- •2.Табиғи ресурстар. Кәсіпорынның ұйымдық құқықтық нысандары.
- •3.Заңды тұлға. Шаруашылық серіктестіктер. Акционерлік қоғам.
- •4.Негізгі капитал. Негізгі қорлар. Өндірістік қорларды пайдалану.
- •5.Еңбек ресустары. Жұмыспен қамтылу. Жұмыссыздық. Жалақы төлеу.
- •6.Өнімнің өзіндік құны. Кәсіпорын шығындары.
- •7.Кәсіпорын өнімдері. Өнімді өткізу және кәсіпорын табысы.
- •8.Баға және оның түрлері. Салық салу, олардың түрлері.
- •9.Қаржы және несие туралы. Инвестиция түсінігі. Кәсіпорындардың банктермен өзара әрекеттестігі
- •10.Ақша қызметі.Ақша жүйесі. Қазақстандағы ақша жүйесі. Инфляция.
- •11.Кредит қызметінің түсінігі, формалары мен түрлері.Ссуда ұғымы.
- •12.Банктік емес кредиттік ұйымдар.Сақтандыру компаниялары, Инфестициялық қорлар, мемлекеттік емес зейнеткерлік қорлар.
- •14) Валюта жүйесі және төлем балансы. Қазақстанның валюта жүйесі.
- •15) Менеджмент туралы түсінік. Қазақстандағы стратегиялық менеджмент.
- •16)Қазақстандағы ірі өндіріс орны
- •17) Қазақстан байлығы
- •18) Қазақстандағы кәсіпкерлік және кәсіпорындар
- •19.Қазақстандағы кен байлықтардың экономикаға қатысы.
- •20.Кәсіпорынның ұйымдық құқықтық нысандары Қазақстандығы тауар өндірісі .
- •21.Акционерлік қоғамдар туралы Заңмен танысу.
- •22.Бәсекеге қабілеттілік және кәсіпорын стратегиясы.
- •23.Қазақстандағы кредит жайлы не білесіз
- •24.Қазақстанның ұлттық валютасы туралы.
14) Валюта жүйесі және төлем балансы. Қазақстанның валюта жүйесі.
Валюта жүйесі — валюталардың, оларды пайдалану мен өзара айырбастау, төлем құралдары ретінде қолдану ережелері мен нормаларының, сондай-ақ қаржы-кредит қатынастарының жиынтығы. Валютаның шығарылуы мен айналысқа түсуін реттеуші органдар да валюта жүйесіне жатады. [1]
Валюта жүйесі ұлттық, әлемдік, аймақтық немесе мемлекетаралық валюта жүйесі болып үшке бөлінеді. Ұлттық валюта жүйесі — халықаралық төлем айналымын жүзеге асыратын, ұдайы өндіріс процесі үшін қажетті валюта ресурсын құрайтын және оны пайдалануға көмектесетін экономикалық қатынастар жиынтығы. Ұлттық валюта жүйесі елдің қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Оның ерекшеліктері ел экономикасының ішкі және сыртқы жағдайына байланысты анықталады. Елдің төлем балансы валюта бағамына тікелей эсер етеді. Оң немесе активті төлем баланс үлттық валюта бағамының өсуіне мүмкіндік жасайды. Себебі шетелдік дебиторлар тарапынан оған деген сұраныс көбейе түседі. Ал теріс немесе пассивті төлем баланс керісінше үлттық валюта бағамының төмендеуін туындатады.Төлем балансының валюта бағамына эсерінің көлемі елдің экономикасының ашықтылығының дэрежесімен анықталады. Неғұрлым ЖҰӨ-де экспорт үлесі жоғары (неғүрлым экономиканың ашықтылығы жоғары), соғүрлым төлем балансының өзгеруіне байланысты валюта бағамының икемділігі жоғары.
Қазақстан 1992 жылдан әлемдік валюта қорының (ӘМҚ) мүшесі болып табылады. Сондықтан өзінің валюталық жүйесін Ямайкалық әлемдік валюта жүйесінің құрылымдық принциптерін ескере отырып құрады. 1993 жылдың қарашасынан бері ұлттық валюта жүйеміздің негізі – теңге ендірілді.
15) Менеджмент туралы түсінік. Қазақстандағы стратегиялық менеджмент.
Менеджмент – кәсіпорынды ұйымдастырудың қағидалары, оны дамытудың стратегиясы, қызметкерлерді іріктеу туралы және олардың жұмысын оңтайландырудың тәсілдері туралы ілімдерді қамтитын кәсіпорынды тиімді басқару ғылымы.
Менеджментте басты нәрсе кез келген адамдық қарым-қатынастарға жарайтын баршаға ортақ басқару қағидаларын іс жүзінде бөлу, анықтау және қолдану болып табылады.
Менеджмент – нарықтық экономиканың қажеттіліктері мен жағдайына толығырақ жауап бере алатын басқару типі.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын басқарудағы дербестілік саяси алғышарттарының қажеттілігі болып табылады. Сексенінші жылдардың екінші жартысынан бастап бұрынғы Кеңес одағында, сондай-ақ Қазақстанда қоғамдық-саяси ахуал қарама-қайшылықтар сипатталып, тұрақсыздықты көрсетті.
Республикамызда терең де батыл өзгерістерді жүзеге асыруда нақтылы алғышарттар қажет болды. Осы бағытта 1990 жылы 25 қазанда «Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы» және 1993 жылы 28 қаңтарында Республиканың Ата Заңының (Конституцисының) қабылдануы мемлекетіміздің тарихындағы жаңа сәт болып табылады.
Аталып өткен құжаттардың Республикадағы саяси-экономикалық процестерді басқаруда маңызы зор. Оларда экономикалық тәуелсіздіктің негіздері, нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы экономиканы басқарудың маңыздылығы көрсетілген. Бұл жәйт республика дербестігінің экономикалық алғышарттары мен өмір тіршілік басқарудың барлық сферасын анықтайды
