Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
глоссари-ккк.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
87.55 Кб
Скачать

Глоссари

(Қазақстан Республикасының конституциясын құқықтық қорғау)

«Конституция» термині (лат. соnstitutio – бекіту) Ежелгі Римде белгілі болған және императордың әр түрлі бекітулері мен қаулыларын көрсетуде қолданған. Бірақ құл иеленушілік, феодалдық мемлекетте де оның құрылымын бекітетін мемлекеттің негізгі заңы ретіндегі конституциясы болған жоқ.

Заң ғылымында конституция деп жоғарғы заңдық күшке ие және қоғамдық құрлыс пен мемлекеттік құрылым, мемлекет пен тұлға арасындағы өзара байланыс, мемлекеттік орган жүйесінің қызметі мен ұйымдастырылу негізін бекітетін негізгі заң түсіндіріледі.

Конституция дегеніміз – нақты елдің қоғамдық және экономикалық құрылыс негіздерін, басқару нысаны мен мемлекеттік құрылымын ,жеке тұлғалардың құқықтық жағдайын, мемлекеттік органдардың құрылу тәртібі мен құзыреттерін, сотәділдігін ұйымдастыру мен оның негізгі қағидаларын, сайлау жүйесін бекітетін ең жоғарғы заңи күшіне ие құқықтық нормалдардың жүйесінен тұратын басты құжат.

Конституцияны қабылдау тәсілдері: Конституция конституциялық жиналыстармен, конвенттермен (АҚШ), құрылтай жиналыстарымен (Италия, Индия), референдум жолымен (Франция, Грекия, Испания, Ресей), октроированиямен – перзиденттің немесе монархтың біржақты актісі түрінде қабылданады. Бірыңғй құжат түрінде немесе көптеген парламенттік заңдар, соттық прецеденттер мен әдеп-ғұрыптар (Ұлыбритания) қолданылады. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды және сол жылдың 5 қыркүйегінде ресми жарияланып күшіне енді.

Конституционализм (лат. сonstitutio – «бекіту») – 1) правление, ограниченное конституцией, политическая система, опирающаяся на конституцию и конституционные методы правления; 2) конституциялық құрылысты бекіту үшін қажетті саяси құқықтық теория.

Конституциялық заңдылық Конституция мен басқа да конституциялық- құқықтық актілерді барлық құқықтық қатынас субьектілерінің тікелей сақтауы.

Конституциялық үрдіс конституциялық құқықтық нормалармен бекітілген нысанда жүзеге асырылатын жоғарғы мемлекеттік билік органдарының әрекеті.

Конституциялық заң – мемлекет өмірінің маңызды мәселелері бойынша парламент депутаттарының басым көпшілік дауысымен қабылданатын конституциялық құқығының қайнар көздерінің бірі.

Конституциялық шағым бір қатар елдерде (Ресей, Испания, Германия және т.б.) Конституциялық сотпен жүзеге асырылатын азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын құралдардың бірі.

Конституциялық құқықбұзушылық – конституциялық құқық субьектісінің конституциялық құқық нормаларын бұзатын кінәлі түрдегі жүріс-тұрысы. Сондай-ақ конституциялық жауаптылықтың негізі болып табылады.

Конституциялық әділеттілік Конституцияның жоғарлылығын қамтамасыз ету құқығына ие мемлекеттік органдар жиынтығы. Бұл конституциялық соттар және кеңестермен жүзеге асырылады.

Конституцияның әрекеті: Конституция қорытынды ережелерінде жазылған мерзімнен бастап күшіне енеді. Конституция мемлекеттің бүкіл аумағында тікелей әрекет етеді.

Конституцияны қабылдау жолдары:

Сыйға тарту – мемлекет басшысы манархтың біржақты актісі арқылы конституцияны сыйға тартады

Келісім шарттық – мәні бар конституциялар монарх пен құрылитай жиналыс арасында жасалады.

3)Халықтық – құрылтай жиналысы үкімет дайындап халыққа ұсынады.

Бұл Конституциялар ХІХ ғасырда болған. Яғни демократиялық елдрде референдум арқылы халықтың қабылдауы. Референдум тікелей демократиялық институт.

Конституцияға өзгертулер енгізу:- икемді, қатаң.

Икемді – конституцияға жай заңдар қабылдау арқылы өзгертулер енгізеді. ( Израйл, Индия, С. Аравия)

Қатаң – тек заңда көрсетілген тәртіп негізінде ғана өзгерістер енгізіледі. Мысалы. АҚШ та өзгертулер енгізу үшін Конгресс палаталарының 2ден 3 немесе әрбір штаттың заң шығару органдарының 3 тен 4 (38-штат) қолдауы керек.

Конституцияны түсіндіру Конституция нормаларының мазмұны мен мәнін түсіндіру. Қазақстанда Конституция нормаларына ресм түсіндірмені Конституциялық Кеңес береді.

Конституциялық құрылыс Мемлекетпен бекітілген және қорғалған әлеуметтік- экономикалық, саяси-құқықтық қатынастар жүйесі. Конституциялық құрылыстың ажырамас белгілері-бұл халық егемендігі, билік бөлінсі, танылған және кепілдендірілген адам құқықтары мен бостандықтары, көппартиялылық, соттар тәуелсіздігі, сайланбалылық, билік органдарының ауыспалылығы мен жауаптылығы болып табылады.

Конституцияның құқықтық қорғалуы — Конституция нормаларын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге, конституциялық заңдылық режимін (бұзылған жағдайда қалпына келтіруге) бекітуге шақыратын арнайы заңды шаралар кешені. Конституцияны құқықтық қорғаудың кеңейтілген мағынасы конституциялық нормалар әрекетін қамтамасыз етудің тәсілдері мен мемлекеттік-құқықтық құралдарды жетілдіру және тиісті кепілдіктерді дамытуға қажетті жағдай қалыптастыру болып табылады. Ал арнайы мағынасы бойынша конституцияны құқықтық қорғау-бұл құқық жүйесіндегі Конституция жоғарлылығын қамтамасыз ету мақсатындағы арнайы конституциялық-құқықтық құралдарды қолдануды түсіндіреді.

Конституцияны құқықтық қорғау субъектілері: Конституцияның Президентпен қорғалуы: Бұл, Конституцияның тікелей кепілі ретіндегі арнайы өкілеттілігі бойынша Президент конституциялық құрылыс, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, ҚР егемендігі және тәуелсіздігі мен мемлекет тұтастығын қорғау шараларын жүзеге асыру, рұқсат етілген мемлекеттік билік органдарын құруды қамтамасыз ету.

Конституциялық қадағалаудың жалпы юрисдикциялық сотпен жүзеге асырылуы: Соттар өз қараулары бойынша Конституцияға қайшы деп таныған норманы қолданбауға құқылы ( мұндай жағдайда сот тиісті норманың конституцияға сәйкес еместігін анықтау жайында Конституциялық Кеңеске өтініш білдіре алады).

Басқа да мемлекеттік органдар соның ішінде прокуратура органдарының қадағалауы: адам құқықтары және конституциялық заңдылық режимін қамтамасыз етуі бойынша берілген құзыреттері негізінде құқықтар мен бостандықтарды қорғау.

Арнайы мамандандырылған мемлекеттік орган ретіндегі Конституциялық Кеңес қызметі.

Конституциялық бақылау мерзімі бойынша: алдын-ала және кейінгі боып бөлінеді.. Алдын-ала бақылау актінің күшіне енгенге дейінгіжүргізілуі болып табылады. Ал бақылаудың кейінгі түрі бұл актінің күшіне енгеннен кейінгі немесе ресми жарияланғаннан кейінгі жүргізілуі.

Конституциялық бақылау жүзеге асырылу орны бойынша:ішкі және сыртқы болуы мүмкін. Ішкі бақылау актіні қабылданған органның өзінің жүргізуі, сыртқы-бұл басқа органдармен жүзеге асырылуы.Ішкі бақылау негізінен алдын-ала түріне жатады, бірақ, кей жағдайда кейінгі түрі ретінде де кездесіп жататын мысалдар бар. Сыртқы бақылау көп жағдайда кейінгі болып келеді.

Конституциялық бақылау құқықтық салдары бойынша: консультативті және қаулы етуші болуы мүмкін. Консультативті бақылау тәртібімен шығарылған шешім заңдық емес моральдық сипатта болады. Яғни, ешкімге міндет жүктемейді. Ал қаулы етуші тәртібімен шығарылған шешім керісінше міндетті әуелі, жалпыға міндетті болып табылады. Егер ол конституцияға сейкес жарияланған болса оған ешқандай қарсылық қабылданбайды, егер конституцияға қайшы болса оның заңды күші болмайды. Негізінен заңдық сипаты жағынан конституциялық бақылау ретінде қаулы етуші түрі танылады.

Конституциялық бақылау жүргізілу қажеттігіне қарай: міндетті және факультативті болуы мүмкін. Бірінші жағдайда конституциялық бақылау алдын-ала жүргізіліп, міндеттеуші акт шығарылады.

Факультатиивті бақылау құқық субьектілерінің шағымы негізінде ғана жүргізіледі. Конституциялық бақылаудың факультативті түрі жиі кездеседі. Бұл өкілетті органдардың немесе лауазымды тұлғалардың, сондай-ақ, кез-келген жеке тұлғаның актінің конституциялылығы жайындағы күдігі бойынша жүргізіледі.

Конституциялық бақылау нысаны бойынша: абстрактілі немесе нақты болуы мүмкін. Абстрактілі бақылауда актінің немесе норманың конституцияға сәйкестігін тексеру кандай да бір іспен байланысты емес тыс жүргізіледі. Алдын-ала бақылау тек абстрактілі болуы мүмкін. Нақты бақылау қандай да бір іспен, көбінесе белгілі бір нормалар мен актілердің конституцияға сәйкестігі жайындағы даулы пікірлер негізіндегі сот ісімен байланысты жүргізіледі.

Конституциялық бақылау көлемі бойынша: толық және жартылай болуы мүмкін. Толық бақылау конституциямен реттелетін барлық қоғамдық қатынастар жүйесін қамтиды. Жартылай бақылау қоғамдық қатынастың белгілі бір саласын ғана(адам және азамат құқықтары, федеративті қатынастар және т.б.) қамтиды. Конституциялық бақылау мазмұны бойынша: формальды және материальды болуы мүмкін. Формальды бақылауда актіні шығарған кездегі конституциялық талаптардың сақталғаны және ол құзырлы органнан шығарылды ма, процедуралық талаптар сақталды ма деген жайлары тексеріледі. Материальды бақылауда акт мазмұнының конституцияға сәйкестігі тексеріледі.

Прокурорлық қадағалау – прокуратура органдары қызметтерінің нысаны заңдылықты қамтамасыз ету барысында заң бұзушылықтарды анықтау, табу және ескерту болып табылады.

Прокурорлық қадағалау көптеген мемлекеттердегі билік органдары жүйесіндегі орны бойынша билітің үш тармағының қайсысына да жатпайды. Демек, бұл қызметтің мағынасы ведомствадан тыс бақылауда мемлекеттегі заң нормаларының орындалуы және заң бұзушыларға тиісті шаралар қолдану.

Парламенттік бақылау парламент немесе оның комитеттерінің үкімет қызметін тексерумен байланысты әрекеттері. Демократиялық мемлекеттің сөзсіз қажетті талаптарының бірі болып табылады. Бақылау нысандары: бюджетті бекіту, сенімсіздік вотумын білдіру, тыңдаулар өткізу, интерпелляция және т.б. Конституциялық бақылау дегеніміз-қоғамның барлық саласындағы қатынастарды Конституция нормаларымен реттеуге бағытталған және демократияның ізгілік қағидасына негізделген, адам құқықтары мен бостандықтарының іске асуын қамтамасыз ететін мемлекеттің негізгі заңы Конституцияның мүлтіксіз сақталуының кепілдігі болып табылатын саяси-құқықтық сипатқа ие мемлекеттік деңгейдегі әрекет.

Конституциялық бақылау институтының отаны – Америка құрама штаттары болып табылады. Онда бұл қызмет жалпы құзіретті соттарға берілген. Конституциялық қадағалауды жүзеге асыру мәселелері әлемдік практикада әртүрлі шешіледі.

Конституциялық бақылауды жүзеге асыратын органдардың нысандары: Қарастырып отырған институтымыз ұзақ уақыт қалыптасты. Конституциялық бақлаудың идеясы XVII-ғасырдың басында пайда бола бастады. Ол Ұлыбританиядағы құпия Советінің қызметіне байланысты болды. Бірақ, қазіргі кездің түсінігі бойынша конституциялық бақлау идеясы бірінші рет АҚШ-та пайда бола бастады.

Конституциялық бақылау институтының қалыптасуының кезеңдері:

Бірінші Дүниежүзілік соғысқа дейінгі конституциялық бақлау институтының қалыптасуы;

Бірінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі конституциялық бақлау институтының қалыптасуы;

Одақ кезіндегі конституциялық бақлау институтының даму кезеңі.

Шетелдердегі конституциялық бақылау органдарының нысандары:

Жалпы соттар – соңғы инстанциясы жоғары сот болып табылады.

Арнайы құрылған конституциялық соттар

Сотқа жатпайтын – Конституциялық Кеңестер.

Бақылау функциясы: Бұл функциясын ең әуелі Конституциялық бақылаудың объектісімен байланысты қарастыруымыз керек. Яғни ол құқықтық актілер мен лауазымды тұлғалардың іс әрекеттеріне, жүріс-тұрысына қатысты дауларға байланысты жүргізілетін бақылау болып табылады.

Шешім шығару функциясы-бұл Конституциялық бақылау органдарының негізгі функцияларының бірі. Мұндай функция негізіненКонституциялық Сот қызметіне тән болып табылады. Ал Конституциялық Кеңес сияқты шешім шығару функциясы жоқ органдар тек қорытынды шығару дәрежесінде ғана өз міндеттерін атқарады.

Кеңес беру функциясы - бұл функциясы көбінесе заңдар мен заңға сәйкес актілер жобасының Конституцияға сәйкестігі туралы қорытынды беру, мемлекеттің жоғарғы органы мен мемлекет басшысының сұрауы бойынша кеңес беру нысанында жүзеге асырылады.

Саяси-құқықтық сипаттағы функциясы - бұл функциясы Конституциялық бақылау органына мемлекттік билік органдарының кейбір міндетттерін жүктеуге байланысты туындап, жүзеге асырылады. Бірақ, бұл көп қолданылмайтын, өте сирек кездесетін функциясы.

Заңдары жетілдіруге қатысты функциясы - Бұл Функция заң шығарушы органның өзіне тікелей міндетті болғанымен Конституциялық бақылау органының да нақты мәселеге қатысы бар екенін айтпай кетуге болмайды.Конституциялық бақылау органдарының тәжірибесінен бұл органның заңдар мен заңға сәйкес актілердің Конституцияға сәйкестігін тексерумен қатар құқықтық нормалар шығару,заңи тұрғыдан түсініктемелер беру құқығымен қамтамасыз етілгенін білеміз.Осы мүмкіндігі негізінде нақты функцияны жүзеге асырады.

Конституциялық бақылаудың Англо-саксондық үлгісі:Ұлыбританияда Парламент, Үкімет, Соттар қызметін билік бөлінісі, парламент жоғарлылығы, құқық үстемдігі деген үш негізгі қағидаға негіздеп анықтайды екен. Яғни бұл қағидалар билік тармақтары арасындағы қарым-қатынастарға негіз болады. Нақты айтқанда билік бөлінісі қағидасынан соттар тәуелсіздігі туындайды. Ал паламенттің жоғарлылығы қағидасы заң шығару мен сот тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтайды. Ал құқық үстемдігі қағидасы сот билігі мен атқарушы билік арасындағы қарым-қатынас ерекшелігін анықтайды.

Конституциялық бақылаудың Американдық үлгісі: АҚШ-тың Конституциялық бақылауын жүзеге асыратын басты субьектісі мемлекеттің Жоғарғы Соты болып табылады және құық саласы теоретиктерінің көпшілігі мұны Жоғарғы Сот қызметінің өзіндік негізгі бағыттарының бірі деп есептейді.

Конституциялық бақылаудың Американдық үлгісінің ерекшелігі бақылау жүргізуді соттың барлық аппараттарына сенім білдіру жолымен берген және конституциялық іс жүргізу жалпы сот істерінен бөлінбеген, қандай істер мен даулар болса да барлығы бірдей жағдайда бір сотпен қаралады.

Конституциялық бақылаудың Еуропалық үлгісі - Еуропада дүниежүзілік І, ІІ соғыстар арасында болған саяси тұрақсыздық Конституция мен заңдарды сақтау, қатаң бақылау жүргізуді тікелей талап еткен. Осы талап нәтижесінде Батыс Еуропада Ханс Кельзеннің көзқарасына негізделген Конституциялық бақылаудың өзгеше концепциясы пайда болған. Бұл бақылау тәжірибеде ұтымды қолданылып, таңдаулы, тиімді үлгі ретінде мойындалған. Ханс Кельзен заңдардың Конституцияға сәйкестігін бақылайтын Конституциялық Сот құру билік бөлінісі теориясына болмайды деп, оның дәлелі ретінде үш шынайы ақиқатты ұсынып, дамытқан.

ҚазКСР – нің Конституциялық Қадағалау Комитеті - Қазақстанда Конституцияны қорғайтын арнайы мамндандырылған орган алғаш ҚазКСР – ның Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізілген 1989 жылғы 22-ші қыркүйектегі Заңының 112 бабына сәйкес құрылған ҚазКСР – нің Конституциялық Қадағалау Комитеті болып

табылады . Бұл орган ҚазКСР – нің Жоғарғы Кеңесімен 10 жыл мерзімге

құрылатын. Оның құрамы Жоғарғы Кеңестің тұрақты комитетерімен комиссияларының тиісті мәжілістерінде саясат және құқық салаларының мамандарынан төраға, оның орынбасары және 9 мүшеден тұратын құрамда қалыптасатын

Конституциялық Сот – Конституцияны қорғаушы соттық орган - Конституцияның қоғамдағы негізгі бағытын және оның жоғарғы заң күшін тани отырып, Қазақстан Республикасы 1993 жылғы Конституциясында “Конституцияны қорғау ерекше органмен жүзеге асырылуы тиіс” деген қағидалық ережені бекітті. Осыған орай 1991 жылдың 16 желтоқсанында қабылданған Конституциялық Заңына сәйкес 1992 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты құрылды.

Конституциялық Кеңес сот құрамына жатпайтын квазисоттық орган - ҚР-сы Конституциясының жоғарлылығын Республиканың бүкіл аумағында қамтамасыз ететін мемлекеттік орган. Онда азаматтардың еркіндігі мен бостандығы, мемлекеттік механизмнің дұрыс жұмыс атқаруы мен биліктің бөлінуіне қағидаларына негізделген принциптердің жоғарғы дәрежеде қорғалуына және орындалуына ықпал етеді.

Конституциялық кеңес Актілердің конституцияға сәйкестігін тексеруді сотта іс жүргізу тәртібімен емес Конституциялық Кеңес мүшелерінің бірінің тікелей жасаған баяндамасы негізінде жұзеге асыратын конституциялық бақылаудың ерекше квази-соттық органы.

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің мәртебесі - заңды тұрғыдан толық мағынасы – Конституцияда және қолданылып жүрген заңдарда белгіленген республика Конституциялық Кеңесінің құқықтық ережесі.

Конституциялық Кеңес құзыреті – Конституцияның жоғарлылығын қамтамасыз етуге бағытталған өкілеттіктер жиынтығы.

Конституциялық Кеңес құрамы: Төраға және алты адамнан тұрады. Осыған қоса республиканың бұрынғы Президенті өмір бойына Конституциялық Кеңестің мүшесі болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]