Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бекбердиева Аида.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
46.89 Кб
Скачать

27.Химия сабағында қолданатын жаттықтыру, машықтандыру жұмыстарының мәтіндерін сұрыптау деңгейліктерін талдаңыз

Жаттығу – бұл қарапайым кұрылымы және орындалу сипаты бойынша, репродуктивті және ішінара іздер әрекет үдерісіне білім мен дағдыны тередетуге және жетілдіруге бағытталған танымдық тапсырма. Жаттығу жаңа өткен сабақты бекіту үшін, ұғымдар мен заңдарды қорытындылауға, теориялық жағдайлар немесе жетекші идеяларды, заңдылықтарды, химияның такырыптары немесе тарауларына арналған болуы мүмкін.

Органикалық химиядан жаттығуларга түрлі мысалдар келтіреміз.

- Метан молекуласынын шарстрежн үлгісін дайынданыз.

- Реакция тендеуін кұрастырыныз:

CH4 + Br2 = …; CHCl3 + Cl2 = ... .

- Этилен молекуласындағы сигма байланыстардың түзілу сұлбасын салыныз.

- Келесі заттардың кұрылымдық формуласын жазыныз: 3-метил пентен-2; 2,3-диметилбутен-2.

Келесі айналулар калай жүзеге асады: бензол – хлорбензол – фенол – пикрин қышқылы?

Жеке жұмыс үшін жаттығу әдетте дидактикалық карточкада көрсетіледі.

Дидактикалық карточка

Берілген заттардың формулалары:

NaOH, H2O, HCl, H2S, Na2SO4, CuO,

H2CrO4, SO3, Fe(OH)3, Al2O3 және т.б.

Тапсырма: оксидтердің формуласын атап көрсетіңіз.

Берілген жаттығу тану (оқытудың ең төмен деңгейін) деңгейін жобалайды. Бірақ бұл жаттығуды орындау үлгерімі төмен (артта қалған) оқушыларга біраз қиындық туғызуы мүмкін, себебі бұл тапсырма жалпыланган ООД типті, ал ООД сұлбасы толық емес. Бұл оқушыларға іс-әрекет алгоритмін беру қажет: оларға "бағдар" - бір элементі оттек, бинарлы қосылыс. Берілген мысал химияны оқытуда психологиялық-педагогикалық негізді есепке алу қажеттігін бейнелі үлестіреді. Материалданған "тасымалдаушы" әртүрлі коп санды жаттығуларды әртүрлі тренингті дидактикалық карточкалар жүргізеді.

43. Дидактикалық эксперименттің әдістемесін, факторларын және оның орындалу жағдайларын талдаңыз.

Химиялық эксперимент үш бірлескен функцияны атқарады: білім беру, тәрбиелеу (моральдық-рухани, еңбекпен, эстетикалық, экономикалық және т.б.) және дамыту (есте сақтауды, ойлау қабілетін, эмоцияны, ерік, жігер және т.б.). Ол химиялық объектілерді түсіну, оқу барысында туындаған мәселелерді шешу мен гипотезаны тексерудің таңдаулы және арнайы әдісі болып табылады. Сонымен қатар, химиялық эксперимент – химиялық түсініктердің арнайы иллюстрациялық құралы, оқыту мәселелерін зерттеудің құралы, білімді тәжірибеде қолдану, толықтыру, бекіту, химиялық білімнің шынайылығын дәлелдеу, жан-жақты жеке бас қасиеттерін тәрбиелеу мен дамыту. Заманауи мектепте оқыту құралы ретінде химиялық эксперименттің әртүрлі түрлері қолданылады (демонстрациялық, лабораториялық және т.б.). Демонстрациялық химиялық эксперименттің негізгі мақсаттары: 1) химиялық құбылыстардың мәнін ашу; 2) химиялық түсініктер жүйесін қалыптастыру; 3) оқушыларға лабораториялық жұмыстар жасауды және техника қауіпсіздік ережелеърін сақтауды үйтеру. Лабораториялық химиялық эксперименттің негізгі мақсаттары: 1) оқушыларға жаңа білімді тереңірек игерту; 2) терең, нақты және нәтижелі білім мен білікті қалыптастыру; 3) химиялық эксперимент пен шығармашылық ойлау тәжірибесін игерту. Практикалық сабақтардың негізгі мақсаттары: 1) өтілген материалды бекіту мен толықтыру, 2) химиялық білімді тәжірибеде қолдану білігін дамыту, 3) практикалық эксперименталдық білікті толықтыру мен қалыптастыру.

Химияны оқыту барысында оқушылардың химиялық экспериментінің әртүрлі түрлері маңызды рөл атқарады (демонстрациялық эксперимент, лабораториялық тәжірибе, лабораториялық жұмыс, тәжірибелік сабақтар, практикум). Оқытушының демонстрациялық экспериментінің негізгі дидактикалық міндеті – жаңа материалды оқу барысында химиялық объектілер жайлы нақты көзқарасты қалыптастыру; лабораториялық тәжірибелер – қандай да бір химиялық объектінің жеке жақтарын ашу; лабораториялық жұмыстар - қандай да бір химиялық объектінің көп жақтарын ашу; тәжірибелік жұмыстар – эксперименттік білікті қалыптастыру; практикум – жалпылама эксперименттік білікті қалыптастыру міндетін атқарады. Оқыту құралы ретінде химиялық экспериментті ұйымдастыру және әзірлеу кезінде химиялық тәжірибелердің картотекасын (соның ішінде қызықты тапсырмалар, инструкциялық, алгоритмдік және эвристикалық тапсырмалар) тапсырмаларды алдын-ала дайындау маңызды орын алады. Химиялық тәжірибелердың картотекасында болуы тиіс алгоритмдік және эвристиклық тапсырмалардан мысалдар келтірейік.

Эвристикалық тапсырмалар үшін іс-әрекетті жобалау ғана емес, сонымен қатар берілген сұрақтар жауап т абу мақсатында өздігінен іздену жүргізуге талаптар сипатталады.

Инструкциялық карточка

«Фараонды жылан» химиялық тәжірибесі.

  • Асбесттелген торға уротропиннің ащы ұнтағын салыңыз.

  • Қыраттарының жоғарғы жағына бірдей қашықтықта норсульфазол таблеткаларын қойыңыз.

  • Асбесттелген торды алдын-ала тексерілген тәжірибемен демонстрациялық үстел үстіне қойыңыз.

  • Сіріңкемен қыраттардың жоғарғы жағын жағыңыз.

  • Норсульфазолдың үш таблеткасынан үш бөлек «жылан» пайда болуын қадағалаңыз.

  • Пайда болып жатқан «жыланның» жалынын түзеңіз.

Ескерту. Демонстрациялық үстелде жылтыраған тоқ жасыл түстес әдемі «жылан» пайда болады. Бұл тәжірибені сыныптан тыс сабақта ғана емес, сондай-ақ сабақ кезінде де қолдануға болады.

Эвристикалық тапсырма карточкасы

«Химиялық хамелеон» химиялық тәжірибесі.

  • Стақанға калий хроматы ерітіндісін құйыңыз.

  • Ерітінді қандай түсте екенін белгілеңіз (?).

  • Ерітіндіні күкірт қышқылы тамшыларымен қышқылдаңыз.

  • Түзілген ерітіндінің түсін белгілеңіз (?).

  • Ерітіндіні шыны таяқшамен араластырыңыз.

  • Ерітіндіге аздап эфир тамызыңыз.

  • Ерітіндіге сутек пероксидін құйыңыз.

  • Эфир қабатының түсін белгілеңіз (?).

  • Сутек пероксиді ерітіндісін қосыңыз.

  • Хром (III) қабатындағы түсті анықтаңыз(?).

Ескерту. Ерітіндінің түсінің өзгеруі хромның әртүрлі ортада тотығу дәрежесінің өзгеруімен байланысты.

Жауап: түсінің өзгеруі: ашық сары, қазғылт сары, көк, жасыл.

Эвристикалық тапсырма

«Жалынсыз түтін» химиялық тәжірибесі.

  • Таза цилиндр ыдысқа бірнеше тамшы концентрлі тұз қышқылын құйыңыз.

  • Цилиндрді пластинкамен орап жауыңыз (неліктен?).

  • Екінші бір цилиндрге бірнеше тамшы аммиак ерітіндісін құйыңыз.

  • Пластинкамен жабыңыз (неліктен?).

  • Оны бірінші цилиндрден алшақтау жерге қойыңыз (неліктен?).

  • Екі цилиндрдіңде «бос» екенін оқушыларға көрсетіңіз.

  • Тұз қышқылы тамшылары құйылған цилиндрді түбін жоғары көтеріп аударыңыз (неліктен?).

  • Оны аммиак цилиндрінің пластинка оралған жеріне үстінен қойыңыз.

  • Цилиндрді сол қолыңызбен ұстаңыз (неліктен?).

  • Оң қолыңызды пластинкамен оралған цилиндрлер арасынан абайлап алыңыз (неліктен?).