- •"Инженерлік экология" пәнінің мәні, мақсаты мен міндеттері.
- •2. Энергетика және қоршаған орта. Табиғи орта, адам тіршілігінің
- •3. Экология және су мен отын энергиясын комплексті қолдану.
- •4. Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың экологиялық әсерлері.
- •5. Табиғи ресурстардың қоры және оларды тиімді пайдалану
- •6. Қр қоршаған ортаны қорғау заңының негізгі қағидалары.
- •7. Аз қалдықты технологиялар.
- •8. Экологиялық нормалаудың негіздері. Жылуэнергетикалық объектілерде экологиялық құжаттау.
- •9. Экожүйе: құрылымы және динамикасы.
- •10. Экологиялық сараптама. Экологиялық аудит.
- •11. Өндіріс қалдықтарын шаң мен газдан тазарту әдістері. Парниктік эффект. Киотто хаттамасы.
- •12. Отынды тиімді пайдалану. Отынды жаққанда атмосфераға шығарылатын зиянды заттардың сипаттамалары.
- •13. Жылуэлектр стансаларында күлді ұстап қалу. Ылғал және конденсациялық әсерлі шаң және тамшы ұстағыш құрылғылар.
- •14. Электр сүзгілер: жұмыс істеу қағидасы, құрылымы және есептелуі.
- •15. Қалдықтарды қайта өңдеу . Аз қалдықты технологиялар.
- •16. Атмосфераға күкірт оксидтері шығарылуын азайту. Отынды күкірттен тазарту. Мұнай өндейтін зауыттарда күкіртті аластау.
- •17.ЖэСда күкіртті отындарды жағудың алдында өңдеу. Жану өнімдерін күкірт оксидтерінен тазарту.
- •18. Азот және көміртегі оксидтері шығарындыларын азайту әдістері.
- •19. Биосферадағы зат айналым. Заманауи экологиялық мәселелер және оларды шешу жолдары.
- •20. Жылуэнергетикасы және қоршаған орта.Гидроэнергетика және қоршаған орта.
- •21. Суды тиімді пайдалану. Ағын суларының жіктелуі.
- •22.Ағын суларын утильдеу әдістері. Ағын суларын тазарту әдістерінің жіктелуі.
- •23. Ғарыш экологиясы
- •24. Гидросфераның ластануы. Суларды тазарту әдістері.
- •25. Негізгі қондырғыларды химиялық жуып тазартудан және консервациялаудан пайда болатын қалдық сулар және оларды тазарту.
- •26.Қалдық суларды тазартудың мембраналық процестері.
- •27. Табиғатты қорғаудың экологиялық қатері мен экономикалық аспекттері
- •28.Табиғатты қорғау шараларының техника-экономикалық негіздемесі
- •29. Радияциялық жағдайды бақылау құралдары мен әдістері.
- •31. Радиоактивті қалдықтарды көму. Мемлекеттік экологиялық сараптама.
- •32. Газдарды тазалау мен тиімді көрсеткіштерін сыныптау жүйелері мен әдістері.
- •33. Радиоактивті қалдықтарды сақтау және заласыздандыру.
- •35. Қышқыл жаңбыр мәселесі.
- •36.Биосфераның ластануы . Озон қабаты.
- •37. Табиғатты қорғау заңдылығын бұзу үшін жауапкершілік.
- •38. Атмосфераның құрылымы.
- •39. Суаттардың жылулық ластануы.
- •40. Ылғал шаң ұстағыштар. Жұмыс істеу механизмі.
- •41. Құрғақ шаң ұстағыштар. Жұмыс істеу механизмі.
- •42. Өнеркәсіптік ағын суларын мұнай өнімдерінен тазарту.
- •45. Аэс ағын суларын тазарту.
- •46. Қазақстандағы экологиялық ахуал.
- •47. Суды тазарту әдістері.
- •48. Атмосферадағы шу .
- •49.Жэс шығарындыларының атмосферада сейілуін есептеу.
- •50. Экологиялық төлқұжат.
- •51. Энергетика объекттерінің қоршаған ортаға әсері.
- •52. Табиғатты пайдалануды ұйымдастыру және басқару.
- •53. Минералды тыңайтқыштардың пайдасы мен зияны.
- •54. Ағын суларын мұнай өнімдерінен тазарту.
- •56. Экологиялық қауіпті жағдай және «экологиялық қатер» түсінігі.
- •57. Қоршаған орта сапасын сертификаттау және стандарттау.
- •58. Жарым- жартылай жанған өнімдердің шығуымен күресу.
- •59. Ядролық апат кезіндегі радияциялық жағдайды болжау.
- •60. Су бассейндерінің өндірістік ағын суларымен ластануы. Ағын суларының жіктелуі.
39. Суаттардың жылулық ластануы.
Суат - өзен-көл жағасында, бұлақ, құдық басында мал су ішетін жер. Суатқа пайдаланатын өзен-көл жағасын кажет болса мал суаруға бейімдеп, жабдықтайды. Бұлақ басындағы суат бұлақтың көзіне мал түспейтін етіп қоршап, одан біршама төмен жерден дайындайды. Құдық басында суат үшін құдыққа іргелес салған астауды пайдаланады. Суат және оның төңірегі жазда қоқыстан, қыста қатқан мұздан тазартып тұрады.
Су қоймаларының ластануы. Халық санының өсуіне байланыcты көп елдерде ауыз суға деген сұранысты көбеюіне қарамастан, көлдердің және жерасты суларының ластануы болып отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мағлұматтары бойынша қоршаған ортада түсетін барлық химиялық заттардың 80% - ті ерте ме кешпе таза су көздерімен қосылады. Жыл сайын бүіл әлемде 420 км3 қалдық сулар төгіледі, бұл сулар 7 мың км3 таза суларды бүлдіре алады. Су қоймаларының негізгі ластаушылары: құрамында өнеркәсіптік тегі бар атмосфералық жауын – шашындар; қаланың қалдықты сулары (тұрмыстық, канализациондық сулар); өнеркәсіптің қалдықты сулары; ауылшаруашылығының қалдықты сулары (үй жануарларының кешендерінің нәжістері, егіс далаларындағы тыңайтқыштар мен пестициттердің жауын – шашынмен және көктемгі қардың еріген сулрымен шайылуы). Су қоймаларының негізгі ластаушысына толық тазартылмайтын өнеркәсіптің қалдықты сулар жатады. Сондықтан да көптеген өзен сулары мұнай өнімдерімен, ауыр металдармен, органикалық және минералды заттармен, местициттермеен ластанған. Қалдық сулардың тазартылмай су қоймаларына құйылуы ластаушы заттардың тұнба түрінде үлкен мөлшерде жинақталуына әкеледі. Мысалы, Қарағанды облысынадығы “Карбид” өнеркәсіптік өндірісінің көп жылдық қаодық суларының тазартылмауы нәтижесінді Саркканд су қоймасы мен Нұра өзенінің табанында көптеген улы сынап жиналып, қазір ол үлкен мәселеге айналып отыр. Адам өмірен де және табиғи экожүйеге де тұрмыстық қалдықты сулардың құрамында болатын синтетикалық кіржуғыш затар үлкен зиян тигізеді. Олар су бетін көбікпен жауып тастап, суға оттегінің түсуіне кедергі жасайды. Су қоймаларының экожүйелеріне ауылшаруашылық қалдықты сулармен келетін құрамын азот, фосфор және тағы да басқа биогенді элементтер бар органиканың зиянды әрекеті де өте үлкен.
Сулардың ластануы деп оған қауіпті заттардың түсу нәтижесінде оның биосфералық қызметінің және экологиялық маңызының төмендеуі деп түсінеді.
Суды 400-дей түрлі зат ластауы мүмкін.
Егер судағы санитарлық-токсикологиялық (судың мөлдірлігі, түсі, иісі, дәмі) көрсеткіштері, сульфат, хлорид, нитрат, уытты ауыр металдар мөлшері шектеулі межеден артып кетсе, су ластанған болып есептеледі. Тағы суда араласқан оттегі мөлшерінің азаюы, радиоактивті элементтердің, ауруға ұшырататын бактериялардың пайда болуы да оның ластанғанын көрсетеді.
Өндірістік ластанудың көздері мыналар:
электроэнергетика;
химиялық және мұнай-химиялық өнеркәсіп;
ағаш өңдеу және целлюлозалық қағаздық өнеркәсіп;
қара металлургия;
түсті металлургия;
машина жасау өндірісі;
көмір өнеркәсібі;
мұнай өңдеуші өнеркәсібі;
жеңіл өнеркәсіп;
құрылыс материалдары өнеркәсібі;
тамақ өнеркәсібі;
тұрмыстық жиынды сулары;
өзен және теңіз кемелерінің жиынды сулары;
қыста қалалардың кір қарларының суға тасталуы.
Химиялық ластану өте кең тараған, тұрақты болып келеді және жиі кездеседі. Ол органикалық (фенолдар, синтетикалық бетті белсенді заттар, пестицидтер) бейорганикалық (тұздар, сілтілер, қышқылдар), уытты (мышьяк, сынап, қорғасын) және уытсыз болып келеді.
Бактериологиялық ластану суда патогендік бактериялардың, вирустардың (700-ге тарта түрі болады екен), қарапайым саңырауқұлақтардың пайда болуымен себептеледі. Мұндай ластанудың сипаты уақытша болып келеді.
Радиоактивтік ластану ұзақ тіршілік ете алатын радиоактивтік элементтердің (Sr-90, уран, радий-226, цезий және т.б.) суға өтіп кетуімен байланысты. Бұл элементтердің тіпті аз концентрациясының өзі өте қауіпті.
Механикалық ластану суға әртүрлі механикалық қоспалардың (құм, шлак, балшық, т.б.), сондай-ақ қатты қалдықтардың, сумен ағаш тасымалданғандағы қалдықтары түсуімен сипатталады.
Жылулық ластануға табиғи сулардың жылыған жерүсті және технологиялық суларымен араласып кетуімен байланысты. Мұндай ластану судың газдық және химиялық құрамының өзгеруіне, улы газдардың (күкіртсутегінің, метанның) бөлінуіне әкеліп соғады.
Жер үсті немесе жер асты суларына химиялық заттардың, микроорганизмдердің немесе әдеттегіден жоғары температурадағы сулардың, не басқа заттардың түсуі судың ластану көзі деп аталады.
Шайынды сулар – адамның тұрмыстық не өндірістік қызметінде қолданылғаннан кейін шығарылатын сулар және елді мекендер территорияларынан, өнеркәсіптік объетілерден және ауылшаруашылық өрістерден атмосфералық жауын-шашынның нәтижесінде ағылатын сулар.
Өндірістік шайынды сулар технологиялық үрдістерде суды қолданғаннан кейін әртүрлі өнеркәсіптік объектілерден түседі. Ластаушы заттарға қышқылдар, сілтілер, әртүрлі металдар тұздары, күкірттік қосылыстар кіреді. Оның ішінде улылары, мұнай өңдеуші және мұнайхимиялық зауыттардың органикалық синтез, синтетикалық каучук және пластмасса өндіріс орындарының, коксхимиялық зауыттардың, тамақ және жеңіл өнеркәсіп өндіріс орындарының жуынды суларында болады.
Целлюлоза - қағаз өнеркәсібі. Су қоймалары үшін целлюлоза-қағаз өнеркәсібінің жуынды сулары өте қауіпті. Осы мекемелердің жуындыларында ағаш үгіндісі, ағаш талшықтары, шайыр болады.
