Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ӘЛЕУМЕТТАНУ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
163.48 Кб
Скачать

«Жалпы және қолданбалы әлеуметтану» пәнi бойынша емтихан сұрақтары

(2 кредит)

1. Әлеуметтануды ғылым ретінде айқындаңыз, әлеуметтану объектісі және пәнін сипаттаңыз

2. Әлеуметтанулық теориялар құрылымы мен теориялық және эмпирикалық деңгейін анықтаңыз

3. Әлеуметтанудың атқаратын қызметтерін көрсетіңіз

4. Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байланысы мен ерекшелігін ажыратып негіздеңіз

5. «Әлеуметтік құрылым» түсінігіне анықтама беріңіз. Әлеуметтік құрылымның элементтерін атаңыз

6. Қоғамды әлеуметтік жүйе ретіндегі «әлеуметтік қауымдастық», «әлеуметтік ұйым», «әлеуметтік институт». категорияларына талдау жасаңыз

7. О.Конт әлеуметтанудың негізін салушы ретінде негізгі идеяларын қарастырыңыз

8. О.Конттың қоғам дамуының кезеңдерін жіктеңіз

9. Г.Спенсердің әлеуметтануға қосқан үлесі мен негізгі ойларын қарастырыңыз

10. Э.Дюркгеймнің әлеуметтанулық көзқарасын және негізгі еңбектерін сипаттаңыз

11. М.Вебердің түсіндірмелі әлеуметтануын негіздеңіз

12. М.Вебер әлеуметтік іс-әрекет теориясын түсіндіріңіз

13. Қазақстандағы әлеуметтану ғылымының даму бағыты және кезеңдерін көрсетіңіз

14. Ресейдегі әлеуметтану ғылымының даму кезеңдері мен бағыттарын анықтаңыз

15. Г.Зиммельдің әлеуметтануға қосқан үлесі қарастырыңыз

16. Отбасы әлеуметтік институт ретінде айқындаңыз

17. Экономикалық әлеуметтанудың пәні мен объектісі және атқаратын қызметтерін негіздеңіз

18. Девиантты мінез-құлық әлеуметтануының зерттеу объектісі мен пәнін анықтаңыз

19. Тұлға әлеуметтануының қалыптасуын және тұлғаның әлеуметтенуі мен кезеңдерін сипаттаңыз

20. Білім беру орындары әлеуметтік институт ретінде пайымдаңыз

21. Мәдениет әлеуметтік институт ретіндегі негізгі қызметтерін пайымдаңыз

22. Діннің қоғамдағы рөлі мен оның қоғамда алатын орны, қызметтерін бейнелеңіз

23. Экономикалық әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәнін қарастырыңыз және "Экономикалық адам" түсінігін айқындаңыз

24. Саяси әлеуметтанудың объектісі, пәні, қызметі мен құрылымын негіздеңіз

25. Әлеуметтік зерттеу бағдарламасы мен оның құрылымы мен функцияларын бейнелеңіз

26. Әлеуметтанудағы сауалнама әдісінің ерекшеліктері мен артықшылықтарына мысал келтіре отырып талдаңыз

27. Анкеталық әдістің негізгі маңыздылығын, артықшылығын, кемшілігін, қолдану салаларын сипаттаңыз. Анкета құру техникасын көрсетіңіз

28. Бақылау әдісі, оның кезеңдері, негізгі сипаттамасы, түрлерін айқындаңыз

29. Іріктеу жиынтығының мәнін, жасалауын, квоталық және кездейсоқ іріктеу ді мысал келтіре отырып жіктеңіз

30. Эксперимент әдісінің жүргізілу аясын және қолдану жолдарын қарастырыңыз

31. Ауытқушылық мінез-құлықты гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының зерттеу пәні ретінде дәлел келтіре отырып сипаттаңыз. «Девиантты» және «деликвентті» мінез-құлық түсініктеріне анықтама беріңіз

32. Ч. Ломброзо және У. Шелдон концепцияларының девиантты мінез-құлық әлеуметтануының дамуына қосқан үлесін бағалаңыз.

33. Жанжалдың негізгі қыметтерін анықтаңыз және сипаттаңыз. Жанжалды реттеу әдістерін құрастырыңыз және оның әлеуметтік салдарына болжам жасаңыз

34. Бұрын болған әлеуметтік рөлдер мен қазір пайда болған жаңа әлеуметтік рөлдер тізімін келтіріңіз. Салыстармалы талдау жасаңыз. Жаңа әлеуметтік рөлдердің пайда болуына әсер еткен факторларды талдаңыз

35. Орта таптың басқа таптардан өмір бейнесі, құндылықты бағыттары, білімі, жұмыспен қамтылуы және т.б. белгілері бойынша әлеуметтік айырмашылықтарын сыни сипаттаңыз. Қазақстандағы орта таптың толығу каналдарын көрсетіңіз. Өз жауаптарыныңызды дәлелдеңіз

36. «Аномия» түсінігіне толық анықтама беріңіз. Аномия қоғамға неліктен қауіпті екендігін түсіндіріңіз. Бұл құбылыс Қазақстанда байқалды ма және осы ситуациялардың салдарын анықтаңыз

37. Қазақстандағы әлеуметтанулық ойдың қалыптасуына Абай мен Шәкірім мұралары қалай ықпал етті, нақты дәлелдемелермен сипаттаңыз.

38. Қазіргі кезде пайда болып отырған отбасының жаңа түрлері және оның қоғамдық дамуға, жалпы қоғамдық ортаға әсерін талдаңыз

39. Отбасы ұғымының құндылығына жан-жақты талдау жасаңыз.

40. Қазіргі уақытта қоғамда орын алып отырған отбасылардың тұрақсыздығына қандай факторлар әсер ететіндігін қарастырыңыз. Өз пікіріңізді нақты дәлелдемелер, статистикалық мәліметтермен дәлелдеңіз

41. Сауалнама әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттайтын 2 бағанды кесте арқылы құрыңыз.

42. Анкетада қолданылатын ашық және жабық сұрақты көрсететін 3 мысал келтіріп жазыңыз (ашық сұраққа -3, жабық сұраққа – 3 мысал келтір).

43. Социологиялық бағдарламаның негізгі бөлімдерін құрайтын 2 бағаналы кесте құрыңыз. 1-ші бағанада негізгі бөлімдері, 2-ші бағанада сол бөлімдер сипаттамасына талдау жасаңыз.

44. 2 бағанадан тұратын кесте сызыңыз, сол жақ бағанада берілген әлеуметтанулық зерттеу әдістерін жазыңыз: анкета, сұхбат, бақылау, фокус топ, эксперимент. Осы әдістердің сипаттамасын оң жақ бағанаға толтырыңыз.

45. Қоғамда әлеуметтік теңдік және теңсіздік мәселелері талдануы керек па? Өз пайымыңызды талдаңыз және Қазақстандағы әлеуметтік теңдік және теңсіздікке мысал келтіріңіз.

46. Қазақстанға жаһанданудың «жақсы» және «теріс» әсерін аргументтер арқылы сипаттаңыз. Қазақстандағы жаһандану процесі неден көрінетінін сипаттаңыз

47. Әлеуметтік топтар құрамы уақыт өте ауысып отырады. Адамдар топтан әртүрлі себептермен кетеді, яғни тұрғылықты мекен-жайын өзгертуіне, жасына байланысты, мамандығын ауыстыруына және т.б.; олардың орнына жаңа адамдар келіп отырады. Осы өзгерістерге қарамастан әлеуметтік топтар біртұтас жүйе ретінде жұмысын тоқтатпайды. Әлеуметтік топтардың мұндай тұрақтылығы қалай түсіндіріледі? Өз жауабыңызды дәлелдеңіз. «Әлеуметтік топ», «әлеуметтік қауымдастық», «әлеуметтік ұйым» ұғымдарына салыстырмалы талдау жасаңыз.

48. Ф.Энгельс бойынша «Бұл отбасының түрі ер адамның билігіне негізделгендіктен балаларының ата-тегі күмән туғызбайды, ал бұл дегеніміз алдағы уақытта балалар мұрагер ретінде әкесінің мүлкін иеленуі тиіс» деген тұжырымдама айтқан болатын. Аталып отырған отбасының түрін сипаттаңыз? Қазіргі қоғамға қандай отбасының түрі сай және неліктен? Өз жауабыңызға дәлелдер келтіріңіз.

49. Ауытқымалы мінез-құлықтың үш түрін атауға болады: девиантты, деликвентті және криминалды мінез-құлық. Ауытқымалы мінез-құлықтың әр түрін жеке-жеке сипаттаңыз және өзара салыстырыңыз. Олардың әрқайсысы қандай әлеуметтік бақылауды қажет етеді. Өз жауабыңызға нақты дәлелдемелер беріңіз.

50. Қазіргі қоғамдағы жастар арасындағы девиантты мінез-құлықтың көбейу салдарына әлеуметтану ғылымы тұрғысынан сипаттаңыз.

51. Тұлғаның әлеуметтенуіне әсер ететін агенттеріне мысал келтіре отырып, жеке-жеке талдау жасаңыз.

52. Субмәдениеттің қалыптасуын тудыратын себептерді көрсетіңіз. Адамның қандай да бір субмәдениетке жататынын көрсететін белгілерді атаңыз. Контрмәдениет басым түсетін қоғамның әлеуметтік топтарды мысалға келтіріңіз. Өз жауабыңызды дәлелдермен тұжырымдаңыз

53. Әлемнің әртүрлі елдерінде байқалатын ұлтаралық менсінбеушілік пен этникааралық жанжалдардың негізгі себептерін факторлармен түсіндіріңіз. Ситуацияны талдай отырып, осы себептердің алдын алатын әдістерді айқындаңыз

54. Қазақстандағы діни деңгейдің қазіргі жағдайына талдама беріңіз және дінге деген қызығушылықтың арту себебін анықтаңыз. Терроризм қаупі бойынша болжам жасаңыз. Ішкі және сыртқы факторларды талдаңыз

55. Сұхбаттың негізгі артықшылықтары мен кемшіліктерін екі баған бойынша фактілер арқылы көрсетіңіз. Сұхбаттың түрлерін, өткізу формасын және негізгі талаптарды сипаттаңыз

56. Бір мамандар адамдардың кедей болуы өздеріне байланысты дейді, яғни адамдар ештеңе істемейді, биікке көтерілу үшін қарқынды жұмыс істегісі келмейді, жағдайын жасауға ұмтылмайды. Басқа мамандар, кедейшілік – бұл экономикалық дағдарыс, соғыс, төтенше қауіпті жағдайлар, ірі қоғамдық трансформациялар, сонымен қатар, физикалық әлсіздік, мүгедектік, еңбекке жарамсыздық кезеңдерінде адамдардың еркінен және тілегінен тыс болатын жағдай деп ойлайды. Осы көзқарастардың қайсысы әділетті. Сіз өз көзқарасыңызды факторлар арқылы дәлелдеңіз

57. Сіздің айналаңыздағы адамдардың тұрмыстағы мінез-құлқын сипаттаңыз және девиантты болып саналатын әрекеттерді көрсетіңіз. Өз жауабыңызды дәлелдеңіз

58. Адамдардың экономикадағы әрекетін әлеуметтану тұрғысынан түсіндіру «Экономикалық адам үлгісінің» түсіндірмелі мүмкіндіктерін есепке ала отырып құрылады. Оны бейнелеудің төмендегідей төрт алғышартын бөлуге болады: адам тәуелсіз, адам өзімшіл, адам ұтымды, адам хабардар. Алғышарттарына жеке-жеке талдау жасаңыз және «Әлеуметтік адам» үлгісімен салыстырмалы сипаттама беріңіз.

59. Марксистік және марксистік емес бағытты ұстанған әлеуметтанушыларды қақтығыссыз қоғам бола ма деген сұрақ қатты толғандырды. Қақтығыс күнделікті өмірдің ажырамас бір бөлігі, яғни қоғамдық өмірдің қозғаушы күші болып табылады. Осы тұрғыда, қақтығыс қандай көрініске ие болып отыр: дисфункция, аномалия, әртүрлі әлеуметтік өзгерістерді туындататын әлеуметтік өмірдің маңызды қажеттілігі. Нақты дәлелдемемен сипаттама беріңіз.

60. Экономика қоғамның әлеуметтік дамуының негізі деген тезисті дәлелдеңіз. Осы мақсатта нақты бір елдегі белгілі-бір уақыт аралығындағы экономикалық даму мен әлеуметтік прогрестің арақатынасын талдауға көмектесетін статистикалық көрсеткіштерді мысалға ала отырып, дәлелдеңіз.

1. Әлеуметтану ғылым ретінде. Әлеуметтанудың объектісі және пәнін, қарастыратын мәселелерін сипаттаңыз. Әлеуметтану ғылыми білімнің дара саласы  ретінде  біршама кеш  қалыптасты.  Оның негізін 19 ғасырдың екінші  жартысында  Огюст Конт пен Герберт Спенсер  қалады.   «Әлеуметтану»  түсінігі алғаш рет  француз философы әрі социологы О.Контпен қолданылды. “Әлеуметтану” термині екі сөзден құралған: латынның socіetas - қоғам және гректің logos - сөз, түсінік, ілім деген сөздерінен. Демек, этимологиялық тұрғыдан алғанда әлеуметтану “қоғам туралы ғылым” немесе “қоғам туралы ілім” дегенді білдіреді.Әлеуметтану деген терминді ғылыми танымға өткен ғасырдың 30 жылдары фр. ғалымы О.Конт енгізді.Оның көзқарасы бойынша қоғамға қатысты барлық мәселелер әлеуметтанумен тікелей байланысты. Социологияның екі жүз жылдық тарихы өз бастамасын О.Конт пен Э.Дюркгеймнен, Т.Парсонс пен Р.Мертоннан, Г.Гарфинкель мен И.Гофманнан алатын ғылымның тындырылған теориялық және әдістемелік жетістіктерінің таңғаларлық байлығын паш етуге мүмкіндік береді.Соц.ғ.ХІХ аяғы ХХ басында бөлініп шықты.Басқа қоғамдық ғылымдар жүйесінде әлеуметтану ғылымы ерекше орынға ие:Әлеуметтану қоғам  туралы,оның процестері мен құбылыстары туралы ғылым.Әлеуметтану басқа қоғамдық ғылымдар үшін теориялық және әдіснамалық  роль атқаратын қоғам туралы жалпы әлеуметтанулық теорины қамтиды.Әлеуметтану ғылымының негізгі обьектісі-қоғам,яғни қоғамда болып жатқан барлық байланыстар мен қарым-қатынастардың жиынтығы.Алматы бойынша 50 шақты қоғамдық ұйым бар.Бұл ғылымның ерекшелігін түсіндіру үшін қоғам деген ұғымды бөліп алып қарастыру жеткіліксіз.Өйткені қоғам көптеген ғылымдардың обьектісі б.т. Әлеуметтану ғылымының міндеті–жүйелерді топтастыру,типтестіру әрбір топтастырылған обьектідегі байланыстармен қатынастарды заңдылықтар деңгейінде зерттеу.Қоғам адамдардың өзара әрекетінің өнімі ретінде саналы, күрделі құбылыс және барлық қоғамдық ғылымдар үшін ортақ зерттеу объектісі болып табылады. Алайда осы ғылымдардың әрқайсысының өзіндік ерекшеленген зерделеу объектісі бар. Сондықтан көптеген қоғамдық ғылымдардың объектісі тұтас қоғам емес, оның қандай да бір жағы немесе көрінісі. Бірқатар ғылымдар - мәдениеттану, әлеуметтік психология, педагогика және басқалар - қоғамның рухани өмірін,рухани құндылықтарды өндіру және бөлу, адамдардың рухани сұраныстарын қанағаттандыру жолдарын, нысандары мен әдістерін зерделеуге арналған.Әлеуметтанудың пәні болып әлеуметтік жүйелердегі болып жатқан іс-әрекеттердің жүзеге асуы және әлеуметік шынайылық б.т.Кез келген ғылымның пәні объективті дүниенің жай ғана бір құбылысы немесе процесі емес, оның зерделенетін объектісінің дамуы мен қызмет етуінің басқа ғылым емес, тек қана осы ғылым үшін ерекшеленген белгілі бір заңдылықтарын бөліп қарауға мүмкіндік беретін теориялық абстрактілеу нәтижесі болып табылады. Ғылымның пәні тұрақты бола алмайды және таным процесінің өзі сияқты үнемі қозғалыс, даму, қалыптасу үстінде болады. Ғылымның пәндік саласының қозғалысы екі шешуші факторға: бір жағынан ғылыми білімнің прогресіне, екінші жағынан қоғамның өзгермелі сұранысына, әлеуметтік сұранымға тәуелді Әлеуметтанудың пәндік саласы аталған факторлардың ықпалымен қалыптасқандықтан және қалыптасып жатқандықтан, әлеуметтану өз пәнін анықтауда өзгеріске ұшырамай тұра алмайды .  

2.Әлеуметтанулық теориялар құрылымы. Теориялық және эмпирикалық деңгей.Социологиялық білім тұжырымдаудың түрлі деңгейдегі теорияларын қамтиды. Ең алдымен тұтас қоғам өмірін сипаттауға және түсіндіруге тырысатын жалпы социологиялық теорияларды бөліп қараған жөн. Социологияда өзара бәсекелес болатын көптеген жалпы теориялар бар. Бұл - К.Маркстің қоғамдық формациялар теориясы, М.Вебердің әлеуметтік іс-әрекет теориясы, Т.Парсонстың құрылымдық-функционалдық теориясы, Дж.Александердің және басқа социология классиктерінің “көп өлшемді” теориялары. Бұдан әрі арнайы социологиялық теорияларды немесе орта деңгей теорияларын бөліп қараған жөн.Олар өзінің жалпы түрінде байланыстардың екі негізгі түрін: тұтас қоғамдық жүйе мен қоғамдық өмірдің осы саласы арасындағы, сондай-ақ қоғамдық өмірге тән ішкі өзара байланыстарды ашып көрсетеді.Демек, олардың жалпы социологиялық теориямен салыстырғандағы қолданылу аясы неғұрлым тар, олардың пәндік саласы салыстырмалы дербес құрамдас бөліктермен және тұтас қоғамдық процестермен шектелген.Білімнің деңгейіне қарай әлеуметтану теориялық және эмпирикалық болып бөлінеді. Ғылыми танымдағы теориялық пен эмпирикалық арақатынастың проблемасы екі аспектіні: функционалдық және генетикалық аспектіні қамтиды. Функционалдық аспекті ғылымның дамыған теориялық аппараты мен оның эмпирикалық базисінің арақатынасына қатысты. Мәселені мұндай қырынан алып қарау теорияның аппараты мен бақылаулардың және эксперименттердің мәліметтері арасындағы байланыстырушы буындарды табуды, теориялық ережелерді эмпирикалық тексеру әдістерін анықтауды көздейді, ол ғылыми білімнің теориялық деңгейі қалыптасқан және мәселе оның эмпирикалық деңгеймен арақатынасын негіздеу туралы болған жағдайда ғана мүмкін болады. Бұл ретте теорияның эмпиркамен “кері байланысы” ғылымның өзінің теориялық аппаратының одан әрі жетілуі мен дамуының маңызды қозғаушы күшіне айналады. Ғылымдағы теориялық және эмпирикалық білімнің арақатынасы проблемасының генетикалық қыры теориялық аппаратты, оның ішінде ғылыми теорияны қалыптастыруға, ғылымның эмпирикалық сатысынан оның теориялық сатысына көшуіне қатысты.Теориялық әлеуметтану-қазіргі қоғамдағы маңызды  мәселелерге ғылыми тұрғыдан жауап беріп,қоғамның әлеуметік жақтарынан жақсару жолдары мен әдістерін көрсетеді.Теориялық білім - теориялық білімнің әлеуметтанушылық теориялары, болжамдары, типологиялары және т.б. нысандары. Эмпирикалық білім - эмпирикалық білімнің статистикалық мәліметтері, фактілері, жіктелуі және басқа да нысандары. Алатын білімнің деңгейіне қарай эмпирикалық зерттеу шешетін есебінің сипаты бойынша қолданбалы болуы мүмкін. Бұл теориялық зерттеулерге қатысты. Сөйтіп қолданбалы зерттеулер ерекше деңгей жасамайды. Бұл эмпирикалық және теориялық зерттеулердің өзі, бірақ қолданбалы бағытта болады. Қолданбалы әлеуметтану –қоғам өмірінің жеке салаларында болып жатқан өзгерістерді бақылай отырып,тәжірибеге негізделген жаңа деректердің көбеюіне жағдай жасайды.

3.Әлеуметтанудың атқаратын қызметтерін сипаттаңыз.Әлеуметтанудың қоғам өмірімен тығыз, жан-жақты байланысы, қатынасы оның атқаратын қызметінің айқын көрінеді.Әлеуметтану да басқа ғылымдар сияқты, ең алдымен таным функциясын атқарады. Әлеуметтану қандай да бір деңгейде болмасын, ол әр уақытта жаңа білімнің, көкжиегін кеңейтіп, оның деңгеймен дәрежесін өсіріп отырады, қоғамның әлеуметтік даму заңдылықтарын болашағын ашып береді. Әрине, бұл бағытта іргелі және қолданбалы эмпирикалық зерттеу теориялары, тұжырымдамалары оған барынша қызмет етеді.Әлеуметтанудың атқаратын қызметінің бір ерекшелігі, мұнда тұжырым мен іс әруақытта бірлікте болады.Осыдан барып әлеуметтік теория мен тұжырымдамалар көбіне тәжірибелік мәселелерді шешуге бағытталады. Бұл тұрғыдан қарағанда әлеуметтанудың тәжірибелік қызметі алдыңғы қатарға шығып, атқарылатын қызметтің басқа жаңа түрлері белгіленеді. Нақтылы әлеуметтік құбылыстар мен үдерістердің үстінен әлеуметтік бақылауды күшейтуде жаңа ақпараттардың маңызы зор. Ол болмаса әлеуметтік қысым, әлеуметтік дағдарыс және катаклизмдер көбейіп кетуі мүмкін. Көптеген елдерде атқарушы мекемелер мен билік өкілдері, саяси партиялар және алуан түрлі бірліктер өздерінің мақсатты саясаттарын жүргізуде әлеуметтанудың барлық мүмкіншіліктерін пайдаланып отырады. Бұл тұрғыдан алғанда әлеуметтану әлеуметтік бақылау функциясын атқарады.Әлеуметтанудың тәжірибелік бағыты – оның әлеуметтік құбылыстар мен процесттердің болашақ дамуының бағытын анықтауында. Бұл жерде біз әлеумметтанудың болжайтын қызметін байқаймыз. Еліміздің жаңа, нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты болуы мүмкін кері қүбылыстар мен апаттардың болашаққа болжам жасап отыру арқылы ғана алдын алуға болады. Мысалы, мынандай мәселелерді болжап шешуде оның маңызы зор, атап айтқанда, жаңа нарықтық қатынастардың еңбекші бұқара халыққа беретін мүмкіншілігін ауқымы қандай? Әлеуметтік құбылыс пен процесстердің дамуындағы оның баламалы түрлері қандай? Баламалы құбылыс пен процесттердің оң және теріс жақтарының тиімділік және тиімсіздік арасалмағы мен арақатынастары қандай? т.б.Әлеуметтану қоғамның қай саласында болмасын (экономика, саяси, рухани т.б.), әлеуметтік даму жоспарын жасау қызметін атқарады. Ал, аймақтық, аудандық, тіпті еңбек ұжымдарының әлеуметтік жоспарларын жасағанда, ол нақтылы әлеуметтік зерттеуден алынған жаңа деректерді, фактілерді, кеңес-ұсыныстарды, т.б. кеңінен пайдаланады.Әлеуметтік қоғамда идеологиялық функцияны да атқарады. Нақты әлеуметтік зерттеуден алынған нәтижелер қоғамдағы белгілі бір жік немесе топтардың талап-тілегіне, мұң-мұқтажын шешуге, сөйтіп, олардың белгілі бір әлеуметтік мақсатқа жеткізу, сендіру үшін пайдаланылады. Әлеуметтану адамдардың арасындағы қарым-қатынастарды, байланыстарды одан әрі жетілдіріп, олардың саны-сезімдерін, мінез-құлықтарын, тәртібін жақсартады. Сөйтіп ол қоғамдық қатынастарды жетілдіріп, гуманистік (адамгершілік) функцияны да атқарады.

4. Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байланысын қарастырыңыз.Әлеуметтік философия дегеніміз философияның қоғамның сапалық өзіндік ерекшеліктерін және оның табиғаттан өзгешеліктерін ұғынуға арналған бөлімі. Ол қоғамның өмір сүруінің мәні мен мақсатының, оның дамуының, тағдыры мен перспективаларының, бағыттылығының, қозғаушы күштерінің және оның дамуының проблемаларын талдайды. Әлеуметтік-философиялық ой-толғанымдардың пәндік саласы қоғам өмірін зерттеу, ең алдымен олардың бел ортасында өмірдің маңызды проблемалары тұратын дүниетанымдық мәселелерді шешу тұрғысынан зерттеу болып табылады. Әлеуметтану және тарих. Тарих - ежелгі қоғамдық ғылымдардың бірі. Тарих қоғамды хронологиялық жүйемен нақты зерттейді. Ол бұрынғы өткен әлеуметтік оқиғаларды зерделеуге бағытталған, әр түрлі дәуірлер туралы олардың оқиғаларын қадағалай және оларды кеңістіктік-уақыттық тұтастық ретінде сипаттай отырып, мәліметтер жинайды. Осылайша ол әр түрлі әлеуметтік құбылыстар мен қоғамның даму кезеңдері туралы нақты материал жинақтайды. Бір айырмашылығы, ғылым ретінде әлеуметтанудағы ең басты нәрсе - өткен және осы шақтағы әлеуметтік тәжірибені жалпыландыру, берілген әлеуметтік құбылыстардың, оқиғалардың, процестердің қайталанатындарын,тұрпаттыларын, мән-мағыналық заңдылықтарын бөліп қарау.Сонымен әлеуметтану тарихқа қарағанда неғұрлым жоғары абстракциялық деңгейдегі ғылым болып табылады. Іс жүзінде әлеуметтану тарих (сондай-ақ басқа ғылым да) беретін мәліметтерді пайдаланады, әлеуметтік құбылыстардың жеке түрлерінің ортақ қасиеттерін атап өтеді және олардың типологиялық бейнесін береді. Әлеуметтану және саясаттану.Әлеуметтану  мен саясаттану арасында өзара тығыз байланыс бар. Олар: -әлеуметтік қауымдастықтар, әлеуметтік ұйымдар мен институттар саясаттың маңызды субъектілері және объектілері болып табылады; -саяси қызмет жеке тұлғаның және олардың қауымдастығының өмірлік қызметінің қоғамдағы өзгерістерге тікелей ықпал ететін негізгі нысандарының бірі болып табылады; -саясат өте кең ауқымды, күрделі және көп қырлы құбылыс ретінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында көрініс табады және көбіне қоғамның жалпы дамуын айқындайды. Әлеуметтану және психология. Егер әлеуметтану өзінің пәні ретінде тұтас қоғамды зерттеуге және оның неғұрлым жалпыға ортақ заңдарын ашуға тырысатын болса, психология психикалық құбылыстарды, яғни мінез-құлықтың белгілі бір түрі тудыратын ішкі субъективті күйзелісті зерделейді. Психологияның пәні болып табылатындар - адамның мінез-құлқының ішкі қырлары, оның субъективті күйзелістері. Әлеуметтану және экономика ғылымы. Экономика ғылымы өз күш-жігерін материалдық өндірісті, адамдардың экономикалық қызметін зерттеуге шоғырландырады, олардағы өзгерістер әлеуметтік процестерге әсерін тигізеді. Сондықтан әлеуметтану экономикалық теорияға сүйенбей, онымен өзара әрекетке бармай тұра алмайды. Екінші жағынан алғанда, өмір көрсетіп отырғанындай, экономикалық процестердің өзі өндірісте, бөлуде, алмасуда және тұтынуда әлеуметтік шарттар мен факторлардың және оларды пайдаланудың ықпалына барған сайын тәуелді бола түседі

5.«Әлеуметтік құрылым» түсінігі. Әлеуметтік құрылымның элементтерін ашып көрсетіңіз.Әлеуметтік құрылым социология ғылымының тарихында өте маңызды мәселелердің бірі.Әлеуметтік құрылым туралы социологияда әртүрлі концепциялар аз емес. Оларды топтастырғанда 2 бағытты ажыратуға болады. Социоло.гтардың бір тобы әлеуметтік құрылымды, олардың элементтерін, процестерін нақты өмірде бар деп түсінсе, ал екінші бағыт өкілдері таптарды, әлеуметтік топтарды, жалпы әлеуметтік құрылымды, тек қана сананың, адамдардың ойының нәтижесі деп түсінеді. 1-ші бағыт : құрылымдық функционализм, ал екінші бағыт- символдық интеракционизм деп аталады. Біз осы 1-ші концепцияны, яғни құрылымдық функционализмді қолдаймыз. Әлеуметтік құрылым біртұтас әлеуметтік организм ретінде қарастырылады. Осы организмнің өзі оны құратын элементтерден тұрады. Ал ол элементтер өзара қарым-қатынаста, байланыста болуы негізінде ол құрылымды жасайды. Әлеуметтік құрылым-қоғамның ішкі құрамы,оның элементтерінің жиынтығы мен олардың арасындағы сан алуан байланыстар.Әлеуметтік құрылымның басты элементтеріне :

1.өзара тығыз байланыста,қарым-қатынаста болатын индивидтер немесе адамдар;

2.қоғам мүшелерінің бірігуі,топтасуы негізінде пайда болып дамып отыратын әлеуметік қауымдастықтар.

3.сол қоғамда қалыптасқан белгілі бір функцияларды атқаратын әлеуметтік институттар жатады.

Әлеуметтік құрылым басты элементтері: индивидтер,әлеуметтік институттар ,әлеуметтік қауымдастықтар және топтар.Әлем қауымдастығы әлеуметтік құрылымның үш түрін біледі:

1. Орта таптың күшті топтары ұстап тұрған демократиялық нарықтық қоғам. Онда әлеуметтік топтардың бөлінісі орталық бөлігі дамыған (орта топтар), жоғары тап (бай элита) пен кедейлер тобы полюстері онша үлкен емес ромбты елестетеді.

2. Нашар дамыған, бірақ нарықтық экономикаға аяқ тіреген әлеуметтік құрылым үлгісі. Эйфель мұнарасын еске түсіретін пирамида түрінде (кедей топтар орналасқан кең ауқымды үлкен табан).

3. Бұрынғы социалистік елдердің қабатталу моделі табаны аса үлкен үшбұрышты еске түсіреді, оның көп ауданын “еңбекшілер” қабаты, ал төбесін - “билік адамдары” алып жатыр. Орта тап іс жүзінде жоқ.

6.Қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде категориялық талдау жасаңыз: «әлеуметтік қауымдастық», «әлеуметтік ұйым», «әлеуметтік институт».Қоғам-адамдардың өзара әрекеті мен бірлестігінің барлық тәсілдері мен формаларының жиынтығы.Қоғамның  жүйе ретіндегі негізгі элементтері –әлеуметтік институттар, әлеум.қауымдастықтар, әлеум.ұйымдар,әлеум.тап, топтар, қабаттар,адамзат индивиді.Әлеуметтік қауымдастық-белгілі бір ортақ белгілері бар,яғни мүдделері құндылық бағдарламалары,атқаратын қызметі,іс-әрекеттері ұқсас адамдар тобы. Әлеуметтік қауымдастықтарды зерделегенде бірқатар сәттерді ескерген жөн:Біріншіден, әлеуметтік қауымдастықтар ғалымдар жіктеп бөлетін ойша құрылған абстракциялар емес. Олардың өмір сүруін эмпирикалық тіркеуге және тексеруге болады.Екіншіден, әлеуметтік қауымдастықтар - жеке адамдардың, әлеуметтік топтардың немесе өзге де әлеуметтік құралымдардың жиыны емес, тұтас жүйелік сипаттамалары бар тұтастық.Үшіншіден, әлеуметтік қауымдастықтар әлеуметтік қарым-қатынастар объектілері болып табылады.Әлеуметтік институт (лат. құрылым) – қоғамның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандырып, қоғамдық құндылықтар мен процедураларды біріктіретін байланыстар мен әлеуметтік нормалардың ұйымдасқан жүйесі.Ағылшын социологы Г.Спенсер ғылымға алғашқы болып «әлеуметтік институт» терминін енгізді.Әлеуметтік институттардың көмегімен адамдар арасындағы қарым-қатынастар белгілі бір тәртіп пен стандарттарға келтіріліп, олардың мінез-құлықтары мен іс-әрекеттері реттеліп отырады. Соның нәтижесінде тұтас қоғам өмірі дұрыс ұйымдастырылып, оның тұрақтылығы қамтамасыз етіледі Әлеуметтік институттар индивидтің, топтардың, тұтас қоғамның сұраныстарын, қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады. Яғни, институттар - әрдайым дамып отыратын жүйе. Әлеуметтік институттар әлеуметтік ұйымдармен тығыз байланысты. Әлеум.ұйым-белгілі бір ниеттер мен мақсаттарды орындау үшін құрылған және ережелердің ресми құрылымын биліктік қатынастармен,еңбек бөлінісімен шектеулі қабылдауымен сипатталатын ұжым түрі.Әлеуметтік ұйымның бірқатар өзіне тән белгілері бар :

1. Мақсатқа қол жеткізу жолында ұйымның мүшелері рөлдері мен мәртебелері бойынша бөлінуге мәжбүр болады. Демек, әлеуметтік ұйым оған кіретін мүшелерінің әлеуметтік позициялары мен атқаратын рөлдерінің күрделі өзара байланысқан жүйесін білдіреді.

2. Әлеуметтік ұйымдар тұтас бір әлеуметтік жүйені білдіреді. Ал тұтас жүйе өзбөліктерінен үлкен болады. Сондықтан ұйымның әр түрлі элементтерін біріктіру базасында ерекше ұйымдық немесе синергетикалық әсер жасалады.

7.О.Конт әлеуметтанудың негізін салушы ретіндегі үлесін, еңбектерін, қарастырған мәселелерін талдаңыз

Огюст Конт (1798 - 1857) - француз философы, әлеуметтанушысы, ғылым әдіснамашысы, әлеуметтанудың ғылым ретінде негізін салушы, философиядағы позитивтік мектепті құрушылардың бірі. Ол алғаш рет «Әлеуметтік» сөзін 1839 жылы «Позитивті философия курсының» 47 дәрісінде қолданады.Огюст Конт философиясы құбылыстардың мәніне тереңдеу емес, олардың арасындағы байланыстарға көңіл бөлген. Конт концепциясында білімдердің методологиялық бірлігін, яғни физиканың, астрономияның әдістерін қоғамдық өмір құбылыстарына пайдалану керектігін басты міндет деп санайды. Білімнің жалғыз бастауы – тәжірибе.Ол «метафизикалық» (философиялық) мәселелерді ғылымға бейімдеуге болмайды, өйткені ғылым өзіне сүйеніп дамиды. Ғылым өзіңе философия. Тек ғылым ғана пайдалы білім береді. Философия адамның дүниетанымдық белсенділігінің көрінісі. “Позитивті философия курсында” Конт ғылымдардың классификациясын ұсынады. Соған байланысты барлық ғылымдардың орналасу реттерін келтірген: математика, астрономия, физика, химия, биология, социология, этика және т.б.Социология терминін алғашқы қолданған О. Конт. Ол адамзаттың интелекттуалды дамуының “үш сатысы” туралы заңын өзінің ғылымға қосқан жаңалығы деп есептеген. Осы заң бойынша адамзаттың ақыл-ойының кемелденуі үш сатыдан өтеді. Бірінші, теологиялық сатыда адам барлық құбылыстарды құдайлар, жындар арқылы түсіндіреді. Екінші, метофизикалық сатыда қоршаған ортаны ойдан шығарылған абстрактілік мәндер арқылы түсіндіреді, ал үшінші, позитивті сатыда құбылыстардың табиғатын зерттеу тәжірибеге сүйенген ғылыми таным арқылы жүргізіледі.

8. О.Конттың қоғам дамуының кезеңдерін сипаттаңыз.

Конт жүйесінде позитивті ойлау орнын өзінің ашқан басты жаңалығы деп есептейтін атақты “үш саты” немесе “үш жағдай” заңымен байланысты түсінуге болады. Осы заңға сәйкес, жеке адам, қоғам және адамзат жалпы алғанда өзінің дамуында міндетті түрде және біртіндеп үш сатыдан өтеді.Теологиялық немесе жалған сатыда (адамзаттың пайда болуынан бастап біздің заманымыздың 1300 жылына дейін) адам санасы құбылыстардың бастапқы немесе соңғы себептерін табуға тырысады, ол “абсолюттік білімге ұмтылады”. Теологиялық ойлау, өз кезегінде, дамудың үш кезеңінен өтеді: фетшизм, политеизм, монотеизм. Бұл саты өз заманында қажетті болып есептелді, себебі ол адамның әлеуметтенуінің алдын ала дамуы мен ақыл-ойдың өсуін қамтамасыз етті.Метафизикалық немесе абстрактілі сатыда (1300 - 1800) адам санасы құбылыстардың ішкі табиғатын, олардың бастамасын, қалыптасуының басты амалдарын ұғынуға тырысады. Бірақ теологиямен салыстырғанда метафизика тылсым күштер факторымен емес, мән-мағына немесе абстракциялар жолымен түсіндіреді. Бұл сатыда құбылыстарды “бақылаудың орнына дәлелдеуге ұмтылудың салдарынан” оның спекулятивті және дерексіз бөлігі өте жоғары болады. Метафизикалық ойлау, теология сияқты болмай қоймайтын кезеңді құрай отырып, өзінің табиғаты бойынша шиеленісті және жойқын болып табылады.Позитивті не шынайы немесе ғылыми кезеңнің (1800 жылдан бастап) негізгі белгісі – мұнда қиялдың бақылауға тұрақты бағынатын заңы қолданылады. Бұл сатыда ақыл-ой түпкі себептер мен мәндердің ақылға қонымсыз анықтамаларынан бас тартып, оның орнына заңдарды қарапайым зерттеуге, яғни “бақыланатын құбылыстар арасындағы тұрақты қатынастарға” жүгінеді. Конт бүкіл болмыстың, соның ішінде адамзат болмысының бірлігі мен иерархиялық құрылымы жөніндегі ұғымға сүйенеді. Мұндай ұғым негізінде ол кеңінен таралған ғылымның өзі жасаған топтамасын құрады. Бұл топтамаға негізгі ғылымдар: математика, астрономия, физика, химия, биология және әлеуметтану кірді.

9. Г.Спенсердің әлеуметтануға қосқан үлесін сипаттаңызСпенсер  Герберт -- ағылшын философы және әлеуметтанушы, позитивизмнің негізін салушылардың бірі.Спенсердің басты еңбегі – «Синтетикалық философия» жүйесінің он томы, ол теориялық жаратылыстану мен қоғамдық ғылымдарды ортақ эволюциялық идеямен біріктіре отырып, мыналарды қосты: «Негізгі бастамалар» (1862, болмыстың алғашқы принциптері жайында), «Биологияның негіздемелері» (1876-1896). Сонымен қатар, басқа да маңызды социологиялық еңбектері «Әлеуметтік статистика» (1850) және «Социология зерттеу пәні ретінде» (1873).Спенсерді позивитизмнің негізін қалаушылардың бірі деп есептейді. Оның өмірі мен шығармашылық уақыты социологияның жеке ғылыми пән ретінде қалыптасу уақытымен  сәйкес келеді. Ол тек социологияның ғана емес, антропологияның дамуына үлес қосып, классикалық әлеуметтік ілімнің органикалық және эволюциялық мектептерінің негізін салушы.Спенсер дүниедегі құбылыстарды білгенімізбен олардың мәнін танып, жете алмаймыз деді. Оның дәлелдеуінше кез келген ғылым ұғым қарама-қайшылыққа толы, сондықтан да түсініксіз. Ғылым жеке тұлғаның тәжірибесіне немесе жалған негізге сүйенгендіктен құбылыстардың ішкі мәніне бойлай алмайды деп білді. Объективті дүниені танып-білуге болмайды деген ұйғарым діни көзқараспен сабақтасып жатуынан, Спенсер дің ғылым мен дінді ұштастыратыны көрінеді. Спенсер дің ілімінде агностицизм объективті идеализм элементтерімен ұштасып жатады. Спенсер дің эволюц тұжырымдамасы оның әлеум. көзқарасымен қоғамның органик. теориясы деп аталатын іліміне негіз болды. Спенсер социалдық құрылымға қарсы болып, төңкерісшілдікті қоғамдық организмнің індеті деп білдіГ.Спенсер “әлеуметтік институт” терминін алғаш ұсынған адам. Кез келген мекеме (әлеуметтік институт) әлеуметтік әрекеттердің орнықты құрылымы ретінде қалыптасады. Ол институттар қоғам өмірін реттеу мен жайластыру және адамдардың мінез-құлқына ықпал ету ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өткен. Ол әлеуметтік институттардың алты түрін сипаттап, талдаған: өнеркәсіптік, кәсіподақтық, саяси, әдет-ғұрыптық, шіркеулік, үйішілік. Спенсер қоғамның өсуін әлеуметтік дамудың негізгі факторларының біріне жатқызады, әлеуметтік эволюцияның себебі де, салдары да содан туындайды. Спенсердің ойынша, әлеуметтік организм үш негізгі органдар (институттар) жүйесіне бөлінеді: реттеуші (басқарушы), өндірістік (қолдаушы) және реттеп-таратушы (қатынас жолдары, көлік, сауда, т.б.). Түптеп келгенде, оның ойынша, бүкіл әлеуметтік бақылауды үрей мен қорқыныш билейді. Спенсердің өз әлеуметтануынан шығарған саяси доктринасының мәні мынада: әлеуметтік жоспарлау, әлеуметтік ауқаттылықты орталықтандыру және қоғамдық процестерге мемлекеттің араласуы индустриалдық қоғамда жеке бостандыққа кепілдік беретін әлеуметтік эволюция мен прогреске кедергі келтіреді.

10. Э.Дюркгеймнің әлеуметтанулық көзқарасын, негізгі еңбектерін, қарастырған мәселелерін айқындаңыз.Француз әлеуметтанушысыЭмиль Дюркгейм (158-1917) әлеуметтану ғылымын дамытуға елеулі үлес қосты. Ол көптеген ғылыми еңбектер жазды,солардың арқасында оның негізгі туындыларына « Қоғамдық еңбек бөлінісі туралы», « Өзіне -өзі қол салу», «Әлеуметтанулық әдістің ережелері», «Діни өмірдің қарапайым формалары» жатады. Э.Дюркгейм қоғамдық өмірде болатын құбылыстарды индивидуалдық және психологиялық тұрғыдан түсіндіруге қарсы шықты.Бұл көзқарастар бойынша адамның мінез-құлқы мен жалпы тарихи процесті саналы түрде ұғыну, психологиялық факторлар , яғни адамдардың әуестігі, талаптануы және мүдделері негізгі рөл атқарады.Ол өзінің әлеуметтік реализм теориясында қоғамдық құбылыстардың табиғатын әлеуметтік факторлармен түсіндіру керек деп пайымдайды, индивидтердің, әлеуметік топтардың және әлеуметтік институттардың өзара әрекет ету жүйесі ретінде қоғам адамдардың мінез-құлқына, олардың сан салалы қызметіне талдау жасаудың түп-төркіні, бастауы болады деп санады.Мұнда әлеуметтік орта үлкен рөл атқарады.Дюркгеймнің әлеуметтік реализм көзқарасының негізгі ережелері осылар.Дюркгейм «социологизмнің» басты принципі мен ерекшелігі –оның әлеуметтікті әлеуметтікпен түсіндіруінде еді.Бұның мәні-құндылықтар мен идеялардың әлеуметтік нормаларда жүзеге асуы мен әлеуметтік реттеушіліктің түтқасына айналуында. Э.Дюркгейм әлеуметтанудың ғылыми әдістерін дайындауды қолдаушылардың бірі болды. Мұндай әдіс кезінде байыптылық, яғни қоғамдық өмірдегі құбылыстарды түсіндіруде қатаң логикалық әдіс сақталу керек, дейді ол. Өзіне деңгейлердің негізін алғанда қоғам дамуы туралы ойша, дерексіз теориялар жасауға көп көңіл бөлінгенін және олардың әлеуметтік факторларды зерттейтін ғылыми әдіс әзірлеумен аз айналысқанын айта келіп, әлеуметтанудың әдісін дайындауды қолға алады.Оның пікірінше әлеуметтану – әлеуметтік факторлар туралы ғылым.Бұл дегеніміз- адамдардың ұжымдық санасы қалыптастырған саяси , құқық, мораль, діни және басқа да идеялар, нормалар мен құндылықтар және жекелеген индивидтерді осы идеялар, нормалар мен құндылықтарға сәйкес қалыптастыруға мәжбүр етушілік.Дюркгеймнің ойынша социология құрылымы үш негізгі саладан тұруы тиіс: морфология, социология және жалпы социология. Әлеуметтік морфология, анатомия тектес, қоғам қалай құрылған, оның құрылымы көріністерінің материалдық формалары: әлеуметтік ұйымдар, халықтың құрамы, оның тығыздығы, алып жатқан аумағы бойынша орналасуы т.б. қандай деген мәселелерді зерттеумен айналысуы тиіс. Әлеуметтік физиология қоғам тіршілігінің әр тектес салаларын зерттеп, бірнеше дербес социологиялық теорияларға бөлінеді: дін социологиясы, мораль социологиясы, құқық социологиясы, экономикалық социология және т.б. Ал соңғысы, жалпы социология алғашқы екі бөлімнің жетістіктері мен тұжырымдарын синтездейді және біршама ортақ әлеуметтік заңдарды орнықтырады.

11.М.Вебер әлеуметтануы: идеалды тип теориясын, дін әлеуметтануға қосқан үлесін мазмұндаңызМ. Вебер өзінің әлеуметтану зерттеулерінде түсіну, ұғыну әдістеріне көп көңіл аударуына байланысты, оның әлеуметтану теориясы «түсіну, ұғыну теориясы» деп аталады. Осыған орай ол нақтылы өмірге сәйкес методолгиялық, логикалық жалпы ұғымдарды қалыптастырады. Бұл оның «идеалды типтері» әдісінде жақсы көрінеді. М. Вебердің пікірінше, идеалды тип (яғни, адалдықтың үлгісі шығармашылық қиял, елес жемісі). Ол зерттелетің маңызды құбылыстарды адамның ой – пікірі мен идеализациясы (яғни, асыра дәріптеушілік, шындыққа теориялық бейнелеу – А. И.) негізінде жасалады.Идеалды тип дегеніміз, ол объективтік эмпирикалық (яғни, тәжірибелік) шындықты бейнелеу емес, бұл зерттеуші ғалымның ойлануының, ой – пікірінің жемісінің теориялық құрылымы (яғни, идеясы). Идеалды тип зерттеушілірінің нақты материалды жүйелеп реттеудің бейне – кестесі. Идеалды типтік  құрылымдар – бұл қажетті құбылыстар мен процестердің жалпы түйінді ұғымдары. Мысалы, «капитализм», «экономикалық адам», «дін», «христиандық», т.б.М. Вебер әлеуметтік стратификация (жіктелу) теориясының негізін салды. Веберлік әлеуметтік стратификацияның өлшемі бойынша жалғыз ғана экономикалық факторлар, яғни меншік формасына ғана емес, сонымен бірге оған саяси (өкімет) және статус, престиж (қадір, бедел, мәртебе), өлшемдері қолданылады. Осыған сәйкес әлеуметтік стратификация (жіктелу) теориясы көп өлшемді болуы мүмкін деп тұжырымдайды.Идеалды типте сол немесе басқа құбылыстың «мәдени мағнасы»шоғырланады, және зерттеуші, сонымен одан қарастырылатын объектінің алыс және жақындығы анықталатын, критерийге қолы жетеді. Солай, М. Вебер үстемдіктің «таза» үш типін бөліп көрсетті.Біріншісі үстемдік етушілердің және бағынушыларың рационалды мүдделерімен себептелген, екіншісі – типтің негізінде дәстүрлер жатар, үшіншісі билікті сезімдік тұрғыдан қабылдауға негізделген. Осыған сай, үстемдіктің рационалды типіне құқықтық мемлекет сәйкес келеді, онда ең бастысы-заң; үстемдіктің дәстүрлі типі дәстүрлердің мызғымайтындығына негізделген (патриархалдық қоғам); үшінші тип – харизматикалық («харизма»-сый), онда үстемдік етушілер бағынушыларды өздеріне иландыруға және толық бақылауға ұмтылады. Мысалы ретінде М.Вебер дүниежүзілік діндердің негізін қалаушылардың есімдерін (Будда, Иисус, Мұхаммед), ұлы қолбасшыларды (Македонский, Цехарь, Напалон), көрнекті саяхатшыларды.Осындай социология пәнінің жалпы тұжырымдамасына сәйкес М.Вебер дінді зерттеуге социологиялық ыңғайдың спецификасын қалыптастырады. М.Вебер тұрғысынан социолог, теолог пен философқа қарағанда діннің шығу көзі жайлы мәселеге араласпау керек және діннің қандай да бір метафизикалық "мәнін” орнатпай оның өмір сүру жағдайын орнатып немесе проблеманы сену объектісінің шынайылығы, құдай болмысы, т.б. жөніндегі сұрақтарды шешумен алмастыру керек. Басқаша айтқанда, дін социолог үшін тек адамдардың әлеуметтік жүріс-тұрысы дәледенуінің ерекше түрі ретінде ғана қызық болады. Сонымен, М.Вебердің ойынша социология діннің шынайылығы және жалғандығы, оның шығу көздері жайындағы мәселесін қозғамай, көзқарастардың діни идеялармен ынталандырушы әсерін зерттеумен, олардың қоғамдық өмірге әсерін анықтаумен шектелуі керек. Бұл ХІХ ғасырдың соңында ұсынылған маңызды ережелер, бұрын көбіне дінді атеистік дүниетанымдық үгіт шеңберінде сынау үшін эмпирикалық материал жасаумен айналысуға үйреніп қалған қазіргі заманғы социологтар үшін айрықша өзекті болып отыр.Дін социологиясының пәніне мұндай баға беру діннің әлеуметтік қызметін Вебер бойынша түсіндіруге негізделеді. М.Вебер дінді өзінде мәдени жүйенің белгілерін сәйкестендіретін әлеуметтік-мәдени институт ретінде қарастырды, яғни білім саласын, символдары және индивид пен қоғамның құндылықтарын анықтайды және онымен бірге ол өзінше әлеуметтік институт ретінде қызмет атқарады.М.Вебер дінді құндылықтардың бастапқы негізі ретінде көрсетеді және осындай тұрғыда ол әлеуметтік әрекетке мән берудің ең маңызды амалдардың бірі болып табылады, оның мағынасы мен мақсаттарын анықтайды. Дәл осыдан діни нұсқаулардың негізінде адам өмірінде болып жатқан оқиғалардың бәрі өз тарапынан өмірлік маңызды немесе маңызды емес болып жіктелінеді. Дүниеге діни түсіндірме беру ондағы бағыт ұстану және жүріс-тұрысты реттеу құралы болып табылады. Дін дүниенің белгілі бір бейнесін суреттейді және сонымен қатар құндылықтар мен нормалардың жүйесін ұсынады және соларға сәйкес бір әрекеттерге тиым салынады, екіншілерге рұқсат етеді. Сонысымен ол адамның жүріс-тұрысының моралдық нормаларын құрады.Вебердің дін социологиясының тағы бір маңызды бөлігі -  "шіркеу мен секта” арақатынасын қарастыруға келіп тірейтін, діни ұйымдар түрлерін зерттеу.