Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
инженерная экология шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
238.6 Кб
Скачать

29. Радияциялық жағдайды бақылау құралдары мен әдістері.

Қазақстан территориясында қуатты ядролық сынақтардың ең көп мөлшері жасалды. Семей полигонында 1949 жылдан 1989 жылға дейін 470 ядролық жарылыс, оның 90-ы ауада, 354-і жер астында және 26-ы жер бетінде жүргізілген. Олар Қазақстан территориясының біраз бөлігінің радиациялық ластануына әкелді. Шығыс Қазақстан тұрғындары Хиросима-Нагасаки мен Чернобыльдан кейінгі ең үлкен йондаушы сәулелену дозасын алған. Радияциялық әсерге байланысты туған аурулар туралы мәліметтер 1989 жылға дейін құпия сақталып келді. Ресми емес көздердің мәліметтеріне сүйенсек лейкемиядан қайтыс болғандар саны ондаған мың адамды құрайды.

Қазақстан территориясында радияциялық ластану себептеріне мыналар жатады:

  • Семей ядролық полигонында жасалған жарылыстардың салдары

  • Радиоактивті материалдарды пайдаланылатын атомдық өнеркәсіп орындары

  • Ғаламдық жауындар

  • Халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатында жасалған жер асты ядролық жарылыстар

  • Табиғи радиоактивтілік

  • Радиоактивті қалдықтар.

Дозиметрлер- бұл белгілі бір уақыт аралығында, мысалы, жұмыс ауысымы кезінде құралдардан алынған дозаларды, иондаушы сәулелер қуаттылығын өлшеуге арналған, радиациялық бақылау құрылғысы.

Қазіргі таңда портативті дозиметрлердің 10 астам түрлері, оның ішінде рентгендік, (альфа,бета,гамма -сәулелер), бірінші кезекте-кәсіптік түрі бар. Олардың көпшілігі қолдануда ыңғайлы болу үшін қол сағаттарының функцияларында орнатылған.

Өлшегіш құрал банк мекемелері мен несие ұйымдарындағы ақша белгісін бақылау үшін және олардың альфа және бета сәулелермен ластануын, сондай-ақ радиациялық қауіптілік мәселелерін кең шеңберде шешуге пайдалануға арналған.

Мониторлар. Порталды радиациялық мониторлардың 3 түрі- теміржолдық, автокөліктік және жаяужолдық(пешеход) түрлері бар. Бұл гамма және гамма-нейтронды сәулеленуге жоғары сезімтал болып келетін модульді құрылғы. Автокөліктік және теміржолдық мониторлар, жоғарылаған мықтылықтың арқасында, ашық ауада эксплуатациялауға есептелген. Жаяу жолдық мониторлар- пошта жіберілімдері мен багаждары адамдардың радиациялық бақылауы және тексеруі үшін қолданылады.

Сәулеленуді бақылауға арналған жүйені іздеу мониторы.

Бұл ғимараттар мен халық көп жиналған орындарда радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қарапайым да сенімді құрал болып табылады.

Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және сәулеленуді бақылауды кең шеңберде шешу мәселесіне арналған көп функционалды кешенді қарапайым құрал.Сонымен қатар бұл аспапты орын алған гамма сәулелену көздерімен бірге радиоизотопты жедел анықтауды жүргізу нәтижелерімен салыстыруға пайдалануға арналған құрал.

30. Автомобильдерден шыққан улы газ қалдықтарынан қорғау әдістері.

Қаламыздың Қазақстандағы ең лас қала аталуының басты өзекті көзі - автокөліктер, қалалық жол полициясының деректері бойынша, дәл қазір 540 мыңнан астам көлік құралдары тіркелген. Бұлардың қатары жылына 40 мыңға дейін көбейеді.

Сондай-ақ қалаға орта есеппен күнделікті 200 мыңның шамасында автомобильдер келіп -кетіп жатады. Ластағыш заттардың зиянды әсер ету сипаты алуан түрлі: Олар түрлі металдардың коррозиясын үдетіп, өсімдіктер үшін улы болып келеді, сонымен қатар ыс туындауының бір себебі болады, жаппай өкпе және басқа да ауруларға ұшыратады.

Ал әрбір мың автомобильден күніне ауаға 3000 кг көміртек оксидтері, отынның толық емес жану өнімдері бөлінеді. Жыл сайын олар 280 млн тонна шамасында көміртек тотығын, 56 млн тонна көмірсутек, 28 млн тонна азот тотығын ауаға қосады. Бұл газдардың құрамында 200-ден астам өте күрделі заттар қосындылары бар.

Олардың ішінде зиянсыздары - азот, оттек, сутек, су булары, зияндылары - көміртек, азот тотығы, этилен, бензол, этан, метан, толуол, бенз(а)пирен, күйе, күкіртті түтін т.б. Бұл физикалық-химиялық қоспалар тыныс алу кезінде адам мен жануарларға аса зиянды. Ластаушылар автомобильді қыздырған кезде және аз жылдамдықпен жүрген кезде ауаға тез тарайды.

Машина  тоқтаған уақытта көмірсутегі мен көміртек оксиді, ал жүргенде азот оксиді шығады. Дизельді моторлы машиналар құрамында CO, NO заттары бар болғандықтан бензинді пайдаланатын машиналарға қарағанда кемшілігі мол. Себебі, олар түтінді көп шығарады, адам денсаулығына зиянды әсері жоғары. Атмосфераға көліктен бөлінген газдардың құрамында 25-27% қорғасын болатыны анықталған. Ауада  ұзақ уақыт сақталып, онымен бірге адам ағзасына түсетіндігі белгілі.    Автокөлік түтіні жасыл желекке зиянды әсер етуде - лас ауадан өсімдікте аурулар пайда болады. Жапырағы химиялық күйікке ұшырайды.

Бүгінгі таңда автокөлік көптеген қалаларда бірінші орындағы ластаушы көзге жатады. Көптеген мәліметтерге қарағанда бензин қозғалтқышынан тасталатын жанусыз қалған көмірсутектердің толық жанбауынан шыққан өнімдердің мөлшері дизель қозғалтқышынан анағұрлым жоғары екені анықталған. Қорыта келгенде автокөліктен осыншалықты адам ағзасына қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерлерін білдік. Сондықтан да біздің мынадай ұсыныстарымыз бар; 1) Экологиялық таза жанармайлар ойлап табылса...... 2) Қазіргі автокөліктерден бөлінетін зиянды заттарды ұстап қалатын сүзгіштер орналастырылса..... 3) Арнайы сүзгіштерсіз көліктердің жүруіне тиым салынса...... 4) Салауатты өмір салтын қалыптастыруда автокөлік орнына велосипед қолданылса..... 5) Велосипед жүргізуге арналған жолдар және оған арналған тұрақтар салынуы қарастырылса..... 6) Экологиялық таза отын пайдаланатын автомобиль қозғалтқыштарын жасаса.....