- •1.2.Салауатты өмірін сақтау, тұлғаны әлеуметтендірудің бір саласы
- •2.2.Мектеп оқушыларына салауатты өмір салты бойынша білім беру өзектілігі.
- •«Өнерге қанат қаққандар» атты концертіне арналған сценарий
- •41»Ұлтаралық мәдени» бағытында іс-шараның жоспарын құрастырыңыз
- •43.Студенттік клуб құрып оның іс-әрекеттік жоспарын жаз
- •44. «Дұрыс әрекет тәжірибесі - өмір негізі» тақырыбына эссе жаз
- •Педагогикалық шеберлік деген не?
- •47 «Әлеуметтену және компьютер» тықырыбына шағын шығармашылық жұмыс жаз
- •48Өзін-өзі тануды оқытудың аксиологиялық аспектілерін қысқаша сипатта
- •49 «Интернет және студент» тақырыбына шағын шығармашылық жаз
- •50.Педагогикалық артистизм ұғымына сипаттама беріңіз.
- •Педагогикалық шеберлік деген не?
- •51. «Қазіргі кездегі біріктіріп оқыту және инклюзивті білім беру түсінігі» тақырыбына шағын шығармашылық жұмыс жазыңыз
- •53.Өзін-өзі тану білімнің жеке саласы тақырыбында шағын шығармашылық жұмыс жасаңыз.
- •54. Өзін-өзі дамыту және өзін-өзі танудың құрылымы ретінде 5-6 қағида ұсыныңыз.
- •55.Қазақ менталитетінің ерекшеліктері.
- •59 Микросоциум тісінігіне философиялық, педагогикалық, психологиялық тұрғыдан анықтама беріңіз..
54. Өзін-өзі дамыту және өзін-өзі танудың құрылымы ретінде 5-6 қағида ұсыныңыз.
Өзін өзі тану жастарға қоршаған ортаны түсінуге, оған өзінің қатыстылығын саналы сезінуге, қоршаған ортаға өзінің көз қарасын жалпы адамзаттық құндылық ұстанымда жүйелеу, өзінің өмірлік ұстанымын анықтауға көмек беру үшін қажет. Өз өзін өзі тану өзін дамытудың жеке тұлғаның дербес белсенділік көрсетуінің өзінің қабілеті мен әлеуметтік мүмкіндігін ашудың қажетті шарты болып табылады. Адам адам, адам қоғам, адам техника, адам табиғат жүйесіне терең білім қалыптастыруы. Өзін өзі тану нәтижесінде адам өзінің дербес өсу және өзін өзі жетілу қабілетіне ие болады. Сөйтіп адам толысуын өмір рахаты мен оның мәнін жете түсінеді.
Тұлғаның өзін-өзі тануын жетілдіру мақсатында психоанализді қолдану тиімді болып отыр. Психоанализдің өзі тұлғаның психикасын терең талдау болып табылады. Біз осындай тұлғаның өзіндік танымын анықтау мақсатында өзіндік танымға байланысты зерттеу жұмыстары тиімді болып табылды. Адамның өзін-өзі тануы барлық ғылым-білімнің ішіндегі төресі, ең маңызды, ең үлкені және бүкіл адамзат мәдениетінің ең жоғарғы сатысы деп түсінемін. Өзін-өзі терең зерттеп, түсінуге тырысқан адам ғана басқалармен, өзін қоршаған табиғатпен ынтымақты, үйлесімді үндес өмір сүре алады. Ал өзін зерттеуге ұмтылу дегеніміз, өз бойындағы жақсы, ұлағатты әдеттерді тәрбиелеп, мәпелеп өсіріп, ал көптеген қыңыр қылықтарға бой бермей мінезінің жаман жақтарын түзету бағытында бір сәтте дамылдамастан еңбектеніп отыру. Үнемі өзінің ішкі дүниесіне үңіле отырып, жан көріністерін бақылауда ұстау, ол үшін адам өзінің барлық іс-қимылын, ең алдымен ой санасын жүрекке, былайша айтқанда жан дүниесіне бағындырғаны дұрыс
Өзін-өзі дамыту - өзіндік тұлғасын көрсететін индивидтің мақсатқа бағытталға, саналы түрде және өз бетімен бақыланатын процесс. Өзін-өзі дамыту техникасының 3 негізгі элементі бар: 1) ұйымдастыру-басқару түрлері;2) ақыл-ойының дамуы;3) психологиялық жағдайын өз бетімен реттеу.
55.Қазақ менталитетінің ерекшеліктері.
Менталитет немесе діл (лат. menta — жан құрылымы) - ойлаудың үлгісі, этностың, әлеуметтік топтың, индивидтің жалпы рухани мінез-құлқы. Сондай-ақ менталитет халықтың этникалық бірлігі мен оның басқа ұлттық құрылымдардан ерекшелігін тану болып табылады. Сол арқылы адамдардың жалпылама және нақты баға беруі, әлеуметтік ұстанымы өзінің әлеуметтік бірлігіне және басқа да қауымдастықтарға белсенді қарым-қатынасы пайда болады.
Діл, менталитет - адамдардың белгілі бір қоғамдастығына тән, нақтылы тарихи-мәдени ортада қалыптасқан мінез-құлықтардың және іс-әрекеттердің біркелкі сипатын білдіретін ұғым. Діл мәдени бірегейленуімен және тұлғаның өзін-өзі белгілі бір мәдени ортада сезіну деңгейімен байланысты. Адам баласы тумысынан құндылықтар жүйесін (отбасылық, топтық, этностық, өркениеттік, т.б.), көбінесе, бәз қалпында, дайын күйінде қабылдайды. Еркін таңдау қабілеті, негізінен, шығармашылық қарымы, жасампаздық дарыны мол тұлғаларға тән. Осыған орай, ең алдымен, этностық сананың тұрақтылығын, дүниетанымының әмбебапты болатындығын ескерген жөн.Ділді оған табиғаты ұқсастау мәдени архетип пен ұлттық мінез-құлықтан ажырта білген жөн. Өзгермелі ортада тұлғалық тұрақтылықты жүзеге асыратын мәдени архетип тылсымдық, бейсаналы сипат иеленеді, ал таңбалардың, рәміздердің, мағыналардың пайымдалған жүйесін құрайтын менталаитет саналы талқыға түсіп отырады. ¥лттық мінез-құлық мәдени архетиптермен бірге адамдардың қайталанбалы, табиғи, этнопсихолдық ерекшеліктері арқылы көрініс табады. Менталитет әртүрлі адамдардың дүниедегі заттар мен құбылыстарды біркелкі таңбалар мен рәміздер арқылы бейнелей алу қабілетімен ерекшеленеді. Осы біркелкілік адами қоғамдастықтардың ортақ табиғи-тарихи ортада қалыптасуымен де, мәдени сабақтастық нышандарымен де тікелей байланысты болады. Мысалы, еуразиялық Ұлы Даланы қоныстанған көшпелі халықтар ұрпақтарының ділінде көптеген ортақ белгілер бар. Менталитет— әлем картинасын жасайтын және мәдени дәстүр немесе қауымдастықтың бірлігін нығайтатын жалпы рухани көңіл-күй, нанымиланым, рух дағдысы, ойдың біртұтас жиынтығы. Менталитет жеке және ұжымдық сананың өзіндік ерекшелігі бар деңгейлерін сипаттайды; бұл орайда менталитет — өзгеше ойлау типі. Менталитет — табиғат және әлеуметтік жағдайлар салдарынан туындайтын және адамның өмір әлемі туралы ұғым-танымын ашатын жалпылық менталитет терминін жанның негізгі орталық метафизикалық мәнін құндылықтар мен ақиқаттың түпдерек ретінде қарастыра отырып, американ философы Р. Эмерсан (1856) енгізді. Менталитет қоғамның мәдениеті, рухани өмірі бейнеленгенде белгілі бір дәуірдің филосафиялық, діни, саяси, эстетикалық теорияларында көрінетін метаұғым болып табылады. Бүгінгі Қазақстан қоғамында экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани мәселелер жеткілікті. Солардың бірі, біздіңше ұлт-менталитеті,яғни қазақ халқының менталитеті. Қоғамның даму бағыты,экономикалық және саяси реформалардың пәрменділігі көп жағдайда ұлт менталитетінің икемділігі мен қабілеттілігіне, жаңа құндылықтарды қабылдау мен таңдау деңгейіне тікелей байланысты болып отыр. Сонымен катар, қоғамдық қатынастар жүйесіндегі жүріп жатқан түбегейлі өзгерістерде өз кезегінде қазақ менталитетінің болмыс бітімі мен даму табиғатына да өз әсерін тигізуде. Осы жағдайда қазақ менталитетін жан-жақты зерттеуөзекті мәселелердің біріне айналуда. Қазақстандық ғалымдар бұл мәселені 90 жылдардың аяғына таман көтере бастады. Соның нәтижесінде монографиялық еңбектер мен көптеген ғылыми мақалалар жарық көрді. Онда қазақ менталитеті батыстық үлгіде қалыптасқанқағидалар мен тұғырнамалар арқылы зерттеу сыңаржақты деген тұрақты түсінік қалыптасты. Мәселен, Д.Кішібеков "Қазақ жері қандай кең болса, оның менталитеті де сондай мол, рухани жағынан өте бай. Оны еуропалық қалыпқа салып қарауға болмайды.Оның өркениеті де, өлшемдік түсінігі де басқа" - деді. Өз кезегінде мұндай методологиялық тұжырым қазақ менталитетін, оның ішкі құрылымдық жүйелерін басқаша қарауға өз септігін тигізді.Сонымен бірге, кейбір қазақстандық философтар менталитет ұғымын "діл" деп қарастырудың қажеттігін, олардың баламасы жағынан тең екендігін айтады, кейбір философтар, олардың өзара арасалмағын ажыратудың қажеттігін айтуда. Мәселен, А.Қасабек діл ұғымының менталитетке қарағанда логикалық шеңбері кең екенін, оны тек сенім мен иманға балауға болмайтынын айта отырып: - "ұлттық ділді объективтік жағдай
қалыптастырады. Халықтың ділі - әдет-ғұрып, діни сенімдер, ырымдар мен пайымдар,жыл айыру мен мал бағудан туындайтын астрологиялық көзқарастар, мал анатомиясының ерекшеліктерін білгірлігі, сәндік ою, өрнек өнеріндегі көшпелі тұрмыс бейнелері және күрделі рухани болмыс құрылымындағы осы көріністердің бейнеленуі" - деген пікірді
айтады. Ал С.Ақатай болса: "менталитет миымыздың түйсігі, ақыл-ойының бейнесі,рухани қыртысы, ал діл сенімге, иманға жуықтау" - деген қарама-қарсы пікір айтса,М.Тәтімов: "менталитет деген саяси ұғымды мен қазақша "діл" деп аударып жүрмін. Оны көпшілік әлі қабылдап үлгермеді. Дегенмен де, бұл қазақ тілінде бар "діл" деген ұғымсөздік қорымызда өзіне ұқсас "дін", "тіл", "мәдениет", "әдебиет" деген сөздер сияқты өзінің кең мағыналы, әрі мазмұнды күрделі ауыр жүгін көтере алады" - деп жазады. Біздің ойымызша, менталитет ұғымы тіл, дін, мәдениет, әдебиет сияқты құбылыстармен өзара тығыз байланыста болғанмен, оны еш уақытта жоғарыда аталған ұғымдармен шатастыруға, немесе оларға негіздеуге әсте болмайды. Өйткені, олар коғамның рухани саласында әр түрлі кызмет атқарады. Мәселен, мәдениет ұғымының менталитетке қарағанда ауқымы кең, ол тіпті менталитетті қалыптастыратын орта деп айтсақ та болады. Басқаша айтқанда, менталитетте мәдениет қалыптастырған құндылықтар, стереотиптерге айналған мінез-құлық көріністері өз бейнесін тауып жатады. Менталитет феноменінің ауқымы кең. Оны тек санаға, немесе ақылға, не болмаса тек бір ойлау жүйесіне негіздеуге болмайды. Онда ұжымдық және жеке сананың өзара байланысы, адамдардың ойлаутүрлері, дүниені қабылдау әдістері, сезінуі мен түсінуі, құндылықтарды кабылдауерекшеліктері бар. Олай болса, менталитетке тон қасиет тұтастық, синкреттілік. Қорыта келгенде, менталитет ішкі руханилықтың тұтас жүйесі Ол адамдардың нақтылы ісінде, өмір салтында, дүниеге қатынасында, өмір сүру тәсілінде,дүние түсінігі мен дүниетанымында өзінің көрінісін табады.
56 «Тәсіл», «амал», «әрекет», «бейне», «нысан» ұғымдарына анықтама беріңіз
Сөздіктерде «әдіс» «тәсіл», ал тәсіл әдіс ретінде анықталады. Егер кез келген әрекет тәсілін әдіс деп есептесек, теориялық деңгейде «әдіс» ғылыми ұғым ретінде өз мағынасын жоғалтады.
Тәсіл – қандай да бір жұмыс жасау барысында немесе бір нәрсені жүзеге асыру үшін қолданылатын әрекет немесе әрекеттер жиынтығы.
Әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс. «Әрекетіміз дұрыс болу үшін,-дейді Әл-Фараби ,-біздің соған бару жолымыз қандай болу керек екенін ... анықтап алуға тиіспіз.»
57Әлеуметтік педагогикалық көмек көрсетуді ұйымдастырудың жаңа түрлеріне жоба жазыңыз
Әлеуметтік көмек көрсету - бір өзі еңсере алмайтын қиын тұрмыстық жағдайдағы (мүгедектік, жасының ұлғаюына, сырқаттығына байланысты өзін-өзі күтуге қабілетсіздік, жетімдік, қараусыз қалушылық, аз қамсыздандырылушылық, жұмыссыздық, белгілі бір түрғылықты мекенінің жоқ болуы, отбасында қатігездікпен қарауы, жалғызіліктілік, т. б.) азаматтарды әлеуметтік қорғау, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-құқықтық қызметтер мен материалдық көмек көрсету, әлеуметтік жерсіндіру және сауықтыру жөніндегі әлеуметтік қызмет орындарының қызметі
Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
12. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі. 13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды: 1) жеке басын куәландыратын құжатты; 2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты; 3) осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді; 4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді; 5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады. 14. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады. 15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді. 16. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Үлгілік қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді. Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді. 17. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады. 18. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды. 19. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады. 20. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді. 21. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Осы Үлгілік қағидалардың 17 және 18-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды. 22. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді. 23. Белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді. 24. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту: 1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған; 2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған; 3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады. 25. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
58-билет. Мектепті басқару жүйесі тақырыбына іскерлік ойын үлгісін ұйымдастырыңыз.
Жалпы басқару дегенді — шешім қабылдауға бағытталған, белгіленген мақсатқа сәйкес басқару нысанын ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған шынайы ақпарат негізінде талдау жасап, нәтижесінің қорытын-дысын шығару әрекеті деп түсіндіруге болады. Басқару нысаны биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер болуы мүмкін.Біз мектепті басқару немесе оның компоненттері туралы айтқанда олардың жалпы жүйе — орта мектепті басқарудың бөліктері ретінде қарастырамыз. Ол бөліктерге тұтас педагогикалық, сынып сабақ жүйесі, мектеп тәрбие жұмысының жүйесі, оқушыларға эстетикалық тәрбие, кәсіптік бағдар беру жүйесі және т.б.Мектепішілік басқару дегеніміз біртұтас педагогика-лық процеске қатыстылардың барынша жоғары нәтижеге жетуді көздеген мақсатты, сапалы өзара әрекеттесуі. Біртұтас педагогикалық процеске қатысушылардың өзара әрекеті мынадай бірізді, өзара байланысты әрекеттер мен қызметтердің тізбегінен тұрады, олар: педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу және түзету.Мектепішілік басқарудың дәстүрлі ұғымдарын жаңа ұғымдар алмастыруда. Мысалы, »ықпал ету» ұғымының орнына »өзара әрекеттесу», »ынтымақтасу», »рефлексивті басқару» ұғымдары қолданылуда.Сол сияқты мектепті басқару теориясы мектепішілік менеджмент теориясымен толығуда. Менеджмент теория-сы басшы қызметінің өзара құрметке, қарамағындағы қызметкерлерге сенім білдіруді, олардың табысты еңбек етуіне қолайлы жағдай туғызуымен ерекшеленеді. Менеджменттің осы қыры мектепшілік басқару теориясын одан ары байыта түскен. Мемлекеттік басқарудың негізгі белгілеріҚазіргі заманың білім жүйесінің басты ерекшелік-терінің бірі — мемлекеттік басқарудан мемлекеттік-қоғамдық басқаруға өту. Білім беруді мемлекеттік-қоғамдық басқарудың негізгі идеясы.Білім проблема-ларын шешуде мемлекет пен жұртшылықтың күш-қуатын біріктіру, мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналарға оқу процесінің мазмұны мен түрін ұйымдастыру әдістерін және білім беру мекемелерін таңдауға барынша кең құқық пен еркіндік беру.Білім беру жүйесінің мемлекеттік сипаты елде »Білім туралы» заң негізінде бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізілуімен ерекшеленеді. Заң аясында Қазақстан Республикасының білім саласына басымдық берілген, яғни еліміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси, халықаралық салаларындағы жетістіктері білім саласындағы жетістік-терімен байланыстырылады. Білім саласының басымды-лығы білім жүйесінің материалдық, қаржылық мәселелерін бірінші кезекте шешуді талап етеді.Қоғамдық басқарудың негізгі белгілеріМемлекеттік басқару органдарымен қатар қоғамдық басқару органдары да құрылады. Оның құрамына мұғалімдер мен оқушылар ұжымы, ата-аналар мен жұрт-шылық өкілдері енеді. Олардың басқаруға қатысатындары мектеп ұжымында ғылыми ізденіс атмосферасын және қолайлы психологиялық климат қалыптастыруға алғы- шарт қалайды. Білім беруді басқарудың қоғамдық сипатының нақты көрінісі — мектеп кеңесі сияқты ұжымдық басқару органдарының қызметінен танылады. Кеңес жұмысының мазмұны мен қызметі мемлекеттік нормативтік құжаттарымен айқындалады.Мектептің ең жоғарғы басқару органы жылда бір рет өткізілетін конференция болып есептеледі. Оның өкілеттігі өте кең; жалпы мектептік конференция мектеп кеңесін, оның төрағасын сайлайды, олардың қызметінің мерзімін белгілейді. Әрбір оқу орны конференцияда оқу орнының жарғысын қабылдап, нақты жағдайға қарай оқу орнының дамуын, оның міндеттері мен мақсаттарын белгілейді. Сондықтан да бір мектептің Жарғысы екінші мектептікінен өзгеше болуы мүмкін. Мектеп кеңесі алқалы орган болғандықтан дамудың негізгі бағыттарын, оқу-тәрбие процесінің сапасын көтеру шараларын белгілейді. Сонымен бірге мектеп кеңесі оқу орнының жұмыс бағыттары бойынша тұрақты комиссия, штаб құрып, олардың құқықтары мен міндеттерін өкілеттік шегін белгілейді. Ал, конференцияға шешуші дауыспен орталау және жоғары сынып оқушылары, мұғалімдер, оқу орнының басқа да қызметкерлері, ата-аналар, жұртшылық өкілдері сайланады. Конференциялар аралығында жоғары басты органның рөлі мектеп кеңесіне беріледі. Мектеп кеңесінің қызметі мынадай негізгі бағыт-тарда іске асады:конференция шешімдерін іске асыруды ұйымдастырады;мемлекеттік және қоғамдық органдар оқушылардың мүддесіне қатысты мәселе қарастырғанда ата-аналармен бірге оқушылардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді;бірінші сыныпқа оқушылар қабылданғанда олардың жасын, оқу түрін белгілейді.бюджет шығындардың есебін талқылайды, оқу орнының жеке қорын қалыптастырады, оқу орнының бюджеттік және бюджеттен тыс қаржысын жұмсауының негізгі бағыттарын айқындайды;Мектеп директорының, оның орынбасарларының, жекелеген мұғалімдердің есептерін тыңдайды;Мектеп әкімшілігі және жұртшылық өкілдерімен бірігіп ата-аналарға педагогикалық білім беруге жағдай туғызады.Жұртшылық немесе ата-аналар өкілдерінің бірі бас-қаратын мектеп кеңесі мектеп әкімшілігі және қоғамдық ұйымдармен тығыз бірлікте жұмыс жүргізеді. Кеңестің шешімі ата-аналарға хабарланады. Әрине, кеңес шешімі оған қатысқандардың үштен екісі қоштап дауыс бергенде заңдық күші бар деп есептеледі.Мектепшілік басқару ең алдымен басшылардың, мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналардың бастамашылығы мен өздігінен жұмыс жасай алуын дамытуға бағытталады. Бұл жағдай тек қана шешім қабылдау мен талқылаудың бүкпесіз, ашық жүргізгенде ғана мүмкін. Мектеп басшы-ларын сайлау, педагогикалық кадрларды байқау және контракт негізінде қабылдаудың жүйесі — мектептегі демократияның бастауы. Сол сияқты мектепті басқарудағы жариялылық ақпараттың ашықтығы және түсініктілігіне негізделелді. Мектептің алдында тұрған міндетті, оның қиындығын жете сезінген әрбір мүғалім оған бей-жай қарамайды. Мектеп әкімшілігінің, мектеп кеңесінің тұрақты түрде есеп беріп отыруы оны талқылауға және шешім қабылдауға мұғалімдер мен оқушыларды қатыс-тыруы мектеп өмірінде демократияның орнығуына негіз қалайды.
