Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Рустемов (остальные ответы) шпор.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
226 Кб
Скачать
☆

33. Шоғырланған (топтастырылған) деңгейжиектермен ашу. Артықшылығы мен кемшіліктері

Күртқұлама кен денелерін қазу кезінде қабатты шоғырланған деңгейжиектермен ашу аталатын ашу тәсілін қолданылады, онда екі-төрт қабатқа бір негізгі және бір үшаралық шоғырлау деңгейжиегі салынады. Шоғырланған деңгейжиектерде барлық қажетті қазбаларды: негізгі қылует, камералары мен ұсатқыш қондырғылар бар оқпан албарларын өтеді. Аралық деңгейжиектерде тек қана қазбаларды желдетуге таза ауа беру үшін, адамдарды, материалдарды жеткізуге арналған көмекші (қосалқы) қылуеттерді өтеді. Аралық деңгейжиектермен кен тасымалданбайды немесе тек қана кен денесіне жақын маңда орналасқан шоғырлау деңгейжиегіне тартылған күрделі кен құдығына дейін ғана тасымалданады.

Шоғырланған деңгейжиектермен ашу сұлбасының артықшылығы кен ұсақтау – қондырғыларының скипті көтерігінің кен қабылдау бункерлерінің, сутөгу қондырғыларының санының азаюуы есебінен күрделі кен жұмыстарының көлемінің қысқаруы болып табылады. Бұл қондырғылар тек қана негізгі деңгейжиектерде ғана орналастырылады. Аралық деңгейжиекте көлемі үлкен емес қарапайым оқпан албары ғана болады, ал аралық квершлаг біржолды қимамен салынады. Бұл қарастырылған ашу сұлбасы кішігірім шақта алабының өзінде шақтыны қажетті ашылған және даярланған кен қорымен қамтамасыз етеді; жерасты көлігінің жұмысын жақсаратды, тау-кен жұмыстарын бір деңгейжиекке шоғырлануын өсіріп қосалқы жұмыстардан қосымша үнемділікті қамтамасыз етеді.

Бұл ашу сұлбасының кемшілігі шақтыны салу құрылысының мерзімі ұзарады, бастапқы күрделі қаржы және аралық деңгейжиектен негізгі деңгейжиекке түсетін пайдалы қазбаларды және жерасты суын жербетіне көтеру шығындары артады.

34. Терең кеніштерді ашу ерекшеліктері Қазіргі таңда кенорындарын қазу тереңдігі үлкен тереңдікке отандық шақталарда 800-1000 м жетті, ал шет елдерде 3 км асады. Терең кеніштерді тау қысымының өсуі, жыныстар температурасының жоғарылауы, жыныстар бекемділігінің төмендеуі және осыған байланысты жыныстардың жылжу бұрышының кемуі, кенді жер бетіне көтерудің қиындауына байланысты ашу және қазу тіпті қиындап, күрделеніп барады.

Отандық және шетелдік кеніштерде көлбеу оқпандармен кенді науалармен көтеріп ашу тәсілі табысты қолданылуда. Қазіргі уақытта кенді көтеруге таспалы (ленточные) науаларды қолданылуда. Олардың негізгі кемшіліктерінің бірі кенді өлшемдері 200 мм дейін алдын ала ұсақтаудың қажеттілігі. Себебі ірі кен кесектері таспаның ерте, жылдам тоздырады. Науаның еңіс бұрышы 16-170. Әрбір 300-600 м науаның ұзындығынан соң (немесе 100-180 м көтеру биіктігі аралығында) көлемі үлкен камералық қазбаларда бөлек тарту бекеттері (приводная станция) болуы қажет. Науалармен көтеру кезінде бірнеше деңгейжиектерді ашады, барлық кенді науаға беретін ұсақтау қондырғыларына түсіреді. Науамен кенді көтеру тік оқпанда скипті көтерумен салыстырғанда бірнеше артықшылығы бар. Ол артықшылықтарының ішіндегі ең бастысы кез келген тереңдікте өнімділігінің шектеусіз болуы. Бірақ оның кемшіліктері де бар, мысалы, оқпан ұзындығының өсуі, тарту бекеттерінің саны және оларды жабдықтау камералары санының көптігі, көтергі кен ұсақтау қондырғысының болуы. Бұл айтылған кемшіліктердің соңғысы техникалық прогрестің дамуына байланысты жойылуы мүмкін, ал бұл мұндай кен көтеру әдістерінің қолдану аумағын, бұл мұндай кен көтеру әдістерінің қолдану аумағын кеңейте түседі (Мәскеу тау- кен және Гипроникел институттарында кез келген іріліктегі кенді тасымалдауға қабілетті арбалы-көліктік науалар жасалды).