Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
казахский.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
73.36 Кб
Скачать

6.Өнімнің өзіндік құны. Кәсіпорын шығындары.

•Өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны – өнімді өндіру кезінде пайдаланылатын табиғи ресурстардың, материалдардың, отынның, энергияның, негізгі қорлардың, еңбек ресурстарының, оны дайындау мен өткізуге жұмсалатын басқа да шығындардың ақшалай бағалануы. Өнімнің өзіндік құны – кәсіпорынның өнім өндіруге және өткізуге жұмсаған шығындарының ақшалай тұлғалануы. Кез келген меншік нысандағы кәсіпорын нарықтық қатынас жағдайында – залалсыз жұмыс істеуге тиіс. Өнімнің өзіндік құны аса маңызды экономикалық көрсеткіштерінің бірі болып табылады.

•Өндіріс шығындары мен өндіріске жұмсалған шығындар теориялық және тәжірибелік жағынан ұқсас емес. Кәсіпорын шығындары, олардың экономикалық міндеттеріне қарай ажыратылады. Шығындардың ұдайы өндіріс процесіндегі шығынын анықтап, айыру өте маңызды. Ұдайы өндіріс белгісі бойынша кәсіпорынның шығындарын үш түрге бөлуге болады:

– өнімнің өзіндік құнын құрастыратын өндірістік және өнім өткізуге жұмсалатын шығындар. Бұл айналмалы капиталдың жылжымалы арқылы өнім өткізуден түскен түсімінен өтелетін ағымдағы шығындар;

– өндірісті ұлғайту мен жаңартуға жұмсалған шығындар. Кәсіпорынның негізгі және айналмалы қорлардың көлемін ұлғайтуын, шығымын жақсартуға жұмсалатын бір жолғы шығын ақысы.

– әлеуметтік, мәдени, тұрғын үй – тұрмыстық жағдайларға қосылатын шығындар. Олар тікелей өндіріспен байланысты және кәсіпорынның арнаулы қорларынан қаржыланады.

Өндіріс шығындары – экономикалық және бухгалтерлік болып ажыратылады. Экономикалық шығындар – жеткізушілерге пайдаланатын ресурстар, оған кәсіпорын төлемдерінің барлық түрлерін атауға болады. Олар екі түрден тұрады: сыртқы (көрінетін немесе ақшалай) және ішкі (көрінбейтін немесе имплициттік) шығындар.

7.Кәсіпорын өнімдері. Өнімді өткізу және кәсіпорын табысы.

Кәсіпорын әр түрлі өнім шығарады. Нақты пайдалы қазба өндіретін кәсіпорындар да әр алуан сапалық көрсеткіштері бар өнімдер шығарады. Өнім –тұтыну құнымен, белгілі бір тиімділікті қанағаттандыра алуымен және құнмен – оны дайындауға жұмсалған қоғамдық еңбекпен сипатталады. Өнім өндіру жұмсалған абстрактілі қоғамдық еңбектің өлшемі – ақшалай өлшем бірлігі болып саналады. Сонымен, ақшалай бағалау – кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызмет нәтижесінің, сандық бағалауының жалғыз жиі әдісі.

Өнім өткізу дегеніміз – шаруашылық құрал-жабдығы айналымының аяқталған кезеңі, соның нәтижесінде кәсіпорын өндірілген өнімді белгіленген ақыға басқа кәсіпорынға, тұтынушыға өткізеді.

Өткізілген өнім үшін алынған қаражатты – өткізуден түскен түсім дейді. Ол кәсіпорынның өндіріске жұмсалған шығынды өтеуіне (материалдардың, отынның, энергияның құнын, өтелім жарнасын, т.б.), жұмысақы төлеуіне, бюджетпен есеп айырысуына, ақшалай қорланымды қалыптастыруына көмектеседі. Табыс – кәсіпорынның белгілі бір уақыт кезеңінде қандай да бір қызметінің нәтижесінде алатын ақшалай қаражаты. Кәсіпорынның кірісі мен шығысы, балансындағы бюджеттің кіріс бөлігіндегі қаражат түсімінің көлемі мен көздерін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі. Ол негізгі қызметтен алынған табыс пен негізгі қызметке жатпайтын қызметтен алынатын табыстарға бөлінеді де, олардың қосындысы – жиынтық табыс деп аталады.

Таза табыс – жалпы табыс пен төленген салықтарды қосқанда, өндіріске жұмсалған шығындар арасындағы айырма.

Тау-кен кәсіпорнының белгілі күнтізбелік кезеңдегі жалпы өнім құнының құрамына мыналар кіреді:

• кәсіпорынның белгілі кезеңдегі негізгі, қосалқы және басқа учаскелер мен цехтарды белгіленген техникалық шарттар мен стандарттарға сәйкес келетін дайын өнім құны;

• сыртқа шығаруға арналған шала фабрикаттар, жартылай дайын өнімдер;

• өнеркәсіптік жұмыстар мен қызметтердің құны;