- •7.О.Конт әлеуметтанудың негізін салушы ретіндегі үлесін, еңбектерін, қарастырған мәселелерін талдаңыз
- •8. О.Конттың қоғам дамуының кезеңдерін сипаттаңыз.
- •12.М.Вебер әлеуметтік іс-әрекет теориясы талдаңыз
- •15. Г.Зиммельдің әлеуметтануға қосқан үлесі.
- •17.Экономикалық әлеуметтанудың пәні мен объектісі және атқаратын қызметтерін қарастырыңыз
- •25. Әлеуметтік зерттеу бағдарламасын, оның құрылымы мен функцияларын жан-жақты талдаңыз.
- •26. Әлеуметтанудағы сауалнама әдісі: ауызша және жазбаша. Сауалнаманың қолданылу аясын, артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастырыңыз
- •34."Әлеуметтік мобилділік" терминін ғылымға п.Сорокин енгізіп, бұл түсінікке анықтама берді. Осы терминге анықтама беріп, әлеуметтік мобилділіктің тұрлерін бөліп көрсетіп, сипаттаңыз
- •35.Ауытқушылық мінез-құлық -үш форманы қамтиды:девиантты, деликвентті және криминалды мінез-құлық. Осы ауытқушылық мінез-құлықтың әрбіреуін жан-жақты талдап, өзара салыстырыңыз
- •40.Қазіргі уақытта қоғамда орын алып отырған отбасылардың тұрақсыздығына қандай факторлар әсер ететіндігін нақты дәлелдемелер, статистикалық мәліметтер арқылы қарастрыңыз
- •42. Анкетада қолданылатын ашық және жабық сұрақты көрсететін 3 мысал келтіріп жазыңыз (ашық сұраққа -3, жабық сұраққа – 3 мысал келтір).
- •43. Социологиялық бағдарламаның негізгі бөлімдерін құрайтын 2 бағаналы кесте құрыңыз. 1-ші бағанада негізгі бөлімдері, 2-ші бағанада сол бөлімдер сипаттамасына талдау жасаңыз.
- •51.Тұлғаның әлеуметтенуіне әсер ететін агенттеріне мысал келтіре отырып, жеке-жеке талдау жасаңыз.
- •52.Субмәдениет түсінігі және түрлері. Қазастанда субмәдениетті алып жүрушілерді және олардың қоғамдық ортаға тигізетін кері әсерін қарастрыңыз
- •54.Эксперимент әдісінің қоғамда орын алып отырған белгілі-бір құбылысқа жүргізілуіне мысал келтіріп, талдау жасаңыз
- •55.Отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттеудің негізгі социологиялық аспектілерін талдаңыз
- •56.Мектепке дейінгі, орта білім, кәсіби техникалық және жоғарғы білім беру деңгейлеріне талдау жасаңыз
- •57.Тұлғаның әлеуметтену кезеңдерін атаңыз және әрқайсысына мысал келтіре отырып, сипаттама беріңіз
35.Ауытқушылық мінез-құлық -үш форманы қамтиды:девиантты, деликвентті және криминалды мінез-құлық. Осы ауытқушылық мінез-құлықтың әрбіреуін жан-жақты талдап, өзара салыстырыңыз
Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп те атайды.Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық,суицид т.б. жатады.Девианттық мінез-құлықтың келесі түрі ретінде, біз – деликвентті мінез-құлықты айтуымызға болады. Яғни заңға қайшы іс-әрекеттердің барлығы немесе қылмыстар, социологияда ерекше атау алады, ол деликвентті мінез-құлық деп аталады. Құқықтық жәен моральдық нормалар олардың орындалуы мемлекеттік биліктің беделді маңызды және қатысты қарым-қатынасты реттейді. Оларды бұзу қоғамдық қатынастарды тұрақтандырады, және қоғамның дамуына кері әсерін тигізеді. Құқықтық нормаларды бұзатын мінез-құлықтар, зиянды заңға қайшы болып табылады. Қоғамдық қатынасатрға шектіретін зиянның деңгейін анықтай келе әлеуметтік жиынтықатрдың, топатр мен жекеелген азаматтардың қызығушылығы, сол сияқты әлеуметтік нормалардың бұзылуының түрлерін ауытқитын мінез-құлық түрлерін ажыратуға мүмкіндік туады, оларды келесі жіктерге бөлеміз: деструктивті міенз-құлық, ол тек тұлғаның өміріне зиян тигізеді де қоғам өміріне жалпымен қабылданған моральдық нормаларға қатысы болмайды,(жинақтыылқ, фанатизм, конформизм,мазохизм), ассоциалды мінез-құлық, ол тұлғаға, әлеуметтік топтарға, қоғамға жәен әлеуметтік нормаларға қаарма-қарсы келеді (ішімгерлік,нашақорлық, өзін-өзі өлтірушілік);заңға қарсы мінез-құлықтар(қылмыс және басқа да заң бұзушылықтар.Делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар:Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді.Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық.Наша сату және тарату.Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.Девианттық мінез-құлықтың деликвенттік мінез-құлықтан өзгешелігі, девианттық мінез-құлықтың деликвенттік мінез-құлыққа қарағанда кеңірек түсінік ретінде қарастырылады. Девианттық мінез-құлық деликвентті мінез-құлықты өзінің бір бөлігі ретінде қарастырады. Девиация-нормалардың кез-келген бұзушылықтарын айтамыз. Ал делинквенттік-ол тек қана қылмыстық жауапкершіліктерді алып жүретін мінез-құлық актілеріне жатады. Ауытқулардың осындай түрлерге бөлінетіндігіне қарап негізделген саясат құруға болады, ол практиканы профиалктикаға бағыттап отырады. Және де барлық аутқуларды жою емес тек қана негативті аутқуларды жоюға көмекетседі.
36.Ы.Алтынсарин Қазақстандағы білім беру институтының негізін қалаушы ретінде белгілі. Сауатсыз халыққа білім алудың құндылығын жеткізу үшін атқарған қызметтері мен жетістіктерін, атқарған жұмыстарының қоғам дамуына ықпалын сипаттаңыз
Ы. Алтынсарин қазақ халқының мақтан ететін белгілі қоғам қайраткері. Ол өзінің шығармаларында қазақтарға озық орыс мәдениетін үйренуді насихаттаған, сол халықтың алдына міндет етіп қойған орыс-қырғыз мектептерін ашу ісінде өзі бас болып, үлгі көрсетіп бірінші әрекет жасады. Торғай облысының халық училищелерінің инспекторы болып (1879-1889ж.ж.) қызмет істеп жүріп, ол қазақ балалары үшін бірқатар мектептер ашты. Ыбырай Алтынсарин өз халқын орыстың өзоқ мәдениетіне жеткізудің ынталы жақтаушысы. Ол қазақ халқының экономикалық және рухани дамуын тездетудің негігі құралы етіп баолық қазақ ауылдарында орыс-қыпғыз мектептерін ашу міндетін қойды. Мектептерді халық арасында білім таратушы мәдениет ордалары деп санады және бұқара ортасында орыс, ғылымының табыстарын насихаттаудың тіректері деп қарады. өзі бас болып, қазақ тілінде тұңғыш орыс әрпімен «Киргизская хрестоматия» оқу құралын жарыққа шығарды. Мұндағы көздеген мақсаты, қазақ оқушыларының орыс тіліндегі кітаптарды пайдалана білуді баулу, орыс мәдениетін түсінуді жеңілдету болатын. «Қырғыз хрестоматиясы» - қазақ халқының рухани өміріндегі үлкен маңызды оқиға болып табылады. Ы. Алтынсарин орыс білімі қазақ халқының рухани дамуының жолы деп қана қараған жоқ, оны Қазақстанның «өндірістік дамуына септігін тигізетін, яғни қазақтардың орыс халқынан ғылыми және практикалық білімін қабылаудың әдісі» деп санады. Ы. Алтынсарин осы идеясын іске асыру үшін 1883-ші жылы Торғай қаласында қолөнер мектебін (ремесленная школа) ашты. Ы. Алтынсариннің түсінігі бойынша, білім дегеніміз, төңіректегі ақиқатты тану. «Табиғи ақыл айналадағы бізді қоршағанды ғана қамтуға қабілетті, ал, оны дамытып, біздің көрмегенімізді де білуге қабілетті ететін дүниелік (светский) білім ғана» деп көрсетті 1887 жылы Елек уезіне қарасты Бөрте болысынан,Қостанай уезінің Обаған және Жетіқара болыстарынан бір сыныптық мектептер ашып,әрқайсысының жанынан қазақ балалары жататын жиырма бес орындық интернат салдырды.1887 жылы торғай даласында айтулы тағы бір жаңалық болды.Ол Ыбырайдың көптен армандап жүрген Ырғыз қыздар училещесінің салтанатты түрде ашылуы еді.Бұл сахараға күтпеген,тосын жаңалық болды.Өйткені ол кездерде қыздарға арналған мектеп болмайтын және қыздардың білім алуына рұқсат етілмейтін,себебі ол келешек ана деп есептелетін. Ыбырай 1888 жылы қыркүйек айының жиырма бірінші күні Қоснанай қаласында орыс мектебін ашты. Ал 1886 жылы Орскіде тұңғыш мұғалімдер мектебін ашты. Қысы-жазы сар даланы атпен аралап,өзі ашқан мектептердің қамымен жүрген. Ыбырай Алтынсарин жүрек ауруы салдарынан небәрі қырық сегіз-ақ жас жасап,1889 жылы шілденің он жетінші жұлдызында дүниеден қайтты. Оның денесі Қостанай қаласынан он екі шақырым жнрднгі Тобыл өзенінің бойына жерленді. Ыбырай - қазақ балалары үшін ұлы ұстаз. Ол қазақ балалары үшін нешеме мектептер ашып,өмірінің бағытын осы жолға арнап өмір сүрген қамқоршы. Ыбырайдың бар арманы қазақ балаларының сауатын ашып, білімді ұрпақ тәрбиелеу болатын. Оның ең алғашқы ұстаздық жолы өзі ашқан мектептердің бірі Торғай қаласындағы мектепке мұғалім болудан басталды. Ол ұстаздардың ұстазы,балалардың жанашыры болды. Ол балаларды «Кел,балалар оқылық!» деп оқуға,білімге шақырды.оқысаңдар іздегендерің алдарыңнан табылады, мақсаттарыңа жетесіңдер деп үндеу айтады.
37.Қазақстандағы әлеуметтанулық ойдың қалыптасуына Абай мен Шәкірім мұралары қалай ықпал етті, нақты дәлелдемелермен сипаттаңыз.Қазақ халқының ұлы ақыны және ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының ағартушылық қызметі ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында өтті. Оның философиялық-әлеуметтік көзқарастары осы кезде қалыптасты. Ол бағзыдағы кемеңгер ойшылдардың шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірлерін қорытып, оларды қазақ өміріндегі аса маңызды әлеуметтік мәселелерді түсіндіруге қолданды. Сол кездегі қазақ қауымын толғандырған басты мәселелерге жауап беруге ұмтылды. Абай әлеуметтанудан арнаулы еңбектер жазбағанымен шығармаларында алуан түрлі әлеуметтік мәселелерді қозғап отырған. өзінен бұрын және кейін өмір сүрген ақын – ойшылдармен салыстырғанда Абай қоғамдық құбылыстардың даму қағидалары туралы, оларды басқару, қоғамның құрылымы, адам, тарихтаға бұқара халықтың және тұлғаның қалыптасуы, оның жоғарғы әлеуметтік-моральдық қасиеттері туралы терең ой қозғады. Яғни адамдарды ғылым және біліммен қаруландырып, олардың сана-сезімін, білімін дамыту, қоғамның дамуына байланысты білімнің ерекше маңызды рөлі, т.б. туралы бірінші болып терең ой-пікір айтқан және қоғам құбылыстарының даму қағидаларының бағыты туралы алғаш рет мәселел қозғап, өзінше шешкен. Абай сол кезде қазақ халқының саяси, мәдени, экономикалық жағынан кенже қалу себебін оның көшпенділігінен, бытыраңқылығынан екендігін халыққа түсіндірмекші болды. Қоғам туралы мәселе Абайды терең толғандырған. Оның пікірі бойынша, біртұтас құбылыс ретінде қоғамның табиғи негізін халық құрайды. Қоғамның әлеуметтік құрылымы бірыңғай емес, ол бір-біріне қарсы тұрған жіктерден, яғни байлар мен кедейлерден тұратыны ақиқат, дейді Абай.Қоғамның жіктерге бөлінуі ежелден бар. Сондықтан олардың арасындағы күрес толастаған емес. Қоғам біртұтас, бірыңғай құбылыс ретінде оның ішкі құрылымы алуан түрлі көкейкесті мәселелерді шешуді қажет етеді. Олардың қатарына мүлік арқылы жікке бөлінуі және жеке меншік, таптық құрылым, мемлекеттік басқару және сот ісін жүргізу, қоғамдағы еркіндік, бостандық, теңдік және адамдардың достығы, т.б. жатады.Абай дүниенің объективтік заңдылығын мойындады, дүние мен адамзат қоғамы бірқалыпты тұрмай өзгеріп отырады деп біледі.Абайды адам проблемасы қатты ойландырғанын байқаймыз. Қырық үшінші нақыл сөзінде, тән азағы ішіп-жеу болмаса ол өсіп қуаттанбайды, ал, адамның жан азығы – білуге құмарлығы, бұл болмаса оның малдан айырмашылығы жоқ. Шәкәрімнің әлеуметтік ойының тереңдігі оның қазақ қоғамының шындықтарымен тамырластығында. Ақын халықты бүгінмен ғана өмір сүруге болмайды деп үйретеді. Өткен қиыншылықтардан сабақ алу арқылы бүгінгі күн мәселелерін шешуге тиістіміз. Өткен шақ пен бүгінгі шақ келер шақтың мүмкін болатын қиыншылықтарын жеңетін жолды көрсетеді. Еңбектену, білімге ұмтылу, кәсіпкерлік және адалдықты жақтау жетіспейді. Нәпсіні тыймау, бірін-бірі көре алмау, өзара таласу, ақылды мен дарындыны аяқтан шалу қазақты өркендетпейді, оның басқа халықтарға қарағанда әлсіздігіне әкеледі: момын, әділ адамды қазақ талауға дайын. Адамға көмектесу қиын. Себебі, қулық пен арамдықты жолдас қылғандар өте көп. Мақтан мен атақ іздегендер бірігіп күшейіп отыр. Олар жалақор. Адалдықты ұстаймын дегендер, өз бетімен кетіп тыныш өмір сүремін дегендер үнемі олардың, атақ құмарлардың қорлығына, зорлығына душар болады, – деп өкінеді ақын ”Қазақ айнасы” деп аталатын өлеңінде.Құдайбердіұлы өмір сүріп, еңбек еткен тарихи кезеңде қазақ әдебиетінде Абай іргетасын қалаған реалистік дәстүр қалыптасып кележатқанды. Шәкәрім осынау өнегелі үрдісті алғашқы жалғастырушылардың бірі болды. Абай мен Шәкәрім арасында тамырластық аса терең. Өз заманының келелі мәселелерін, қоғамдық шындықты қозғауда екі ақын да ерекше қуат танытқан. Абай тәрізді Шәкәрімнің де ақын ретінде ұсақ-түйек міндерді сынаудан бастап, өз кeзінің күрделі әлеуметтік мәселелерін көтеруге дейінгі аралықтағы терең ойлары, парасатты тұжырымдары сайрап жатыр. Шәкәрім айналасындағы құбылыстарды сырттай ғана жырлаушы болған жоқ, ол бар нәрсенің қай-қайсысына да мән бере қарады, жақсылығына қуанды, кемшілігіне күйзелді. Ақындық болмысын да осы ыңғайда қалыптастырды. Ақынның азаматтық үні осы тараптан естіледі. Оның Абай үлгісіндегі реализмі алдымен азаматтық лирикасынан көрінді. Өз заманының көзі ашық, көкірегі ояу азаматы ретінде ол халқының басындағы нақты жағдайды көре білді. Осы бағыттағы барлық ой пайымдарын лирикасына нәр қылып құйды. Ақын лирикасының басты объектісі - адам. «Ескіден қалған сөз теріп», «Сәнқойлар», «Қалжыңшыл қылжақпас», «Еріншек», «Құмарлық», «Бір салмойын сал келер» сияқты өлеңдерінде ақын замандастарының бойындағы ірілі-уақты кемшіліктер сыналады. Шәкәрім надандықтың негізін осылардан көреді. Бұл өлендерінің қай-қайсысында да оның реализміне тән шыншылдық пен сыншылдық бар. Қандай кемшілікті болсын, ақын типтендіре суреттеуге күш салады. Сол себепті оның кейбір өлеңдерінде сыналатын кейіпкерлер өзімізбен бүгін де қатар жүрген жандар секілдіқабылданады. Өз халқының мүддесін көздеген ақын оның бойындағы жағымсыз қасиеттерді жұртқа жария етуші ғана емес, солардың үкімін айтушы да бола білді. Әшкерелей отырып, өз үкімін айтады, айналасына ой тастай сөйлейді. «Ашу мен ынсап», «Шаруа мен ысырап», «Анық пен танық», «Ер қоспақ пен сөз сөйлемек», «Дүние мен өмір», «Мақтау мен сөгіс», «Міндеу мен күндеу» сияқты бірқа- тар өлеңдерінде Шәкәрім айналасына сын көзбен қарай отырып, заманының шынайы суретінжасайды. Халық тағдыры - Құдайбердіұлы жырындағы арналы тақырып. Бұл тұста да ол Абаймен сабақтас, үндес. Абай тәрізді Шәкәрім де өзінің насихат өлеңдері мен жеке өнегесі арқылы жұртшылық санасындағы кейбір кері қасиеттердің тамырын шірітіп, халықтық ар-намысты оятуға күш салады
38.Отбасының түрлеріне, және қазіргі кезде пайда болып отырған отбасының жаңа түрлерін қарастырыңыз және оның қоғамдық дамуға, жалпы қоғамдық ортаға әсерін көрсетіңіз Отбасы деп — шағын адамдар тобын, оларды біріктіретін қан араластық, үлкендер балаларға тәрбие беруге жауапты және күнделікті тұрмыс бірлігі. Қазіргі отбасының сипатын танудағы жемісті әдістерді аса көрнекті американдық әлеуметтанушы Талкотт Парсонс қолданған еді. Оның айтуынша, қазіргі нуклеаралық отбасы (яғни ата-аналар мен балалардан құрылған) мынадай себептер бойынша қазіргі қоғамға сай ыңғайластырылған. 1-ден, қазіргі қоғамның экономикалық өмірі дәл осындай кішігірім отбасының болуын қалайды. Мұндай отбасында, үлкен отбасылармен салыстырғанда, қайшылықтары көп жанжалдардан құтылуға болады. Қалаларда көп ұрпақты үлкен отбасылар аз, олар көбінесе ауылды жерлерде кездеседі. Енді басқа бір қырынан қарағанда, кішігірім нуклеаралық отбасы тез көшіп-қонуға, өзінің тұрған жерін жедел ауыстыруға бейім келеді. Яғни, қазіргі экономикалық өмірдің талаптарына икемделгіш болып келеді. 2-ден, қазіргі шағын отбасы өмірге жеңіл бейімделіп, отбасылық және қоғамдық қажеттіліктерден пайда болған қақтығыстарды шешу жолдарын да жеңіл таба алады. Үлкен, әулетті отбасында, оның үстіне басқа туыстарымен байланыста болуы өндіріске кері әсерін тигізіп, қызмет тиімділігін кемітеді. Кіші нуклеаралық отбасында бұған соқтықпаудың екі түрлі мүмкіндігі бар: Біріншіден, кішігірім нуклеаралық отбасы әр түрлі туысқандық байланыстарды қысқартады. Екіншіден, мұндай отбасы ішкі отбасылық кеңістікте шектеліп, одан тысқары экономикалық қызметке араласпайды. Отбасының құрылымдық типтері – ерлі – зайыптылық, тұрмыстық және ата-аналық сипаттарға сәйкес пайда болып қалыптасқан құбылыс. Сондықтан отбасы құрылымын оның мүшелері арасындағы өзара қарым – қатынастар. Рөлдерде бөлісу мен ішкі билікті жүргізу анықтайды. Бұл тұрғыдан алғанда оның ең кең тараған түрі – нуклералық немесе ерлі зайыптылық отбасы. Оның негізін ерлі –зайыптылар мен олардың балалары құрайды, яғни мұндай отбасында екі ұрпақтың өкілдері өмір сүреді. Отбасының бұл түрінің аса көлемді етек алуына әлемдегі қазіргі таңда кеңінен жүркіп жатқан индустрияландыру мен урбанизация процестері себепші болып отыр. Туыстық жағынан алғанда бүгінгі таңда отбасының тағы бір түрі – кеңейген немесе туыстық тұрғыдан жақын отбасылар. Онда ерлі – зайптылар өз балаларымен, ата-аналарымен, бауырларымен бірге тұрады, онда бірнеше ұрпақ өмір сүреді.Кейінгі жылдары «азаматтық неке» мәселесі күн тәртібіне қойыла бастады. Оны жақтаушылар да баршылық. Тіпті олардың заңдастырып алмақ ойлары да бар. Ел арасында «еркін махаббат» немесе «іс жүзіндегі неке» деп те атап жүр. Бұл сөздердің астарынан «ашыналық» ұғымын көру қиын емес. Бұл жаһандастыру толқынымен батыстан келген құбылыс.Бұл некенің өзгешелігі мемлекеттiк органның тiркеуiнен де өтпейдi, Қазақстан Республикасының “Неке және отбасы туралы” Заңында ол туралы ешқандай түсiнiктеме берiлмеген. Сол себепті заң өкiлдерi мұны әзірге “бейресми некелесу” деп қабылдап отыр.«Азаматтық неке» құбылысының қоғамға демографиялық, рухани және басқа да зардаптары жайында еліміздегі белгілі тұлғалар айтып, бірқатар жетекші басылымдар тарапынан жазылып жүр. Мамандардың есептеуінше, азаматтық некемен өмір сүрген жастардың 80 пайызы кейін бір-бірімен жараспай, айырылысады екен. Тек бестен бірінің ғана дәм-тұзы жарасып, ерлі-зайыпты атанады. Еліміздегі «Дағдарыс» орталығының мәліметіне сүйенсек, оған жыл сайын «азаматтық некеге» тұрып, алданып қалған 15-20 әйел көмек сұрап келеді екен. Оның үстіне, бүгінгі таңда жаңа туған балалардың 22 пайызы некесіз деген дерек бар.
39.Отбасы ұғымының құндылығына жан-жақты талдау жасаңыз.Енді отбасындағы құндылықтарға келетін болсақ, ол әрине шаңырақтан бастау алады. Отбасынан басталған тәрбие бертін келе баланың санасына әсер етіп, одан болашақта елін сүйетін патриот тұлға өседі. Енді осы баланың санасының сыртқы орта тәрбиесін дұрыс қабылдауына, толассыз ақпараттарды басында өңдеуіне, яғни ненің жаман, ненің жақсы екенін дұрыс ажырату қабілеттілігіне де ген әсер ететіні анықталған. Сондықтан да отбасында көптеген жылдар бойы қалыптасқан қандай да болмасын ерекшеліктер гендік қорға тікелей болмаса да жанама әсер ететіні сөзсіз. Мысалы, жалпы ұлт деңгейінде қарайтын болсаңыз, қазақ халқында отбасында бала тәрбиелеуде баланың ісіне тосқауыл қойып отыру бар. Оны жасырмаймыз. Ол баланың санасында қабілетсіздікті, жасқаншақтықты тудырады, яғни «ол нәрсені мен істей алмаймын» деген балада сенімсіздік пайда болады. Әрине, бұл балаға толық еркіндік бер деген сөз емес, басқалай, баланың бетінен қақпай отырып, ойын есебінде санасын, зейінін басқа жаққа бұру арқылы тәрбиелеу керек. Көп адамның мұндай тәсілге шыдамы жетпейді. Жапон елінің бала тәрбиесінде 5-6 жасқа дейін баланың бетінен қақпау қалыптасқан. Яғни осы уақыт аралығында балада болашақ тұлғаға лайық мінез қалыптасады деп саналады. Осы жерде баланы ойын арқылы санасын басқа жаққа бұру тәсілі қолданылады. Ал ары қарай 15 жасқа дейін балаға деген талаптар күшейеді. Бала 15 жастан кейін үлкендермен бірдей жағдайда қарым-қатынаста болады. Көптеген әдебиеттер осы Жапон елінің тәрбиесін үлгі етіп жазады. Отбасы құндылық ретінде әртүрлі басымдықтарға ие. Әлеуметтік зерттеулерге қарасақ, осыдан 25-30 жыл бұрын жүргізілген зерттеулерде «Сіз үшін не құнды?» деген сұраққа жастар: «Бірінші кезекте – Отан, екінші – махаббат, үшінші – отбасы, бала» деп жауап берген. Ал 2000 жылдың ортасынан бастап жастар «Алғашқы орында – материалдық жағдай, екінші – мансап, үшінші – білім алу» деп, отбасы, бала деген құндылықтар тоғызыншы, оныншы орындарға ысырылып қалды. Демек, бұл соңғы 25-30 жыл ішінде құндылықтар жүйесіндегі күрделі өзгерістерді көрсетеді.Отбасын құру, отбасында өмір сүру адамнан үлкен ептілікті, көрегенділікті, шыдамдылықты талап етеді. Ал бүгінгі жастардың, отау құрып жатқандардың көбі бір үйдің мәпелеп өсірген жалғыз-жарым ұл-қыздары. Бір отбасында ерке өскен балалар өзге азаматпен алғашында жарасып, тіл табысса да, уақыт өте келе оны тұрақты қарым-қатынасқа айналдыра алмай жатады. Соның кесірінен кеше ғана қосылған кейбір жастар ажырасып жатады. Өйткені, өзара түсіністік, шыдам, кешірім жоқ. Қиын-қыстау кезде бір-біріне қолдау көрсетуге дағдыланбаған.Кезінде бір отбасында кемі 5-6 бала өскен. Олар бірін-бірі жетелеп, бірінің киімін бірі киіп, біреуіне біреуі қолдау көрсетіп, үлкен дастарқан басында бір таба нанды бөліп жеп, ержететін. Қазіргі балалар тек өзіне ғана қарайды. Себебі, ол – жалғыз. Бүгінгі қоғамдағы өзімшілдік дерті – отбасындағы бала санының аздығынан.Қазақ ұлтында тастанды, жетім баланың болмауы – ұзақ ғасырлар бойы қалыптасқан менталитет еді. Әр перзент халықтың құндылығын өз бойына сіңіруге, ойында өрбітуге, бойында өрістетуге бейім жүретін. Еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың барлығына осындай қағиданы, тілін, дінін, тарихын білуді уағыздау керек.Көп жағдайда тастанды, жетім балалардың көбеюін аналардың мойнына жүктейміз. Ал ер азаматтардың опасыздығы, тұрақсыздығы, ұшқалақтығы, махаббат сезіміне жауапсыздығы – бұл да отбасындағы тәрбиеден жіберілген қателік деп білеміз. Сезімді түсіну, оны қадірлеу ер азаматтың негізгі міндеті болуы керек. Еркектің жауапкершілігі деген бар емес пе?!Жалпы, әйел мен еркек тең. Бірақ әлеуметтік тұрғыдан басшы болуы тиіс. Мемлекеттің басшысы болатыны секілді, отбасыға да басшы керек. Ол басшы қалыптасқан дәстүріміз бойынша, әлеуметтік мәртебесіне қарай, материалдық қосатын үлесі бойынша қазақта бас адам – әке болып саналады. Ер азаматтың міндетін еш уақытта әйел атқара алмайды. Бұл – ердің табиғат анықтаған орны. Әке отбасында, ұрпақ алдында жетекші – басшы орнында болған, солай болып қала беруі керек.Қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрі ер адамды отбасының қамқоршысы, елін қорғайтын тұлға ретінде қалыптастырған. Қазіргі кезде ақша табатын әйелдердің көбеюі, нарықтық экономиканың кіруі, ғылым мен техниканың күрт дамуы бүкіл әлемде капитализмнің енуімен отбасы құндылығы ретінде «табыс», «ақша» деген ұғымдарды кіргізді.Бүгінгі қоғамда әйелдердің өзімшілдігі байқалады. Себебі, заманауи әйел ер азаматпен бір деңгейде жұмыс істеп, кіріс кіргізуге қабілетті. Бұл әйелді қаржылық, әлеуметтік тұрғыдан тәуелсіз ете түспек. Ал ер азаматтар отбасын жоғалтып алудан қорықпайды, себебі, басқа отбасын құруға болады деп ойлайды. Рухани кедейленген, өзімшілдігі асқынған адам ғұмыр бойы өзін бір ғана адамға байлап қойғысы жоқ. Осындай өзімшілдік меңдеген қоғамда ер мен әйелдің бір-бірін түсініп, бір-бірінің ығына жығылып, айтқанына көнуі, бір-бірінің сөзіне құлақ асуы, отбасы мүшелерінің ортақ шаңырақ астында бірігуі, жылы қарым-қатынас орнатуы – күрделі мәселеге айналып кеткендей. Нарықтық қатынастар да баланы өмірге әкеле бергенше, мансап қуу керек дегенге бейімдеп бара жатқандай.
