- •М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
- •Жазбаша тест сұрақтары. І нұсқа
- •М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
- •Жазбаша тест сұрақтары. Іi нұсқа
- •М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
- •Жазбаша тест сұрақтары. Іii нұсқа
- •М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
- •Жазбаша тест сұрақтары. Іv нұсқа
- •Жазбаша тест сұрақтары. V нұсқа
- •М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Факультет Филология
Кафедра Қазақ филологиясы
Шифр, мамандығы: 5В011700 Қазақ тілі мен әдебиеті
Пән : «Мәнерлеп оқу»
Жазбаша тест сұрақтары. Іi нұсқа
«Кәрі Каспий қара көк көзін ашты,
Жылы жүзбен Терекке амандасты» - троптың қай түріне жатады?
А)Кейіптеу
В)Пернелеу
С)Астарлау
D)Салыстыру
Е)Олицетворение
«Сөгетін Гомер, Феокритті,
Оқыды бірақ Адам Смитті...
Өзі сұлу, өзі ақын,
Пікірлері Кантқа жақын.» - троптың қай түрі?
А)метонимия
В)гипербола
С)алмастыру
D)метафора
Е)теңеу
Бүтіннің орнына бөлшекті немесе керісінше, жалпының орнына жалқыны қолдану троптың қай түрі?
А)синекдоха
В)мегзеу
С)метонимия
D)гипербола
Е)теңеу
Келемеждеу:
А) сарказм
В) ирония
С) кекесін
D)литота
Е)пернелеу
Литота грек тілінен аударғанда қандай мағына береді?
А) салыстыру
В)ұлғайту
С)алмастыру
D) қарапайым
Е) қораш
«От орнындай тұяқтан,
Оймақтайы қалыпты.
Етектейін еріннен
Екі елісі қалыпты.» - троптың қай түрі?
А) гипербола
В) литота
С)синекдоха
D)кішірейту
Е)теңеу
Сыпайылап сөйлеу:
А) Дисфемизм
В) Эвфемизм
С)Табу
D)Құбылту
Е)Сыпайы сөйлеу
Қайталаудың неше түрі бар?
А)4
В)5
С)3
D)2
Е)6
«Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,
Ел қорыған мен едім,
Мен де айрылдым елімнен.
Көл қорыған сен едің,
Сен де айрылдың көліңнен.» -қайталаудың қай түрі?
А) әдепкі қайталау
В)жай қайталау
С)кезекті қайталау
D) еспе қайталау
Е)күрделі қайталау
Бірден – бірге күшейте беру:
А) инверсия
В) градация
С)дамыту
D)эллипсис
Е) дұрыс жауабы жоқ
«Шап, әкеңнің... – дедім мен оған ақырып» - фигураның қай түріне жатады?
А) параллелизм
В)инверсия
С)градация
D) эллипсис
Е)түйдектеу
Екі ұдай нәрсені, құбылысты, ұғымды, сезімді қатар қойып, жұптап суреттеу:
А)түйдектеу
В)эллипсис
С)градация
D)егіздеу
Е) параллелизм
«Ырғақ бар жерде өлең бар» - кімнің сөзі
А) А.С.Пушкин
В)Л.Толстой
С) Маяковский
D)Белинский
Е)Сухомлинский
Көркем әдебиет тілінің неше түрі бар?
А) 4
В)3
С) 2
D)5
Аяқталған синтаксистік ой, жинақталған синтетикалық шындық:
А)шумақ
В)тармақ
С)ырғақ
D)ұйқас
Е)абзац
«Сапарға кетсе де енді келмейтұғын,
Қалды ол өзі жыр боп өлмейтұғын.» - неше тармақтан тұрады?
А) 1
В)екі
С)4
D) 2
Е)5
«Жар демеп ем ешкімді, жар дегіздің,
Сүйе білер бір жүрек бар дегіздің.
Өмір бақи қасымда қал дегіздің.» - неше тармақты өлең?
А) 5
В)2
С)4
D) 3
Е)үш
«Туған жерім – Тың өлке –
Сарыарқаның сауыры.
Тың өлкенің төрінде,
Ақын қыздың ауылы.» - деген өлеңде қанша тармақ бар?
А)4
В)3
С)2
D)төрт
Е)5
«Елін сүйген ұлдардың,
Сөнген талай жанары.
Сонау өткен жылдардың,
Көлеңкесі қаралы –
Петропавл қамалы.» - неше тармақты өлең?
А)5
В)бес
С)3
D)2
Е)6
Сен мені не етесің?
Мені тастап,
Өнер бастап,
Жайыңа
Және алдап,
Арбап,
Өз бетіңмен сен кетесің.» - өлеңінде неше тармақ бар?
А) 6
В) 7
С)жеті
D)4
Е)3
«Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған,
Қиуадан шауып,
Қисынын тауып,
Тағыны жетіп қайырған.
Толғауы тоқсан қызыл тңл,
Сөйлеймін десең өзің біл.» - неше тармақты өлең? ( ашық сұрақ)
Ең көне өлең жүйесі: ( ашық сұрақ)
Метрикалық жүйе тұңғыш қайда пайда болды? (ашық сұрақ)
24.Кісі қайтыс болғанда айтылатын салт өлеңдерін көрсетіңіз. (ашық сұрақ)
25.«Өткен күндер» жинағының авторын анықтаңыз. (ашық сұрақ)
26. Силлабикалық өлең өлшеміндегі ең шешуші нәрсе? ( ашық сұрақ)
27. Тоникалық өлең өлшеміндегі ең шешуші нәрсе?
28. Эпостық шағын түріне жататын очерк секілді аралық жанрдың бірі?
29. Повесть дегеніміз не?
30. Зарлай арнау дегеніміз не?
Кафедра мәжілісінде қаралып, бекітілді: №2 хаттама, «5» қазан 2015 ж.
Кафедра меңгерушісі: __________ Мүтиев З.Ж.
Филология фак-нің оқу-әдіс-к кеңесінің №2 хаттамасы «15» қазан 2015 ж.
Факультеттің ОӘК төрағасы: ______________ Турегалиева С.Г.
