Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
казахский.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
73.36 Кб
Скачать

4.Негізгі капитал. Негізгі қорлар. Өндірістік қорларды пайдалану.

•Капитал – өндіріс факторларының негізі болып саналады. Капитал – тауар өндіру мен қызмет көрсетуге пайдалану үшін жасалған ресурс. Кең мағынада капитал – табыс әкелетін нәрселердің бәрі. Негізінен алғанда капитал – табыстың жұмыс істеп тұрған қайнар көзі, ол іске өндіріс құрал-жабдығы, ақшалай қаражат, зияткерлік меншік түрінде жұмсалады.

Нарықтық экономикада капиталды – негізгі және айналмалы капиталдарға бөлу қажет. Негізгі капитал – кәсіпорынның мүлігі. Оларға үйлер, ғимараттар, жабдықтар, т.б. жатады. Негізгі капитал – өндірістік процесте бірнеше рет қатысады және өзінің құнын дайын өнімге біртіндеп бөліктер бойынша көшіреді. Есеп тәжірибесінде «негізгі қорлар» мен «негізгі құралдар» сияқты терминдер пайдаланылады.

•Өндіріс процесіне бірнеше рет қатысатын және өзінің заттық нысанын сақтайтын, өзінің құнын дайын өнімге бөліп көшіретін еңбек құралдарын – негізгі қорлар дейді.

​Сонымен негізгі қорлар – материалдық өндіріс саласында, өндіріс емес салада заттай нысанда ұзақ уақыт бойына жұмыс істейтін және өз құнының тозуына қарай, бөліктер бойынша жоғалтатын материалдық-заттай жиынтық. Бухгалтерлік есепте ақшалай түрде алынған негізгі қорларды – негізгі құралдар деп атайды. Кәсіпорында өнім өндіру процесі үш элементтің өзара іс-әрекетіне негізделген, олар: еңбек құралдары, еңбек заттары және еңбек ресурстары. Еңбек құралдары мен заттары, кәсіпорынның өндірістік қорларына жатады және оның материалдық-заттай негізін құрайды.

​ Өндірістің тиімділігін арттырудың ең маңызды шарттарының бірі – жұмыс істеп тұрған өндірістік қорларды жақсарту. Қор қайтарылымы – негізгі өндірістік қорларды пайдаланудың тиімділік көрсеткіштерінің бірі. Кәсіпорындардың қор мөлшерінің өсуімен қатар, олардың есесін қайтаруды арттырудың мәні де өседі. Қор қайтарылымы негізгі өндірістік қорлардың бір теңгесіне келетін өнім өндірумен белгіленгендіктен, көп көлемінде пайдалы қазбаларды ақшалай сату керек. Ал негізгі құралдар қысқа мерзім ішінде, еңбектің қормен жарақтануының өсуіне де, негізгі қорларды тиімді пайдалануға ықпал етеді. Негізгі қорларды тиімді пайдалану – өндіріс факторларын үнемдеуді қамтамасыз етуі және өнімнің өзіндік құнын азайтумен тығыз байланысты. Ол үшін еңбек ресурстарын, материал шығындарын өнімнің бір өлшеміне азайтып, материал мен еңбек сыйымдылығын төмендету керек.

5.Еңбек ресустары. Жұмыспен қамтылу. Жұмыссыздық. Жалақы төлеу.

•Нарықтық экономика жағдайында еңбек ресурстары рөлінің маңызы артты. Еңбек қатынастары – кәсіпорын жұмысының күрделі жағдайы болып саналады. Еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының Еңбек туралы Заңы реттеп отырады. Қызметкер – жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және жеке еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға. Жеке еңбек шарты – қызметкер мен жұмыс берушінің арасында жазбаша нысанда жасалатын екіжақты келісім.

•Нарықтық экономикада белсенді халықтың жұмыспен қамтылуы – өте маңызды мәселе. Халықты жұмыспен қамту саласындағы құқықтық, экономикалық және ұйымдық қатынастарды реттеу үшін, 2001 жылғы қаңтардың 23-інде «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған. Жұмыспен қамтылу дегеніміз – азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдары мен өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне қайшы келмейтін жеке қажеттерін қанағаттандыруға байланысты, оларға табыс пен кіріс әкелетін қызмет.

•Жұмыссыздар – жұмысы, табысы жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген және оған кірісіп кетуге әзір, еңбекке жарамды жастағы азаматтар. Жұмыссыздық деп – экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың бір бөлігінің еңбек рыногында қажет болмай қалуына байланысты әлеуметтік-экономикалық құбылысты айтады. Жұмыссыздық – еңбекке ұсыныстың, еңбекке сұраныс шамасынан асып түсуі. Еңбек рыногында еңбекке сұраныс пен ұсыныс шамалары тең болғанда ғана, тепе-теңдікте болады. Егер жұмыссыздардың бір бөлігі жалақының белгілі деңгейінде жұмыс істегісі келмесе, ондай жұмыссыздықты – ерікті жұмыссыздық дейді.

•Қызметкерлерге жалақы төлеу – бұл өндірістік процесте жұмсалған еңбек ресурстарының бағасы. Жұмыс беруші жалданған қызметкерге есепті кезінде орындалған жұмысы үшін ақшалай сыйақы төлеуі керек. Көбінесе еңбекақы – жұмсалған еңбектің саны және сапасымен анықталады, бірақ оған мынадай нарықтық факторлар – еңбекке сұраныс пен ұсыныс, рынок жағдаяты, заң нормалары әсер етеді.

«ҚР-дағы Еңбек туралы» Заңда былай жазылған: «Жалақының мөлшерін жұмыс беруші дербес белгілейді және ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмауы керек».

Жұмыс беруші «Еңбек туралы Заңға», жеке еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес қызметтерге еңбегіне ақы төлеуге міндетті. Ал жұмыскерлердің жалақысы орындалатын жұмыстың саны мен сапасына, күрделілігіне қарай белгіленеді.