- •3.Заманауи оқу жүйесіндегі дидактиканың орнын анықтаңыз
- •11. Педагогикалық жүйеге қажетті және жеткілікті құрылымдық компоненттерді талдаңыз.
- •19 Химиядан білім берудің мазмұнын таңдағанда басшылыққа алынатын ұстанымды сипаттап беріңіз.
- •27.Химия сабағында қолданатын жаттықтыру, машықтандыру жұмыстарының мәтіндерін сұрыптау деңгейліктерін талдаңыз
- •43. Дидактикалық эксперименттің әдістемесін, факторларын және оның орындалу жағдайларын талдаңыз.
- •35. Химиядан білім берудің сапасын талдаудағы кіріктірілген әдістемені сипаттап беріңіз.
19 Химиядан білім берудің мазмұнын таңдағанда басшылыққа алынатын ұстанымды сипаттап беріңіз.
ең негiзгi, ғасырлар бойы педагогтар қауымы мойындаған дидактикалық принциптер жүйесi:
- ғылымилық,
- саналылық пен белсендiлiк,
- көрнекiлiк,
- жүйелiлiк пен бiрiздiлiк,
-берiктiлiк,
- тиiмдiлiк,
- теория мен тəжiрибенiң байланыстылығы.
Осы принциптердi талдаудан алдын принциптер мен ережелер байланысына тоқталайық. Педагогикалық ереже - жалпы принциптерге негiзделген белгiлi жағдайдағы белгiлi мақсаттағы педагогтық қызметтiң бейнеленуi. Ережелер оқыту принциптерiн қолданудың тəжiрибелiк жақтарын көрсетедi, теориядан тəжiрибеге көшу жолдарын айқындайды. Заңдылықтармен, принциптермен салыс-тырғанда ережелер мұғалiмге нақты педагогтық жағдайда қандай нақты шараларды пайдалану қажеттiлiгiн ұсынады.
Осы жерде айта кететiн жайт: ережелердi қатаң, мүлтiксiз орындау ұстаздың қолын байлап қояды; ережелерге немқұрайлы қарау оқыту сапасын төмендетедi. Сондықтан, əрбiр мұғалiм дидактикалық ережелердi типтiк, стандарттық жағдайларда тиiмдi пайдаланса, күрделi педагогтық жағдайларда дидактикалық принциптерге сүйенiп шығармашылық танытса қойылған мақсатына жетерi сөзсiз.
Ережелер принциптерге сүйенедi, принциптер ережелер арқылы жүзеге асады. Ережелер педагогтық тəжiрибенiң қорытындысы ретiнде дидактика принциптерiн қолдану құралы болады. Сонымен, педагогтар оқытудың принциптерiне сай қалыптасқан белгiлi ережелерге сүйенiп мақсат-мiндеттерiн iске асырады.
Бiздiң оқулықта арнайы қарастырылмаған принциптер көп, мысалы, мұғалiмнiң басшылық ролi; ынталандыру; проблемалық оқыту; дамыту, оқыту жəне тəрбиелеу бiрлiгi; iзгiлендiру; жас жəне дара ерекшелiктерiн назарға алу; кiрiктiру принциптерi.
Ендi принциптер мен ережелердiң мəнiн ашу жолдарын қарастырайық.
Ғылымилық принципi. Оқытудың ғылымилық принципiне орай оқушыларға ғылыми бiлiмдер мен ғылыми əдiстердi меңгерту керек. Бұл принциптiң астарында жатқан заңдылықтар: дүниенi танып бiлуге болады, адам өмiрiнде ғылымның рөлi күннен күнге өсуде, оқытудың ғылымилығы оқытудың мазмұны жəне мұғалiмнiң iс-əрекетi арқылы жүзеге асады. Мысалы, педагог ғылым жаңалықтарын адам үшiн қызмет ететiнiн түсiндiре отырып, оқушыларда дүниеге диалектикалық, ғылыми-материалистiк көзқарас қалыптастырады.
Жүйелiлiк пен бiрiздiлiк принципi. Бұл принциптiң өзектi негiздерi: адам миында сыртқы дүниенi бейнелейтiн өзара байланысты түсiнiктер жүйесi қалыптасқанда ғана, оның бiлiмi толық жəне шынайы болады; оқылатын оқу материалын белгiлi реттiлiкпен оқушыларға жеткiзгенде, олардың санасында ғылыми бiлiмдер жүйесi қамтамасыз етiледi; ғылыми бiлiмдер жүйесi оқу материалының iшкi логикасына жəне əрбiр оқушының таным мүмкiндiктерiне бағынышты; оқушыларды логикалық ойлауға үйрету, дағдыларын жүйелi түрде шынықтыру, олардың тұлғасын үзiлiссiз, кедергiсiз дамыту. Бұл принцип оқытудың ғылымилығы принципiмен тығыз байланыста болғандықтан, ғылыми бiлiмдер негiзiн оқушылардың жүйелi түрде жəне реттiлiкпен ұғынуы сабақтардың мазмұнының негiзгi өзегi болуы тиiс.
Əрбiр мұғалiм сабаққа əзiрлену барысында не сабақ барысында жүйелiлiк пен бiрiздiлiк принципiн жүзеге асыру үшiн келесi ережелердi назарға алады.
Теория мен тəжiрибенiң байланыстылығы принципi.
Бұл принцип философияның ''тəжiрибе - танымның iлкi бұлағы'' қағидасына негiзделген. Оның түбiнде көптеген заңдылықтар жатыр: оқытудың сапасы мен тиiмдiлiгiн тəжiрибе көрсетедi, тексередi, анықтайды; тəжiрибе - ақиқаттың көрсеткiшi; тəрбие өмiрмен, тəжiрибемен тығыз байланысты; теория мен тəжiрибе байланысы оқу мазмұнына, əдiстерiне, түрлерiне тəуелдi; оқушыларды мамандыққа бағдарлау сапасы жоғары болса, олар заманауи өндiрiске тез икемделедi.
Саналылық пен белсендiлiк принципi. Бұл принципке негiз болатын заңдылықтар: тек өз ақылымен қабылдаған сапалы да, саналы бiлiм адам бiлiмiнiң шынайы өзегi болады; оқушылардың бiлiмдi саналы түрде меңгеруi таным əрекетiнiң белсендiлiгi мен оқуға ынталануына, мұғалiм қолданатын əдiстерге тəуелдi, ғылыми бiлiмдердi меңгеруде саналылық, əрi белсендiлiк танытқан оқушылар ғана оны терең жəне ойларына берiк тоқулары сөзсiз.
Саналылық пен белсендiлiк принципiн жүзеге асыру үшiн мұғалiм оқыту процесiнде төмендегi оқыту ережелерiн басшылыққа алады.
Көрнекiлiк принципi
Оқыту жүйесiнде Я. А. Коменский көрнекiлiк принципiн оқу материалын меңгеру құралы ретiнде қарастырып, дидактиканың алтын ережесi деп атаған. Оқушылардың дүниетанымы негiзiнен көрнекiлiк арқылы жүзеге асырылады: олар заттардың өзiн немесе бейнесiн, көлемiн тiкелей көрiп, байқап таниды. Бұл принциптi соңғы ғылыми жетiстiктер де дəлелдедi. Мысалы, көру органдары миға есту органдарымен салыстырғанда 5 есе, сипалау органдарымен салыстырғанда 13 есе көп ақпарат өткiзедi екен. Көз арқылы алған мəлiметтердi адам жеңiл, тез, берiк есте сақтайды.
Көрнекiлiк принципiн жүзеге асырып, оқушылардың бiлiм көлемiн тереңдету, қызығушылығын арттырып жəне есте сақтау қабiлетiн шыңдау үшiн мұғалiм өз ойын оқушыларға нақтылы жеткiзуi үшiн қолданатын ережелердi атап өтейiк.
- ''Алтын ереже'': көруге болатынды - көрсету, есiте алатынды - естiрту, сезiне алатынның бəрiн -оқушылар-дың сезiм мүшелерiне сездiрту, түйсiк туғызу.
- Оқушылар заттың немесе құбылыстар мен оқиғалардың бейнелерiн, көлемiн, түр-түстерiн сөзбен емес көру арқылы əрi жеңiл, əрi тез есте сақтайтынын қамтамасыз ету.
- Қолданылатын көрнекi құралдардың өмiрмен байланысын қамтамасыз ету.
- Оқушылар тiкелей түйсiну, көру, есту мүшелерi арқылы əртүрлi заттардың формасын, түсiн, көлемiн, бейнесiн көрiп, дыбысын естуi негiзiнде оларда ой пайда болады.
Беріктік принципі. Оқытудың тиiмдiлiгiн, сапасын жақсарту үшiн оқушылардың бiлiмдерiнiң берiк болуы даусыз. Бұл принцип көптеген тəжiрибелiк жəне теориялық заңдылықтарға сүйенедi: оқушылардың бiлiм мазмұнын меңгеруi мен танымдық дамуы, оқу процесiнiң өзара байланысты екi жағы; бiлiм берiктiгi оқушының мұғалiмге, оқу пəнiне, жалпы оқуға деген субъективтi қатынасына тəуелдi; оқушылардың бiлiм берiктiгi оқытудың ұйымдастырылуы, түрi, əдiстерi, уақыты арқылы қамтамасыз етiледi; қызықты жəне маңызды материал ұзақ əрi берiк есте сақталады.
Сəйкестік принципі.Бұл принцип ғасырлар бойы жинақталған педагогтық тəжiрибеге негiзделiп, оқушыларға жеке-дара қарауды талап етедi.
Демек бұл оқушының бойында бар бiлiм, бiлiк, дағдылар деңгейiне сай жаңа ақпаратты ғана меңгере алады. Сəйкестiк принципiн дəлелдейтiн заңдылықтар: оқыту жас жəне дара ерекшелiктерге, оқу процесiнiң ұйымдастырылуы мен əдiстерiне тəуелдi; ақыл-ой дамуы мен алғашқы бiлiмдерi жетiк оқушы жаңа материалды тез меңгередi, оқудағы қиыншылықтарды жою баланың мiнез-құлқына, қабiлеттерiнiң қалыптасуына, бiлiмiнiң сапасы мен нəтижелiлiгiне оң /дұрыс/ ықпал етедi.
