Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
songy_nuska.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
53.98 Кб
Скачать

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Факультет Филология

Кафедра Қазақ филологиясы

Шифр, мамандығы: 5В011700 Қазақ тілі мен әдебиеті

Пән : «Мәнерлеп оқу»

Жазбаша тест сұрақтары. І нұсқа

  1. «Әдебиет» сөзі қай тілден енген?

А) парсы

В) латын

С) араб

D)грек

Е) асыл сөз

  1. Арабша «әдебиет» сөзі қандай мағына береді?

А) сөз саптау

В)әріп, жазу

С)әріп, сызу

D)сөз

Е) асыл сөз

  1. «Поэзияны біреу су десе, біреу от дейді » - деген сөз кімдікі?

А) Пушкин

В) Белинский

С)Толстой

D)Федин

Е)Крылов

  1. «Сөз – әдебиеттің құрылыс материалы» кімнің сөзі?

А) Пушкин

В) Федин

С)Толстой

D)Белинский

Е)Крылов

  1. Сөз өнерін «өнер атаулысының ең қиыны және күрделісі» деп бағалаған кім?

А) Гоголь

В) Бальзак

С)Белинский

D)Толстой

Е)Пушкин

  1. Нағыз суреткерге тән неше қасиет бар?

А) 7

В)9

С) 8

D)5

Е)6

  1. «Халықтық» деген ұғымды тұңғыш рет кім ұсынды?

А) А.С.Пушкин

В)Аристотель

С) П.А.Вяземский

D)Гоголь

Е)Сухомлинский

  1. «Сағаттың шықылдағы емес ермек,

Һәмишә өмір өтпек – ол білдірмек.

Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас,

Өтті, өлді, тағдыр жоқ, қайта келмек» - кімнің өлеңі?

А)Абай

В)Шәкәрім

С)Ахмет

D)Міржақып

Е)Сағаттың шықылдағы емес ермек

  1. РК(б)П Орталық Комитеті «Партияның көркем әдебиет жөніндегі саясаты туралы» қарары қашан қабылданды ?

А) 18 маусым

В)1922 жыл 3 мамыр

С)1924 жыл 16 қазан

D)1923 жыл 17 ақпан

Е) 1925 жыл 18 маусым

  1. Көркем әдебиет саласындағы қарарда көрсетілген партиялық саясат қандай?

А) Творчестволық еркіндік

В) шаруа жазушыларына достық көзбен қарау

С) коммунистік сынды әдебиетте команда беру әдетінен арылу

D) мақалалар, шолулар жасау

Е) туысқан ұлттар мәдениетінің өзара жақындасу

  1. Көркем әдебиеттің болмысы мен бітімін, әдеби шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасы мен мәнін байыптайтын әдебиет ғылымының саласы? (ашық сұрақ)

  1. Көркем әдебиеттің қалай пайда болғанын, қайтіп қалыптасқанын, қандай жолдармен дамығанын зерттейтін әдебиеттің саласы?

А)әдебиет тарихы

В)әдебиет теориясы

С)әдебиет сыны

D)әдебиет мазмұны

Е) әдебиеттің қалыптасу, даму тарихы

  1. Қалың оқырманның өскелең талабы мен талғамының жаршысы, әдеби құбылысты жалпы мемлекеттік мүдде тұрғысынан пайымдайтын қоғамдық ой – пікірдің озғын өкілі? (ашық сұрақ)

  1. Әдеби туындылардың тексін (мәтінін) зерттеп, танудың принциптері мен методикасын жинақтайтын арнаулы ғылыми пән?

А)типография

В)библиография

С)көркем шығарманың түп нұсқасын белгілейтін пән

D)орфография

Е) текстология

  1. Шешендік өнердің жарық жұлдызы?

А)Аристодем

В)Аристотель

С)Цицерон

D)Абай

Е) Демосфен

  1. «Поэзия» грек тілінен аударғанда қандай мағына береді?

А) Әдеби

В) Шығармашылық

С)Өлең

D)тізбекке түскен тіл

Е)жырлау

  1. Қимылдың,құбылыстың, үннің жүйелі, мерзімді, мөлшерлі қайталануы ?

А) Ұйқас

В) ритм

С) Ырғақ

D)Бунақ

Е)тармақ

  1. Бойы бұлғаң,

Сөзі жылмаң,

Кімді көрсем, мен сонан

Бетті бастым,

Қатты састым,

Тұра қаштым жалма-жан. ( Абай) неше тармақты шумақ?

А) Төрт тармақты шумақ

В)Жеті тармақты шумақ

С) Бес тармақты шумақ

D) Алты тармақты шумақ

Е)Үш тармақты шумақ

  1. Кескін – кейпі, мінез – құлқы, іс – әрекеті мен тұтас көрінген әрі толық жинақталған, әрі әбден дараланған тип?

А)Эпикалық образ

В)Реалистік образ

С)Юморлық образ

D)Мүсіндеу мен мінездеу көрінетін образ

Е)Шыншыл образ

  1. Кемшілікті, мін – мүлтікті астармен пернелеп сынау, сықықтау, мысқылдау, кекету? (ашық сұрақ)

  1. Фантастикалық образ:

А)Ұнамды бейне

В)Сатиралық кейіпкер

С)Ұнамсыз тип

D)Адамның ақиқатқа ұқсас арманында бедерленген бейне

Е) Қиялдан туған қаһарман

  1. Көркем шығарманың құрылысы? ( ашық сұрақ)

  1. «Троп» сөзі кай тілден енген? ( ашық сұрақ)

  2. Троптың қай түріне жатады:

Гималай – көктің кіндігі,

Гималай – жердің түндігі.

А) Гипербола

В) метафора

С)Синекдоха

D)Ассонанс

Е)Ауыстыру

  1. Шығармада жансыз табиғат құбылысын кәдімгі тірі кісінің қылығымен ауыстыра суреттеу троптың қай түріне жатады? (ашық сұрақ)

  2. Әдебиеттің жанама тарауларын атаңыз? (ашық сұрақ)

  3. «Қазіргі шындыққа тамыр тартпаған кез келген поэзия шындыққа сәуле түсірмеген кез келген поэзия – еріккеннің ермегі, қуыршақ ойнау, қуыс кеуде кісілердің ісі» - деген кімнің сөзі? (ашық сүрақ)

  4. Әдебиет сыны нені зерттейді?

  5. Садағына сары жебені салдырған,

Садағының кірісін

Сары алтынға малдырған,

Тереңнен көзін ойдырған. – кімнің өлеңі және қандай ой айтылған?

30. Библиография дегеніміз не?

Кафедра мәжілісінде қаралып, бекітілді: №2 хаттама, «5» ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­қазан 2015 ж.

Кафедра меңгерушісі: __________ Мүтиев З.Ж.

Филология фак-нің оқу-әдіс-к кеңесінің №2 хаттамасы «15» қазан 2015 ж.

Факультеттің ОӘК төрағасы: ______________ Турегалиева С.Г.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]