Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
инженерная экология шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
238.6 Кб
Скачать

31. Радиоактивті қалдықтарды көму. Мемлекеттік экологиялық сараптама.

Рaдиоактивті қалдықтарды залалсыздандыру және көму.

Жалпы принциптер: Радиоактивті қалдықтарды теңіздердегі радиоактивті зираттарға көмеді. Ресейде бұл әдіс атомды флоттардың пайда болуымен байланысты. Радиоактивті қалдықтарды зираттарға көму 1959 жылдан бастап жүйелі түрде 1992 жылға дейін жалғасты. Бұл зираттар Балтийский, Баранцев, Белый, Краско аудандарында және Охотский және Японский өзендерінде және жартылай Камчатка аралында орналасқан.

Берілген мәлімет бойынша (В.В.Довгуша ) 1964 жылмен 1991 жыл аралығында солтүстік өзендерде активтілігі төмен және орта , қатты радиоактивті қалдықтар салынған 4900 контейнер шөктірілген. Ресейдің шығыс жағалауларында яғни Японский және Охотский өзендерінде 1986-1991 жылдары активтілігі төмен және орта қатты радиоактивті қалдық салынған 6 868 контейнер көмілген. Сонымен қатар 38 кеме және 100 ірігабаритті объект шөктірілген. Олардың жалпы активтілігі мамандардың бағалауы бойынша 22,2 мың. Кюриге сәйкес келеді.Отыз жыл ішінде атомды флоттарды экспулатациялау кезінде солтүстік теңіздерге 100 мың. м 3 сұйық радиоактивті қалдық түскен, активтілігі 24 мың. Кюриден кем емес.

Теңіздегі радиоэкалогияны бақылау үшін тек 1992 жылы ұйым құрылды. Бұған дейін бақылауды тек зираттардан 50-100км қашықтықта жүргізген. Бірақ контейнерлер шөктірілген зираттарда жиырма жылдан бері бақылау жүргізіліп келеді. Жүргізіп жатқан бақылаулар радиоактивті қалдықтарды қаптап тұрған сыртқы қабаттың қай уақытқа дейін төзетінін және радионуклидтердің теңіз ортасына қашан шығатынын нақты анықтап бере алмайды.

АҚШ – та радиоактивті қалдықтардың теіңізге тасталған мөлшері 1946-1970 жылдары 86 мың. контейнер тасталған, активтілігі шамамен 95 мың. Кюри.1971-1983 жылдары радиоактивті қалдықтарды әскери және бүкіл әлемдік атомдық өнеркәсіптер яғни Бельгия, Англия. Нидерланды, Швейцария, Франция, Швеция, Италия, ГФР, Япония, Оңтүстік Кореяның өнеркәсіптері теңіздерге тастаған. Есептеулер бойынша 1967-1992 жылдар аралығында Атылант мұхитында 188188 т контейнерге салынған және 94603 т контейнерге салынбаған радиоактивті қалдықтар көмілген. Олардың активтілігі шамамен 1 млн. Кюри.

1976 жылы өткен үшінші халықаралық конференцияда аиом энергиясын қолдану барысында радиоактивті қалдықтарды экалогияға зиян келмейтіндей етіп көму туралы ұсыныстар қаралды. Соның ішінде тек қана екеуі ғана қауіпсіз болып табылды.

1. Капсула тәрізді оқшаулап көму. Бұл техналогия радиоактивті қалдықтарды шыны тәрізді күйге өткізіп (сұйық шыныны құю нәтижесінде), цементпен араластырып соңынан кррозияға төзімді контейнерлерге салып, теңіз түбіне тастайды.

2. Активтілігі төмен радиоактивті қалдықтарды жай ( разбавленном) түрде көму.

АЭС және әскери — өнеркәсіп комплексіне қатысы жоқ муниципальді радиоактивті қалдықтарды көму әдістері цементтеу, шынылау, битондау, керамикалық камераларда жағу, арнайы қоймаларда сақтау болып табылады.

Арнайы комбинаттарда және көму пунктерінде радиоактивті қалдықтарды минимальді қалыпқа дейін пірестейді. Пірестелген заттарды алып пластикалық бочкаларға салып, үстінен цемент ерітіндісін құяды және 5-10м тереңдіктегі арнаийы қоймаларға (зираттарға) апарып көмеді. Ал басқа техналогиясы радиоактивті қалдықты жағып, күлін бочкаларға салып, цементтеп хзираттарға апарып көмеді.

Сұйық радиоактивті қалдықтардың утилизациясы үшін шынылау әдісі қолданылады. Шынылау әдісінде 1250-1600 0 С температурада гранулирленген шыны түзіледі, сосын оны да цементпен араластырып, бочкаларға орналастырады, кейін зираттарға жібереді. Бірақ мамандардың айтуынша бочкалардың ұзақ сақталуы күдік туғызады.

Ресейде 20 шақты арнайы комбинаттар және муниципальді қалдықтарлы көметін пунктер бар. Олардың бірі — НПО «Радон» деп аталады, Москвадан 100км қашықтықта орналасқан. Жылда 3000м3 қатты және 350м3 сүйық радиоактивті қалдықтарды қайта өндіреді.

Радиоактивті қалдықтарды зираттарға тасымылдау арнайы автомашиналарда жүргізіледі.

1993 жылы мемлекетте бірінші рет радиоактивті қалдықтарды көму орны және қандай әдіспен көму керек екендігі туралы заң шығарылды, ол заң «радиоактивті қалықтарды көму кезінде қоршаған ортаны қорғауды экалогиялық бақылау» деп аталады.

Активтілігі жоғары радиоактивті қалдықтарды ұзақ уақыт сақтау.

МАГАТЭ радиоактивті қалдықтарды қатты күйде сақтау тиімді деп санайды.

Заманауи активтілігі жоғары радиоактивті қалдықтарды көмуге арналған зират дегеніміз не? Ол вертикальді шахтадан, горизонтальді корридордан және көму үшін арнайы жабдықталған бөлмеден тұрады. Еденде канистирлерді сақтау үшін арнайы шурфтар орналасқан, канистирлердің ара қашықтығы 10-50м болуы керек. Оларды бір-біріне жақын орналастыруға болмайды, себебі жақын орналасқаннан апат болуы мүмкін.

Активтілігі жоғары сұйық қалдықтарды сақтау арнайы бактерде жүргізіледі. Оларды арнайы бетонды камераларда орналастырады, мүмкін болатын апатты болдырмау үшін резервуарларды үнемі ауамен желдетіп тұрады.

Мемлекеттік экологиялық сараптама – өз құзыреті шеңберінде уәкілетті органдардың, оның аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың сараптама қызметтері түрлері, оның мақсаты Қазақстан Республикасының экологиялық заңнама талаптарын жүзеге асыру, Республикамызда, оның жекелеген өңірлерінде, халық шаруашылығы саласында, жекелеген мекемелер қызметінде әлеуметтік-экономикалық даму туралы шешім қабылдау үрдісінде тиімді табиғатты пайдалану болып табылады,

Мемлекеттік экологиялық сараптама қоршаған орта сапасы мен экологиялық талаптардың шаруашылық және басқа да нормативтерді жүзеге асыруды және аталған сәйкестікті орнату, сондай-ақ әлеуметтік зардаптардың болуына байланысты және қоршаған ортаға осындай жағымсыз әрекеттерді болдырмау немесе алдын алу мақсатында объектілерде мемлекеттік экологиялық сараптаманың жүзеге асрылуна қол жетімділікті анықтау болып отыр.

Мемлекеттік экологиялық сараптаманың мақсаттары мыналар:

1) қоршаған орта мен халық денсаулығына басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық нормошығармашылық және басқа да қызметтерді жоспарлау және жүзеге асыру кезінде жағымсыз әрекеттерін тигізу мүмкіндіктерін шектеу және анықтау;

2) қоршаған орта мен экономикалық даму қызығушылық баланстарын сақтау, сондай-ақ табиғатты пайдалану үрдісінде үшінші жақпен зиян кетірудің алдын алу.

Мемлекеттік экологиялық сараптаманың өзіндік түрдегі ерекшелігі бар және табиғатты пайдалану бөлігінде және қоршаған орта әрекетіне, халық денсаулығына кері әсерін тигізбеуде құқықтық, шаруашылық және басқарушылық шешімдер қабылдануы тиіс.

Мемлекеттік экологиялық сараптама мыналарды жүзеге асырады:

1) қоршаған ортана қорғау саласында және оның аумақтық бөлімшелері бөлігіндегі уәкілетті орган – І санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізеді және ұйымдастырады;

Уәкілетті органдар мен оның аумақтық бөлімшелері арасындағы мемлекеттік экологиялық сараптауға жататын І санаттағы объектілерді анықтау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы № 449 қаулысымен бекітілген, межеге сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдармен анықталады.

2) II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу бөлігінде – жергілікті атқарушы органдар анықтайды.

Мемлекеттік экологиялық сараптамадан міндетті түрде өтуге жататын келесі объектілер:

1) қоршаған ортаға баға әсерін тигізетін материалдарды сүйемелдейтін, қоршаған ортаға әсер ететін аталған қызметтегі жобаалды және жобалық құжаттамалар;

2) қоршаған ортаға баға әсерін тигізетін материалдарды сүйемелдейтін, мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалардың жобалары;

3) қоршағн орта эмиссиясының нормативтер жобалары;

4) Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілер жобалары, нормативті-техникалық және нұсқаулы-әдістемелік құжаттар, қоршаған ортаға жағымсз әрекеттерін тигізетін жүзеге асырулар;

5) жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізуге арналған шарт жобалары;

6) ерекше қорғалатын табиғи аймақты құру және кеңейту бойынша технико-экономикалық негіздеме және табиғиғылыми жобалар, республикалық маңызы бар аймақтардағы мемлекеттік табиғи қорықтар мен мемлекеттік қорықтарды тарату және олардың аумақтарын азату;

7) өсімдік әлемім мен мал шаруашылғы ресурстарын пайдалну және өндіруде биологиялық негіздеме;

8) қалалар мен аумқтардағы, соның ішінде арнайы экономикалық аймақтар мен шаруашылық қызметті жүргізудің ерекше тәртібіндегі аймақтарда құрылыстардың (дамыту) бас жоспарының жобалары;

9) аумақтарды бақылау, бұл аумақтарды негіздеме ретінде экологиялқ зардап шеккен аймақтарға немесе экологиялқ төтенше жағдалар болған аймақтарға жатқызуға болатын материалдар;

10) шектес орналасқан мемлекеттердің қоршаған орталарына әсер етуі мүмкін шаруашылық және басқа да қызметтердің жобалары немесе жүзеге асыру үшін шектес орналасқан мемлекеттердің табиғи объектілерін пайдалану немесе шектес орналасқа мемлекеттердің қызығушылықтарын арттыру, соның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымн анықталған «Байқоңыр» кешені;

11) көлік құралдары мен жабдықтарды, соның ішіндегі Қазақстан Республикасында орнын ауыстыратын (қайта орналастырылатын) есептемегендегі техникаларды, технологияларды пайдалану бойынша құжаттамалар.

Мемлекеттік экологиялық сараптама І санаттағы объектілер үшін екі айдан аспайтын мерзім ішінде жүргізіледі, ал II, III және IV санаттағы объектілер үшін мемлекеттік сараптама алатын органға барлық қажетті құжаттарды тапсырған, алдын ала сараптаудан өткен құжаттарды тапсырған соң бір ай мерзімде беріледі.

Алдын ала сараптама жүргізу бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Жобалық құжаттамаға алынған мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы оның берілген уақытынан бастап бес жыл мерзімге дейін күшінде болады.

Көрсетілген мерзім ішінде жүзеге асырмаға мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері мемлекеттік экологиялық сараптаманың қайта қарауына жатады. Мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері мынадай жағдайларда мемлекеттік экологиялық сараптамадан қайта өтеді:

1) ертеде өткен мемлекеттік экологиялық сараптамада берілген ескертулер бойынша мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері қайта өңдейді;

2) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысн алған соң жобалық немесе басқа да құжаттамалардың өзгерген кезінде;

3) сот шешімдері негізінде.

І санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптаманы қайта жүргізу бір айдан аспайтын уақыт ішнде жүзеге асады, ал II, III және IV санаттағы объектілер үшін тіркеуден өткен күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзінде жүргізіледі.

Жоспаралды, жоспарлы, жобаалды және жобалық құжаттамалар Қазақстан Республикасы Қоршағн ортаны қорғау министрлігінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 204-п бұйрығымен бекітілген, «Қоршаған ортадағы көрсетілген қызметке және басқа да қызметтерге баға әсерін жүргізу жөніндегі Нұсқаулыққа» сәйкес әзірленеді.

Эмиссияға нормативтер жобалары 11.12.2013 жылғы № 179-ө бұйрығымен бектілген, «Қоршаған орта эмиссиясының нормативтерін анықтау әдістемесіне» сәйкес 2014 жылдың 15 қаңтарынан бастап заңды күшіне енгеннен бастап әзірленеді.