Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
казахский.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
73.36 Кб
Скачать

1.Экономика ұғымы.Экономиканың түрлері. Қазақстан өнеркәсіп салалары.

•Көп ғасырлар бойы экономия сөзі үй шаруашылығын ұйымдастыру, жүргізу ережелерін қамтыған. «Экономия» терминін алғаш Ксенофонт ұсынды, терминнің мағынасы – үй шаруашылығы деген ұғымды білдірді. Экономика туралы алғашқы түсініктер Ксенофонт, Платон, Аристотель және басқа да ойшылдардың еңбектерінде берілген. Жалпы ұлттық мемлекеттік шаруашылықты жүргізу ережелерінің анықталуын қажет еткен кезде «экономия» ұғымы жаңа мәнге ие болды. Ол сөз «саяси экономияға» айналды. Грек тілінде «полис» – мемлекет дегенді, ал «ойкос» – үй шаруашылығы, «номос» – заң дегенді білдіреді. Саяси экономия ұғымын ғылымға енгізген А.Манкретьян болатын. 1615 жылы оның «Саяси экономия трактаты» деген еңбегі жарық көрді, мұнда мемлекеттік шаруашылықты жүргізу кеңестері баяндалған. Экономика – қоғамдық шаруашылықтың даму заңдары жөніндегі ғылым. Мәселен, экономиканың көрнекті өкілі, ағылшын экономисті Ульям Петтидің «Еңбек – байлықтың атасы, жер – оның атасы» деген әйгілі қағидасы мәлім.

• ​Экономиканың екі түрі бар. Біріншісі – позитивтік (оң) экономика. Ол объективтік немесе ғылыми жолдарды іздейді. Позитивтік экономиканың талас мәселелері аз деуге болады. Мысалы, экономистердің көбі мынаған келіседі – егер үкімет кейбір тауарларға салық салатын болса, оның бағасы өседі; ақша қоры жылдам және тұрақты өсетін болса, ол тауар мен қызмет көрсету бағаларының өсуіне әкеледі. Екіншісі – нормативті экономика. Ол субъективтік, жеке (дербес) баға беру жұмысымен байланысты. Экономиканың біріншісі – бар немесе болуы мүмкін принципі мен байланыста болса, екіншісі – болу керек деген бағалаумен байланысты.

•Қазақстанда ірі өнеркәсіп орталықтары, оның ішінде отын-энергетикалық, металлургия, химия, машина жасау, құрылыс өнеркәсібі жұмыс істейді. Республика кәсіпорындары шойын, кокс, болат, қорғасын, мыс, мырыш, титан, магний, қарашірік, синтетикалық каучук, шайыр, пластмасса, химиялық талшықтар, автомобиль шиналарын, минералдық тыңайтқыштар, цемент, металл жонғыш станоктар, ұсталық-сығымдағыш жабдықтар, қақтау стандарын, күш трансформаторларын, рентген аппараттарын, ауыл шаруашылығы машиналарын, тракторлар, экскаваторлар, т.б. өндіреді. Әлемдік экономика ауқымында Қазақстан – тауар рыногіне мұнай, газ, қара, түсті, сирек кездесетін металдар, уран өнімін шығарушы ел. Кен қазу өнеркәсібі Қазақстан экономикасының жетекші секторы болып табылады. Қазақстанда көмір-сутекті шикізаттың бірегей қоры бар. Барланған қор бойынша еліміз әлемде 13-орында. 250-ден астам мұнай-газ кеніштері ашылды, олардың көбі республиканың батыс бөлігінде, негізінен Атырау облысында. Олардың ішінде Теңіз кеніші; Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кеніші; сондай-ақ, Кенбай, Жаңажол, Жетібай, Қаламқас, Қаражанбас, Өзен, Құмкөл кеніштері бар. 20:13:03

2.Табиғи ресурстар. Кәсіпорынның ұйымдық құқықтық нысандары.

•​Геологтар еңбегінің нәтижесінде Қазақстан жер асты байлығының «қоймасына» айналды – оның қойнауында табиғатта белгілі пайдалы қазбалардың барлығы дерлік жинақталған. ​Қазіргі өндірістің дамуы – көмір, мұнай, газсыз, қара және түсті металдарсыз, құрылыс материалдары мен химиялық шикізаттарынсыз мүмкін емес. Осының бәрін Қазақстанның жер қойнауындағы пайдалы қазба кенорындары береді. Қазір Республикамызда 500-ге жуық көмір кенорындары, 200-ден астам мұнай және газ кенорындары, 2000-нан астам мыс кенорындары мен 1000-нан астам түсті металл кенорындары белгілі.

Республикадағы пайдалы қазбалардың өзіне тән ерекшелігі – қандай да бір өндірісте пайдаланылатын түрлі шикізат кенорындарының бір-біріне жақын орналасуы. Мысалы, Орталық Қазақстанда темір, марганец рудасы, түсті металдар, кокстенуші көмір, қождама әктас, флюорит пен отқа төзімді балшық кенорындарының бір-біріне жақын орналасуы.

•Кәсіпорындар пайдалы қазба-байлықты пайдаланады, табиғи ортада жұмыс істейді және оған ықпал етеді. Кейбір кәсіпорындар барлау жұмыстарын жүргізеді, пайдалы қазбаның санын, сапасын зерделейді. Екінші тобы – минералды ресурстарды пайдаланады, қазып алады, басқалары оларды байытып, қорытып, дайын өнім шығарады.

3.Заңды тұлға. Шаруашылық серіктестіктер. Акционерлік қоғам.

•Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік, мүліктік емес жеке құқықтық міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер, әрі жауапкер бола алатын ұйым – заңды тұлға – деп танылады.

Заңды тұлғаның жарғысында: оның атауы, тұрғылықты жері, оның органдарын құру тәртібі мен олардың құзіреті, қызметін қайта құру мен тоқтату ережелері белгіленеді. Заңды тұлға – әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуге тиіс, заңды тұлға тіркеуден өткеннен бастап, коммерциялық ұйым құрылды деп саналады.

•Серіктестер – адамдардың бірлестігі, онда екі және одан да көп серіктестер болады. Олар өз капиталдарын қосады және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың үлесіне (салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйым – шаруашылық серіктестік болып табылады. Құрылтайшылардың салымдары есебінен құрылған, сондай-ақ шаруашылық серіктестік өз қызметі негізінде өндірген және алған мүлік меншік құқығы бойынша серіктестікке тиесілі болады.

Шаруашылық серіктестер толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілік шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік нысандары, т.б. құрылуы мүмкін.

•Өзінің қызметін жүзеге асыру үшін, қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға – акционерлік қоғам болып танылады. Акционерлік қоғамның акционерлері, оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өзіне тиесілі құны шегінде, қоғам қызметіне байланысты шығындар тәуекелін көтереді.

Акционерлік қоғамның өз қатысушыларының мүлкінен басқа, оқшауланған мүлкі болады. Акционерлік қоғам (АҚ) – ашық немесе жабық болып бөлінген. Акционерлік қоғамның акциялары ашық немесе жазылу жолымен таратылса және олардың бағалы қағаздар нарығында еркін айналыста жүруі заңда көзделгендегіден басқа жағдайда шектелмесе, онда ол – ашық акционерлік қоғам (ААҚ) болып табылады.

Акцияларды оның құрылтайшылары мен алдын ала белгіленген адамдар тобы арасында орналастырылған акционерлік қоғам – жабық акционерлік қоғам (ЖАҚ) болып табылған. ЖАҚ өздері шығарған акцияларды тек жабық әдіспен орналастыруға құқылы. Жабық акционерлік қоғам акцияларын жабық жазылу бойынша 100 адамнан аспайтын акционерлер арасында орналастырады, ал оның жарғылық қорының ең төмен мөлшерінің тіркелген құны 100 айлық есептік көрсеткіштен кем болмайды.