міндеттер қояды, оларды шешу жолдары мен құралдарын таңдайды ақпарат алды яғни жеке тұлғаның дамуы, ержетуі және әлеуметтік бағытталуы іске асады демекпіз. Бос уақытты жүйелі ұйымдастыру, мәдени құнды мазмұнмен толықтыру, әлемдік және отандық мәдениетке баулу, өзін-өзі саналы түрде бағалай білу сияқты аса маңызды әлеуметтік-педагогикалық шешуге көмектеседі. Оқушылардың бос уақыттары мәдени шараларға; спорттық ойындар, мазмұнды мерекелермен ұйымдастырылып тұрады. Сонымен бірге оқушылардың бос уақытына мектептен тыс білім беру мекемелері қызмет етеді. Және де сабақтан кейінгі уақытта үйірмелер жұмысы атқарылуда.
Оқушының демалуы, сауығуы мен бос уақытын өткізуі тәрбие ісінде маңызды функцияны атқарады, оны тек әлеуметтік тұрғыдан қорғау ғана емес, сондай-ақ, шығармашылық дамыту, рухани байыту мен интеллектуалдық ахуалын кеңейту үшін жағдай жасалған. Әрбір ата-ана өз баласының толыққанды демалуын ғана көздеп қоймайды, сонымен қатар олардың қажетті дағды мен біліктерді меңгеруін, ой-өрісі мен іс-әрекетінің кеңейгенін қалайды. Оқу-тәрбие үрдісінде әрбір шара ата-аналардың қатысуымен өткізілетінін ерекше атағым келеді. Ата-ананың балаға өнегесі-барлық жағдайдағы ең күшті бағдар екендігі сөзсіз. Отбасындағы шынайы ұлттық тәрбие қолға алынбай, бала ұлттық тәрбиенің нәрін татпай, оның ұлттық менталитеті қалыптаспайды. Ондай жағдайда ол өзін де, өзгені де сыйлап, құрметтеп, отбасының, елінің намысын ойлап жарытпайды. Мұндай мәселелерде әсіресе жанұяның рөлі ерекше. Себебі тәрбие жанұядан басталады. Балаларды тәрбиелеуде ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісіне қатыстыру, олармен тығыз байланыс жасау мәселесі негізгі орын алуға тиіс.
36-билет. Театрландырылған концерттің сценарийлерін құрыңыз
I - жүргізуші: Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!
II - жүргізуші: Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары! Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз! (Әнұран)
І – жүргізуші: Қайта туды қазағымның ай – күні, Күннен – күнге асар ма екен айбыны? Жетпіс жылда өтті талай кешуден, Қатар көріп шаттық , табыс, қайғыны.
ІІ – жүргізуші: Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін, Қажеті не басқаның өлшемінің. Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын, Енді міне жетеді көпке үнім.
І – жүргізуші: Ана тілі - әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры.
ІІ – жүргізуші: Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол тек отбасы , ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл!
І – жүргізуші: 22 – қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Бұл – барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.
ІІ – жүргізуші: Бүгінде Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңына 20 жыл толып отыр. (пауза жасалады.)
І – жүргізуші: Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ - ардың, Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың. Алтын күннен бағасыз бір белгі боп, Нұрлы жұлдыз, бабам тілі , сен қалдың.
ІІ – жүргізуші: Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп өткізсе де, батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұртына қалдырмай, шабындыға алдырмай, барлық жинаған сөз байлығын, күйі мен жырын бізге жеткізді. ...Толғауы тоқсан қызыл тіл, Сөйлеймін десең өзің біл... (дауыс, фон) Нұртуғанның термесі «қанекей тілім сөйлеші» 1.Осы жерде терме орындалады. 2.Термені айтқан адам Абыз кейпінде Тілді аманаттайды. Сахналық көрініс:
І оқушы: (сахна сыртынан дауыс) Мен заманымда қандай едім? Мен ақын, шешен, ділмар бабаларыңның бұлбұлдай сайраған тілі едім. Мөлдір судай таза едім. Жырға соққан толқындай екпінді едім. Мен наркескендей өткір едім. Енді қандаймын? Кірленіп барамын, былғанып барамын. Жасыдым, мұқалдым. Мен не көрмедім? Маған әкеліп араб пен парсыны қосты. Бертін келе шүлдірлетіп ноғайды, былдырлатып орысты араластырды. Бір күндерде мені мүлде жоқ қылғысы келгендерде болды. Өліде үшбақы болғыр Абайға өкпем жоқ. Тіріде маған ара түсушілер аз болды. Мен жылы сөзді, алдымен айналып кетейін, осы күнгі Ахмет деген кісіден ғана естідім. Төле би: Жасыма! Уа, халқым! Көсіле шабар жерің бар! Тау көтерген елің бар, Қол бастайтын ерің бар. Атадан қалған сара жолың бар, Сөз қадірін біліңдер!
ІІ оқушы: (сахна сыртынан дауыс) Төңкеріске шейін көрмегенім қалған жоқ. Төңкеріс болмаса, бейшара қазақ менен айырылатын да шығар деп едім. Төңкеріс болды. Қазақтың көзі ашылды. Қазақтың көзі ашылған соң, менің де күнім туды ғой деп қуанушы едім. Молдалардың тілмаштардың қол жаулығы болудан құтылдым ғой деп ойлаушы едім. Оның үстіне қазақ тілі – мемлекеттік тіл болсын деген заң шықты. Төбем көкке төрт елі жетпеді. Бірақ не керегі бар, босқа қуанған екенмін... Қазыбек би: Налыма! Біз қазақ деген мал баққан елміз. Бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Елімізден құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз. Басымыздан сөзді асырмаған елміз!
ІІІ оқушы: (сахна сыртынан дауыс) Жанның бәрі теңдік алып жатқан кеңес үкіметінің тұсында менің бұтымды бұт, санымды сан қылып, кім көрінген созғылай бастады. Өзгені не қылайын, отаршылдық саясатын қолданбас-ау дейтін білім кеңесі екеш білім кеңесі де мен аямады. Әйтеке би: Тамыры суда тұрса да Уақыты жеткенде Қурамайтын құрақ жоқ. Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады. 3.8 – сынып оқушысы «Қазақ тілі туралы» өлең оқиды.
І – жүргізуші: Туған тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде!
ІІ – жүргізуші: Туған тілім! Ана сүтінің жұғымы да сенде!
І – жүргізуші: Туған тілім! Райхан гүлдің жұпары да сенде! ІІ – жүргізуші: Туған тілім! Мәжнүн ғашықтың іңкәрі де сенде!
І – жүргізуші: Туған тілім! Қыран құстың жанары да сенде! (Пауза жасалады.)
І – жүргізуші: Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Көп ұлтты мемлекет үшін мемлекеттік тіл өте қажет.
ІІ – жүргізуші: Мемлекеттік тіл-көп ұлтты елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы. І – жүргізуші: Олай болса, қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен – кеткенін зерделеп, оны әлемге таныта аламыз. Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп, мәдениетін қадірлейміз.
ІІ – жүргізуші: Елімізде қазақ тілінің мәртебесін өсіріп, мемлекеттік тілді қастерлеп, мемлекеттік тілдің өз тұғырына қонуына атсалысып жүрген өзге ұлт өкілдері қаншама.
І – жүргізуші: (қонаққа сөз беріледі) Құттықтау сөз Еремина Любовь Феодоровна 1. орыс,ағылшын тілінде өлең оқылады 2. ән «Құс жолы»
І – жүргізуші: Біз – ежелден ер деген даңқы шыққан халықпыз!
ІІ – жүргізуші: Біз - ел бірлігі жолында әрқашан намысын бермеген халықтың ұланымыз!
І – жүргізуші: Біз – алтын күн бедерленген көк байрақты әлем биіктерінде желбіреткен бейбітшіл елдің азаматымыз!
ІІ – жүргізуші: Біз – кең байтақ жерінде бірлігі жарасқан алуан ұлт ұлыстан тұратын бір тұтас халықпыз!
І – жүргізуші: Біз – атадан мұраға қалған қасиетті тілімізді қадірлей білетін ұрпақпыз!
ІІ– жүргізуші: Ана тілі – біздің ар-ождан, адамгершілігіміздің айнасы. Адам ана тілімен бақытты, ана тілімен асқақ .
І – жүргізуші: Бұл жанды тіл – менің азат тілім, Жадымда талмай самғар қанат тілім. Жыры - қуат, сөзі – ана уызындай, Бірге: Жасай бер, Ана тілім – Қазақ тілім!
ІІ– жүргізуші: Тіл мерекесі аясында ұйымдастырылған шараларға атсалысып, қатысуларыңыз сұралады. Жоспармен таныстырып шығу. Ән «Атамекен»
І – жүргізуші: Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін!
ІІ– жүргізуші: Ана тіліміз тек биіктерден көрініп, өркендей берсін! Салтанатты жиынды жабық деп жариялаймыз.
Адам кез келген өз құрдастарымен қарым-қатынас жасауға мұқтаж болады. Қарым-қатынастан шектелген бала өзінің коммуникативтік дамуында өз құрдастарынан кешеуілдеп қалады.Балалардың қарым-қатынасқа деген мұқтаждығы жоғары болғанымен, шын мәніндегі достық пен бейресми бірлестіктер жасөспірімдік жаста пайда болады. Бұл жаста бала өзін тұлға ретінде сезіне бастайды.Өзіндік «мен» концепциясы күрделене түседі.
37-билет. Әдеби-музыкалық композиция құрастырыңыз
38-билет. Мәдени мекемелерде тақырыптық кештер өткізу үшін сценарий құрастырыңыз.
