- •7.О.Конт әлеуметтанудың негізін салушы ретіндегі үлесін, еңбектерін, қарастырған мәселелерін талдаңыз
- •8. О.Конттың қоғам дамуының кезеңдерін сипаттаңыз.
- •12.М.Вебер әлеуметтік іс-әрекет теориясы талдаңыз
- •15. Г.Зиммельдің әлеуметтануға қосқан үлесі.
- •17.Экономикалық әлеуметтанудың пәні мен объектісі және атқаратын қызметтерін қарастырыңыз
- •25. Әлеуметтік зерттеу бағдарламасын, оның құрылымы мен функцияларын жан-жақты талдаңыз.
- •26. Әлеуметтанудағы сауалнама әдісі: ауызша және жазбаша. Сауалнаманың қолданылу аясын, артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастырыңыз
- •34."Әлеуметтік мобилділік" терминін ғылымға п.Сорокин енгізіп, бұл түсінікке анықтама берді. Осы терминге анықтама беріп, әлеуметтік мобилділіктің тұрлерін бөліп көрсетіп, сипаттаңыз
- •35.Ауытқушылық мінез-құлық -үш форманы қамтиды:девиантты, деликвентті және криминалды мінез-құлық. Осы ауытқушылық мінез-құлықтың әрбіреуін жан-жақты талдап, өзара салыстырыңыз
- •40.Қазіргі уақытта қоғамда орын алып отырған отбасылардың тұрақсыздығына қандай факторлар әсер ететіндігін нақты дәлелдемелер, статистикалық мәліметтер арқылы қарастрыңыз
- •42. Анкетада қолданылатын ашық және жабық сұрақты көрсететін 3 мысал келтіріп жазыңыз (ашық сұраққа -3, жабық сұраққа – 3 мысал келтір).
- •43. Социологиялық бағдарламаның негізгі бөлімдерін құрайтын 2 бағаналы кесте құрыңыз. 1-ші бағанада негізгі бөлімдері, 2-ші бағанада сол бөлімдер сипаттамасына талдау жасаңыз.
- •51.Тұлғаның әлеуметтенуіне әсер ететін агенттеріне мысал келтіре отырып, жеке-жеке талдау жасаңыз.
- •52.Субмәдениет түсінігі және түрлері. Қазастанда субмәдениетті алып жүрушілерді және олардың қоғамдық ортаға тигізетін кері әсерін қарастрыңыз
- •54.Эксперимент әдісінің қоғамда орын алып отырған белгілі-бір құбылысқа жүргізілуіне мысал келтіріп, талдау жасаңыз
- •55.Отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттеудің негізгі социологиялық аспектілерін талдаңыз
- •56.Мектепке дейінгі, орта білім, кәсіби техникалық және жоғарғы білім беру деңгейлеріне талдау жасаңыз
- •57.Тұлғаның әлеуметтену кезеңдерін атаңыз және әрқайсысына мысал келтіре отырып, сипаттама беріңіз
42. Анкетада қолданылатын ашық және жабық сұрақты көрсететін 3 мысал келтіріп жазыңыз (ашық сұраққа -3, жабық сұраққа – 3 мысал келтір).
Анкета ( enquete деген француз сөзінен шыққан - зерттеу) – өзіндік ерекшелігі бойынша респондентпен әңгімелесу сценарийі, бұл осы әңгіменің тікелей (интервью) немесе сырттай (анкета тарату) болуына байланыссыз болады.Анкетаның сұрақтары 2 негізгі топқа бөлінеді: 1. Ашық түрдегі сұраулар, мұның жауаптары анкетада жазылмайды, оны жауапкерлер өз қолымен жазып қайтарады; 2. Жабық сұрақтар, мұның жауаптары мен варианттары анкетада жазылып тұрады. Жауап беруші жауаптардың астын сызып немесе дөңгелекшеге алып қайтарады;
Жабық сұрақтар мысалы:Жалақыңызға қанағаттаныз ба?
А.Иә , маған атқарған жұмыссымнан артықта төлейтін сияқты
Ә. Иә, мен жұмысыма сәйкес жалақы аламын
Б. Жоқ ,маған көбірек төлеуі керек
В.мен жұмыс істемеймін
Қандай студия ,үйірмелерді білесіз немесе соңғы алты айда қайсына бардыңыз?
|
|
|
білемін |
Бардым |
Көбінесе баратыным |
1 |
феникс студиясы |
|
|
|
|
2 |
Би үйірмесі |
|
|
|
|
3 |
Гүл өсірушілер үйірмесі |
|
|
|
|
3.Әлеуметтік статусыңызды белгілеңіз.
А. Бизнесмен
Ә.үй шаруасымен айналысамын
Б. Студент
В.қызметкер
Ашық сұрақтар мысалы:
Cіз спорттың қандай түрімен айналысасыз? ________________
Cіз қандай әуенді тыңдағанды ұнатасыз?___________________
Біздің банк жұмысының қандай кемшіліктерін айтар едіңіз?____________________________
43. Социологиялық бағдарламаның негізгі бөлімдерін құрайтын 2 бағаналы кесте құрыңыз. 1-ші бағанада негізгі бөлімдері, 2-ші бағанада сол бөлімдер сипаттамасына талдау жасаңыз.
Бағдарлама - эмпирикалық әлеуметтану тұрғысынан зерттеудің негізгі құжаты.
негізгі бөлім |
Сипаттама |
1.Зерттеу тақырыбын, проблемасын, пәні мен объектісін тұжырымдау |
Кең мағынасында алғанда әлеуметтанулық зерттеудің объектісі қандай да бір әлеуметтік мәселені таратушысы. Объектіні өте дәл, анық түрде көрсету зерттеу пәнін де дұрыс анықтауға мүмкіндік береді.Зерттеу заты обьектінің зерттелуге ұсынылған белгілі бір жақтары. |
2. Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін қою. |
Әлеуметтанулық зерттеудің міндеттері оның мақсаты мен болжамдарына қатысты үрде қалыптасып,шартты түрде негізгі және қосымша болып екіге бөлінеді.Зерттеудің негізгі міндеттері негізгі емес сұрақтарға жауап іздеуді талап етеді. |
3.Негізгі ұғымдарды операциялық анықтау және эмпирикалық түсініктемелеу. Өлшем шамасын құру |
Жоғарыда атап кеткеніміздей, әрбір проблемалық жағдайдың екі белгілі және белгісіз жақтары бар. Егер зерттелетін жағдайдың барлық белгілі жақтары операциялық анықталған ұғымдар жүйесіне және көрсеткіштердің эмпирикалық түсініктемесіне, сондай-ақ олардың өлшем шамаларына орналастырылса, оның белгісіз жақтары зерттеу болжамдары түрінде белгіленеді |
4.Зерттеу болжамдарын ұсыну. |
Болжам қолдауға немесе теріске шығаруға болатын қандай да бір деректерді,құбылыстарды және процестерді түсіндіру үшін ұсынылағн ғылыми жоба.Әдетте әр бір әлеуметтанулық зерттеу эзерттегелі отырған мәселенің пайда болу себептері және сипаты туралы алдын ала тұжырымдалған болжамдардан тұрады.Бұл зерттеудің шапшаңырақ жүргізілуін қамтамасыз етіп,зерттеу обьектісін және әдісетрін дұрыс таңдауға мүмкіндік береді. |
5. Зерттеу жоспарлары. |
Әлеуметтану тұрғысынан зерттеу жоспары оның ұйымдастыру негізін білдіреді. Оларға мынадай уақыт мерзімі мен жұмыс кезеңдері жатады: зерттеу тақырыбының, проблемасының, болжамының анықталуы; тақырыптың мәніне, зерттеу объектісінің проблемасы мен табиғатына қатысты әдебиеттерді, әр түрлі ақпарат көздерін зерделеу; алғашқы бақылау, тәжірибелі сарапшылармен сұхбат жүргізу, алғашқы құжаттарды зерттеу негізіндегі зерттеу объектісінің алғашқы сипаттамасы; негізгі зерттеуді жүргізу; алғашқы зерттеу қорытындыларын өңдеу және есеп құру; |
6. Бақылау бірлігін таңдау әдісін анықтау. |
Зерттеудің обьектісін анықтау арқылы зерттеуге қатыстаын адамдардың жиынтығының сипаты мен саны туралы сұрақ шешіліп бітпейді.Зерттеудің обьектісі болып табылатын барлық адамдардан сұрау рационалды болмаған болар еді.Бұл зерттеудің ерзімін ұзартып сонымен қатар керекті хабарды тез алуды да қиындатып,үлкен қаражаттық шығынды талап етіп,зерттеуді өте күрделі етіп жіберер еді.Сондықтанда әлеуметтанулық зерттеулер көп жағдайда тұтас емес,іріктеліп таңдалған сипатқа ие болады. |
7. Алғашқы эмпирикалық мәліметтерді жинау және талдау әдістерін сипаттау. |
|
44. 2 бағанадан тұратын кесте сызыңыз, сол жақ бағанада берілген әлеуметтанулық зерттеу әдістерін жазыңыз: анкета, сұхбат, бақылау, фокус топ, эксперимент. Осы әдістердің сипаттамасын оң жақ бағанаға толтырыңыз.
Әдіс |
Сипаттамасы |
Анкета |
Сауалнама - бұл респондентпен әңгімелесудің өзінше бір сценарийі. Сондықтан, сауалнаманың бірінші бетінде респондентке қысқаша үңдеу орналасып, онда зерттеудің тақырыбы мен мақсаты, сұрақ қағазын толтыру бойынша нұсқау көрсетіледі Сұрақ қағазының соңында “шағын төлқұжат” орналасып, онда респондент (немесе сұхбат алушы) әлеуметтік-кәсіби өлшемдерді белгілейді. Сауалнама респондентке үндеумен басталады, алғыс айтумен аяқталады. |
Сұхбат |
сұхбат ең алдымен, жеке және телефондық болып бөлінеді. Жеке сұхбат, өз кезегінде, пәтердегі сұхбатқа (жеке дара түрінде респонденттің жұмыс қабинетінде алынған сұхбаттың әдістемесі мен техникасы жағынан олардан айырмашылығы болмайды) және көшеде алынған (дүкенде, өзге қоғамдық орындарда) сұхбатқа бөлінеді. Өткізілу технологиясы бойынша терең сұхбатты нарративтік (narratіve - әңгіме, хикая), жартылай құрылымдық және фокустық деп бөлуге болады. |
Бақылау |
Социологиялық бақылау өзінің әр түрінде зерттеушіге сандық, сол сияқты сапалық, кейде екеуінің бір жиынтығында ақпарат береді. Ақпарат жинау процестер мен құбылыстарды визуалды және есту арқылы қабылдауға негізделген. Бақылаудың ерекше белгісі оны әдетте басқа әдістермен бір жиынтықта пайдалану болып табылады Бақылаушының зерттеу объектісіне қатысты жағдайына орай бақылау енгізілмеген және енгізілген (қатысушы) болуы мүмкін. Енгізілмеген бақылау кезінде зерттеуші зерттелетін объектіден тыс тұрады. Ол оқиға барысына енгізілмейді және сұрақтар қоймайды. Енгізілген бақылауда зертттеуші бақыланушылармен тікелей байланыста болады, олардың іс-әрекетіне қатысады. Енгізілген бақылау өз кезегінде жасырын (жариялы емес, құпиялы) және ашық болып бөлінеді. |
Фокус-топ |
Барлық сапалы әдістемелер ішінен соңғы кездері ең көп таралғаны фокус-топтар болып табылады. Бұл - зерттелетін объект жөнінде ақпарат алу мақсатындағы топтық пікір алысулар. Фокус-топтар құрамы (6-дан 12-ке дейінгі әрбір адам) зерттелетін жиынтық ішіндегі пікірлер, көңіл-күй, қажеттіліктер, талғамдар айырмашылығын барынша көрсету үшін іріктеп алынады (фокус-топты іріктеп алу рекруттеу деп аталады). фокус-топты келесі типтерге бөлуге болады: - негізінен жаңа немесе зерттеушіге беймәлім оқиғалар мен құбылыстар жөнінде мәліметтер алуға бағдарланған; - негізінен қатынастарды, бағалауларды анықтауға бағдарланған; - қолда бар ақпаратты анықтауға арналған; - тауарлар мен жарнаманы тестілеуге келтірілген; |
Эксперимент |
Зерттеуде алға қойылатын болжамдарды тексерудің жеке әдісі әлеуметтік эксперимент жүргізу болып табылады (зерттеу объектісіне сүйену). Эксперименттік жағдай тудыру үшін екі (ең кемінде) - эксперименттік (белгіленген әсер ету факторына ықпал жасау үшін) және бақылау (ықпал ету жоқ) іріктеуінің болуы қажет. Әлеуметтік эксперимент үшін іріктеулерді қалыптастыруда - олар негізі әлеуметтік өлшемдер: жынысы, жасы, білімі, тұрғылықты жері бойынша (зерттеу мақсаты үшін) бір-бірімен теңдестірілуі қажет. Осы жағдайда ғана әлеуметтік реакциялардағы айқындалған айырмашылықтарды бақылау факторының ықпалына жатқыза аламыз |
45. О.Конттың ғылымға енгізген ұғымдарын таңдап алыңыз және сипаттама беріңіз: социология, әлеуметтік статика, әлеуметтік динамика, метафизика, позитивизм, стратификация.Конт әлеуметтануды әлеуметтік статика мен әлеуметтік динамикаға ажыратады. Әлеуметтік статика қоғамды олардың элементтерінің тұтастығы мен тепе-теңдігі жағдайы ретінде зерттейді және негізгі заңы ретінде әлеуметтік гармония заңың қолданады. Әлеуметтік статиканың міндеті – отбасы, адам, өмір шарттарын зерттеу. Әлеуметтік динамика қоғам дамуының жетекші күшін айқындайды. Конт мазмұндауында мұндай күштерге; экономикалық табиғи шарттар, климат, географиялық орта, сондай-ақ адам санасы, ойы, көз-қарастары жатады. Әлеуметтік статика, өмір сүру заңдарын қарастырса, әлеуметтік динамика қоғам өзгерісінің кезеңдерін мен заңдарын сипаттайды. Конт қоғам тарихын үш кезеңге бөлді: теологиялық, метафизикалық және позитивтік.Орта Деңгей Теориясы - ортақтық деңгейі бойынша теоретикалық және эмпирикалық зерттеулер арасында орналасқан және әлеуметтанудың белтілі бір бөліктері шекарасына олардың арасындағы өзара байланысын камтамасыз ететін әлеуметтану теориялары. Әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильділік теориясы бойынша қоғам, түрлі сипаттарына қарай қабаттарға бөлінеді. Бұл табиғи және әрбір қоғамда кездесетін құбылыс.
46. О.Конт қоғам дамуының 3 сатысын атап көрсетті: теологиялық, ...... Сатыларын жалғастырыңыз және әрқайсысына әлеуметтанулық талдау жасаңыз.
Конт жүйесінде позитивті ойлау орнын өзінің ашқан басты жаңалығы деп есептейтін атақты “үш саты” немесе “үш жағдай” заңымен байланысты түсінуге болады. Осы заңға сәйкес, жеке адам, қоғам және адамзат жалпы алғанда өзінің дамуында міндетті түрде және біртіндеп үш сатыдан өтеді.Теологиялық немесе жалған сатыда (адамзаттың пайда болуынан бастап біздің заманымыздың 1300 жылына дейін) адам санасы құбылыстардың бастапқы немесе соңғы себептерін табуға тырысады, ол “абсолюттік білімге ұмтылады”. Теологиялық ойлау, өз кезегінде, дамудың үш кезеңінен өтеді: фетишизм, политеизм, монотеизм. Бұл саты өз заманында қажетті болып есептелді, себебі ол адамның әлеуметтенуінің алдын ала дамуы мен ақыл-ойдың өсуін қамтамасыз етті.Бұл кезде білімнің дамымауына байланысты адам белгілі құбылысты діни көзқараспен түсіндіруге тырысты.Яғни Құдайдың,белгілі \бір күштердің әсерінен деген қорытындыға келді.Метафизикалық немесе абстрактілі сатыда (1300 - 1800) адам санасы құбылыстардың ішкі табиғатын, олардың бастамасын, қалыптасуының басты амалдарын ұғынуға тырысады. Бірақ теологиямен салыстырғанда метафизика тылсым күштер факторымен емес, мән-мағына немесе абстракциялар жолымен түсіндіреді. Бұл сатыда құбылыстарды “бақылаудың орнына дәлелдеуге ұмтылудың салдарынан” оның спекулятивті және дерексіз бөлігі өте жоғары болады. Метафизикалық ойлау, теология сияқты болмай қоймайтын кезеңді құрай отырып, өзінің табиғаты бойынша шиеленісті және жойқын болып табылады.Бұл кезде қоғамның ізденісіне байланысты адамдар абстрактілі ойдан алшақтай бастады.Ғылымға негізделе бастады.Позитивті не шынайы немесе ғылыми кезеңнің (1800 жылдан бастап) негізгі белгісі – мұнда қиялдың бақылауға тұрақты бағынатын заңы қолданылады. Бұл сатыда ақыл-ой түпкі себептер мен мәндердің ақылға қонымсыз анықтамаларынан бас тартып, оның орнына заңдарды қарапайым зерттеуге, яғни “бақыланатын құбылыстар арасындағы тұрақты қатынастарға” жүгінеді. Конт бүкіл болмыстың, соның ішінде адамзат болмысының бірлігі мен иерархиялық құрылымы жөніндегі ұғымға сүйенеді. Мұндай ұғым негізінде ол кеңінен таралған ғылымның өзі жасаған топтамасын құрады. Бұл топтамаға негізгі ғылымдар: математика, астрономия, физика, химия, биология және әлеуметтану кірді.Таза ғылыми ізденістерге негізделген кезең болып саналады.
47. Әлеуметтік топтар құрамы уақыт өте ауысып отырады. Адамдар топтан әртүрлі себептермен кетеді, яғни тұрғылықты мекен-жайын өзгертуіне, жасына байланысты, мамандығын ауыстыруына және т.б.; олардың орнына жаңа адамдар келіп отырады. Осы өзгерістерге қарамастан әлеуметтік топтар біртұтас жүйе ретінде жұмысын тоқтатпайды. Әлеуметтік топтардың мұндай тұрақтылығы қалай түсіндіріледі? Өз жауабыңызды дәлелдеңіз. «Әлеуметтік топ», «әлеуметтік қауымдастық», «әлеуметтік ұйым» ұғымдарына салыстырмалы талдау жасаңыз.Әлеуметтік топтар өзінің шамасы, саны бойынша шағын (екіден он бес адамға дейін) және үлкен болып бөлінеді. Шағын әлеуметтік топты ажырату белгілері: 1) құрам санының аздығы; 2) мүшелерінің кеңістіктегі жақындығы; 3) өмір сүру ұзақтығы; 4) топтық құндылықтардың, нормалардың және мінез-құлық үлгілерінің ортақтығы; 5) топқа кірудің еріктілігі; 6) адамның мінез-құлқын бақылаудың бейресмилігі болып табылады.Егер де бізді топ мүшелерінің тұлғааралық қарым-қатынастарының тереңдік дәрежесі қызықтыратын болса, онда топтарды ресми және бейресми топтарға бөлеміз. Олардың алғашқысы - мынадай негізгі ерекшеліктері болатын ресми ұйымдардың түрлері:
-ол оңтайлы, яғни оның негізінде орынды, белгілі мақсатқа қарай саналы түрде қозғалу принциптері жатыр;
- ол принципті түрде тұлғасыз, яғни жасалған бағдарлама бойынша араларында жетілген қарым-қатынастар орнайтын абстрактілі жеке адамдарға арналып есептелген
Бейресми топқа келер болсақ, оның мүшелерінің бір-біріне тұлғалық, эмоциональдық алдын ала дұрыс көру қатынасының нәтижесі ретінде құрылады; спонтанды (өзінше еркін), оны құрайтын жеке адамдардың бастамасы бойынша жасақталады. Шағын топтардың қызметінде ұйымдардың барлық белгілері айқын көрініс табатын болғандықтан, бейресми топтар да ресмиден ж..тыс (ресми топтардың шеңберінде қалыптасатын) және әлеуметтік-психологиялық (кез келген жерде пайда болатын) болып бөлінуі мүмкін.Типологияның маңызды түрі шағын топтарды бастауыш және екінші деп бөлу болып табылады. Мұндай бөлудің салыстырмалы екендігін әуел бастан ескерте кеткен жөн. Бастауыш топ -мүшелерінің өзара байланысуларының жоғары (кейде неғұрлым жоғары) жиілігімен және тығыздығымен ерекшеленетін шағын топ. Бастауыш топ көбінесе басқа шағын топтың құрамдас бөлігі болып табылады, бұл жағдайда ол алғашқы топқа қатысты алғанда екінші топ болады. Егер де біз мысал ретінде студенттік (академиялық) топты қарастырар болсақ, онда ол бірнеше топтарды біріктіретін курсқа (лекке) қатысты алғанда бастауыш топ болады.Отбасы ғана емес, өзіміз құрамына кіретін басқа көптеген бастауыш және екінші топтар да біздің өмірбаянымызда маңызды әлеуметтендіруші рөл атқарады: құрбы-құрдастар топтары, дос-жарандар, әуесқойлар үйірмелері, спорт командалары - біз дәл осылар арқылы замандастарымыз бен отандастарымыздың кең қауымдастығында қалыптасқан дәстүрлердің, нормалардың және құндылықтардың барлығын игереміз. Жеке адам үшін өзі жататын бастауыш топ өте маңызды референттік топтардың бірі болып табылады. Бұл терминмен құндылықтар мен нормалар жүйесі жеке адам үшін өзіндік эталон болатын (шынайы немесе қиялдағы) топты белгілейдіӘлеуметтік қауымдастық - салыстырмалы тұтастығымен ерекшеленетін және әлеуметтік іс-әрекеттің дербес субъектісі болып табылатын өмірде бар, эмпирикалық белгіленетін жеке адамдардың жиынтығы.Әлеуметтік топ ұғымының социологияда бірнеше мәні бар. Барынша кең мағынасында ол тұтас қоғамды, тіпті барлық адамзатты қамтиды. Неғұрлым тар мағынасында бұл ұғым қоғамның ішінде белгілі бір жеке бастық, ұжымдық және қоғамдық мүдделер мен мақсаттарды жүзеге асыру үшін бірлесіп қызмет атқаратын адамдардың азды-көпті жиынтығы болып табылатын ішкі жүйені бөлу қажет болған кезде пайдаланылады. Бұл орайда “әлеуметтік топ” ұғымына адамдардың аса көп санды бірлестігі ретіндегі әлеуметтік қауымдастық және адамдардың сан жағынан салыстырғанда шағын жиынтығы ретіндегі әлеуметтік топтың өзі де кіреді (ал әлеуметтік топтардың өздері де үлкен және кіші болуы мүмкін).Әлеуметтік институттар әлеуметтік ұйымдармен тығыз байланысты. Н.Смелзер ұйымды қысқаша былай анықтайды: бұл “белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу үшін жасақталған үлкен топ. Формула қысқа әрі нұсқа, бірақ түпкілікті емес. Себебі “ұйым” деген сөздің өзінің әр түрлі мағынасы болады.Қоғамда белгілі бір орын алатын және азды-көпті айқын белгіленген функцияларды орындауға арналған институттану сипатындағы жасанды бірлестікті ұйым деп атауға болады. Бұл мағынасында ұйым белгілі мәртебесі бар әлеуметтік институт болып табылады және автономдық объект ретінде қарастырылады. Мұндай мәнінде “ұйым” деген сөзбен,
48. Ф.Энгельс бойынша «Бұл отбасының түрі ер адамның билігіне негізделгендіктен балаларының ата-тегі күмән туғызбайды, ал бұл дегеніміз алдағы уақытта балалар мұрагер ретінде әкесінің мүлкін иеленуі тиіс» деген тұжырымдама айтқан болатын. Аталып отырған отбасының түрін сипаттаңыз? Қазіргі қоғамға қандай отбасының түрі сай және неліктен? Өз жауабыңызға дәлелдер келтіріңіз.Билік формасына қарай отбасы патриархалды (күйеуі отбасының басшысы), матриархапды (әйелі басшы). Менің ойымша аталып отырған отбасының түрі-патриархалды. Патриархат(гр. pater – әке, archo – басқару, билеу) – алғашқы қауымдық қатынастардың ең көп тараған формасы. Патриархат тұсында қоғамда, шаруашылықта, үйде, ер адамдардың рөлі үстем болды; алғашқы қауымдық кұрылыс кезінде матриархат формациясының құлдырауынан кейінгі оны ауыстырған формация.Патриархалдық отбасы - ең жақын туыстардың бірнеше ұрпағынан тұратын,бірлесе шаруашылық жүргізетін, ер адам отағасы ретінде абсолюттік билікке ие болатын отбасы.Қазіргі қоғамда патриархалды отбасы басым дегенімізбен,Бұқаралық ақпарат құралдарында отбасылық өмірді жақсы, ұнамды жағынан көрсету азайып барады. «Отбасы» сөзінің «тұрмыстық зорлық-зомбылық», «көзге шөп салу», «баласын тастап кету» сияқты ұғымдармен байланыстырылатын кезі көп-ақ. Содан да, жастарда теріс түсінік пайда болып, қорқыңқырап қалған сияқ- ты.Көңілге қонатыны, Қазақстанда отбасылық құндылықтарды дәріптеп, қалпына келтіруге күш салу жөніндегі әңгіме жоғары мінберлерден күн құрғатпай дерлік көтеріліп жүр. Депутаттар тарапынан бір кездегі «бойдақтар салығын» қайта жаңғырту, 21 жастан бастап отбасын құруды насихаттау жөнінде ұсыныстар білдірілді. Тарих бетіне көз жүгіртсек, неке институтын жоққа шығаруға талпынған қадамдар бірнеше рет орын алған. Кеңестер одағының «күн көсемі» Лениннің өзі бастапқыда еркін, ашық қарым-қатынасты жақтап, кейін «отбасы – мемлекет негізі» деген қағиданы енгізді емес пе? Онысы тегін емес. Қай елде болмасын, мемлекет негізін қалайтын, сенімді, тұрақты күш отбасы болып табылады. Ал, жоғарыда келтіргендей, жай ғана бірге тұратын, анда-санда жолығатын некелердің барлығының орнын, түптеп келгенде, дәстүрлі отбасы түрі басатын болады. Отбасылық қарым-қатынас ұғымы мәнін өзгертіп, деградацияға ұшырай бастаған Америка мен Еуропа елдерінің одан ұтып отырмағаны әмбеге аян. Бір жыныстық неке, жынысын өзгерту, бірнеше мәрте ажырасу – батыстық идеологияның қол жеткізген «жеңісі» және жемісі! Жағдайдың ушыққаны соншалық, Англия мектептерінде гей-балаларға арнап бөлек әжетханалар ашыла бастаған. Оны қойып, 13 жасар Эльфи Паттен қаршадайынан әке атанғаннан кейін британдық оқу орындары жыныстық қатынасты балаларға 5 жастан бастап түсіндіру жөнінде шешім қабылдаған. Ал, керек болса! Сонда, біздің қит етсе үлгі тұтып, аузымызды ашып жүргеніміз кімдер?! Қысқасы, неке және отбасы институтын нық қалыптастыруға маңыз беретін уақыт әлдеқашан жетті. Бүгін қимылдамасақ, ертең кеш
49. Ауытқымалы мінез-құлықтың үш түрін атауға болады: девиантты, деликвентті және криминалды мінез-құлық. Ауытқымалы мінез-құлықтың әр түрін жеке-жеке сипттаңыз және өзара салыстырыңыз. Олардың әрқайсысы қандай әлеуметтік бақылауды қажет етеді. Өз жауабыңызға нақты дәлелдемелер беріңіз.Ауытқымалы мінез-құлықтың үш түрін атауға болады: девиантты, деликвентті және криминалды мінез-құлық.Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп те атайды.Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады.Делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар:
1.Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді.
Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық.Наша сату және тарату.Бұл алғашқы екеуінде бақылауды негізінен әлеуметтік институттар жүргізеді.
Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.Девиацияның негативті формалары әлеуметтік патология болып табылады: алкоголизм, токсикомания, нашақорлық, жезөкшелік, суицид, заң бұзушылық және қылмыскерлік. Олар жалпы қоғамға, айналадағы адамдарға және ең бірінші өздеріне үлкен зиян келтіреді.Девиацияны зерттеуші көптеген ғалымдар девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын түрліше түсіндіреді. Біріншілері оларды екі үлкен топқа ішкі және сыртқы факторлар деп бөлсе, екіншілері оларды бөлмей:
жанұяда берекенің болмауы;
ата-ананың «ерекше» қамқарлығы;
тәрбие берудегі кемшіліктер;
өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;
өмірлік дағдының болмауы, айналысындағы адамдармен, құрбыларымен жарасымды қатынасқа түсе алмауы;
сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім қабылдай алмау, сынаушылық ойды дамыта алмау;
психоактивті заттарды жиі пайдалануы;
агрессиялық жарнаманың ықпалды болуы;
мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің нашар дамуы;
балалар мен жасөспірімдердің бос уақытының проблемалары.Бұған бақылауды мемлекеттік құқық қорғау органдары жүргізеді.
50. Қазіргі қоғамдағы жастар арасындағы девиантты мінез-құлықтың көбею салдарына әлеуметтану ғылымы тұрғысынан талдау жасаңыз.Мінез-құлық проблемасы-психология-педагогигалық проблемалардың өзекті прблемалардың бірі. Деструктивті процестер,әртүрлі қоғамдық сфераларды қозғағанда, өздерінің арасында тек қана үлкендердің емес сондай-ақ жасөспірімдердің арасындағы қылмыстарға әкеп соғуда. Статистика көрсеткіші бойынша 50% заңбұзушылық жасөспірімдер мен ересектердің арасында. Девианттік мінез-құлық әлеуметтік шамадан тыс екендігін көрсетеді кейінгі кезде ондай мінез социологтардың, педагогтардың, психологтакрдың, медицина қызметкерлері мен заңқорғаушы органдардың назарының ортасында.Жасөспірімдер мен жеткіншектердің ортасында шылым шегу, нашақорлыққа салыну, ішімдікке салыну еліміздегі өзгерістердің болуының себептері салдарынан. Француз социологі Эмиль Дюркгейм қоғамдық ортаның жағдайын бейнелегенде, индевидтердің қылықтарында нақты қадағалаудың болмауы, тек моральдік вакумның, бұрынғы шамалар, құндылықтар жаңа қатынастарға сәикеспейтіндігін айтады.Осы сипаттаман Қазақстанға да толықтай жатқызуға болады. Ата-аналар, педагогтар, психологтар, медицина және полиция қызметкерлері жас жеткініншектермен жұмыс істейтін адамдар жастардың өз істеріне жауапты және денсаулықтары жақсы дамып ер жетуін қалайды.Бірақ, көптеген жастар балалық шақтан ересектер өміріне сәтті өту үшін қажетті айналаның кері әсерінің және тәжірбиенің жоқтығынан зиян әдеттер мен жағдайлардың құрбаны болады. Жасөспірімдер моделінің теріс мінезі жиі басқа мәселелерге әкеп соғады, олар мынадай, мектептегі үлгерімнің төмен болуы, өтірік айту, ұрлық жасау, вандализм, наркомания, алкогольге әдестену. Соңғы уақыттарды бұл тізімге Интернет жүйесі - тәуелділік, әуес ойындар, тіркелмеген топтар мен секталарға тәуелді бөлу сияқты жаман қасиеттер қосылуда. Кейін болған істі жөндеудің қйын екендігін одан көрі профилактика өткізудің әлде қайда жеңіл екендігіне көпшіліктің келісетіні мәлім.Өкінішімізге қарай біздің қоғамымыза әлі күнге дейін жастар арасында девиантты мінез-құлыққа байланысты прафилактиканың жеткіліксіз екендігі байқалады.Бар айтылған әлеуметтік проблемалар (нашақорлық, ішімдікке салыну, қияли дөрекі мінездер т.б) осылардың неліктен болатындығын ойлауға мәжбүр етеді.
