Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ӘЛЕУМЕТТАНУ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
163.48 Кб
Скачать

17.Экономикалық әлеуметтанудың пәні мен объектісі және атқаратын қызметтерін қарастырыңыз

Экономикалық әлеуметтану жалпы әлеуметтану ғылымының қоғамның экономикалық өмірін зерттейтін арнаулы теориясы болып саналады. Бұл арнаулы теория жалпы әлеуметтанудың қарқынды дамуымен және оның экономикалық процестерімен тығыз байланысының негізінде пайда болды. Осыған орай экономикалық әлеуметтанудың объектісіне зерттеушінің қалауына қарай алынған қандай да болмасын экономикалық және әлеуметтік тұрғыда бір-бірімен тығыз байланысқан құбылыстар мен процестер жатады. Ал, экономикалық әлеуметтанудың пәніне қоғамның экономикалық дамуының әлеуметтік аспектілері жатады. Бұған экономиканың алуан түрлі салалары, әлеуметтік инститіттар (фирмалар, акционерлік қоғамдар (АО) корпорациялар, банктер, т.б.), алуан түрлі адамдар бірлігі (мысалы, өндіріс, еңбек ұжымдары, өндірістік бірлестіктер, топтар, бригадалар, т.б.) ; экономикалық процестер, өндңрңс саласындағы қатынастар (үстемдік ету – бағыну, басқару-орындау), еңбеккерлердің өндірісті басқаруға қатынасуы, жұмыс күшінің тұрақсыздығы, ауысуы, миграция, мамандықты іріктеп алу, еңбек ұжымдарының әлеуметтік қорлары мен ресурстық мүмкіншіліктері, адам және алуан түрлі топтардың экономикалық іс-әрекеттің себеп-дәлелдері, экономикалық сана, экономикалық ойлау, экономикалық-материалдық жағдайы, көңіл-күй, тәртіп, мұқтаждық, талап-тілек, әлеуметтік құндылықтардың еңбектің өнімділігіне, тауардың сапсының артуына әсері, т.б. жатады. Экономикалық социология жеке ғылыми пән ретінде өндірістік қатынастарға экономикалық факторлармен қатар адам факторы да әсер ететіндігін көрсеткен басқару тәжірибесіне жауап ретінде ХХ ғасырдың ортасында АҚШ-та пайда болды.Экономикалық әлеуметтану экономикалық процестерді адамдардың іс-әрекеті, қызметінің жемісі ретінде қарайды Экономикалық әлеуметтануда экономикалық құбылыстарды, процестерді зерттеуде басты назарды адам факторына аударды. Экономикалық әлеуметтанудың маңызды мәселелрінің бірі – адамдардың еңбекке қатынасы және олардың еңбек сүйгіш дейгейін зерттеу болып табылады. Нарыққа өту кезеңінде экономикалық өмір әлеуметтану зерттеуінің ең маңызды объектілерінің біріне айналды.Экономикалық өмірге әлеуметтану тұрғысынан қарау, оны адамдар арасындағы қатынастардың бір саласы ретінде қарастыру біздің түсінігімізді айтарлықтай кеңейтіп тереңдете түседі. Ол бүгінгі күнде заман талабына сай болып отырған нарық, өндіріс, тұтыну т.б процестердің экономикалық саралау саласында қандай да бір қосымша немесе қосалқы құрал болып саналмайды. Экономикалық әлеуметтану экономиканы ондағы әрекет етуші әлеуметтік топтардың белсенділігінен, олардың мүдделерінен, мінез-құлқы мен өзара әрекеттесуінен қозғау алатын әлеуметтік процесс ретінде сипаттайды. В.В.Радаев атап көрсеткендей, “экономикалық теория үйреншікті нәрсеге редукция шығарады, ал экономикалық әлеуметтану үйреншікті нәрсеге проблемалық сипат береді”. Экономистер жай адамға қиын материяларды (бағалардың қалыптасуы, қаржы ағымдарының қозғалысы т.б.) түсіндіре отырып, дұрыс мағына қисынына, кәдімгі адамдардың мінез-құлқына әкеліп тірейді. Әлеуметтанушылар, керісінше, күнделікті өмірде біз дұрыс мағына деңгейінде қабылдайтын “жай ғана” істермен айналысады. Неге тұтынушылар әр түрлі дүкендерге барады және бірдей затқа әр түрлі ақша төлейді? Неге кәсіпкерлер іскер әріптестерін қатаң түрде белгілі бір адамдар тобынан таңдап алғысы келеді? Неге қатардағы жұмысшылар өз әріптестерінің жалақысының мардымсыз жоғарылауына қызғанышпен қарап, “қатардағылар” мен “басшылар” табысының арасындағы үлкен айырмашылықты қалыпты нәрсе деп қабылдайды? Әлеуметтанушылар бұл сұрақтарға жауап іздей отырып, адамның мінез-құлқын күрделі әлеуметтік байланыстардың нәтижесі деп қарастырады. Қазіргі күнде экономикалық әлеуметтану ықпалына енген сұрақтар бұрынырақ белгілі бір деңгейде индустриалды әлеуметтану, еңбек әлеуметтануы, аймақтық әлеуметтануы, басқару әлеуметтануы, ұйымдастыру әлеуметтануы және басқа да сол секілді шектес бағыттарда қозғалған еді.

18.Девиантты мінез-құлық әлеуметтануының зерттеу объектісі мен пәнін, қарастыратын мәселелерін айқындаңыз.Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы.Девиантты  мінез-құлық әлеуметтануы - ауытқымалы мінез-құлық. Яғни, белгілі бір іс-әрекеттер ауысып отырады. Әлеуметтанудағы девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. «Аномия» термині фр. тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы дегенді білдіреді. Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайына климаттық, геофизикалық, экологиялық факторларды енгіземіз. Мыс. Шу, геомагниттік өзгеріс, таршылық, т.б жағдайлар мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі болады. Девиация бірнеше типтен тұрады. Олар: девиантты, деликвентті және криминалды мінез-құқық. Сонымен қатар, девиантты мінез-құлық деп - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтамыз. Кейбір деректерде бұл типті «антидисциплина» деп атайды. Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне мыналар жатады: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез құлықтар, суицид т.б жатады. Егер де әлеуметтену процесінде адамның тұлғасы дамитын болса, онда ол адам үшін сәтті әлеуметтену болады. Әлеуметтену кемшілігінің көрініс табуы девианттық мінез-құлық болып табылады. “Девианттық мінез-құлық” ұғымы мазмұнының үш қырын бөліп қарауға болады - біріншіден, девиация деп нормадан кез келген ауытқуды, тіпті прогрессивтік ауытқуды айтуға болады. Екіншіден, дәстүр бойынша девианттық деп әлеуметтік “жамандықтың” жағымсыз көрінісі ретіндегі девиацияны айтады. Үшіншіден, неғұрлым тар ұғымында девианттық мінез-құлық деп қылмыстық жазалауға соқтырмайтын, басқаша айтқанда, құқыққа қайшы болмайтын ауытқуларды айтады. Девианттық мінез-құлықтың өзіне тән белгісі мәдени релятивизм болып табылады: мәселен бір іс-әрекет бір қоғамда дұрыс саналуы, ал басқа қоғамда - әлеуметтік патология ретінде қарастырылуы мүмкін. Бұған әр түрлі халықтардың отбасы құқығы мен отбасылық дәстүрлерінен, әдет-ғұрыптарынан көптеген мысалдар келтіруге болады. Егер де Голландия, Швеция, Норвегия сияқты елдерде гомосексуалдық некелерге рұқсат етіп, мұндай жұптардың бала асырап алу құқығын мемлекет қамтамасыз ететін болса, көптеген елдердегі сияқты біздің Қазақстан қоғамында да мұндай жағдай қоғамдық мораль тұрғысынан да, заңнама тұрғысынан да мүмкін емес. Тіпті біртұтас заңнама қолданылатын, бірақ тұрмыста әр түрлі салт-дәстүрлерді ұстанатын халықтар тұратын, әсіресе бұл салт-дәстүрлер діни нормалармен сақталатын бір мемлекеттің өзінде қиындықтар пайда болады. Мысалы, Қазақстандағы азаматтық құқық бойынша бір некелілік талаптары мен ислам мойындайтын көп әйел алу дәстүрі арасындағы қақтығыс осындай. Мәдени релятивизм екі түрлі қоғамның ғана емес, сондай-ақ бір қоғамның ішіндегі екі немесе бірнеше үлкен әлеуметтік топтардың салыстырмалы сипаттамасы бола алады. Мұндай топтардың мысалы - саяси партиялар, үкімет, әлеуметтік тап немесе топ, діндарлар, жастар мен жеткіншектер, әйелдер, аз ұлттар. Девианттық мінез-құлықтың әлеуметтанудағы түсіндірілуі объективті әлеуметтік бағыттылықты және тұлғаның, әлеуметтік топтардың, қауымдастықтар мен тұтас қоғамның қызмет атқаруы және дамуы тұрғысынан алғандағы мінез-құлқының қоғамдық нәтижелері сияқты көрсеткіштерді, мінез-құлықтың әлеуметтік құндылықтар мен нормаларға сәйкестігін, қоғамдық пікірге берілген бағалар мен әлеуметтік санкцияларды қамтиды. Қоғам түрлі тәсілдер мен құралдарды пайдалана отырып, әрқашан ауытқушы мінез-құлықтардың жағымсыз нысандарын басып тастап отыруға тырысады. Әрбір әлеуметтік топта өз мүшелерінің мінез-құлықтарын тиісінше жасалған үлгілер шеңберінде сақтайтын әлеуметтік бақылау жүйелері болады. Жалпыға ортақ қабылданған үлгілер шеңберіне сыймайтын мінез-құлықтарды тиісінше қоғам санкциялаған болады. Санкция - әлеуметтік бақылау элементтерінің бірі. Әлеуметтік бақылау мойындауды білдіру, марапаттар мен ерекшелік жүйелері ретінде анықталады, солардың арқасында тұлғаның мінез-құлқы қабылданған мінез-құлық үлгілеріне сәйкестендіріледі.Девиацияны зерттеуші көптеген ғалымдар девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын түрліше түсіндіреді. Біріншілері оларды екі үлкен топқа ішкі және сыртқы факторлардеп бөлсе, екіншілері оларды бөлмей:

жанұяда берекенің болмауы;

ата-ананың «ерекше» қамқарлығы;

тәрбие берудегі кемшіліктер;

өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;

өмірлік дағдының болмауы, айналысындағы адамдармен, құрбыларымен жарасымды қатынасқа түсе алмауы;

сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім қабылдай алмау, сынаушылық ойды дамыта алмау;

психоактивті заттарды жиі пайдалануы;

агрессиялық жарнаманың ықпалды болуы;

мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің нашар дамуы;

балалар мен жасөспірімдердің бос уақытының проблемалары

19.Тұлға әлеуметтануының обьектісі мен пәнін, тұлғаның әлеуметтену процесін , кезеңдерін ашып көрсетіңіз.Тұлға – жеке адам дамуының нәтижесі, оның барлық адамдық қасиеттерінің неғұрлым толық жүзеге асуы. Тұлға бірқатар гуманитарлық ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Әлеуметтенудің негізгі 4 кезеңі бар: 1)балалық; 2)жастық; 3)ересектік; 4) қарттық; Әлеу/у процесінің 2 түрі бар: кері және қайта. Кері әл/у – ескі құндылықтарды нормаларды рөлдер мен мінез-құлық ережелерін ұмыту. Қайта – ескі құндылықтардығ орнына жаңа құндылықтарға, нормаларға, рөлдер мен мінез-құлық ережелерін үйрену. Тұлға әлеуметтенуінің мәні адамды өз қоғамының мүшесі етіп қалыптастыратындығында. Әлеуметтену процесін нәтижеге жетуі немесе аяқталуы бойынша балалық пен жастық кезеңдерді қамтитын бастапқы, немесе ерте әлеуметтенуге және басқа екі кезеңді қамтитын жалғасқан әлеуметтенуге бөлуге болады.Тұлғаның құрылымында мыналар бөліп қаралады:1) өмір салты мен еңбек, қоғамдық-саяси, мәдени-танымдық, отбасылық-тұрмыстық сияқты қызметтерде көрінетін әлеуметтік сапаларды жүзеге асыру тәсілі;2) тұлғаның объективті әлеуметтік қажеттіліктері. Тұлға - қоғамның органикалық бөлігі, сондықтан оның құрылымы негізінде қоғамдық қажеттіліктер орын алады. Басқаша айтқанда, тұлғаның құрылымы қоғамдық тіршілік иесі ретінде адамның дамуын анықтайтын объективті заңдылықтармен айқындалады. Тұлға бұл қажеттіліктерді ұғынуы да, ұғынбауы да мүмкін, бірақ та ол қажеттіліктер тіршілік етуін, өмір сүруін тоқтатпайды және  тұлғаның мінез-құлқына айқындық енгізіп отырады;3) шығармашылық қызметке қабілеттілік, білім, дағды жатады. Қалыптасқан тұлғаны қалыптасудың бастапқы сатысындағы жеке адамнан айырып көрсететін де оның дәл осы шығармашылық қабілеттері.4) қоғамның мәдени құндылықтарын игеру дәрежесі, яғни тұлғаның рухани жан дүниесі;  5) тұлға басшылыққа алатын ізгілік нормалары мен принциптері. Сенімдер - адам мінез-құлқының басты бағытын анықтайтын ең терең принциптер. Сенімдер тұлғаның тұлғалық құрылымының өзегін құрайтын объективті қажеттіліктерді сезінуімен байланысты.Тұлға болып туылмайды, ол әлеуметтік, мәдени даму нәтижесінде туындайды. Тұлға мақсатқа талпынушы ғана емес, сонымен бірге өзін-өзі ұйымдастыратын жүйе. Оның зейіні мен іс-әрекетінің обьектісі: сыртқы орта мен  өзінің «Мендік» сезім болады. Осыған байланысты өзін -өзі реттеу, өзін-өзі ұстай білу, қабілеті мен қасиет көрсетеді. Тұлға болу дегеніміз-белсенді түрде өмірлік позицясы бар және ішкі қажеттілікке байланысты таңдау жасай білу, келген шешімінің зардабын бағалау және өзі қоғамның алдында жауап беру, үнемі өзін-өзі және өзгелерді құруға түрлі әдіс, тәсілдерді меңгеріп өз мінез құлқын реттеуші.Адам әлеуметтену процесінде әлеуметтік нормаларды меңгеріп, әлеуметтік рөлдер, қоғамдық мінез дағдыларын пайдаланудың тәсілдерін үйренеді. Тұлға әлеуметтенуі тұлғаның әлеуметтік шындықты тануына негізделеді.Тұлға әлеуметтенуінің көзі болып табылатындар:

    1) сәбилік жастағы тәжірибесі – психикалық функциялар мен мінездің элементарлық формасының қалыптасуы;

   2) әлеуметтік институттар – тәрбиелеу, оқыту мен білім беру жүйелері;

   3) қарым-қатынас пен іс-әрекет процесінде адамдардың өзара әсері.

20.Білім беру орындары әлеуметтік институт ретіндегі ерекшеліктерін, қызметтерін, деңгейлерін мазмұндаңыз.Білім беру әлеуметтануы білім жүйесін әлеуметтік институт ретінде және оның қоғаммен өзара әрекеттесуін зерттейтін ғылыми пән. Білім беру әлеуметтанудың зерттеу пәні – әлеуметтік институт ретінде, білім әлеуметтік ұйым ретіндегі оның мекемелері, сонымен бірге білім саласындағы әлеуметтік саясат болып табылады. Білім беру әлеу/к институтының қызметі:1)білім беру; 2)білім тарату; Білім беру әлеуметтануының негізін салушылар белгілі әлеуметтанушылар: Э. Дюркгейм, М. Вебер,  Л. Сорокин  және Т. Парсонс. Білім берудің деңгейлері: 1) мектепке дейінгі; 2) орта білім; 3) кәсіби техникалық білім; 4) жоғарғы білім; Білім әлеуметтануы – әлеуметтану білімінің жаңа саласы. Ол ғылымтанудың бір тармағы болып келеді, бірақ қоғам дамуының кезеңінде басқа ғылыми пәндермен – тарих және философия ғылымымен, экономика және ғылыми іс-әрекет ұйымдарымен өзара тығыз байланыстылығын жалғастырып келеді. Білім беру әлеуметтануының келесідей міндеттері бар: білім алудағы қажетті зерттеу қоғам өмірімен жеке өмірдегі оның рөлін түсініп бағалау,  олардың әлеуметтік маңыздылығын, білім сапасын және деңгейін бағдарламалау; қоғаммен білім алушылардың білімге қатынасы оның әлеуметтік құндылықтарын зерттеу; әлеуметтік мәртебенің фактор ретінде білімнің рөлін көрсету; рухани қажеттіліктер мен мүдделер серпініне әсер етуін анықтау.  Қазіргі кезде білім әлеуметтануы өзінің назарын мыналарға аударып отыр. 1-ден, қоғам мен ғылымның өзара қатынастары қалай жасалады; 2-ден, қоғамның тиімді қалыптасуы үшін ғылыми ұйымдардың әлеуметтік мәселелері мен оның қызметтерінің қандай мәні бар; 3-ден, ғылым адамдары өздерін қалай көрсетеді, қазіргі қоғамда олар өздерінің орындарын, рөлі мен жауапкершіліктерін қалай сезінеді. Ғылым принциптерін қалыптастыру 1942ж Р. Мертон тарапынан ұсынылған болатын, олардың қатарында әмбебаптық коммунализм, қызықпаушылық және ұйымдасқын скептицизм бар. Әлеуметтануда мейлінше толығырақ қарастырылған «әлеуметтендіру категорясы «білім» ұғымымен салыстырғанда бірінші орындағы ұғым болып табылады. Әлеуметтендіру үрдісі кездейсоқ және мақсатты бағытталған екі негізгі формада жүзеге асады. Білім бұл әлеуметтану тұрғысынан жалпылама түрде алғанда тұлғаның мақсаты даму саласы ретінде айқындалған, ондағы әлеуметтендіру үрдістері тәртіпке келтірілген форманы, қоғамдық маңызы бар стандарт пен бағыт –бағдарды иеленеді. Бұл формалар білім үрдістерінің институттық табиғатын және әлеуметтік ұғымдығын көрсетеді. Білімділерде, құндылықтарда, нормаларда және қызмет тәсілдерде жүзеге асатын стандарттар білім мазмұнына айналады. Білімнің балашақтағы нәтижелері оның нысаналары болып шығады, олар нақты әлеуметтік рөлдерден көрініс табады. Онда адам мақсатты әлеуметтендіру үрдісіне дайындалады. Сонымен қатар, мысалы, кәсіби білім құрылымында мамандар дайындалып шығарылады. Бір мезгілде алуан түрлі әлеуметтік институттар – мектеп, отбасы, бұқаралық ақпарат құралдары және басқалары әрекет ететін біллім саласы шартты түрде екі салаға – формальды білімге және формальды емес білімге бөлінеді. Бұдан білім әрі білім беруді әлеуметтанулық талдау оның институттену, әлеуметтік мазмұны, ұйымдастырылуы және функциялары мәселелеріне назар аударуды талап етеді. Қорыта айтқанда, оқу, білім ерекше әлеуметтік институт, ол – өз бетімен біршама дербес әлеуметтік қызмет атқарады. Нақтылап айтсақ, ол әрбір адамды білімнің негізімен жан-жақты, терең қаруландыруын, әлеуметтік және рухани тәрбиені сабақтастыруын, тұлғаны әлеуметтендіруін, оның интеллектуальды және рухани мүмкіндігін қалыптастырадыБілім беру әлеуметтануының  өзіндік ерекше міндеттері бар:Білім алудағы қажеттілікті зерттеу, қоғам өмірі мен жеке өмірдегі оның рөлін, түсініп, бағалау;Олардың әлеуметтік маңыздылық астарындағы білім сапасын және деңгейін бағалау;Қоғам мен білім алушылардың білімге қатынасы, оның әлеуметтік құндылықтарын зерттеу;Әлеуметтік мәртебенің факторы ретінде білімнің рөлін көрсету;Рухани қажеттіліктер мен мүдделер серпініне оның әсер ету деңгейін анықтау.Білім беру әлеуметтануының  негізін М.Вебер және Э.Дюркгейм қалаған.Олар білімнің әлеуметтік қызметтерін, оның экономикалық және саяси  процестермен байланысын, сонымен қатар  әлеуметтану көзқарасы бойынша  оқу орындары мен педагогикалық  процестерді зерттеді. Кейінірек Т.Парсонс білімді қазіргі қоғамда  әлеуметтендіру институты ретінде  зерттеуді,  оқу орындары мен оның элементтерін әлеуметтік жүйе ретінде  қарастыруды ұсынды (рөлдер мен нормалар жүйесі.Мектеп. Мектептегі оқытудың тек балалардың жартысын ғана қамтитын мектепке дейінгі тәрбиеден айырмашылығы баршаға ортақтығында. Барлық жастарға орта білім беру мекемесін бітіруге мүмкіндік пен кепілдік беріледі. Жастар орта білім алған соң еңбекке және қоғамдық-саяси өмірге араласады. Әлеуметтендіру институты ретінде мектептің рөлі әрқашан айтарлықтай жоғары болған, алайда индустриялы өндірісте ата-аналардың жұмыспен қамтылуы мен екі ұрпақтық отбасыдан қарапайым отбасыға өтуіне байланысты отбасының тәрбиелік рөлінің төмендеуі себебінен ол одан да ұлғая түседі.Жалпы білім беру мектебін аяқтау жас бала үшін болашақта өмірлік  жолын, мамандығын, айналысатын іс-әрекетін таңдауды білдіреді. Мектеп бітірушісі осы нұсқалардың біреуіне тоқтала  отырып, кәсіби білімнің қандай да бір  түріне жоғары баға береді.Кәсіби  техникалық білім өндірістің қажеттіліктерімен, жастарды өмірге жедел әрі тезірек енгізу нысанымен тікелей байланысты. Кәсіби-техникалық дайындық әр түрлі шығындарға қарамастан, білім алудағы маңызды арна болып қала береді. Білім беру әлеуметтануы үшін білім алушылардың білім себебі, оқытудың тиімділігі, оның мамандық жоғарылатудағы рөлі мен халық шаруашылығындағы мәселелерді шешудегі рөлі маңызды.Жоғары  білім беруге келетін болсақ, әлеуметтану үшін жастарды оқыту түрлерінің әлеуметтік мәртебесін анықтау, болашақтағы ересек өмірдің мүмкіндігі мен рөліне баға беру, қоғамдағы субьективті талпыныс пен объективті қажеттілігінің сәйкестігі, дайындықтың сапасы мен тиімділігі маңызды.

21. Мәдениет әлеуметтік институт ретіндегі сипатамаларын, субмәдениет пен контрмәдениеттің қазіргі қоғамдағы орны мен мәселелерін қарастырыңыз.Социологияда мәдениет сөзі кең мағынада өзіндік ерекшелігі бар, генетикалық жолмен берілмейтін, адамның өмір сүру ортасы мен өзара әрекеттесуінің құралдары, амалдары, формалары, үлгілері мен бағдарламалардың жиынтығы деп түсіндіріледі. Тар мағынада мәдениет социологияда адамның нақтылы бір тобына тән, ұжымдық қолдауға ие болатын құндылықтар, сенімдер, жүріс-тұрыс үлгілері мен нормалар жүйесі ретінде түсіндіріледі.Мәдениетті жалпы әлеуметтанудың арнаулы теориясы – мәденит әлеуметтануы зерттейді. Ол мәдениеттің қоғамдағы атқартын қызметінің  заңдылықтарын, нақтылап айтсақ, қоғамдық жүйеде мәдениеттің алатын орны мен маңызын, әлеуметтік және әлеуметтік-демографиялық әр түрлі топтардың мәдени қызметін, мәдени деңгейін, мәдени салада бұл топтардың талап-тілегін, мүддесін, ұсынысын, бұқара халықтың мәдени дәрежесін, өндіріс және мәдениетті тұтыну салаларында мәдени әлеуметтік институттардың,мекмелердің жағдайын, атқарып жатқан қызметтерін, мәдени қызметкерлердің жағдайын және іс-қызметін, т.с.с. зерттейді. Мәдени әлеуметтану мұнымен  бірге мәдени дамуды, оның әр түрлі әлеуметтік институттары (білім, ғылым, этникалық, және көркемөнер, адамгершілік) мен мекемелердің (театр, кино, мұражай, кітапхананалар) дамуын болжап, жоспарлайды.Мәдениет әр түрлі деңгейдегі қоғамдық өзара байланыста қандай да бір нақтылы формада қызмет атқарады. Мәдениет болмысының бұл нақтылы формасын көрсету үшін социологияда субмәдениет түсінігі қолданылады. Субмәдениет - бұл көбінесе оларды алып жүретіндердің ойлауы мен өмір стилін анықтайтын, өздерінің комплекстерімен, әдет-ғұрыптарымен, нормаларымен, ерекшеленетін автономды тұтастай білім. Психологиялық жағынан қарасақ  жастардың психикасының зардап шегуі соңында өкінерлік жағдайларға әкелетінін де ұмытпау керек. Жастардың субмәдениетінің біздің елде таралуы Батыстан кем емес. Ол күнделікті өмірден де көрініс тауып жатыр. Қазақстанда  жастардың субмәдениетінің  типологиялық анализін жасауда ғалымдар субмәдениеттің жаңа көріністері көбінесе Алматы, Қарағанды, Павлодар секілді жастар қалаларында кең тарағандығын айтады. Қазақстанда жастардың субмәдениетін топтастыру өте қиын, қазірде оны зерттеу төмен деңгейде. Сонымен қатар жаһандану үрдісі елімізді мүлдем басқа кеңістікке әкеткендей. Батыстың және Ресейдің рухани құндылықтарын сіңіре отыра жастар  күнделікті өмірде Отандық  БАҚ,  бағдарламаларды қолдануда төмен дәрежеде. Себебі бәрімізге белгілі жастарымыз «қара роктың»  патшасы Макл Джексонның  фанаттары, сонымен қатар Отандық телеарналарды қараудан, өзіміздің дәстүрлі әндерімізді тындаудан гөрі Муз-ТВ, Эм-ТИ-ВИ, НТВ және т.б Ресейлік, шетелдік телеарналарды тамашалауды жөн көреді.  Компьютерлік ғасыр, Интернеттің үстемдік етуі  кезеңінде жастар субмәдениетінің жаһандану процесі  жүреді. Сондықтан да қызығушылықтарына, білім деңгейлеріне байланысты белгілі бір жастар ұйымдары пайда болып жатыр. Қазақстандағы жастар субмәдениетінің мынадай топтамасын ұсынуға болады:

- Ойын сауықтық - рокерлер, рэперлер, металлистер, эмолар, готтар, байкерлер;

-Беделді адамдардың, элита, саяси шеңбердегі өкілдердің, әртістердің, жалпы өнер адамдарының  балалары да белгілі бір субмәдениетті  құрайды.

-Діни субмәдениет. Бұл топқа дәстүрлі және дәстүрлі  емес діни бірлестіктердің табынушылары  кіреді. Қазіргі кезде дінге байланысты  жастардың көзқарасының  адасушылық  жолда болуы бәрімізді қатты  алаңдатуда.

-  Студенттердің субмәдениеті. Қазақстан қоғамының білімді және белсенді бөлігі. Бұл топқа 17-22( кейде 25) жас аралығындағы  жастар кіреді.  Студенттік кезеңде жастардың әлеуметтік, саяси көзқарастары қалыптасып, тұлға ретінде өзіндік мінездемесін орнықтырады. Университет қабырғасы, жатақхана студентке болашақтың үлкен бір терезесін ашып, жол сілтейді.

Осы аталған жастардың  субмәдениеттерінің өзіндік дүниеге  көзқарастары, құндылықтары бар. Психолог мамандардың айтуынша, біздің қоғамда  бейформальды топтардың пайда болуы  бірнеше себептерге байланысты. Біріншіден, бұл құбылыстың пайда болуы рухани тәрбиенің жоқтығынан деуге болады. Ата-ана қамқоры мен назарының аздығынан жастар өздеріне ұқсас қызығушылықтары бар ортаны табуға тырысады. Солай бір-бірін тауып, бейформальды топ құрады. Олар кішкентай мемлекет іспеттес.Контрмәдениет – субмәдениеттің ерекше бір түрі. Контрмәдениет – үстемдік етуші мәдениеттің құндылықтарын жоққа шығаратын субмәдени бағыт. «Контрмәдениет» терминін ең алғаш қолданған американдық әлеуметтанушы Теодор фон Роззак болды. Ол контрмәдениетті дәстүрлі мәдениетке қарсы қоятын өнердегі жаңа ағымды білдіру үшін қолданған еді.  Түрлі зерттеулерде контрмәдениетке ежелгі әлемдік діндердің қалыптасу кезеңдерін, утопистердің коммуналары мен большевиктердің қозғалысын жатқызады. Контрмәдениеттің айқын мысалы ретінде оқшауланған қылмыстық топтарды айтуға болады. Олар әрдайым «дамып» отырады, әрі шыншылдық, еңбекқорлық, отбасылы өмір сияқты жалпыға ортақ құндылықтарды «басынан аяғына дейін» идеологиялық түрде өзгертіп бұрмалап жібереді. Жастар контрмәдениеті дәстүрлі құндылықтардан бас тартып, оларды контрқұндылықтармен алмастыруды  талап етеді. Өз-өзіңді көрсетудің еркіндігі, жаңа өмір сүру салтына ілесу, жазалау шараларын жою, әрі әуес, қиял, елес туғызған кез келген сезімге сену, бейвербальді қатынас жасауға иек арту – мұның барлығы контрмәдениеттің басты құндылықтары. Жастар контрмәдениетінің басты ұраны – қайырымдылық, әдет-ғұрып атаулыдан аулақ жүретін бақытты адам. Міне сондықтан контрмәдениет ұсынған, алдын-ала жоспарланған адам көп жағдайда адамгершілік заңдарына қайшы келетін барлық тыйымдарға және моральдік беделді тұлғаларға өшпенділікпен қарайды, сондай-ақ ондай адамдардың психикасында адамзатқа ортақ өнегелілік, руханилық тәрізді құндылықтар механизмі әлі қалыптасып бітпеген.

22. Діннің қоғамдағы рөлі мен оның қоғамда алатын орнын, дін әлеуметтануының қарастыратын мәселелерін, қызметтерін көрсетіңіз.Дін қоғамда әлеуметтік организм өмірінің бір көрінісі ретінде өмір сүреді. Дін мен қоғам арасындағы байланыстың екі дербес шамалардың әрекеттесуі ретінде қарастырылуы дұрыс болмаған еді. Дін - одан оқшаулана алмайтын қоғамдық өмірдің бір бөлігі, ол қоғам өміріне соншалықты сіңісіп кеткен. Дiн социологиясы дiннiң кейбiр бағыттары бойынша адамдарды белгiлi әлеуметтiк әрекеттерге жетелейтiн қоғам сегменттерiнiң пайда болуын зерттейдi. Дін әлеуметтануы – адамдардың дінге негізделген әлеуметтік қатынастарын зерттейді. Әлеуметтік қатынастардағы діннің ықпалды рөлін жоққа шығаруға болмайды. Дін әлеуметтік феномен ретінде социологтар үшін аса маңызды зерттеу обьектісі ретінде қарастырылуда. Дін социологисы діннің кейбір бағыттары бойынша адамдарды белгілі әлеуметтік әрекеттерге жетелейтін қоғам сегменттерінің пайда болуын зерттейді. Мәселен, белгілі бір діннің яки сектаның мүшелері өздерінің діни нанымдары негізінде белгілі бір әлеуметтік іс амалдарды жүзеге асырып жатса, бұл тікелей дін социологиясының зерттеу саласына кіреді.Дін социологиясын зерттеуде Батыс елдерінде қолданылып келе жатқан әдістердің бірі – «социография» әдісі. Бұл әлеуметтік қарым – қатынас феномендерін сипаттауға бағытталған әдіс. Осы әдіс бойынша әлеуметтік өмірдің белгілі бір мәселесі туралы деректер жиналады, тәжірибелер жасалады, санақтар жүргізіледі. Және жиналған мәліметтер салыстырмалы түрде талданады. Діннің рөлі және әлеуметтік тәртіптің негізінде не нәрсе жатыр деген сұраққа  О.Конт “тарихтың үш сатысы жайлы заңында” жауап берді. Бірінші саты – діни немесе “теологиялық жағдай”, онда адам санасында дәлелсіз ойға негізделген оқиғалар, субъективтік негізсіздіктер үстемдік етеді. Екіншісі – философиялық, “метафизикалық жағдай”, онда абстракция, дөрекі дерексіздік шынайылық ретінде қабылданады. Үшінші - позитивті, онда ғылымның көмегімен қолда бар жағдайларға дұрыс баға беруге қол жеткізіледі. Дiн социологиясының зерттеу әдiстерi туралы айталық. Эмпирикалық, яғни тәжiрибеге сүйенген iлiм ретiнде дiн социологиясы нақтылы зерттеулер мен тәжiрибелердi жүзеге асырады. Дiннiң қоғам өмiрiндегi маңызды орны мен ықпалын анықтаудағы ең тиiмдi әдiс адамдармен сұхбаттар жүргiзу (тiкелей кездесу әдiсi) және дiни топтар мен секталардың, маргиналды дiни ағымдардың ритуалдерi мен жиналыстарына қатысу және тәжiрибе жинақтау (эмпирикалық әдiс). Бұған қоса дiни мәтiндер мен баспасөзде келтiрiлген дiни ақпараттарды сұрыптау, талдау, герменевтикалық сараптау пайдалы әдiстерге жатады. Адамдардың саяси өмiрiндегi дiни әрекеттер мен ұстанымдарды зерттеу дiн социологиясының мiндеттерiне жатады.

23. Экономикалық әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәнін сипаттаңыз. "Экономикалық адам" түсінігінің мәнін ашыңыз.Экономикалық әлеуметтану  жалпы әлеуметтану ғылымының  қоғамның экономикалық өмірін зерттейтін арнаулы әлеуметтанудың қарқынды дамуымен және оның экономикалық процестерімен  тығыз байланысының негізінде пайда  болды.Осыған орай экономикалық әлеуметтанудың объектісіне зерттеушінің қалауына қарай алынған қандай да болмасын экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан бір-бірімен тығызбайланысқан құбылыстар мен процестер жатады.Ал,экономикалық әлеуметтану пәніне қоғамның экономикалық  дамуының әлеуметтік  аспектілері  жатады.Бұған экономикалық алуан  түрлі адамдар бірлестігі, мысалы, өндіріс еңбек ұжымдары, өндіріс  саласындағы әлеуметтік қатынастар,(үстемдікету – бағыну,басқару – орындау)еңбеккерлердің

өндірісті басқаруға қатынасуы,жұмыс күшінің тұрақсыздығы, ауысуы,миграция, мамандықты іріктеп алу,еңбек ұжымдарының  әлеуметтік қорлары мен ресурстық  мүмкіншіліктері, адам және алуан түрлі  топтардың экономикалық іс-әрекеттің  себеп-дәлелдері, экономикалық сана, экономикалық ойлау жағдайы,көңіл-күй, тәртіп, мұқтаждық, талап-тілек, әлеуметтік құндылықтардың еңбектің өнімділігіне, тауардың сапасының  артуына әсері, тағы басқалар жатады.Әлеуметтану   экономикалық мәселелерді  қарастырғанда, ең алдымен адамның,әлеуметтік топтың ,жіктің экономикалық мінез-құлқын зерттейді.Сондықтан экономикалық әлеуметтану қандай да бір экономикалық құбылыс, процесс болмасын, оларды талдау, анықтауда әр уақытта нақтылы жеке адамнан, оның топ-жіктерінен,олардың өмір тіршілік ерекшеліктерінен, жағдайынан бастайды.Сонымен,экономикалық жүйедегі адам, оның нысана бағыттары,тәртібі  – міне экономикалық әлеуметтанудың экономикалық құбылыстар мен процестерді  зерттеудің басты бағыттары мен  мәселелері.Дәлірегі, адамның өмір сүріп отырған ортасы -  қазіргі  экономикалық жүйеге қатынасы, ондағы алуан түрлі жүріп жатқан өзгерістерге (ой-пікірлері,көзқарастары) нарықтық қатынастарға,ондағы экономикалық реформаларға қатынасын зерттейді.

24. Саяси әлеуметтанудың объектісі, пәні, қызметі мен құрылымын қарастырыңыз.Саясат қоғамның ұйымдасқан ж/е реттеуші, бақылаушылық ортасы. Саясат жеке адамның өмір сүру саласын дәстүр, әдет-ғұрып негізінде реттеу мен қалыптастыру мүмкін болатын даму сатысында пайда болды. Әлеуметтік өмірді реттеудің ерекше бір түрі. Саяси әлеуметтану – саяси саланың қоғамның басқа салалары мен саяси институтының басқа әлеуметтік институттардан қарым-қатынасын, мемлекетпен, партиямен, қоғамдық ұйымдармен тікелей байланысты мәселелерді зерттейді.Саяси әлеуметтанудың зерттеу пәні-қоғамның саяси өмірінің әлеуметтік аспектілері, саяси биліктің әлеуметтік феномен ретінде саяси салаларының қоғамның басқа салаларымен әлеуметтік өзара әрекеттесуі.  Саяси әлеуметтануың 2 деңгейі бар. 1) Макроәлеуметтану деңгейі. Ірі көлемді саяси құбылыстар мен процестерге, саяси құрылымдар мен саяси институттарға ж/е жалпы ғылыми жалпы әлеуметтанулық әдістерді қолданумен ерекшеленеді. Макроәлеуметтану деңгейі күнделікті саяси өмірге жеке адамдар мен топтардың саяси мінез-құлқын зерттеумен айқындалады. Саяси әлеуметтану ғылымы 20 ғ. 30-50 жылдары орныға бастаған. Саяси әлеуметтану қазіргі уақытта әлеуметтік өзгерістердің саяси салдарын, саяси институттардың әлеуметтік процестер мен құрылымдарға әсер етуін, тұлға мен қоғамның өзара әрекеттесі мәселесін зерттейді. Саяси әлеуметтанудың обьектісі: саяси институттар, жүйелер, саясатқа адамдардың, топтардың, қауымдаст/ң әсер етуі болып табылады. Саяси әлеуметтану жалпы әлеуметтік саяси қатынастардың 4 деңгейін зерттейді: 1) саяси әлеуметтік жүйелердің қызмет етуінің жалпы заңдылықтарын саяси іс-әрекетті зерттеуге жауапты  жалпы саяси әлеуметтану деңгейі; 2) жекелеген елдердің әлеуметтік саяси қатынастарын талдайтын ж/е сипаттайтын елтану деңгейі; 3) жекелеген саяси әлеуметтік процестерді ж/е саяси іс-әрекеттің тұрлерін зерттеуге бағытталған іс-жүргізу деңгейі. 4) нақтылы әлеуметтану зерттеуі арқылы қоғамдық пікірді анықтау мен талдаудың сараптаулы деңгейі; Саяси әлеуметтанудың әдістері: құжат талдау, сауалнамалық, фокус топтық, бақылау ж/е статистикалық мәліметтерді талдау. Саяси әлеуметтанудың 2 заңы бар: 1) әлеуметтік саяси іс-әрекеттердің оны ұйымдастыру амалдарының заңдары; 2) әлеуметтік саяси өмірдің даму заңдары;