Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Рустемов (остальные ответы) шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
225.66 Кб
Скачать

35. Кенорнын штольнялармен ашу. Қолдану жағдайлары. Артықшылығы мен кемшіліктері

Кен сілемдерін штольнямен ашу негізінен таулы жерде жатқан кен орындарын қазу кезінде қолданылатын тәсіл. Кен қабатын штольнямен ашудың тік және көлбеу оқпандармен ашу тәсілдерінен біраз артықшылықтары бар.

1. Штольнямен ашу өте ыңғайлы тәсіл. Әрі кен массасы оқпан арқылы көтерілмейтіндіктен оқпанға жеткізу және тиеу процесстері болмағандықтан оқпан албары қазбаларын жүргізудің қажеті болмайды, өйткені тазартпа жұмысы жүріп жатқан блоктан кен тиелген электровоз штольнямен тура тысқа шығады.

2. Штольняны жүргізу құны оқпаннан анағұрлым арзан және бұл жағдайда суды өне бойы насос қондырғылармен төгудің қажеті болмайтындығы. Өйткені су штольня бойындағы арық арқылы өз бетімен тысқа ағып жатады.

3. Штольня тәсілін қолданған жағдайда оқпан үстіне орнатылатын копер, көтергіш машиналар және шахтаның үстіндегі ғимараттар салудың қажеті болмағандықтан штольняның құрылыс құны арзанға түседі.

Осы сияқты артықшылықтары болғандықтан, жердің рельеф жағдайы келіп тұрса, бұл тәсілге жол беріледі.

Кен қыртысына қатынасты штольня кеннің ұзына боымен де, кесе көлденең де немесе диагональді де жүргізіледі. Кейде штольня кенге параллель жүргізіліп, оған квершлаг арқылы байланысып отырады.

Тау-кен өндірісінде әр қабат жеке штольнямен ашылады. Не болмаса, таудың қия бетінің биіктігі жеткілікті болса қабатты ашу мақсатында бірнеше штольнялар жүргізіледі. Олардың ең төменгісі күрделі болып есептеледі және жоғарғы қабаттардан өндірілген кен өрлеме арқылы соған түсіріледі.

Жердің рельефіне және кен сілемнің жатыс жағдайына байлынысты штольнямен ашудың келесі варианттары болуы мүмкін.

а) штольня, кеннің ұзына бойы ішімен жүргізіледі. Кен орнын бұл вариантпен ашу негізінен желілі және қалыңдығы үлкен емес кендерді қазғанда қолданылады.

Жақсы жақтары: қысқа мерзім ішінде кенді өндіруге кірісуге мүмкіндіктің болуы; штольняны жүргізу құны жолай өндірілетін кеннің бағасымен өтілетіндігі.

Кемшіліктері: кен орнын іске қосу мерзімінің ұзақтығы.

Штольнядан жоғары жатқан кен орны әдетте бірнеше қабаттармен қазылады, сондықтан оны екі түрлі ашуға болады.

Бірінші жағдайда әрбір қабат дербес штольнялармен ашылады. Олармен жұмыскерлер жүріп тұрады, материалдар жеткізіледі, бос жыныстар жер бетіне шығарылады, қазбалар желдетіледі. Кен жоғарғы қабаттардан төменгі (күрделі) штольняға кенқұдығы арқылы түсіріледі.

Екінші жағдайда тек қана төменгі штольня жүргізіледі. Бұл вариант, кен сілемінің жатыс жағдайына байланысты, әрбір қабатта бос жыныстың ішімен өте ұзын штольнялар өту керектігі болған кезде қолданылады. Штольнядан жоғары жатқан қабаттар, желдетпе және өтпе бөлімшесі, сондай-ақ клеттік көтермесі бар, күрделі өрлемелермен немесе тұйық оқпанмен ашылады. Кенді түсіруге бірнеше кенқұдықтар жасалады.

Штольняның аузы көктемдегі нөкер сулар басып кетпейтіндей етіп орналастырылуы керек. Оның алдындағы ауданның өлшемдері керекті жерүсті құрылыстарды салғандай болулары керек және алаңға келетін ыңғайлы жолдар болуға тиісті.

36. Кенорнын көлбеу оқпандармен ашу тәсілдері. Қолдану жағдайлары. Артықшылығы мен кемшіліктері Көлбеу оқпанмен құлама бұрышы 10-35º жер бетіне жақын жатқан кенді ашу өте тиімді. Мұндайда көлбеу оқпан кеніштің астыңғы жағындағы жанама тау жынысымен не болмаса кен табанымен өтіледі. Ашу квершлагтарының ұзындығының қысқа болуы (кейде мүлдем болмауы), көлбеу оқпанмен кенді ашудың тік оқпанмен салыстырғанда, негізгі артықшылығы.

Көлбеу оқпанның тағы бір айтарлықтай артықшылығы – тасымалдау жұмысы үшін өте тиімді көлік түрі – науаны пайдалануға мүмкіндік туады.

Дегенмен де кенішті көлбеу оқпанмен ашу тәсілі квершлаг ұзындығын қысқартқанмен, оқпан ұзындығын ұзартып жібереді.

Егер көлбеу оқпан кен қабатын бойлай жүргізілетін болса, онда оқпанды жүргізу құны жолай өндірілетін кеннен түсетін пайданың арқасында біршама тиімді болып келеді. Бірақ, бұл жағдайда сақтау кентіректе кенді қалдыруға тура келеді, ал ол бұл тәсілді шектейтін басты кедергі болып есептеледі.

65. Кенорындарын қазу жүйелерінің сыныптамасы Кен орнының қазу жүйесі деп уақытпен кеңістікте ретімен өткен дайындық тілме және тазалай қазу ұңғымаларын, олардың қабаттағы жұмыстың бағыт-бағдарының түрі және тазалай қазу тәсілдерінің өз ара байланыстығын айтады.

72. Кенді қоймалап қазу жүйесі. Қолдану жағдайлары (шарттары), параметрлері. Артықшылығы мен кемшілігі

Қоймалап қазу жүйелерінің тағы да бір өзіндік ерекшеліктері-уатылған кен жатып қалғанда жабыспау керек, тотықтанбау және өздігінен жанбау керек. Егер кеннің осы үш қасиеті болмаса онда қоймалап қазып блоктардан уату жүйелері жиі қолданып жүр. Соңғы жылдары қоймалап, кенді жабық тесіктен (люктен) шығару, сырмалап жеткізу жүйелері олардың орнына өздігінен жүретін жабдықтар пайдаланатын болып жүр.

Кенді блоктарда қоймалап қазу жүйесі.

Қабаттық тәсілдермен дайындалған кенорны немесе кен алабы жеке блоктарға бөлініп, олардың кенүңгірлік қорын уақ шпурлармен уатып, өздігінен жүретін жабдықтармен жеткізіліп, тау қысымы қоймаланған кенмен басқарылады.

Қолданылатын жағдайлар.

1. Кен және тау жыныстары, әсіресе төнбе бүйірінің жыныстары берік және ұстамды.

2. Кеніштің қалындығы 0,6-0,8 м кем болмағаны жөн.

3. Жату бұрышы 550 кем емес.

4. Кеннен тың қалдырылса онда кеннің бағалығы орта және орта бағалыдан төмен. Тың қалдырылмаса-кен бағалығы орта, өте бағалы.

5. Уатылған кеннің жатып қалғанда жабыспайтын, тотықпайтын, өздігінен жанбайтын табиғи қасиеттері болғаны жөн.

Блоктың ұзындығы 40-60м , биіктігі 45-60м, ені кеніштің қалындығына тең.

Дала тасымалдау, желдету квершлагтары, қысқа кірме қазбалары немесе тиеу кенүңгірлері және блоктықөрлемелер дайындық қазбаларына жатады.

Тілме қазбаларына отау квершлагы және бірінші төбе кемері кіреді. Бірінші төбе кемерінен тазалап қазу жұмыстары басталады. Төбе кемерінде көлдененді шпурларды тереңдігі 2,5-4м, диаметрі 28-32мм. Шпурлар уатылған кеннің үстінен бұрғыланады. Уатылған кеннің 25-30% мезгілінде камерадан шығарылып тұрады. Кенүңгірдің (камера) қоры төбелік тыңына дейін қазылып алынғаннан кейін, оның ішіндегі уатылған кен түгелімен тиеу және жеткізу қабатына шығарылады.

Егер жабық тесіктен тиегенде және кенді сырмалап жеткізгенде кеншінің өнімі 12-16 т/аус. болса, өздігінен жүретін жабдықтарды пайдаланғанда ауысым өнімі 25-30т жетеді. Қоймалап тұтас қазғанда жоғалым 1,5-2% аспайды. Блокта қоймалағанда әртүрлі тыңдарда қалдырылған жоғалым 6-8%. Кеніштің бүйірлеріндегі тау жыныстарын қоса қопарып алмағанда кеннің құнарсыздығы 5-8%. Қоса қопарғанда кеніштің қалындығына қарай құнарсыздық коэффициенті 15-30% аралығында атылғыш зат шығыны 0,35-0,45 кг/т. Дайындық тілме қазбалар шығыны 2-4 м/1000т. Кенді жабық тесіктен (люктен) шығарғанда ағаштың шығыны 0,02-0,03 м3/т.

Қазу жүйесінің артықшылығы- жоғалымның аздығы, дайындық тілме қазбалар көлемінің төмендігі, бірегей емес кен кесектерінің аз мөлшерде шығуы, жерасты кен тасымалдау жұмысының ырғақтылығы, желдету жағдайларының жақсылығы, қарапайымдылығы.

Қазу жүйесінің кемшіліктері- төнбе бүйір тастарының опырылып құлап түскендігінен құнарсыздық коэффициенттерінің жоғарылауы, кенді қоймалағанда қаржылардың доғарылып (омертвление) қалуы, кеншілердің төбе-кертпешті кенжар астында жұмыс істеуіне байланысты қауіптілігінің жоғарылауы,