Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ӘЛЕУМЕТТАНУ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
163.48 Кб
Скачать

15. Г.Зиммельдің әлеуметтануға қосқан үлесі.

Георг Зиммель (Georg Sіmmel) (1858 - 1918) - неміс философы әрі социологы, “формальді социологияның” негізін салушы, “өмір философиясының” алдыңғы қатарлы өкілдерінің бірі.Басты еңбектері: “Тарих философиясының мәселелері” (1892), “Ақша философиясы” (1900), “Социология” (1908), “Қазіргі заман мәдениетінің қақтығысы” (1918).Зиммель социологиясының өзіндік ерекшелігі әлеуметтіктің жалпы контекстінен (“кедей”, “бөтен”) “шеттетілгендер” формаларын зерттеуге көңіл аударуы болып табылады. Дюркгейм мен Тенниске қарағанда Зиммель, әлеуметтік қақтығыста да, күресте де бар, қақтығыс жалпы өзара іс-әрекеттің кез келген формасында кездеседі және оның әлеуметтік дамудағы рөлі көп жағдайда игілікті деп есептеуі. Зиммель тұжырымдамасының мазмұндық жағы оның методологиялық зерттеуімен тікелей байланысты. Қоғам тарихы - интеллектуалданудың (рационализацияның) үдей түсуі мен ақша шаруашылығы принциптері ықпалының тереңдеу тарихы. Ақша мен ақылдың әлеуметтік функциясы деп Зиммель капиталистік өркениеттің терең қайшылықтарына, мәдени нормалардың құлдырауына, тұлғаның бірегейлігі мен мәдени формалар арасындағы қақтығысқа алып келетіндердің барлығына объективтілікті жариялап отыру деп есептеді. Зиммель интеракционизмнің негізін салушы деп толық есептеуге болады, өйткені ол барлық әлеуметтік құбылыстардың мәнін байланыс пен өзара әсерден көрді. Оның көптеген идеялары еуропалық социологияда да, американдық социологияда да жалғасын тапты.Сөздің кең мағынасында алғанда, Зиммельдің бастапқы методологиялық позициясын релятивизм ретінде, ал оның көзқарастарының дәйекті дамуын - релятивизмнен өту талпынысы деуге болады. Қазіргі заманғы релятивизм, Зиммельдің айтуы бойынша, “жекелік пен субстанционалдықты өзара әрекетке ыдыратуға бейімділігі...”; әлеуметтік ойға қатысты айтатын болсақ, онда релятивизм үшін “индивид әлеуметтік байланыстар жалғасатын орын ғана, ал тұлға - оның орындалу тәсілі ғана болды”. Таным принциптеріне қатысты релятивизм “заттардың мәнін әрдайым білдіріп отыратын, сындарлы басты негіздер, тек қана дамушы таным көзқарасының мәні болып табылатын реттеуші заттарға өтеді”Әлеуметтік өмірді қарастыру Зиммель үшін пайымдаудың жинақтаушы белсенділігі болып табылады. Социология тарих сияқты ғылым бола тұрса да жаратылыстану мұратынан алыс. Кейде ол саналы түрде Зиммель арқылы көркем шығармашылықпен жақындастырылып және қалай дегенмен де көбінесе айқын көрінетін экстремизм нышандары байқалады. “Эстетикалық талқылау мен бейнелеудің мәні біз үшін дербес жағдайда - тип, кездейсоқ жағдайда - заң, сыртқы және өткінші жағдайда - заттардың мәні мен маңызы болып табылады. Зиммель социологиясының өзіндік белгілері оның тағдырын анықтады. Оның идеялары ешқашан да өзінің жемістілігін жоғалтқан емес, алайда олардың зор маңыздылығы барлық уақытта бірдей мойындалмады. Кейде идеялар автордың беделіне қатыссыз өмір сүрген жағдайлар да болып отырды. Әдетте, сәтті уақыттарда оған деген қызығушылық төмендеп отырды. Жақындап келе жатқан және тұтана бастаған дағдарыстар дәуірінде ол қайтадан өзекті болып отырды. ХХ ғасырдың соңында он жыл бойы Батыста “зиммельдік ренессанс” жалғасты. 1989 жылы Г. Зиммельдің шығармаларының толық жинағы, ал 1991 жылдан бастап - “Sіmmel - Newletter” журналы жарық көрді.

16.Отбасы әлеуметтік институт ретіндегі ерекшелігін, қызметтерін, түрлері мен типтерін сипаттаңыз.  Отбасы – әлеуметтік жүйе ретінде әлеуметтік институттың және кіші әлеуметтік топтың сипаттарын қамтиды. Отбасы әлеуметтік институт ретінде жұбайлар, ата-аналар, балалар және т.б. туыстар қарым-қатынастарын реттейтің әлеуметтік нормалардың, санкциялардың және мінез-құлық үлгілерін сипаттайды. Отбасы - қоғамды құрайтын негізгі элемент. Қоғам отбасылар жиынтығынан құрылады; мұнда отбасылық тіршілік ету сатысы саяси тіршілік ету сатысына ауысады. Отбасы, ру, ұлт, мемлекет - мұның бәрі дәйекті түрде адамзатқа ұмтылудағы қауымдастық кезеңдері болып табылады. Бірақ отбасы - қауымдастық емес, ол сезімдік, эмоционалдық байланыстылыққа негізделген “одақ” болып табылады. Отбасы – ортақ тұрғын үйімен, экономикалық кооперациямен, ұдайы өндірумен сипатталатын әлеуметтік топ. Отбасы социологиясы-отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттейтін социологиядағы бағыттардың бірі. Отбасы әлеуметтік институт ретінде жұбайлардың, ата аналардың, балаалр мен басқа туыстардың өзара қарым қатынастарын реттейтін әлеуметтік нормалардың, санкциялардың және мінез құлық үлгілері жиынтығымен сипатталады. Отбасы некеге немесе қандық туыстыққа негізделген шағын топ. Оның мүшелері тұрмыстың ортақтылығымен, өзара моральдық жауапкершілікпен және өзара көмекпен байланысады. Отбасының әлеуметтік функциялары, оның әлеум-к институт ретіндегі қоғамдық қажеттіліктер мен өмір сүру сипатын көрсетеді.Отбасының функциясы, яғни атқаратын қызметі әруақытта оның тіршілік ету тәсілінің көрінісі ретінде түсіндіріледі. Осы ретте қоғамның отбасына жасайтын қызметін, ал, отбасының тұлғаға, тұлғаның отбасына жасайтын қызметін бөліп қарауға болады.Отбасының атқаратын қызиеті қоғамның әлеуметтік-экономикалық іс-қызметімен тығыз байланысты. Сондықтан әрбір тарихи кезеңдерде отбасы функциясы, оның сатылы қызметі де өзгеріп отырады.Отбасы ұсақ (кіші) топ ретінде мынадай негізгі функцияларды іске асырады:

-репродуктивтік (бала табу арқылы қоғамды қалпына келтіру);

-экономикалық (өндіру және тұтыну);

-қорғаныс функциясы (отбасы мүшелерінің денсаулығына, материалдық игіліктермен қамтамасыз етуге, қауіп-қатерден қорғауға қамқорлық жасау);

-балаларды оқыту-тәрбиелеу;

-эмоциялық (ерлі – зайыптылардың бірін-бірі сүюі);

-әлеуметтендіру функциясы (балаларды қоғамдық тәртіпке, мінез-құлыққа т.б. баулу).

Отбасының құрылымдық типтері – ерлі-зайыптылық, тұрмыстық және ата –аналық сипаттарға сәйкес пайда болып қалыптасқан құбылыс. Сондықтан отбасы құрылымының оның мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынастар, рольдерді бөлісу мен ішкі билікті жүргізу анықтайды. Бұл тұрғыдан алғанда ең кең тараған түрі-нуклеарлық немесе ерлі-зайыптылық отбасы. Оның негізін ерлі-зайыптылар мен олардың балалары құрайды, яғни мұндай отбасында екі ұрпақтың өкілдері өмір сүреді. Туыстық жағынан алғанда бүгінгі таңдағы отбасының тағы да бір түрі-кеңейген немесе туыстық жағынан жақын отбасылар. Мұнда ерлі-зайыптылар өз балаларымен, ата –аналарымен, бауырларымен бірге тұрады, онда бірнеше ұрпақ өмір сүреді. Отбасындағы билікті бөлу, билікке, лидерлікке ие болу және ондағы міндеттерді бөлу сипатына қарай отбасының екі типі сақталған: 1)Дәстүрлі немесе авторитарлық отбасы. Мұндай отбасында кем дегенде үш ұрпақтың өкілдері тұрады, билікті, лидерлікті жасы үлкен ер адам өзінің қолына алады. Дәстүрлі отбасына мынадай сипаттар тән: 1) ер адам негізгі мәселелер бойынша шешім қабылдаушы боп саналады, оның қожайындығы басым; 2) әйелдің ер адамға экономикалық жағынан тәуелділігі; 3)отбасындағы міндеттерді бөліп, ер адамның және әйелдің міндеттерінің бекітілуі; Отбасындағы билікті және т.б. бөлуге орай қалыптасқан отбасының екінші түрі–эгалитарлық немесе демократиялық отбасы.Бұл отбасына: 1)үй шаруасына қатысты міндеттердің отбасы мүшелері арасында тең,әділ бөлінуі;2)ерлі-зайыптылардың тұрмыстық мәселе бойынша бірлесіп шешім қабылдануы;3)демалыстарды бірге өткізуі,бала тәрбиесіне бірдей қатысу тән. Отбасы топтарын патри немесе матрилокалдандыру принциптері негізінде фамилияны,мүлік-дүниені,әлеуметтік жағдайды әкесі немесе шешесі жағынан мұралану патрилиниялық немесе матрилиниялық отбасылар боп бөлінеді.