- •2.Табиғи ресурстар. Кәсіпорынның ұйымдық құқықтық нысандары.
- •3.Заңды тұлға. Шаруашылық серіктестіктер. Акционерлік қоғам.
- •4.Негізгі капитал. Негізгі қорлар. Өндірістік қорларды пайдалану.
- •5.Еңбек ресустары. Жұмыспен қамтылу. Жұмыссыздық. Жалақы төлеу.
- •6.Өнімнің өзіндік құны. Кәсіпорын шығындары.
- •7.Кәсіпорын өнімдері. Өнімді өткізу және кәсіпорын табысы.
- •8.Баға және оның түрлері. Салық салу, олардың түрлері.
- •9.Қаржы және несие туралы. Инвестиция түсінігі. Кәсіпорындардың банктермен өзара әрекеттестігі
- •10.Ақша қызметі.Ақша жүйесі. Қазақстандағы ақша жүйесі. Инфляция.
- •11.Кредит қызметінің түсінігі, формалары мен түрлері.Ссуда ұғымы.
- •12.Банктік емес кредиттік ұйымдар.Сақтандыру компаниялары, Инфестициялық қорлар, мемлекеттік емес зейнеткерлік қорлар.
- •14) Валюта жүйесі және төлем балансы. Қазақстанның валюта жүйесі.
- •15) Менеджмент туралы түсінік. Қазақстандағы стратегиялық менеджмент.
- •16)Қазақстандағы ірі өндіріс орны
- •17) Қазақстан байлығы
- •18) Қазақстандағы кәсіпкерлік және кәсіпорындар
- •19.Қазақстандағы кен байлықтардың экономикаға қатысы.
- •20.Кәсіпорынның ұйымдық құқықтық нысандары Қазақстандығы тауар өндірісі .
- •21.Акционерлік қоғамдар туралы Заңмен танысу.
- •22.Бәсекеге қабілеттілік және кәсіпорын стратегиясы.
- •23.Қазақстандағы кредит жайлы не білесіз
- •24.Қазақстанның ұлттық валютасы туралы.
9.Қаржы және несие туралы. Инвестиция түсінігі. Кәсіпорындардың банктермен өзара әрекеттестігі
Қаржы – ақшалай қаражаттың құралуы, бөлінуі, пайдаланылуы барысындағы экономикалық қарым-қатынас жүйесі. Ақшалай қаражаттың қозғалысына байланысты мемлекет, кәсіпорындар мен ұйымдар, жекелеген кәсіпкерлер арасында пайда болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы – қаржы қатынастарын қалыптастырады. Сондықтан ақша қатынастарының бәрі бірдей қаржы қатынастары болмайды. Тек олардың ақшалай қаражат қорларының жоспарлы түрде құралуымен, бөлінуімен, пайдалануымен байланысты бөлігі ғана қаржы қатынастары болып есептеледі.
Несие – бір заңды тұлғаның екінші тұлғаға беретін ақшалай немесе заттай нысандағы қарыз, яғни ақша немесе тауарларды қарызға (қайтарым шартына негізделген уақытша пайдалану пайыз төлеу шартымен беріледі. Несие беруші мен қарыз алушы (қарызгер) арасындағы экономикалық қатынастарды білдіреді. Сонымен, несие қатаң түрде белгіленген мерзім өткеннен кейін, белгілі бір пайызбен қайтару шартымен беріледі.
Несиені, несие желілерінен ажырата білу керек. Несие – бір жолғы қарыз, ал несие желілері – белгілеген уақыт бойынша шартта келісілген лимит шегінде несие сома сериясын беру. Ақшалай қаражаттың берілу мақсаты мен мерзіміне қарай несие мына түрлерге бөлінеді:
• Ұзақ мерзімді (3 жылдан жоғары мерзімге);
• Орта мерзімді (1 жылдан 3 жылға дейін);
• Қысқа мерзімді (1 жылға дейін).
Инвестициялар – капиталдың ел ішінде және шетелдегі экономикаға пайда алу немесе басқа да түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу мақсатымен кәсіпорынға, әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларға, жаңа жобаларға арналған ұзақ мерзімді жұмсалым. Инвестицияның нысандарға жұмсалатын түрлері: қаржы инвестициясы, нақты инвестиция, зияткерлік инвестиция.
Нарықтық экономикада мемлекет те, акционерлік және сақтандыру компаниялары, коммерциялық банктер, түрлі қорлар, жекелеген кәсіпкерлер де инвестор болуы мүмкін. Инвестицияға қатысу сипатына қарай: тікелей және тікелей емес түрлерге бөлінеді. Инвестициялау кезеңдері бойынша күрделі қаржы ұзақ және қысқа мерзімді түрлерге бөлінеді. Ал меншік нысаны – бірлескен, шетелдік, мемлекеттік және жеке инвестициялар болуы мүмкін.
Шетелдік инвестиция – шетел инвестициясын салады, ал мемлекеттік бюджет – қаражат есебінен жүзеге асырылады. Жеке инвестиция – инвестордың жеке қаражаты, алған несиелер мен басқа да қаражат есебінен жүзеге асырылады. Ал аймақтық белгі бойынша инвестициялар – шетелдік және ішкі түрлерге ажыратылады. Инвестициялар, микродеңгейде мына мақсаттарды орындауы керек:
– өндірісті кеңейту мен дамытуға;
– өндірістің техникалық деңгейін көтеруге;
– кәсіпорынның өнім сапасын көтеру мен оның бәсекеге жарамдылығын қамтамасыз етуге;
– табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыруға;
– бағалы қағаздарды сатып алу мен басқа кәсіпорындардың активтеріне қаражат салуға.
Инвестициялардың соңғы мақсаты – кәсіпорынның келешекте тұрақты қызмет істеуін қамтамасыз етуге, пайданың мөлшерін барынша көбейтуге қызмет ету.
. Кәсіпорындардың банктермен өзара әрекеттестігі
Кәсіпорындар шаруашылық қызметін жүзеге асыру процесінде банктердің, инвестициялық қорлардың, сақтандыру, т.б. ұйымдардың көрсететін қызметтерін пайдаланады.
Кәсіпорындар есептесу және кассалық қызмет көрсету үшін банкті өз бетімен таңдап алады. Банктер өз кезеңінде кәсіпорындарға әр түрлі шоттарды, оның ішінде есеп айырысу шоттарын ашады. Банктер кәсіпорындардың өтініштері бойынша қысқа және ұзақ мерзімде несиені ұсынуы мүмкін. Несие берер алдында мына критерийлерді есепке алады:
– Кәсіпорынның тиімді қызмет атқаратындығын;
– Меншік нысаны – жекеменшік, акционерлік немесе бірлескен кәсіпорындар, т.б.
– Кәсіпорындардың сенімділігі, төлем қабілеттілігі, басшыларының құзіреті;
– Жарғылық қордың мөлшері;
– Кепілдік беру кейде басқа тұлғадан кепілдік алу;
Банк несиесін алу үшін меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар келесі құжат түрлерін ұсыну қажет;
– Өтініш;
– Бизнес-жоспар немесе техника экономикалық негіздендіру;
– Келісім-шарттардың жобаларын;
– Қарыз алушының сауал сұрағы;
– Қарыз алушының құрылтай құжаттары;
– Кәсіпорынның жарғысы, құрылтайшылық келісімшарт;
– Кәсіпорынның салық инспекциясымен куәландырылған қаржы құжаттары (кәсіпорынның балансы, қаржы нәтижелері мен оларды пайдалану туралы есептеме);
– Кепіл мен кепілдік құжаттар.
Банктер ұсынылған жобаларға, бизнес-жоспарға техника экономикалық негіздеуге өте жоғары талаптар қояды. Олар несие беруді – егер кәсіпорын қарызгер жобаны орындау үшін меншікті қаражатын пайдаланып, жобаға жұмсалатын шығынның 25% көтеретін болса, ғана қолдайды. Банк пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген қайта қаржыландыру мөлшерлемесі мен инфляция деңгейіне байланысты.
