- •"Инженерлік экология" пәнінің мәні, мақсаты мен міндеттері.
- •2. Энергетика және қоршаған орта. Табиғи орта, адам тіршілігінің
- •3. Экология және су мен отын энергиясын комплексті қолдану.
- •4. Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың экологиялық әсерлері.
- •5. Табиғи ресурстардың қоры және оларды тиімді пайдалану
- •6. Қр қоршаған ортаны қорғау заңының негізгі қағидалары.
- •7. Аз қалдықты технологиялар.
- •8. Экологиялық нормалаудың негіздері. Жылуэнергетикалық объектілерде экологиялық құжаттау.
- •9. Экожүйе: құрылымы және динамикасы.
- •10. Экологиялық сараптама. Экологиялық аудит.
- •11. Өндіріс қалдықтарын шаң мен газдан тазарту әдістері. Парниктік эффект. Киотто хаттамасы.
- •12. Отынды тиімді пайдалану. Отынды жаққанда атмосфераға шығарылатын зиянды заттардың сипаттамалары.
- •13. Жылуэлектр стансаларында күлді ұстап қалу. Ылғал және конденсациялық әсерлі шаң және тамшы ұстағыш құрылғылар.
- •14. Электр сүзгілер: жұмыс істеу қағидасы, құрылымы және есептелуі.
- •15. Қалдықтарды қайта өңдеу . Аз қалдықты технологиялар.
- •16. Атмосфераға күкірт оксидтері шығарылуын азайту. Отынды күкірттен тазарту. Мұнай өндейтін зауыттарда күкіртті аластау.
- •17.ЖэСда күкіртті отындарды жағудың алдында өңдеу. Жану өнімдерін күкірт оксидтерінен тазарту.
- •18. Азот және көміртегі оксидтері шығарындыларын азайту әдістері.
- •19. Биосферадағы зат айналым. Заманауи экологиялық мәселелер және оларды шешу жолдары.
- •20. Жылуэнергетикасы және қоршаған орта.Гидроэнергетика және қоршаған орта.
- •21. Суды тиімді пайдалану. Ағын суларының жіктелуі.
- •22.Ағын суларын утильдеу әдістері. Ағын суларын тазарту әдістерінің жіктелуі.
- •23. Ғарыш экологиясы
- •24. Гидросфераның ластануы. Суларды тазарту әдістері.
- •25. Негізгі қондырғыларды химиялық жуып тазартудан және консервациялаудан пайда болатын қалдық сулар және оларды тазарту.
- •26.Қалдық суларды тазартудың мембраналық процестері.
- •27. Табиғатты қорғаудың экологиялық қатері мен экономикалық аспекттері
- •28.Табиғатты қорғау шараларының техника-экономикалық негіздемесі
- •29. Радияциялық жағдайды бақылау құралдары мен әдістері.
- •31. Радиоактивті қалдықтарды көму. Мемлекеттік экологиялық сараптама.
- •32. Газдарды тазалау мен тиімді көрсеткіштерін сыныптау жүйелері мен әдістері.
- •33. Радиоактивті қалдықтарды сақтау және заласыздандыру.
- •35. Қышқыл жаңбыр мәселесі.
- •36.Биосфераның ластануы . Озон қабаты.
- •37. Табиғатты қорғау заңдылығын бұзу үшін жауапкершілік.
- •38. Атмосфераның құрылымы.
- •39. Суаттардың жылулық ластануы.
- •40. Ылғал шаң ұстағыштар. Жұмыс істеу механизмі.
- •41. Құрғақ шаң ұстағыштар. Жұмыс істеу механизмі.
- •42. Өнеркәсіптік ағын суларын мұнай өнімдерінен тазарту.
- •45. Аэс ағын суларын тазарту.
- •46. Қазақстандағы экологиялық ахуал.
- •47. Суды тазарту әдістері.
- •48. Атмосферадағы шу .
- •49.Жэс шығарындыларының атмосферада сейілуін есептеу.
- •50. Экологиялық төлқұжат.
- •51. Энергетика объекттерінің қоршаған ортаға әсері.
- •52. Табиғатты пайдалануды ұйымдастыру және басқару.
- •53. Минералды тыңайтқыштардың пайдасы мен зияны.
- •54. Ағын суларын мұнай өнімдерінен тазарту.
- •56. Экологиялық қауіпті жағдай және «экологиялық қатер» түсінігі.
- •57. Қоршаған орта сапасын сертификаттау және стандарттау.
- •58. Жарым- жартылай жанған өнімдердің шығуымен күресу.
- •59. Ядролық апат кезіндегі радияциялық жағдайды болжау.
- •60. Су бассейндерінің өндірістік ағын суларымен ластануы. Ағын суларының жіктелуі.
37. Табиғатты қорғау заңдылығын бұзу үшін жауапкершілік.
Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін зандық жауапкершілік тандауының негізі -экологиялық құқық бұзушылықты жасау болып табылады, одан экологиялық құқықтың нормаларын реттеуді бұзатын құқыққа қарсы кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік, мемлекетке, табиғат пайдаланушыға және қоршаған ортаға зиян келтіретін, ал осы арқылы адамның денсаулығына да, не осындай зиян келтірудің нақты мазмұны болатын қоғамдық қатынастар түсініледі.
Бұл анықтамадан мынаны аңғаруға болады: экологиялық құқық бұзушылық бұл табиғат қорғаумен табиғи ресурстарды пайдалануды бұзатын құқыққа қарсы әрекет.
Қазақстан Республикасының жекелеген табиғат объектілері бойынша қолданыстағы заңнамасында жер, су, орман және т.с. с. құқы бұзушылық заңдарының тізбесі келтірілген. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының '"Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңында осы жинақтайтын қисындау актісінде экологиялық құқық бұзушылықтардың тізбесі жоқ. Сондай-ақ экологиялық құқық бұзушылықтың өзінің ұғымының сипаттамасы да берілмеген. Соған қарамастан, құқық бұзушылық өзінің құрамы мен түрлері болады.
Осы заманғы құқықтың теориясымен мыналар көзделген: құқық бұзушылықтың құрамына субъект, субъективтік тарап, объект, объективтік тарап жатады. Бұл құрамдас бөліктер экологиялық құқық бұзушылыққа да сипатты болады.
Экологиялық құқық бұзушылык,субъектілері азаматтар, лауазымды адамдар, кәсіпорын, мекеме, ұйым болып табылады.
Бұл орайда жеке тұлғаларға шетелдік азаматтар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жатады, өйткені олар да табиғат пайдалану жөніндегі құқықтық қатынастарына қатысуы және экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жауапты болуы мүмкін.
Табиғат қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы жеке тұлғалардың жауапкершілігі 16 жасқа толған кезде басталады. Кылмыстық заңда көзделген жағдайларда жеке тұлғалардың жауапкершілігі 14 жастан басталуы мүмкін (Мысалы, ҚР-ның ҚК-нің 3-бөлімі 187-бабы - "Мемлекет қорғауына алынған табиғи кешендерді немесе объектілерді қасақана жою немесе бүлдіру". Заңды тұлғаларға, экологиялық құқық қатынастарының субъектілеріне мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерді, кооперативтік, коммерциялық, шағын, шетелдік нысандары бар бірлескен кәсіпорындарды жатқызуға болады, олар да табиғат пайдаланушылар рөлін атқарып, экологиялық жауапты болуы мүмкін.
Эколоғиялық құқық бұзушылық объектісі қылмыстық ниеттің неге бағалғанып сипаттайды. Экологиялық құқық бұзушылықтың жалпы объектісі табиғат және оның құрамындағы элементтер болады, олар экологиялық құқық қатынастарының кіші объектілерінде топыраққа, суға, жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне т.б. бөлінеді. Мынаны атап көрсету керек: -экологиялық заңамамен өз болмысында табиғат объектісі емес объектісі болатын құқық бұзулары, мысаға айтсақ, табиғи ресурстардың меншік иесі ретінде мемлекеттің заңдылық күші көзделген. Мысалы, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 104-бабында былай делінген: меншік құқы мен жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және Қазақстан Республикасының баска да заң актілерінде көзделген тәртіппен қорғалады. Су, Орман кодексінің нормаларын келтіруге болады, бұларда экологиялық құқық бұзушылықтың объектісі табиғат пайдаланушы мен табиғат иеленушінің заңдылығы болып табылады. Мысал ретінде, Қазақстан Республикасының Су кодексінің 138-бабына сәйкес «өз бетінше басып алынғлн су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстары заңсыз пайдаланылған уақыт ішінде Қазақстан Республикасының су зандарының бұзылуынан келтірілген зиян өтеліп, иесіне қайтарылады. Өз бегінше басып алынған су объектілерін қайтару Қазақстан Республикасының зандарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Жоғарыда айтылғанның негізінде мынадай дұрыс қорытынды жасау керек: эколкологиялық құқық бұзушылықтың объектісі табиғат ортасы, мемлекет, табиғат пайдаланушылар мен табиғат иеленушілердің мүддесі танылады.
Бұл құқық бұзудың объективті жағы кінәлі адамның құқыққа қаррсы әрекеттер жасауынан немесе әрекетсіздігінен көрінеді. Мысалға, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде объективтік жағына пәрменді әрекеттер жататын баптар бар - бұл 288-бап - "Заңсыз аңшылық", 287-бап - "Су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз аулау", "Жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз іс-әректтер" - 290-бап және т.б. Екінші жағынан, Казақстан Республикасының экологиялық заңнамасында экологиялық құқық бұзушылықтар көзделген, олардың объективік жағы әрекетсіздік болып табылады: қоршаған табиғи ортаны қалпына келтіру және табиғи ресурстарды молайту жөнінде шаралар қабылдамау; қоршаған ортаға ластаушы заттардың өндірістік нормативтен тыс шығарулары мен тастандылары және басқе да зиянды авариялық ықпалдары туралы хабарламау; мемлекеттік экологиялық сараптама талаптарын орындамау. Мысалы, ҚР ҚК «Экологиялық ластау зардаптарын жою жөнінде шара қолдамбау" - 294-бап.
Экологиялық құқық бұзушылықтың субъективтік жағы кінәлі адам жасалған қылмысқа, оның себептеріне, мүдделеріне қатысымен сипатталады. Экологиялық жауапкершіліктің міндетті факторы бұзушылық кінәсі болып табылады. Мұнда да қолданыстағы заңнама кінәнің екі нысанын- жанама ниет және абайсыздықты көздейді. Егер кінәлі адам табиғатқа немесе табиғат пайдаланушыларға зиян келтіретін әрекет жасаған және ол мұны ұғынып, осыған ниет етсе, онда біз тікелей пиетті қарастырамыз. Егер кінәлі адам келеңсіз салдарларлдың басталуына жол бертін болса, оның құқыққа қарсы әрекеттері көрініс береді.
Абайсыздық дегеніміз кінәлі адам өзінің мінез-құлқының салдарларын алдын ала білуге тиіс болі ап, бірақ бұған байыпсыз қараған кезде ұқыпсыз мінез-құлықты білдіреді.
Мысалы, отқа немесе аса қауіпті шғгу көзінғ ұқыпсыз қараудың нәтижесінде орман алқаптарын абайсызда жою немесе зақымдау.
Экологиялық жауапкершілік шараларын қолдану үшін экологиялық құқық бұзушылықтың барлық белгілерінің және барлық элементтерінің болуы қажет.
Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлері табиғат объектісіне қарай бөлінеді. Олар мыналарға:
1)Жер құқық бұзушылығы;
2)Су құқық бұзушылығы;
3)Орман құқық бұзушылығы;
4)Тау-кен құқық бұзушылығы;
Жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану жөніндегі құқық бұзушылығы (фауналық құқық бұзушылықтары);
6) Ауаны қорғау құқық бұзушылығы болып бөлінеді.
Экологиялық құқық бұзушылық түрлерінің әрқайсысына жер,су, орман және т.б. заңдарының үлкен тобы жатады, олардың тізбесі табиғатың осы объектілері туралы кодекстерде келтіріледі. Бұл ретте, экологиялық құқық бұзушылықтың бір - бірінен өзгеше ерекшеліктері болады, олар туралы объектілердің құқық бұзушылықгарын талдау кезінде төменде айтылатын болады.
Қоғамға қауіптілік деңгейіне қарай экологиялық құқық бұзушылық экологиялық қылмыстарға бөлінеді, олар үшін қылмыстық жауапкершілік және теріс қылық үшін әкімшілік, азаматтық және тәртіптік жауапкершілік көзделген.
Басқа құқық бұзушылықтардан өзгеше экологиялық құқық бұзушылықтың ерекшелігі табиғатқа келтірілетін зиян фактісінің болуы не оның басталуының нақты қаупі болып табылады. Экологиялық құқық бұзушылықтың сипаттамасына мұндай көзқарасты көптеген ғалым-экологтар қостайды. Бірақ бұл орайда, біздің ойымызша, егер олар табиғатқа зиян келтіру фактісімен байланысты болмаса, экологиялық құқық бұзушьшықтардан табиғат қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану туралы заңды бұзуды бөліп қараған кезде қате қорытынды жасайды. Мысалы, "табиғат пайдалану жөніндегі заңсыз мәмілелерді тіркеу" (ҚР ҚК-нің 225 бабы) сияқты қылмысты экологиялық қылмысты жатқызбайды, өйткені табиғат объектісі ретінде суға зиян келтірмейді. Осыны табиғат объктілеріне — сату-сатып алуға, сыйға тартуға және т.б. мемлекеттік меншік құқығын бұзаған мәмілелер туралы да айтуға болады — өйткені бұл арадада табиғатқа зиян келтіру болмайды.
Антропогендік зиян — бұл адамның өзін қоршаған ортаның сапасының нашарлауы нәтижесінде оған келтірілген зиян. Яғни бұл адам денсаулығына зиян.
