- •15. Кен денелерін қуаты және құлау бұрышы бойынша болу
- •32. Кенорнын ашудың күрделі тәсілдері. Артықшылығы мен кемшіліктері
- •33. Шоғырланған (топтастырылған) деңгейжиектермен ашу. Артықшылығы мен кемшіліктері
- •35. Кенорнын штольнялармен ашу. Қолдану жағдайлары. Артықшылығы мен кемшіліктері
- •77. Кенүңгірлік және толтырымды қазу жүйесі. Қолдану жағдайлары (шарттары), параметрлері. Артықшылығы мен кемшілігі
- •79. Қатпарлап қазу жүйесі. Қолдану жағдайлары (шарттары), параметрлері. Артықшылығы мен кемшілігі
- •80. Қабат аралық қазу жүйесі. Қолдану жағдайлары (шарттары), параметрлері. Артықшылығы мен кемшілігі
- •81.86 Қабаттық-кенүңгірлік қазу жүйесі. Қолдану жағдайлары (шарттары), параметрлері. Артықшылығы мен кемшілігі
- •82. Толтырмалау материалдарында ұсақ кен кесектерінің жоғаламының алдын алу шаралары
80. Қабат аралық қазу жүйесі. Қолдану жағдайлары (шарттары), параметрлері. Артықшылығы мен кемшілігі
Қабаттық тәсілмен дайындалған кен орны немесе кен алабы жеке блоктарға бөлініп, оның қоры қабатаралық штректерден желпеуішті скважиналармен уатылып, кені өздігінен жүретін жабдықтармен жеткізіледі де тау қысымы ашық кеңістікпен басқарылады.
Кеншілердің өнімділігініңжоғарлығына байланысты осы топтың жүйелері кенді жерасты тәсілдермен қазғанда жиі қолданылады. әсіресе темір кенді қазғанда.
Қазу жүйесі келесі жағдайларда қолданылады:
Тау жыныстары және кеннің өзі тұрақты, әсіресе төнбе бүйірінің жыныстары тым тұрақты болуы тиіс. Құлау бұрышы 00-900-қа дейін. Ең жарасымды құлау бұрышы 75-800. Бұл жағдайда кенді тасымалдау қабатына дейін өз құлау күшімен жеткізеді. Кеніштің қалындығы шектелмейді, бірақ күрт құлама бұрышы болған кезде кеніштің қалындығы 3-5м кем болмағаны дұрыс. Тау жыныстарымен кеннің түйісу ашық және көріңкі болғаны жөн. Кенді бөлектеп, түрлеріне бөліп қазбайды. Сондықтан, тау жыныстары кеніш сілемінің арасында аз мөлшерде кездессе кеннің құнарсыздығы төмендейді. Қазу тереңдігі 500-600м аспайды. Кеннің бағалығы орта бағалы және одан төмен. Судың сағаттық ағыны 150-300м3 аспағаны қазу жұмыстарына қолайлы жағдай туғызады.
Кенүңгірлер кеніштің созылым ұзындығына орналасқан да кенүңгірлік тыңдарда кен көп қалмайды. Қабаттың биіктігі 60-80м. Блоктың биіктігі кенүңгірдің, төбелік және түп биіктігінен құралады. Блок тігінен қабатаралық штректермен екі-үш бөлікке бөлінеді де қабатаралық деп аталады. Кенүңгір төбелігінің қалындығы кеннің қуаты мен оның тұрақтылығына байланысты болып 6-20м-ден аспайды. Көбінесе 6-10м болады.
Дайындық қазбаларға- дала тасымалдау штрегі, тиеу-кірме үңгірлері және қатынас-заттық өрлемелер (ҚЗӨ) жатады. ҚЗӨ екі бөлмелі болып келеді-бір бөлмесі сатыағашты бөлме төменгі және жоғары қабатаралық қатынас үшін жасалған. Екінші бөлмемен ағаш, бұрғы, АЗ т.б. заттарды және керекті жабдықтарды көтеріп-түсіріп тұрады.
Тілме қазбаларына-тиеу кенүңгірлердің жоғары келтірілген бөлігі (разворонка). Төменгі отау кеңістігі (нижняя подсечка). Отау кеңістігінің ұзындығы мен ені кенүңгірдің ұзындығымен еніне тең. Қабатаралық штректер. Кесу өрлемесі. Кесу саңлауы. Бүгінгі күндері көбінесе қабатаралық штректерден желпеуішті скважиналармен уатады.
81.86 Қабаттық-кенүңгірлік қазу жүйесі. Қолдану жағдайлары (шарттары), параметрлері. Артықшылығы мен кемшілігі
Қабаттық тәсілмен дайындалған кен орны немесе кен алабы бөлек блоктарға бөлініп, олардың кенүңгірлік қоры тік немесе көлдененді желпеуішті терең скважиналармен уатылып, сырмалап жеткізіледі де тау қысымы ашық кеңістікпен басқарылады.
Қазу жүйесін қолдану үшін кен және тас жыныстары ұстамды болған жөн, кеніштің қалындығы 20-25 м болғанда оның құлау бұрышы 550-тан астам болуы тиіс. Егер кеніштің қалындығы 25 м-ден асса бұрышына шек қойылмайды. Кен орны және одан төмен бағалығында, қазу тереңдігі 400-500 м төмен емес. Блоктың ұзындығы мен биіктігі 60-80 м аралығында. Кенүңгірдің ені 20-25 м, кенүңгірлік тыңның қалындығы 10-12 м, қабатаралық тыңның қалындығы 10-12 м, кенүңгірдің пайдалы биіктігі 30-45 м.
Тілме қазбалары болып кен құдығы, сырмалау квершлагы, шығару құдығы, төменгі кесу кеңістігі, кесу өрлемесі және кесу саңлауы саналады.
Кенді бұрғылау ортынан НКР-100 м жабдығымен бұрғыланған төмен бағытталған желпеуішті терең скважиналармен уатады. Желпеуіштің (веер) аралығы 2,5-5 м.
Кен қалындығы сырмалау қондырғыларымен жеткізіледі. Тау қысымы ашық кеңістікпен басқарылады.
Қабаттық кенүңгірлік қазу жүйесінің екінші түрінде көлдененді веерлі терең скважиналармен арнауы бұрғылау кенүңгірінен бұрғылайды. Бұрғылау кенүңгірінің аралығы қысқа қарысу сызығы (ҚҚС) (ЛНС) тең болады да 2,5-5 м шамасында алынады. Төменгі кесу кеңістігін отау квершлагынан скважиналық тәсілмен қазады. Басқа дайындық тілме қазбалары жоғарыдағы қазу жүйесіне сәйкес.
Қабаттық кенүңгірлік қазу жүйесінің үшінші түрі-атылыс кенүңгірлерінде уату кенүңгірді атылғыш зат оқтаудың қиындығынан, тым ірі кен кесектерінің көп шығуы, қайта аттыру жұмысының көлемінің көптігі т.б. есептермен байланысты болғандықтан осы күні қолданылмайды.
Жоғарыда сипаттап кеткен қазу жүйесі жоғарғы өнімді кеннің өз құны төмен, кенжарды желдету жағдайлары өте қолайлы және қарапайым.
Қазу жүйесінің кемшілігі – кенүңгірдің қорын бірінші алып, тыңдардың қоры екінші кезекте алынады. Бұл үлкен жоғалымға жол ашады.
