- •Конституцияны қабылдау жолдары:
- •3)Халықтық – құрылтай жиналысы үкімет дайындап халыққа ұсынады.
- •Конституциялық Кеңес мүшелеріне мынадай талаптар қойылады:
- •Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелері өкілеттігін тоқтата тұру негіздері:
- •Конституциялық Кеңес Төрағасының немесе оның мүшелерінің өкілеттігін тоқтоту негіздері:
- •Конституциялық Кеңес өкілеттіктері:
Конституциялық Кеңес мүшелеріне мынадай талаптар қойылады:
-олар Қазақстан республикасының азаматтары болуы тиіс;
-жасы отыздан төмен болмауы керек;
-Қазақстан аумағында тұруы тиіс;
-жоғары заң білімі болуы керек;
-заң мамандығы бойынша кем дегенде бес жыл жұмыс тәжірибесі болуы керек.
Конституциялық Кеңес құрылу тәртібі: Конституциялық Кеңестің Төрағасын қызметке Президент тағайындап, Президент қызметінен босатады. Конституциялық Кеңестің екі мүшесін – Президент, екі мүшесін – Сенаттың Төрағасы, екі мүшесін Мәжілістің Төрағасы қызметке тағайындап, қызметтен босатады. Конституциялық Кеңес мүшесінің өкілеттігі – 6 жыл. Конституциялық Кеңес мүшелерінің жартысы үш жыл сайын жаңартылып отырады.
Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелері өкілеттігін тоқтата тұру негіздері:
-Конституциялық Кеңестің отырыстарына кем дегенде үш рет қатарынан дәлелсіз себепсіз қатыспау;
-Денсаулығына байланысты өз міндетін атқаруға ұзақ уақыт бойы қабілетсіз болу;
-Соттың заңдық күшіне енген шешімі бойынша хабарсыз жоқ болып кетуі танылған жағдайлары жатады. Мұндай жағдайларда Конституциялық Кеңестің өзі осы мүшені тағайындаған субъектіге (Президентке, Мәжіліс Төрағасына немесе Сенаттың Төрағасына) ұсыныспен шығады.
-тұтқындауға;
-әкімшілік жауаптылыққа тартуға;
-қылмыстық жауаптылыққа тартуға;
-сотта медициналық сипатта күштеу шараларын қолдану туралы өтініш түсіруге;
-сотта Конституциялық Кеңес Төрағасының немесе мүшелерінің қабілетсіз немесе қабілетінің шектеулі екендігін тану туралы өтініш түсіруге келісім берілген жағдайлар жатады. Конституциялық Кеңес Төрағасының немесе оның мүшелерінің өкілеттігін тоқтата тұру туралы шешім өкілеттікті тоқтата тұру үшін негіз белгілі болған кезден әрі кеткенде бір айдың ішінде қабылданады. Аталған адамдардың өкілеттігі оны тоқтата тұруға қызмет еткен негіздер дәлелденгенше тоқтатыла тұрады. Егер аталған негіздер дәлелденсе, ол олардың өкілеттігінің тоқтатылуына әкеліп соқтырады.
Конституциялық Кеңес Төрағасының немесе оның мүшелерінің өкілеттігін тоқтоту негіздері:
-орнынан түсу туралы өтініш қабылданса;
-Жоғарғы Соттың ол туралы айыптау үкімі заңды күшіне енсе;
-ол қайтыс болған жағдайда;
-атқаруға тыйым салынған қызметті атқаруын тоқтатпаса;
-антын бұзса, Конституцияның, Президенттің Конституциялық Кеңес туралы Жарлығы талаптарын орындамаған, оның жоғары мәртебесімен сыйыспайтын өрескел теріс қылық жасаған; заң талабын бұза отырып тағайындалған;
-оның қайтыс болғандығы туралы сот шешімі заңдық күшіне енген;
-қызметінің Конституция бойынша белгіленген мерзімі біткен;
Конституциялық Кеңеске өтініш білдіре алатын субтектілер: Республика Президенті, Сенат төрағасы, Мәжіліс төрағасы, Парламент депутаттары жалпы санының кемінде бестен бір бөлігі, Республика Премьер-Министрі 78 баптың негізінде өтініш білдіру құқылы субъектілерінің тізбесіне соттар жатады, олар нақты істе қадағалауға жататын заң немесе өзге де нормативтік актілер адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірсе, іс жүргізуді тоқтатуға, әрі осы актіні Конституцияға сәйкес емес деп танылғандығы туралы Конституциялық Кеңеске өтініш білдіруге міндетті.
