- •"Инженерлік экология" пәнінің мәні, мақсаты мен міндеттері.
- •2. Энергетика және қоршаған орта. Табиғи орта, адам тіршілігінің
- •3. Экология және су мен отын энергиясын комплексті қолдану.
- •4. Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың экологиялық әсерлері.
- •5. Табиғи ресурстардың қоры және оларды тиімді пайдалану
- •6. Қр қоршаған ортаны қорғау заңының негізгі қағидалары.
- •7. Аз қалдықты технологиялар.
- •8. Экологиялық нормалаудың негіздері. Жылуэнергетикалық объектілерде экологиялық құжаттау.
- •9. Экожүйе: құрылымы және динамикасы.
- •10. Экологиялық сараптама. Экологиялық аудит.
- •11. Өндіріс қалдықтарын шаң мен газдан тазарту әдістері. Парниктік эффект. Киотто хаттамасы.
- •12. Отынды тиімді пайдалану. Отынды жаққанда атмосфераға шығарылатын зиянды заттардың сипаттамалары.
- •13. Жылуэлектр стансаларында күлді ұстап қалу. Ылғал және конденсациялық әсерлі шаң және тамшы ұстағыш құрылғылар.
- •14. Электр сүзгілер: жұмыс істеу қағидасы, құрылымы және есептелуі.
- •15. Қалдықтарды қайта өңдеу . Аз қалдықты технологиялар.
- •16. Атмосфераға күкірт оксидтері шығарылуын азайту. Отынды күкірттен тазарту. Мұнай өндейтін зауыттарда күкіртті аластау.
- •17.ЖэСда күкіртті отындарды жағудың алдында өңдеу. Жану өнімдерін күкірт оксидтерінен тазарту.
- •18. Азот және көміртегі оксидтері шығарындыларын азайту әдістері.
- •19. Биосферадағы зат айналым. Заманауи экологиялық мәселелер және оларды шешу жолдары.
- •20. Жылуэнергетикасы және қоршаған орта.Гидроэнергетика және қоршаған орта.
- •21. Суды тиімді пайдалану. Ағын суларының жіктелуі.
- •22.Ағын суларын утильдеу әдістері. Ағын суларын тазарту әдістерінің жіктелуі.
- •23. Ғарыш экологиясы
- •24. Гидросфераның ластануы. Суларды тазарту әдістері.
- •25. Негізгі қондырғыларды химиялық жуып тазартудан және консервациялаудан пайда болатын қалдық сулар және оларды тазарту.
- •26.Қалдық суларды тазартудың мембраналық процестері.
- •27. Табиғатты қорғаудың экологиялық қатері мен экономикалық аспекттері
- •28.Табиғатты қорғау шараларының техника-экономикалық негіздемесі
- •29. Радияциялық жағдайды бақылау құралдары мен әдістері.
- •31. Радиоактивті қалдықтарды көму. Мемлекеттік экологиялық сараптама.
- •32. Газдарды тазалау мен тиімді көрсеткіштерін сыныптау жүйелері мен әдістері.
- •33. Радиоактивті қалдықтарды сақтау және заласыздандыру.
- •35. Қышқыл жаңбыр мәселесі.
- •36.Биосфераның ластануы . Озон қабаты.
- •37. Табиғатты қорғау заңдылығын бұзу үшін жауапкершілік.
- •38. Атмосфераның құрылымы.
- •39. Суаттардың жылулық ластануы.
- •40. Ылғал шаң ұстағыштар. Жұмыс істеу механизмі.
- •41. Құрғақ шаң ұстағыштар. Жұмыс істеу механизмі.
- •42. Өнеркәсіптік ағын суларын мұнай өнімдерінен тазарту.
- •45. Аэс ағын суларын тазарту.
- •46. Қазақстандағы экологиялық ахуал.
- •47. Суды тазарту әдістері.
- •48. Атмосферадағы шу .
- •49.Жэс шығарындыларының атмосферада сейілуін есептеу.
- •50. Экологиялық төлқұжат.
- •51. Энергетика объекттерінің қоршаған ортаға әсері.
- •52. Табиғатты пайдалануды ұйымдастыру және басқару.
- •53. Минералды тыңайтқыштардың пайдасы мен зияны.
- •54. Ағын суларын мұнай өнімдерінен тазарту.
- •56. Экологиялық қауіпті жағдай және «экологиялық қатер» түсінігі.
- •57. Қоршаған орта сапасын сертификаттау және стандарттау.
- •58. Жарым- жартылай жанған өнімдердің шығуымен күресу.
- •59. Ядролық апат кезіндегі радияциялық жағдайды болжау.
- •60. Су бассейндерінің өндірістік ағын суларымен ластануы. Ағын суларының жіктелуі.
10. Экологиялық сараптама. Экологиялық аудит.
Экологиялық сараптама, экологиялық экспертиза (лат. expertus – тәжірибелі) – адам іс-әрекеттерінің табиғатқа зиянды әсер етуіне жол бермеу және табиғат қорғау саласында қабылданған заңдардың орындалуына қатаң бақылау жасау. Экологиялық сараптама мемлекеттік немесе қоғамдық негізде жүзеге асырылады. Экологиялық сараптаманың негізгі қағидалары – оның өкілеттілігі, медицина-биология тұрғыдан қауіпсіздігі, халық шаруашылығының барлық салаларының мүддесін қорғайтындығы, ешкімге тәуелді болмауы және іс-әрекеттерді кешенді түрде жүргізу. Экологиялық сараптама міндетті түрде ұзақ уақыт дамуға арналған бағдарламалы құжаттармен және сызбанұсқалармен қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге, Экологиялық сараптама жүргізу үшін техника-экономикалық тұрғыдан ғылыми негізделген және алдын ала жоспарланған жобалар мен жоспарларға негізделіп қадағалау жасалынады. Бұларға қоса құрылыс, табиғат байлықтарын қалпына келтіруге арналған, өндіріс орындарын, т.б. нысандарды қайта жабдықтау немесе олардың жұмысын біржола тоқтату туралы жобаларға талдау жасалынады. Табиғатты тиімді пайдалану мақсатында белгіленген ережелерге және әдістемелік нұсқауларға сүйене отырып, адамның іс-әрекеттерін шектейтін құжаттарды талдайды. Кейбір табиғи аумақтардағы телімдерге ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін беру үшін кешенді түрде экологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуге немесе экологиялық апатты және табиғатты пайдалану кезінде төтенше жағдайларға қатысты материалдарды, шараларды жүзеге асыруға арналған бағдарламаларға сараптама жүргізеді. Табиғатқа зияны жоқ жаңа техниканы, технологиялық әдістерді пайдалануға негізделген құжаттарды талдау; табиғатты тиімді пайдалану үшін шетелдік өндіріс орындарымен, фирмалармен бірге жұмыс істеуге қажетті құжаттарға сараптама жасалады. Экологиялық сараптама әскери мақсаттағы өндіріс орындарының, т.б. нысандардың жұмыстарына да қадағалау жасауға құқылы. Экологиялық сараптама адамның барлық іс-әрекеттерінің экологиялық қауіпсіздігін сақтау мақсатын көздейді. Мемлекеттік Экологиялық сараптама ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жанынан құрылған арнайы комиссияның сарапшылары арқылы жүзеге асырылады. Қоғамдық Экологиялық сараптаманы жеке қоғамдық ұйымдардың ұйытқысы болуы негізінде топтастырылған арнайы мамандар жүргізеді. Қоғамдық негізде жүргізілген Экологиялық сараптама мен мемлекеттік Экологиялық сараптама жүргізетін мекемелер қорытындылары бір-бірімен үйлестіріліп отырады. Қазақстанда арнайы “Экологиялық сараптама туралы” заң қабылданған.
Экологиялық сараптаманың мақсаттары:
1) жоспарланып отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық, норма шығару және өзге де қызметті іске асырудың қоршаған орта мен халықтың денсаулығына ықтимал теріс зардаптарын айқындау және шектеу;
2) экономикалық даму мен қоршаған ортаны қорғау мүдделерінің балансын сақтау, сондай-ақ табиғат пайдалану процесінде үшінші тараптарға залал келтіруді болдырмау мақсатында жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының «Экологилық сараптама туралы» Заңында экологиялық сараптаманың 2 түрі анықталған:
1. Мемлекеттік экологиялық сараптама — Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы мен оның жергілікті жерлердегі бөлімшелерінің сараптама қызметінің түрі.
2. Қоғамдық экологиялық сараптама — кез келген мемлекеттік қызмет түріне экологиялық баға беру үшін халықтың жекелеген топтарының, қоғамдық бірлестіктер мен ғылыми ұйымдардың бастамасымен құрылатын сараптама комиссиялары ерікті негізде жүзеге асыратын түрі. Ол сол объектілерге жүргізілетін мемлекеттік экологиялық сараптамаға қарамастан жүзеге асырылуы мүмкін.
Экологиялық аудит ұғымы
Шет елдердің табиғат қорғау практикасында жобалық экологиялық талдаудың консалтингтік фирмалар жүзеге асыратын сатысы экологиялық аудит деп аталады. Басқа сөзбен айтқанда,экологиялық аудитті жұмыс істеп тұрған нысанға жүргізілген экологиялық сараптама деуге болады.
Экологиялық аудиттың мақсаттары аудит жүргізілетін субъектінің қызметінің қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы ҚР заңнамасының талаптарына сәйкестігінің әділ бағасын алу; экологиялық тәуекелдіктерді анықтау және экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша ұсыныстамалар әзірлеу болып табылады.
