Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
pedagogikalyk_sheberlik111_1420633041_80794.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
265.45 Кб
Скачать

Педагогикалық шеберлік пәні кешені Сұлтанова Ғ.Т.

«Мұғалімдер- қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады». Н. Ә. Назарбаев

Кіріспе сабақ Мектеп мұғалімі.

Бұл тақырыпты оқып-үйрену үстінде сіздер таңдап

алған мамандықтарың – мұғалім қызметі туралы,

Оның қоғамдағы ролі, педагогикалық еңбегінің

ерекшелігі, құрылымы, ұстаздық шеберлік, әдеп-мораль

түсініктерін аласыздар.

Ұстаздық қызметте қажетті дағдылар негізі мен

іскерліктер, ұстаздық шеберлік компоненттерімен

таныс боласыздар; Ұстазға тән негізгі қасиеттерді өз

бойларыңызда тәрбиелеу қажеттілігін анықтайсыздар.

Болашақ маман, ертеңгі ұстаз қандай болу керек ? –

профессиограммасын жасап,

«Болашақ мектеп моделі» атты шығармашылық жұмыс

орындайсыз.

«Ұстаз – мектептің жүрегі»

Ыбырай Алтынсарин.

(1841-1889)

«Ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, әдістемеден хабардар, оқыта білетін мұғалім.

А.Байтұрсынов.

(1873-1937)

Мектепте оқу-тәрбие жұмысын жүргізетін маман – Мұғалім.

Ұстаз деп те, оқытушы, тәлімгер, мастер, педагог деп те атауға болатын адам – арнайы кәсіби дайындықтан өткен, педагогикалық іс-әрекетпен айналысатын тұлға.

Мұғалім әр оқушы, өсіп келе жатқан ұрпақ алдында, қоғам мен мемлекет алдында үлкен жауапкершілік жүктелген әрекет иесі. Болашақтың қандай болатындығы – бүгінгі педагогтардың әрекетінің нәтижесі. Ешқандай да басқа мамандық иесінен тап осындай Отан, мемлекет, халық тағдырының жауапкершілігін арқалаған мамандық иесін таппайсың.

Мұғалім оқушының, тәрбиеленушінің дүниеге ғылыми дүниетанымын, диалектикалық материалистік көзқарасын, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық, менталдық сапаларын, жоғары адамгершілігін, белсенділігін, адамдарға, мамандыққа сүйіспеншілігін, өзін-өзі тәрбиелеу жолдарын үйрететін, оқыту-тәрбиелеу процесіне ғылым жетістіктерін игеріп енгізуші, белсенді әрекет иесі.

Мұғалімге қойылатын талаптар өте көп. Г.Г. Воробьев «Школа будущего начинается сегодня» деген мұғалімге арналған кітабында оқушылардың мұғалімге қоятын 20-дан астам талабын көрсеткен. (ал сіз ше? Қандай талаптар қояр едіңіз?)……

Негізінен, ол талаптарды С.Б.Елканов үш топқа бөліп көрсетеді:

Мұғалімнің жеке басының ізгіліктілік бағыттылығы, қоғамдық борыштылық пен жауапкершілік сезімі (педагогикалық мораль).

Кәсіптік мамандық даярлығы, терең де тиянақты жалпы ғылымдылық білімі. Өз пәнін, ғылымын игеруі, оны оқыту методикасын, психологияны, педагогиканы меңгеруі.

Педагогикалық технологияны игеру.

Мұғалім педагогикалық процестің субьектісі ретінде өз жұмысын оқушылармен ынтымақтастыққа , іскерлік қарым-қатынас және оқушылар арасында тәрбиелік ықпалға негізделген ұжымшылдық қатынас қалыптастыруға бағыттауы керек.

Мұғалімнің кәсіптік іс-әрекеті төмендегі бағыттарды қамтиды: тәрбие жұмыстарын, оқыту процесін ұйымдастыру. Тәрбие негізгі мақсат болғандықтан мұғалімнің жеке тұлғасы оқушыға барлық жағынан үлгі болуы керек. Осыдан мұғалімнің әлеуметтік позициясы (өз мамандығына бағыттылығы, педагогикалық борышты сезінуі, жауапкершілігі, педагогикалық моральды, тактіні сақтауы, педагогикалық әділдігі, беделі, т.б) және кәсіптік позициясы (азаматтық белсенділігі, балаға деген сүйіспеншілік, рухани дүниесінің байлығы, ғылыми-педагогикалық ойлауының қалыптасуы, шығармашылық-жаңашылдық көзқарас, көпшілдігі, физиологиялық-психикалық тұрғыдан денінің саулығы, кәсіптік жұмысқа қабілеттілігі т.б.) айқындалады.

Мұғалімнің кәсіптік құзырлылығы теориялық дайындықтан (талдау іскерлігі, болжам жасау іскерлігі, құрастыру (проектілік) іскерлік, рефлексивтік іскерлігі т.б.) және практикалық дайындықтан (ұйымдастырушылық, өз ықпалына ерту, ақпаратты жеткізу, дамыту, бағыттау, перцевтивтік қарым-қатынас орнату, қолданбалы іскерліктері)

☺Сөздік жұмыс:

Педагогикалық мораль – мұғалім тәртібіне, мінез-құлқына, өзін-өзі ұстау, қарым-қатынас жасау мәдениетіне қойылатын белгілі бір талап-тілектердің, қағида-ережелердің, қалыптың (норманың) мазмұндық тұжырымның жүйесі, жиынтығы.

Маман, кәсіби шеберлік иесі

Н ағыз мұғалім : Адам, ізгілікті тұлға

Зерттеуші, ізденуші

Ұстаздық қызметте қажетті негізгі дағдылар мен іскерліктер

Мақсаттылық (целепологания)

Зерттеушілік (диагностикалық)

Құрастырушылық (конструктивтік)

Танымдық (гностикалық)

Қарым-қатынас (коммуникативтік)

Реттеушілік (коррекциялық)

Ұйымдастырушылық

Бақылау-бағалау

болжау

Айтпақшы,

Сократ мұғалімдерді: «акушеры мысли» - (ойды тудырушы), ал педагогикалық шеберлік түсінігін – «майэвтика – повивальное искусство» - (ойдың кіндігін кесу өнері),- деген; Яғни балаға ой туғызуға, ойлануға көмек. Қазіргі таңда мұғалім-менеджер деген түсінік етек алуда. Менеджмент –управление – басқару. (ағылшын).

Мұғалім – күн сәулесі іспетті!

Ұстаздық шеберлік компоненттері

Психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімдарлығы, өз пәнін еркін, терең игеруі.

Мұғалім мамандығына бейімділігі, қабілеттілігі.

Кәсіптік көрегендігі.

Балаларға деген сүйіспеншілігі, сенімділігі.

Ұйымдастырушылық шеберлігі.

Оқу-тәрбие процесінде кездесетін қиындықтарды жеңе білуі, шешімді дұрыс, уақтылы қабылдай алуы.

Ұ

Мұғалім-зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі сияқты.

К.Д. Ушинский

стаздық сезімталдығы, мейірімділігі.

Педагогикалық техника.

Альтруизм.

Толеранттық.

☺ Сөздік жұмыс: Альтруизм – франц., басқа кісінің бағыт–бағдарына бағытталу, аңсары кетуі.

Толеранттық - өзгемен серіктестік рухта болу, өзгемен санасу, сыйласу, ізгілік, төзімділік, т.б. жақсы қасиеттер.

Артық етпес білгенің...

12 жылдық білім беруде педагогикалық процесті ұйымдастыратын мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар немесе

Болашақ мұғалім моделі:

1.Өзінің пәнін терең білу

2.Дидактиканы білу

3. Пән әдістемесін білу

4.Баланың жас ерекшелік психологиясын білу

5. Мектептегі оқыту мақсатын анықтай алуы

6.Білім мазмұнының теориялық негіздерін терең білуі

7.Ғылым жетістіктерін қолдана білу

8.Озат тәжірибені талдап, жетістіктерін үйрену

9. Күтілетін нәтижені болжай алуы

10.Жоғары адамгершілік мораль

11. Ұйымдастырушылық қабілет

12. Жағымды мінез – құлық

13. Қарым – қатынас шеберлігі

14. Әділеттілік

15. Құрастыра білу

16. Реттеушілік

17. Альтруизм

18. Толеранттық

19. Сезімталдық

20. Балаға деген сүйіспеншілік......

Білім жүйесі, ұрпақ тәрбиесі-баршаның ісі, әркімнің төл міндеті.

Бұл талап-міндет кеше де қымбат болған, бүгін де аса маңызды. Өйткені: болашақ бағбаны-жас ұрпақ тәрбиесіне ата-ана мектеп, қоғам мемлекет, Мұғалім жауапты. Тарих тағылымы, ұлт өнегесі осы. Осы тұста еске алар жайт: ұлттық рухтың мықты ақыл-парасаттың биік, тәлім-тәрбиенің терең, сана-сезімнің мөлдір болғаны абзал-ақ. «Ұлтының қамын ойламаған адамның қамын-ұлты да ойламас болар» (Р.Ғамзатов) деген даналық сөзде үлкен шындық, тағылым бар. Біздіңше, мұның білім беру жүйесіне, тәлім-тәрбие ісіне де қатысы бар. Ақиқатқа тура қарасақ, білім беру ісі прогрестің қозғаушы күші және рухани әлеуметі ретінде уақыт талабына сай жауап беруі, жас мамандардың өзгермелі жағдайларға бейімделе білу қабілетін қалыптастыруы секілді мәселелерді шешіп алмайынша, қоғам дамуының тұрақты болуы екіталай. Еліміздің ғылыми-техникалық қуаты едәуір қарқын алып, білім берудің ұлттық моделі құрылды, мемлекеттік «Білім» бағдарламасы, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы күшіне енді. Білім мен ғылымды дамытуға, орта және жоғары білім сапасымен қатар жастарды өз Отанына деген сүйіспеншілік сезіміне баулу, салт-дәстүрді санаға сіңіріп өсіру секілді маңызды мәселелерді қамтуға көңіл бөлу нәтижесінде кез келген ұлт пен ұлыстың әлемдік білім кеңістігінде өзіне тиесілі орнын иеленуіне мүмкіндік береді.

Мұғалім еңбегі басқа қызметтермен салыстырғанда, өзіндік ерекшелігі мол шығармашылықты сүйеді. Өйткені жеткіншек ұрпақты өмірге, еңбек пен әлеуметтік іс-әрекетіне дайындау- мұғалімдерді көп іздендіріп, ойландыратын жұмыстың ең басты түрі. Олай болса, әрбір мұғалім орта не жоғары дәрежелі педагогтық білім алумен қанағаттанып қоймай, ол тәрбие мен оқытудың тиімді жолдарын үнемі іздестіріп,өз жұмысында пайдаланып отыруы тиіс. Сонда ғана мұғалім кәсіби дамиды: ол жаңашыл, оқушыларға тәрбие мен білім берудің теориясы мен практикасындамытудың қозғаушы күші және асқан шебері бола алады.

Қазіргі заман мұғалімнің жаңа проблемаларды жүйелі түрде оқуын және зерттеуін талап етеді. Сондықтан, әрбір педагогтың оқу, білім беру, тәрбие және ұжымды басқару теорияларымен,шетел психологтары және педагогтарының тізденістерімен үнемі танысып, керектерімен қаруланып отыруы қажет.

Мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіруде екі жағдайды ескерген жөн. Олардың бірі-мұғалімнің жеке жоспарына сәйкес өз бетімен білім алу жолы, екіншісі- әр түрлі ұжымдық жолмен мамандықты көтеру. Ұжымдық формалары: әдістемелік және теориялық семинарлар; мұғалімнің білімін жетілдіру институты жанындағы қысқа мерзімді курстар. Мұғалімнің қандай да болса педагогикалық еңбекке жарамдылығын, деңгейін үнемі жаңартып, жетілдіріп отыруды қажет етеді.

Тест арқылы өзіңді тексер:

Сіз қандай ұстазсыз?

1.Мұғалімдік қызметке қалай келдіңіз?

а) жүрек қалауымен

ә) кездейсоқ

б) лажым жоқтықтан

2. Сіз үшін мұғалімнің жұмысы:

а) керемет жұмыс

ә) күнкөріс үшін

б) бас қатыру

Оқушылардың сіздің біліміңізге көзқарасы

а) өте сауатты деп есептейді

ә) қанағаттанарлық

б) жұмысы жоқ

Оқушылар арасында жарыс болатын болса:

а) міндетті түрде менен көмек сұрайды

ә) кейде

б) маңыма мүлде жоламайды

5. Сіздің сабақ өткізу тәсіліңіз қандай?

а) оқулықтан тыс қызықты материалды жиі пайдаланамын

ә) сирек қолданамын

б) оқулықпен шектелемін

6. Сіздің қатеңізді озат оқушыңыз тапты:

а) қатені мойындап, кешірім өтінемін

ә) үндемей құтыламын

б) өзімдікі дұрыс деп, жеңістік бермеймін

7. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруда

а) оқушылар арасында жиі-жиі жарыстар ұйымдастырамын

ә) басшылар ескерткенде ғана

б) бас ауыртқым келмейді

8. Оқушыға қол жұмсайсыз ба?

А) мүлде қол жұмсамаймын

ә) анда-санда

б) «Аюға намаз үйреткен - таяқ» деп есептеймін

9. Мұғалім болғаныңызға

а) ризасыз

ә) сізге бәрібір

б

Кісінің бойындағы үйрену құмарлығын оятқан адам-ең жақсы мұғалім.

А.Фердинанд

) өкінесіз

10. Ұжым арасында беделіңіз:

а) өте жоғары

ә) жақсы

б) орташа

Әрбір

«а» жауабына – 5 ұпай

«ә» жауабына – 3 ұпай

«б» жауабына – 1 ұпай есептеңіз

ұпай жинасаңыз:

Сіз шәкірт үшін биік тұлғасыз. Сіз бала тәрбиесіне жан-тәнімен берілген жансыз.

жинасаңыз :

Сіз арбаны да сындырмайтын, өгізді де өлтірмейтін күйде жүрсіз. Сізге көп іздену керек.

жинасаңыз:

Сіз босқа уақыт өткізіп жүрсіз. Орыныңызды бала жанын түсінетін шын мұғалімге босатқаныңыз жөн.

«Егер адам артына өз ұрпағына пайда келтірердей іс қалдырса, оның жаны өлмейді». (Ж.Баласағұн.).

Мен жанбасам лапылдап, Сен жанбасаң лапылдап, Біз жанбасақ лапылдап,

Аспан қалай ашылмақ?

(Назым Хикмет).

Адамның жақсысы, адамға адамшылық жасағандар

(Абай)

.

Ұстаздың абыройы болмаса –шәкірттері оның сақалымен ойнайды.

Сайф Сараи

Басқаларды үйрету үшін өзің көп білетін болуың керек.

А.П.Чехов

1-тақырып Педагогикалық шеберлік туралы түсінік.

Педагогикалық шеберлік не деген сауалға көптеген авторлар жауапты жемісті нәтижеге жеткен педагогтердің еңбектерінен іздейді.

Қазіргі заманда оқыту мен тәрбиелеу теориясы мынадай жалпы ғылыми және жалпы әдіснамалық ұстанымдарға негізделеді: ғылымилық, адамгершілік, диалектикалық теория мен жүйелілік, саналылық, қол жетерлік тәжірибелердің байланысы. Осы тәжірибелердің тексерілген ұстанымдық талдауына сүйенсек, оқыту мен тәрбиелеу, қарым-қатынас пен жекелену педагогикалық шеберліктің білім және басқа да заңдылықтар мен сабақтастығында ерекше қасиет. Бірақ, бұл заңдылықтар өздігінен шеберлікке ие болу жолдарын көрсетпейді және оның негізгі мінездемесі болып табылмайды. Толық жауап алу үшін психологиялық-педагогикалық теориялар мен тәжірибелер жетістіктеріне терең талдау қажет.

Б.Скиннердің айтуынша, “Үйрету технологиясы – психология жетістіктерін педагогикада қолдану”. Оқытудағы жаңа технологияның нығаюы тұлғалық қызметтің педагогикаға ықпал етуімен тығыз байланысты. Мұндай ықпал ету белгілі мағынада әрекетшіл және өзіндік парадигмаларды педагогикалық психологияда теңестіреді.

Өмір педагогиканың алдына ұстанымдық жаңа мәселелерді ұсынады.

Фрейдтың шәкірттері Вильгельм Рейх, кейінірек Фредерик Перлз адам ішкі жан дүниесіндегі қайшылықтарды жеңіп шығуы қиындықтан құтылудағы, өзгеруге тырысуындағы үрдіс болып табылады деп тұжырымдаған. Адам қиындыққа ұшыраса не қауіп төнсе уайымға беріледі. Яғни, төнген қатерді аса әсірелеп, күшейтіп жеткізу адамның қорғану әрекеттеріне шек қояды.

Мұғалімнің өзін-өзі актуаландыруындағы әрекеті өз талабы мен әлеуеттік мүмкіншілігіне негізделген. Өйткені, ол өзін дамыту, тәжірибелерін кенейту арқылы өз білімін көтеріп, білгенін өзгеге сіңіреді. Осы тұрғыдан алғанда, тұлғалық өсу заңдылығы өзін-өзі актуаландыру және қорғау, манипуляциялау қасиеттерін дамытудың балама жолдарын ұсынады:

  • адекватты қабылдауға тырысу, құштар болу;

  • өз бойыңа табиғилық, өзгергіштік қасиеттер дамыту;

  • өзіңді де, өзгені де сынаусыз қабылдай алу, философиялық көзқарас пен қалжыңды таразылай білу;

  • мүмкіншілігінше еркін жүруге, өз ойыңа және сезіміңе сенімді болуға, өзіңнің алдыңда адал болып, әр нәрсеге жауапкершілікпен қарай білуге тырысу керек;

  • өз шығармашылық қасиеттеріңді дамытып, мұқтаждығың мен қалауыңа мұқият болу қажет;

  • күресе білу, жинақылық, амал таба білу сияқты қорғану қасиеттерін танып білу, сезіну;

  • өзгемен бірлесе алу, оның өзіндік құқығын сыйлау, яғни өзіңді тең санау қасиеттерін дамыту.

Педагогикалық білім беруде оқыту мен тәрбиелеу технологиясына руханилық қосылмаса, онда күйреуге ұшырайды. Педагогикалық мәдениеттің прагматикалық және руханилылық бөліктерінің арасында органикалық байланыс бар. Педагогикалық еңбек адамның мәдениетті жасау мен дамытуда өз үлесін қосуына тікелей байланысты болады.

Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог – өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман. Педагогикалық шеберліктің тағы бір көрінісі – мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті, яғни оның тұлға ретінде жеке-даралығы және адамның индивид ретіндегі кейбір ерекшеліктерінің өзгеріске ұшырауы. Осыдан шығарар қорытындымыз: әрбір педагог мұғалім мамандығын таңдап алған соң, ол жауапкершілігін бірге ала жүруі керек. Ұстаз өз пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат әсерін білетін жан болуы қажет. Педагогикалық шеберлік – ұстаздық талантпен тығыз байланысты. К.Д.Ушинский: «Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр – сырын меңгермейінше бұған оның оның қолы жетпейтіндігін», – айтады.

Педагогикалық шеберліктің негізгі өлшемдері (мақсатқа лайықтылық, шығармашылық,үйлесімділік)

Педагогикалық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жан – жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөзді оқушылырға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы. Ұстаздық шеберлік: 1) мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі; 2) пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың бойында әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі; 3) оқыту мен тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады. Педагогикалық шеберлікте педагогикалық техника деп аталатын мәселеге мән беріледі. Мұғалім әр сөзін дұрыс сөйлеп, нық айтуы тиіс, оның жүріс – тұрысы, қозғалысы, отырып – тұруы оқушыларға ерсі болмайтындай дәрежеде болуы керек.

Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог – өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман. «Мұғалімдер- қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», – деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет. Ал педагогикалық шеберліктің негізі неде? Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің ролін анықтау, студенттер мен мұғалімдер ұжымын қалыптастыру – педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп есептейміз.

Педагогикалық мәдениет.Мәдениет (латын cuItura өңдеу, егу деген сөзден шыққан). Мәдениет адам жасаған әлем сияқты «екінші табиғат». Мәдениет адамдардың өмір сүрген ортасымен қарым-қатынасы.Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылым, топтардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүруі жағдайына сәйкес болып қалыптасады. .Педагогикалық мәдениет жөнінде сөз қозғағанда қашанда нәрлі орта жайлы, оны азықтандырған, оның пайда болуы, дамуы және гүлденуіне қолайлы жағдай туғызған - халық жайлы есте ұстаған жөн. Кез келген мәдениет кайраткерінің жеке шығармашылығы оған дейін халық жөне адамзат жеңіп алған жетістіктер негізіңде дамиды. Ол өз халқының мәдениетін жетілдіруді бастаудан бұрын өзінің көп ғасырлық тарихында халық туғызганды меңгеруі, сонымен қатар өзге халықтар мен адамзат жасаған игіліктерді игеруі қажет. Тек халық пен адамзат рухани қазынасы жиынтығы ғана мәдениет қайраткерінің шығармашылығына нақты тұғырнамалық негіз бола алады. Кез келген педагогтың данышпандығы мен ұлылығы халықтық педагогикалық мәдениетке жақындығымен, оның рухани қазынасының тереңіне мейлінше бойлау қабілетімен өлшенеді.

2-тақырып Педагогикалық шеберлік компоненттері және оларға сипаттама

 Педагогикалық  техника  негіздерін  білу-  қарым-қатынас  жасау  тнхнологиясын  игерудің  қажетті  шарты. 

А. С. Макаренко: «Мен  тек «бері  кел»  деген  сөздерді  15-20  түрлі  реңмен  айта  білгенде,  бет  әлпетімнің,  тұрған  тұрысымның,  дауысымның  20  түрлі  қылып  өзгертуді  үйренген  кезде  ғана  өзімді  нағыз  шебер  деп  есептей  бастадым.  Бірақ,  маған  біреу  осыдан  кейін  келмесе  де  және  не  керек  екенін  сезбесе  де  мен  қорыққан  жоқпын»,-  деп  жазған болатын.  А. С. Макаренконың  айтқан  бұл  ойынан  педагогикалық  техниканың  білі,  дағдыларының  қатарында  ең  маңызды  тәрбиелеу  құралдарының  бірі  мұғалімнің  сөз  сөйлеу  шеберлігінің  дамуы  екенін  байқаймыз.  Егер  педагогикалық  техниканың  көптеген  білік,  дағдыларын  бір  топқа  біріктіретін  болсақ,  онда  мұғалім  шеберлігінің  бұл  маңызды  компонентінің  құрылымы  төмендегі  жалпы  біліктерімен  сипатталады:  сөз  саптау  білігі,  бет  әлпетінің  өзгеруі  және  пантомималық  өзгеруінің  айқындылығы,  өзінің  психикалық  жағдайын  басқара  білуі  және  эмоцианалдық-шығармашылық  жағдайын  қолдай  білуі,  актерлік-режиссерлік  біліктер,  осының  барлығы  тәрбиеленушілердің  ойына,  сезіміне  әсер  етуіне,  дүниеге  деген  эмоционалдық-құндылық  қарым-қатынас  тәжірибесін  бере  білуге  мүмкіндік  береді.

Мұғалімнің сыртқы мәдениеті дегенде педагогикалық әдепті айтсақ болады. Педагогикалық әдептің негізі - оқушыға деген шын ықыласты және олардың адамдық ар-ұятына деген қөзқарасында жатыр. Педагогикалық әдеп баланы адам ретінде сыйлау деп есептеуге болады. Мұғалім жұмысында педагогтік әдеп сақталмайынша оқушылармен тіл табысу мүмкін емес, ал оқушылардың тілін таппайынша оқу–тәрбие үрдісінде ілгерілеу жоқ. Педагогтің әдебі ілтипаттылық, сенім білдірушілік, әділдік, төзім мен сабыр сақтау деген сияқты қасиеттермен өлшенеді. Әдетте оқушылар өздері жақсы көретін мұғалімдер оларға дауыс көтеріп сөйлесе де көңілдеріне ауыр алып қалады. Дауыс көтеру, жазықсыз жазғыру, әділ қойылмаған баға ғана емес, мұғалімдер көзге ілмей, өтініштерін құлықсыз, жүрдім–бардым тыңдаса да, ең болмағанда қастарына жақындап көңіл аудармаса да, ренжіп қалады. Өздеріне мұғалімнің назарын аудару үшін тәртіп бұзатын бірді-екілі балалардың болатыны да бар. Мұғалім оқушыларға жаңа материалдарды түсіндірумен қатар оларға назар аудара білуі керек. Өйткені мұғалімдер тарапынан оқушыларға ілтипат болмаса, олардың араларына жарықшақ сызаты түседі. Сабырлылық, өзін-өзі ұстай білушілік сияқты қасиеттер ұстаздың белсенді құрамы болуы тиіс.

Ұстаздық қызметте қажетті негізгі дағдылар мен іскерліктер

Мектеп –ұлттық мәдениетті сақтау кепілі, тәрбие ордасы,Сондықтан ұстаздық қызметте қажетті негізгі дағдылар мен іскерліктер, ұйымдастырушылық шеберлік қажет. Абай атамыздың: «Ақырын жүріп анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға» – деп айтқанындай, ұстаз үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін біз жақсы түсінеміз және өмір бойы ізденушілікті, зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін анық аңғарғанда ғана толық нәтижеге жетуге болады. Ұстаздың әрбір сөзі мен ісі, қимылы, киімі, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. Әрбір ұстаз үшін оқу–тәрбие процесін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдануды қажет етеді. Жас ұрпақты оқытуда тиімді жағдайлар жасау, жаңа технологияларды ұтымды қолдана білу мұғлімге тікелей байланысты. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі оқу орындарында ойшыл, зерттеуші, өз ісіне қатып қалған жаттандылықтан аулақ, өмірлік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген, психолог-педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет. Мұғалім қызметінің әсерлі, тиімді және нәтижелі болуы олардың ісінде тапқырлықты, ептілікті талап етеді. Айталық, орын алған әлеуметтік- педагогикалық құбылыстың сипатына, болу себебіне талдау жасау және бағалау; оқушылардың оқу, тәрбиелік деңгейін айқындау; жеке оқушы мен ұжымның дамуын жобалау; оқу, тәрбие нәтижесін, оқушыларда боалтын қиындықтар мен қателерді болжау; нақты педагогикалық міндеттерді белгілеп, оның шешу жолдарын анықтау; оқу- тәрбие жұмыстарының дәлелденген әдістерін, құралдарын, ұйымдастыру формаларын таңдау; оқушылар әрекетін, оған педагогикалық басшылықты жоспарлау; оқушылардың тәртібін, мінез- құлқын, белсенділігін және дара психологиялық ерекшеліктерін басқару.

Мұғалімнің сөйлеу мәдениетінің маңыздылығы

«Сөйлеу мәдениеті дегеніміз – ауызша сөйлеудің жалпы тіл мәдениетіне қойылатын талаптармен қатар өзіне тән формалардың сақталуы болып табылады. Бұл нормада сөйлеу үлгісіндегі сөздерді дыбыстау, сөздің сазын келтіріп айту тәртібін айтады» Шебер мұғалім үшін ең бастысы ол кіммен болса да тіл табыса алуы, үйде, достарының қасында, ұжымда болсын жағымды атмосфера тудыра біледі. Ал ең бастысы алдында отырған 30 баланы айтып жатқанына сендіре білу, көңіл күйін айтқызбай-ақ түсіну, дер кезінде көмек көрсету, бұл қасиеттер мұғалім үшін аса маңызды дүние.

Ондай болса тілдесу өнеріне келейік. ҚАТЫНАС ЖАСАУ, ТІЛДЕСУ ӨНЕРІ: Өз мінез-құлқын, сезімдерін басқара алу; Бақылай, қадағалай алу; Назарды басқа жаққа аудара алу; Тәрбиеленушілердің ішкі жан дүниесін түсіне білу және оны ескере білу; жүзіне қарап оқи алу; Оқушылармен байланыс жасай алу;

Мұғалімнің өзін-өзі басқаруы, бақылау қабілетінің маңызыБасқару мәдениетінің негізгі компоненттері. Білім саласында еңбек ететін адамдардың басқару мәдениеті, олардың кәсіптік-педагогикалық мәдениетінің құрамды бөлігі болып табылады. Дәстүрлі ұғымда кәсіптік-педаго-гикалық мәдениет негізінен педагогикалық қызметтің нормалары, ережелері, педагогикалық техника және шеберлікпен байланыстырылады. Ал, соңғы жылдардағы психологиялық-педагогикалық зерттеулер педагогикалық мәдениет категорияларына педагогикалық құндылықтар, педагогикалық технология және педагогикалық шығарма-шылықты да қосатын болды.Мектеп басшысының басқару мәдениеті, оның тұлға ретінде мектеп басқарудың технологиясы мен құндылық-тарын жасау, игеру және оны алға жылжытуға бағытталған жұмыстарда өзінің шығармашылық күш-қуатын танытуы. Мектеп басшысы басқару қызметінің процесінде басқару-дың жаңа теориясы мен концепциясын игеріп, ептілік пен дағдыларды меңгереді. Педагогикалық жүйені басқарудың құндылықтары сан алуан. Олар: әртүрлі деңгейдегі тұтас педагогикалық процесті басқарудың мәні мен маңызын ашатын құнды-лық-мақсаттар; білім жүйесін басқару мақсаты, мектепті басқару мақсаты, педагогикалық ұжымды, оқушылар ұжымын басқару мақсаты, тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамытуын басқару мақсаты және бағалау құндылық-мағлұматтарға басқару қызметіне реттеушілік сипат береді; құндылық-білімдер басқару саласындағы мектептің білімінің мәні мен маңызын ашады; басқарудың әдістемелік негізін, мектепішілік менеджментті білу, ауыл және қала мектептері мұғалімдерімен жұмыстың ерекшеліктерін білу, педагогикалық процестерді басқару тиімділігін критерийлерін және т.б. Құндылық-қатынастар педагогикалық процеске қатысушылар арасында өзара байланыстың, кәсіптік қызметке, өзіне деген қатынастың, педагогикалық және оқушылар ұжымындағы тұлғааралық қатынастардың мәнін ашады;

Кәсіби құзырлылықтың мәні

Қазақстан Республикасының жаңа формация педагогінің үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасында” жаңа қоғам мұғалімін “рухани адамгершілігі жоғары, азаматтық жауапкершілігі мол, белсенді, жасампаз, рефлексияға қабілеті басым, экологиялық білімді, шығармашыл тұлға, өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі көрсетуге ұмтылыс, әдіснамалық қалыптасуының жоғары деңгейін сипаттайтын әлеуметтік, тұлғалық, коммуникативтік, ақпараттық және біліктіліктің басқа түрлерін меңгерген құзырлығы жоғары маман” деп сипаттайды. Бұл болашақ маман дайындау үлгісінде оның тұлғалық сапалары мен қасиеттерін қалыптастырудың маңызын көрсетеді. Тұлғалық-бағдарлық бағытта білім беру нәтижесі білім, біліктілік және дағды жүйесіне, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесіне және эмоционалды көңіл-күйді көрсете білуге, ерікті қарым-қатынасқа педагогикалық бейімделген тұлғаны қалыптастыру ретінде түсіндіріледі.

Сондықтан маманның кәсіби құзырлығының әлеуметтік және тұлғалық түрлеріне ерекше мән беріледі. Бұл үшін, біріншіден, ақпараттық қоғамда кез келген маманның іс-әрекеті күшейтіледі, екіншіден, білім парадигмасының өзгеруі кәсіби білім, біліктілік пен дағдыға маманның дайындығын қалыптастырудың, ойлаудың әдіснамасын дамытудың қажеттілігін көрсетеді, үшіншіден, ізгілікті және әлемдік интегративті үрдістер тенденциясы алдымен көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың қажеттілігін айқындайды.

Маманның кәсіби дайындығының классикалық үлгісі мазмұндық, тұлғалық және процессуалдық технологиялық бөліктерден тұратыны белгілі. Қазіргі білім беру стандарттары компетенция, компетенттілік ұғымдары арқылы дайындауды ұсынады.

Компетенция” ұғымы латын сөзінен шыққан, ол адамның мәселелерге жақсы хабардарлығын, анымдар мен тәжірибелерді меңгеру аумағын білдіреді. Педагог-ғалымдар берген анықтамалар төмендегідей:

  • компетенция – оқушының меңгерген білімін, оқу біліктері мен дағдыларын, әрекет тәсілдерді өмірде тәжірибелік және теориялық міндеттерді шешу үшін пайдалана алуы;

  • компетенттілік – пайда болған мәселелер мен міндеттерді жедел түрде шешуге мүмкіндік беретін, түсініктілік жүйесінің және соған сәйкес түсінудің, сыни ойлаудың болуын талап ететін, тәжірибелік әрекеттерді жүзеге асыруға қабілеттілік;

  • компетенция – тұлғаның белгілі бір пәндер шеңберінде қатысты білімі, біліктілігі, дағдысы мен іс-әрекеттері тәсілінің өзара байланысқан сапаларының жиынтығы;

  • компетенция – адамның өзінің іс-әрекет саласына сай компеиенцияларды меңгеруі.

М.Чошанов кәсіби құзырлылықты “кәсіби шеберлік деңгейі жүйесінде орындаушылық пен жетілдірушілік арасында аралық мәнге ие болу” деп түсіндіреді.

Біріншіден, құзырлылық нақты жағдайда ұтымды қолдану үшін жаңа ақпаратты меңгеріп, үнемі білімді толықтыруды ұсынады. Екіншіден, құзырлылық тек білімді меңгеруге ғана емес, білімге байланысты міндеттерді шешуге әлеуетті дайындықты көрсетеді. Демек, ол өзіне мазмұнды білім және процессуалды біліктілік компоненттерді енгізеді. Сондықтан компетентті маман жағдайға байланысты сай келетін әдістерді қолдануы тиіс. Ал әдістердің икемділігі құзырлылықтың маңызды сапасы ьолып табылады.

Үшіншіден, компетентті адам сыни тұрғыдан ойлауды меңгерген болуы қажет.

Сонымен құзырлылық ұғымының мазмұны төмендегі негізгі белгілерден тұрады:

  • білімнің жұмылдырылуы, білімді пайдалана білуі;

  • әдістердің икемділігі;

  • сыни ойлауы;

  • шешімді қабылдау іскерлігі, біліктілігі.

Маманның кәсіби даярлық құрылымында арнайы, әлеуметтік және тұлғалық құзырлылықты қалыптастыру айқындалған. Оны төмендегі сызбадан көруге болады.

Кәсіби құзырлылық

арнайы

әлеуметтік

тұлғалық

Өзінің мамандығына сәйкес білімі, біліктіліг, дағдысы, жаңа білім мен білікті өз бетімен меңгеру, өз еңбегінің нәтижесін бағалау, біліктілігінің болуы

Тіл туралы білімнің, коммуникативті мәдениетінің, топтың іс-әрекетке, басқамен ынтымақтастыққа қабілеттелегінің, өзінің іс-әрекетінің нәтижесіне, қоршаған ортасы мен құндылыққа дайындығының болуы

Өзін-өзі тану бойынша біліктілік, дағдысының, кәсібін үнемі жетілдіруге, өзін-өзі белсендіруге, рефлексияға, кәсіби іс-әрекет тұлғаның дамуына дайындығының болуы

Өзінің саласына сұранысы бар кәсіби маман

Педагогикалық қызметтегі оқытушылардың инновациялық - креативтілік мәдениеті ұғымы.

Мектеп оқытушысының “Инновациялық – креативтілік мәдениеті” ұғымы төмендегі мәдениеттерді қамтиды:

  • материалдық және рухани;

  • тұлғалық және әрекеттік;

  • қарым-қатынас және тәртіп;

  • ізгіліктілік және әдіснамалық.

Басқаша айтқанда педагогикалық мәдениет феноменін педагог-профессионал тұлғаның интегралдық сапасы ретінде, тиімді педагогикалық қызметтің шарты және алғы шарты ретінде, оқытушының кәсіби құзіреттілігінің жалпылама көрсеткіші ретінде және кәсіби өзін-өзі жетілдірудің мақсаты ретінде қарастыруға болады.

Әдістемелік негіздеу тұрғысынан инновациялық – креативті мәдениет моделін аксиологиялық, технологиялық және тұлғалық-шығармашылық элементтері құрайды.

  1. Инновациялық – кретивтілік мәдениеттің аксиологиялық компоненті адамзат құрған жоғарғы мектептің қалыптасуының қазіргі заманғы даму кезеңінде біртұтас педагогикалық құндылықтар жиынтығынан құралған. Педагогикалық қызмет үрдісінде оқытушылар идеялар мен тұжырымдамаларды меңгереді, педагогикалық қызметтің ізгілік технологиясының құрамдасы білім мен іскерлікті игереді және олардың нақты өмірде қолданыс табу деңгейіне байланысты қаншалықты дәрежеде маңызды екенін бағалайды. Осы сәтте қоғам және жеке педагогикалық жүйе үшін аса маңызды идеялар, тұжырымдамалар педагогикалық құндылықтар болып табылады.

Педагог педагогикалық құндылықтарды мойындай отырып, педагогикалық қызметті меңгеріп, дамытқанына қарай, педагогикалық капиталды игергеніне байланысты өз ісінің шебері болады. Жоғары мектеп пен педагогикалық ойлардың тарихы – бұл үнемі бағалау, қайта аңғару, түсіну, құндылықтарды орнату, белгілі идеялар мен педагогикалық технологияларды жаңа жағдайға көшіру процесі. Ескіден, дәстүрліден жаңаны көре білу, оны абыройына қарай бағалау, оқытушының педагогикалық мәдениетінің айқын компоненті.

  1. Инновациялық-креативтілік мәдениетінің технологиялық компонентіне оқытушының педагогикалық қызметінің тәсілдері мен әдістерін жатқызуға болады. Педагогикалық мәдениеттің құндылықтары мен жетістіктері тұлғаның іс-әрекет процесінде меңгеріледі және құрылады. Бұл – мәдениет пен іс-әрекеттің үзілмес байланысын дәлелдейтін факт.

Педагогикалық қызмет өз табиғатында технологиялық, сондықтан оны әр алуан педагогикалық мәдениеттің мәнін түсінуге көмектеседі, ол тарихи ауысып отыратын әдістер мен қарым-қатынасқа байланысты іс-әрекет бағыттылығын түсіндіреді. Нақ осы жағдайда педагогикалық мәдениет педагогикалық шындықты реттеу, сақтау, қайта жаңғырту және дамыту функциясын атқарады.

  1. Инновациялық-кретивтілік мәдениеттің тұлғалық-шығармашылық компоненті шығармашылық акт ретінде оны игеру және іске асырудың механизмін ашады. Оқытушының дағдыланған педагогикалық құндылықтарды иемденуі тұлғалық-шығармашылық деңгейде өтеді. Педагогикалық мәдениет құндылықтарын игере отырып, тұлға оларды қайта өзгерту, өзінше беруге қабілетті, бұл оқытушының тұлғалық ерекшеліктері және оның ғылыми-педагогикалық қызмет сипаттарымен сипатталады.

  2. Инновациялық – креативтілік мәдениеттің эвристикалық компоненті “эвристиканың ұғынымдылығы” атты когнитивті эмпирикалық әдісі түсіндіреді. Эвристика – қарапайым тиімді ойлау стратегиялары. Эвристиканың ұғынымдылығы айқын сипаттамалар негізгі базалық статистикалық ақпаратқа қарағанда нанымды екенін көрсетеді.

Жоғары мектеп оқытушысы өзінің кәсіби іс-әрекетінің ерекшелігіне байланысты ғылыми және педагогикалық шығармашылықты үйлестіреді. Әрине, ғылым іс-әрекет сипаты, ғылыми міндеттерді шешу алгоритмін педагогикалық тұрғыдан себептестігінің заңдылығын зерттейді. Бірақ, педагогикада шығармашылық процесс сұлбасы жалпы түрде эвристикалық ашылған шығармашылық құрылымына сәйкес келетіні белгілі. Бұл жағдай мазмұндық жоспарда сәйкестік фактісі орын алса, процессуалдық қарым-қатынаста педагогикалық шығармашылық ерекшеліктер қатары табылғандығымен маңызды.

Бақылау сұрақтары:

  1. “Инновациялық – креативтілік мәдениеті” ұғымын түсіндіріңіз.

  2. Педагогикалық мәдениет феноменін түсіндіріңіз.

  3. Әдістемелік негіздеу тұрғысынан инновациялық – креативті мәдениет моделінің элементтері қандай?

  4. Инновациялық – кретивтілік мәдениеттің аксиологиялық компонентін түсіндіріңіз.

  5. Инновациялық-креативтілік мәдениетінің технологиялық компоненті дегеніміз не?

  6. Инновациялық-кретивтілік мәдениеттің тұлғалық-шығармашылық компоненті дегеніміз не?

  7. Инновациялық – креативтілік мәдениеттің эвристикалық компонентін түсіндіріңіз.

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ

1. Педагог шеберлігі, оның компоненттері:

Тәжірибелік тапсырма :

Сонымен, 1) Болашақ мектептің мұғалімі қандай болу керек?

2) Мұғалім профессиограммасын жаса:

Рангілеу

Бастауыш мектеп мұғалімі

Ағылшын тілі мұғалімі

Тарих пәні мұғалімі

1.

Оқытушылық қабілет

(әрі оқытушы, әрі тәрбиеші).

2.

Қоғамдық жауапкершілік.

3.

Тәртіптілік.

4.

Әділдік

5.

……

6.

7.

8.

9.

10.

11.

3) Г.Г. Воробьев («Школа будущего…»). Три лица учителя. (Мұғалімнің үш қыры) – тәрбиеші, ұйымдастырушы, лектор болуы керек дейді? Сіздер қалай ойлайсыздар?

4) Егер дәрігерлерше «Гиппократ анты» секілді мұғалім ант беретін болса, қандай ант берген болар едің? (сенің позицияң?)

5) Бұл мамандықты таңдаған себебің?

6) «Менің сүйікті мұғалімім». (Эссе).

7) мұғалімнің визит карточкасын толтыр.

8) Бала көзімен: Мұғалімнің 20 қасиеті (рет-ретімен, бірінші орынға қандай қасиетін қояр едің? Екінші орынға ше?...)

9) Мұғалімге дәл сипаттама беретін төмендегі адамдардың қайсысы деп ойлайсың?

1. жақсы оқитын балалар;

2. үлгермеуші оқушылар;

3. «орташа» оқушылар;

4. әріптестері;

5. ата-аналары.

ІСКЕ СӘТ !

Ұсынылатын әдебиеттер:

Сұлтанова Ғ.Т. Педагогика. Студенттердің өзіндік жұмыстары. Алматы, 2007

Синица И. Е. Педагогтік әдеп және ұстаздық шеберлік. -Алматы, 1987.

Зязюн И. А. Основы педагогического мастерства. -М., 1989. Педагогикалық шеберлік негіздері / И.А.Зязюнның түзетуінде – М., 1989

Занина Л.В., Меншикова Н.П. Педагогикалық шеберлік негіздері – Ростов на Дону, 2003

Кукушкин В.С. Педагогикалық қызметке кіріспе – Ростов на Дону, 2002.

Абдуллина О.А. Жоғарғы педагогикалық білім беру саласындағы мұғалімді жалпы педагогикалық дайындау.

Педагогикалық мәдениетке кіріспе / Е.В.Бондареваның түзетуімен – Ростов на дону, 1995.

Грехнев В.С. Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті – 1990

Елканов С.Б. Болашақ мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу негіздері – М., 1989.

Кан-Калик В.А., Никандаров Н.Д., Педагогикалық шығармашылық – М., 1990.

Коджаспирова Г.М. Педагогтің кәсіби білімін көтеру мәдениеті – М., 1994.

Әдістемелік нұсқау: Берілген тапсырмаларға жазбаша анықтама беріңіз. Көрнекі педагогтардың шеберлігіне мысал келтіргенде, көрнекі педагогтардың аты-жөні, еңбегінің атауы, шыққан жылына сілтеме жасауды ұмытпаңыз. Педагогикалық шеберлік элементтері компоненттерін кестеге түсіріңіз.

Тақырып: Тиімді қарым-қатынас – педагогикалық шеберліктің негізі

Педагогикалық қарым ‒ қатынас қызметі

Педагогтық әдеп – мұғалімнің кәсіптік сапасы. Ол педагогтық білім мен педагогтық тәжірибені қоса алғанда пайда болатын педагогтық шеберліктің құрамдас бөлігі болып табылады. Әр мұғалімнің дара ерекшеліктеріне бағынбастан педагогтық әдепті дамытуға септігін тигізетін жекелеген психологиялық және педагогтық жайттарды бөліп көрсетуге болады. Аталған жағдайлардан басқа сергектік, сезімталдық, сенім, әділдік, байсалдылық, ұстамдылық сияқты қасиеттерді бөліп алып қарауға болады.

Сабақта студенттер тақырып бойынша алдын-ала дайындалған мұғалімдер мен оқушылардың қарым-қатынасын жетілдіруге арналған психотехникалық жаттығуларды басшылыққа ала отырып өткізіледі. Студенттер әртүрлі жаттығулармен танысып, сол жаттығуларды орындайды. Сабақ соңында жаттығуларды өткізуге байланысты талдау жүргізіліп, қорытынды жасалынады, белсенділік танытқан студенттер жұмысы бағаланад

Қарым ‒ қатынас құралы және қарым ‒ қатынас түрлері

Қарым ‒ қатынас біріккен іс-әрекет қажеттілігін туғызатын адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көп жоспарлы процесс. Адамдардың танымдық хабарлар алмасуы, өзара түсінісуі, бір-бірін қабылдауы. . Бұл қарым-қатынас адамның сөйлеуді меңгеруінің арқасында іске асады. Ол өзінің ойын, білімін, өзінің сезімін басқа адамдарға хабарлай алады және өзі басқа адамдардың ойын түсіне алады, олардың сезімдері мен ұмтылыстары туралы білуге мүмкіндік алады. Тілдің көмегімен сөйлеу қарым-қатынасында әрбір адам білімнің көп бөлігін басқа адамдардан алады. Жинақталған тәжірибені және білімді меңгеруге оқыту үрдісі жатады.Сөйлеу — тілдің көмегімен адамдардың өзара қарым қатынас үрдісі.

Қарым-қатынастың түрлерi: 1. Маскiлi қарым-қатынастар; бiр күннiң iшiнде бiрнеше маска кию. Формалды қарым-қатынас, яғни мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге талпынамыз (сыпайлық, қаталдық, тұйықтық).

Шынайы сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн, эмоцияларын қарым-қатынас барысында көрсетпейдi. 2. Формалды рөлдiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк рөлi маңызды болып табылады.

3. Iскерлiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi, жасы, көңiл-күйi ескерiледi. Сонымен бiрге оның iске деген қызығушылығы мәндiк маңызды орын алады. 4. Достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы – мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi. 5. Маникулятивтiк қарым-қатынас сұхбаттасушыдан белгiлi бiр пайда табуға бағытталған. Ол үшiн сұхбаттасушының тұлғалық ерекшелiгiне байланысты түрлi әдiстер пайдаланады.

6. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас. 

Коммуникациялық жүйе – бұл алынатын және берiлетiн ақпаратты түсiнудi қамтамасыз ету

мақсатында адамдар арасындағы хабар алмасу.

Коммуникацияның негiзгi функциялары мыналар:

1.Информативтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесудi ұйымдастыру. 2.Интерактивтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесу түрлерiн пайдалана отырып сұхбаттасушының көңiл күйiне, сенiмiне мiнез-құлқына әсер ету. 3.Перциптивтi – қарым-қатынасқа түсушi серiктестердiң бiрiн-бiрi қабылдауы және өзара түсiнушiлiктi қалыптастыру. 4.Экспрессивтi – эмоционалды бастан кешiрулер сипатын өзгерту.

Педагогикалық қарым ‒ қатынастағы мұғалімнің тілі Оқушыларды оқуда да, одан тыс процестерде де ұйымдастыра отырып, оқытушы олармен өзара үнемі араласады. Әлеуметтік функцияны тасушы ғана емес, нақтылы жеке адам ретінде де көірентін мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы – педагогтық қызметтің құрамдас бөлігі. Оның оқушылармен қарым-қатынасы екі негізгі. Информацтялық және интегративті-компенсаторлы функция бар тәрбие процесінің өзіне тән жолымен басқару ретінде көрінеді. Бұл жерде хабар екі бағытта басқару субъектісінен (мұғалімнен) басқарылатын объектіге (оқушыға) және керісінше – объектінің субъектіге қарай жүреді. Тікелей адамдар арасындағы қатынаста педагог тәрбиелеушілер, жалпы коллектив туралы, ондағы ішкі процестер туралы сан алуан мәліметтер алып отыр. Өз ретінде, педагог қатынас процесінде тәрбиеленушілерге мақсатты бағытталған, оқушыларға оның үндеуінің шағын текстегі ретінде спонтанды, жарып шығатын қаптаған информация береді.Қатынасу арқылы мәліметтер алады. Тікелей қарым-қатынас жеке адамды түрлі жағдайда және жәйттерде танып ұғынуға мүмкіндік береді. Ол жеке адамның ашық, неғұрлым айқын байқалатын сыртқы қылықтарын біліп қоймай, майда шамалы мәлімденген қылықтарын ашуға мүмкіндік береді. Ал, олар жеке адамды түсіну үшін аса елеулі, маңызды ішкі процестердің байқалу нышандары болуы мүмкін

Педагогикалық қарым ‒ қатынас кезеңдері

Қарым-қатынас -адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.

Педагогикалық қарым-қатынас бір адам екінші адаммен тәжірибе (білім, икем, дағды, жалпы адамзаттық мәдениет, ұлттық құндылықтар т.б.) алмасқанда болады; ол әрбір профессионалды  қарым-қатынаста болады, сондықтан да педагогикалық стильдерді кейде бізбен сипаттаған басшылық стильдеріне ұқсатады.

Педагогикалық стильдердің артық көруі мен адамдардың Мен-концепциясының арасындағы байланыс табылды: автократиялық стиль көбінесе өзін білмейтін және қабылдамайтын адамдарға сай, сынға жабықтығымен, ренжігіштігімен, эмоционалды регидтілігімен мінезделеді. Және, керісінше, демократиялық стильді ұстанатын педагогтарда әдетте позитивті Мен-концепциясы болады, ашық және мейрімді, сынға төзе алады, өзіндік ирониясы болады және өзіндік өзгеруге дайын.

Педагогикалық қарым-қатынастың мақсаттары туралы айта отырып, отандық зерттеуші  А.Б.Орлов « мұғалімнің тұлғалық центрациясы » деген терминді қолданды, оның ойынша ол педагог іс-әрекетінің жүйе құраушы мінездемесі болып табылады, оның көптеген көрінулерін анықтайды : педагогикалық стиль, қатынас, әлеуметтік перцепция (14). Сөйтіп, педагогикалық іс-әрекет мұнда сонымен қатар рухани-дүниетанымдық компоненттен бастап сипатталады.Орлов әрбіреуі педагогикалық іс-әрекетте басыңқы бола алатын негізгі жеті центрацияны бөліп көрсетеді: эгоистік (өзінің ”Мен” қызығушылығында), бюракратиялық (администрацияның, басшылықтың), конфликтік (әріптестерінің қызығушылығында), авторитетті (ата-ананың, қатысушылардың), танымдық (оқыту және тәрбиелеу талаптарында), альтруистік (қатысушылардың қажеттіліктерінде), гуманистік (өзіндік мән мен басқа адамдардың-администратордың, әріптестердің, ата-аналардың, қатысушылардың мәндерінің көрінулерінде).Орлов бойынша центрация тәлімділік іс-әрекетінің әдісі мен сәттілігін анықтайды.

Басқа отандық зерттеушілер, бағдарлардың маңыздылығын мойындай отырып, көбінесе сабақ беруде қолданылатын тәсілдерге шоғырланады (11). Н.К.Марков пен А.Я.Никонованың ойынша педагогикалық стильдің негізінде мазмұнды сипаттамалар (педагогтың өз еңбегінің процесі мен нәтижелігіне бағдары, өзінің еңбегіндегі бағдарлық және бақылаушы-бағалаушы кезенін ашу, әдістемелілігі мен импровизациондылығы), динамикалық сипаттамалар (икемділік, тұрақтылық, бір нәрседен келесі нірсеге көңіл ауысымдылығы) және нәтижелілік (оқып жатқандардың білімдерінің деңгейі мен оқытудың дағдысы) жатыр. Авторлардың зерттеулері көрсеткендей педагогтың индивидуалды стилінің қалыптасу процесінде стильдің мазмұнды сипаттамалары өзгеруі мүмкін, ал динамикалық сипаттамалардың өзгеруі, яғни эмоционалдылық пен саналылықтың өзара өтуі анықталған жоқ.

Маңызды қарым ‒ қатынас мұғалімнің тұлғалық сапасы

Мұғалім-баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы,маңызды тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы,жарқын үлгісі,бала қиялын самғатып,арманын көкке ұсындырушы басты тұлға.Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік –саяси қоғам мүшесі ретінде қалыптасуында тәлім-тәрбиенің маңызы зор екендігі белгілі.Ендеше қоғамдағы қол жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны пайдаланып,биік адамгершілік қасиеттерге баулу,тәрбиелеу-мұғалімнің басты міндеті.Мұғалім жан-жақты жетілген білімді,әдістемелік шығармашы- лық   шеберлік иесі,халықтық дәстүр,әдет-ғұрып пен салт-сана   ерекшеліктерін  әлеумет- тік  қарым-қатынастар түрлерін кәсіби түрде меңгеруі тиіс. Әсіресесе осы кәсіби білік дағ- дыларын шыңдауы оның ұстаздық тәжірибе жинақтауының ең басты алғы шарты болып табылады.[2]

Келешекте біздің еліміз басқа тәуелсіз елдермен терезесі тең болып өмір сүруі үшін қазақ балаларын ешкімнен кем қылмай,мектеп қабырғасынан-ақ жан-жақты білімді, тәрбиелі етіп шығару үшін сынып жетекші ұлттық құндылықтарды басшылыққа ала отырып тәрбие жұмысын жүргізген абзал.

Қазіргі таңда мұғалім болу,тәрбиеші болу оңай жұмыс емес.Басқа ешбір мамандық адамға дәл мұғалімге қойылғандай талаптар қоймайды.Педагогтық қызметтің жетістігін бағалау да өте қиын. 

Адамға үйірсектілік педагогтың кәсіби тұлғалық сапасы

Қазіргі қоғамның адамгершілік қасиеттерінің деңгейі төмен болуы, рухани құндылықтардың бұзылуы. Девиантты мінез-құлықты балаларды түзету күрделі әрі қиын әрі ұзақ процесс. Оны іске асыруда көп шыдамдылық пен белсенділік қажет. Қазіргі, осы саладағы әлеуметтік, педагогикалық талаптар мен жүзеге асырылып жатқан тәжірибелер негізінде, бұл саладағы тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда мынадай шарттарды орындау қажеттігі туады:

балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау;

оның жағымды қасиеттеріне сүйену;

оның адамгершілік күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сену;

оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жасалған жалпы білім беретін

бағдарламаларды тиімді пайдалану;

салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қауіпсіз тіршілік етуге бағытталған тәрбиелік бағдарламаларды ұштастыра пайдалану;

девиантты мінезге ие балалардың білім алуы мен бос уақытын пайдалы іс-әрекеттермен өткізу жолдарын қарастыратын жаңа кешенді бағдарламалар құру;

Педагогикалық қарым-қатынасқа қойылатын жалпы талаптар жүйесі.Оқушылар мен ұстаздар арасындағы өзара қарым-қатынас жасау мәселесі-психология ғылымындағы және тәлім-тәрбие ісіндегі әрі маңызды, әрі күрделі проблемалардың қатарына жатады. Бұл салада жүргізілген бірсыпыра зерттеулер мен осы бағытта жинақталған тәжірибелердің нәтижелері жасөспірімдер мен ұстаздар, оқушылар мен тәлімгерлер арасындағы қарым-қатынас орнатуда айтарлықтай ерекшеліктер мен сипаттар түрліше түсініктер бар екендігін көрсетті. Негізінен педагог пен оқушы арасындағы қатынаста бірнеше талаптар ескеріледі:яғни белгілі дистанцияның болуы,сыйластық,түсіністік,тыңдай білу мен пікір айту қабәлеті секілді шарттық ұғымдар пайдаланылады.Педагогикалық қарым-қатынас негізінде бала мен ұстаздың өзіндік ролі мен орны айқындалады.

Тәжірибелік сабақ

2. Шеберлік – педагог қызметінің биік деңгейі ретінде

Тәжірибелік тапсырма: Ұстаздық шеберліктің көрінісі, профессиограммасын атап, мысал келтіріңіз. Ұстаз туралы халықтың, кейбір ұлы адамдардың қанатты сөздеріне талдау. Бүгінгі ұстаздық қызметтің мақсаты мен міндеттерін атаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Мұхамбетжанова Ә. М. Мамандыққа кіріспе. - Орал, 2005

2. Шахуров Р. X. Педагогтың шығармашылық өсуі. - М:, 1995.

3. Мудрик А. В. Мұғалім: шеберлік пен шабыт. - М., 1986. Әдістемелік нұсқау: Профессиограма ұғымының мәнін бірнеше

әдебиеттер бойынша анализ жасаңыз.Өзіндік талдау жасау керек. Ұлы адамдардың қанатты сөздерін кестеге түсіріңіз. Бүгінгі ұстаздық қызметтің мақсаты мен міндеттерін белгілі құжаттар негізінде анықтаңыз.

3 Мұғалімнің жеке басы және оның кәсіби-педагогикалық қызметтегі қалыптасуы

Тәжірибелік тапсырма: Мұғалімнің жеке басы ұғымының мәнін ашыңыз. А. С. Макаренконың мұғалімнің жеке басына қойылатын талаптарын анықтаңыз.

Педагогикалық қызметте қажетті негізгі дағдылар мен іскерліктерге сипаттама беріңіз және мысал келтіріңіз:

- мақсаттылық;

- зерттеушілік

- құрастырушылық;

- танымдық;

- қарым-қатынас;

- реттеушілік;

- ұйымдастырушылық;

- бақылау-бағалау:

- болжау.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Макаренко А. С. Ұстаздық дастан.-М., 1989.

2.Рубинский Л. И. Мамандыққа кіріспе. Аударған Т. Айнабекова. Алматы, 1991

3. Абдуллина О. А. Мұғалімнің кәсіптік білім беру жүйесіндегі жалпы педагогиканың дайындығы. - М., 1990

Әдістемелік нұсқау: Берілген тапсырмаларға жүйелі жазбаша жауап дайындаңыз. А.С. Макаренконың мұғалімнің жеке басына қойылатын талаптарын талдап, өзіндік пікіріңізді қосыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]