- •"Инженерлік экология" пәнінің мәні, мақсаты мен міндеттері.
- •2. Энергетика және қоршаған орта. Табиғи орта, адам тіршілігінің
- •3. Экология және су мен отын энергиясын комплексті қолдану.
- •4. Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың экологиялық әсерлері.
- •5. Табиғи ресурстардың қоры және оларды тиімді пайдалану
- •6. Қр қоршаған ортаны қорғау заңының негізгі қағидалары.
- •7. Аз қалдықты технологиялар.
- •8. Экологиялық нормалаудың негіздері. Жылуэнергетикалық объектілерде экологиялық құжаттау.
- •9. Экожүйе: құрылымы және динамикасы.
- •10. Экологиялық сараптама. Экологиялық аудит.
- •11. Өндіріс қалдықтарын шаң мен газдан тазарту әдістері. Парниктік эффект. Киотто хаттамасы.
- •12. Отынды тиімді пайдалану. Отынды жаққанда атмосфераға шығарылатын зиянды заттардың сипаттамалары.
- •13. Жылуэлектр стансаларында күлді ұстап қалу. Ылғал және конденсациялық әсерлі шаң және тамшы ұстағыш құрылғылар.
- •14. Электр сүзгілер: жұмыс істеу қағидасы, құрылымы және есептелуі.
- •15. Қалдықтарды қайта өңдеу . Аз қалдықты технологиялар.
- •16. Атмосфераға күкірт оксидтері шығарылуын азайту. Отынды күкірттен тазарту. Мұнай өндейтін зауыттарда күкіртті аластау.
- •17.ЖэСда күкіртті отындарды жағудың алдында өңдеу. Жану өнімдерін күкірт оксидтерінен тазарту.
- •18. Азот және көміртегі оксидтері шығарындыларын азайту әдістері.
- •19. Биосферадағы зат айналым. Заманауи экологиялық мәселелер және оларды шешу жолдары.
- •20. Жылуэнергетикасы және қоршаған орта.Гидроэнергетика және қоршаған орта.
- •21. Суды тиімді пайдалану. Ағын суларының жіктелуі.
- •22.Ағын суларын утильдеу әдістері. Ағын суларын тазарту әдістерінің жіктелуі.
- •23. Ғарыш экологиясы
- •24. Гидросфераның ластануы. Суларды тазарту әдістері.
- •25. Негізгі қондырғыларды химиялық жуып тазартудан және консервациялаудан пайда болатын қалдық сулар және оларды тазарту.
- •26.Қалдық суларды тазартудың мембраналық процестері.
- •27. Табиғатты қорғаудың экологиялық қатері мен экономикалық аспекттері
- •28.Табиғатты қорғау шараларының техника-экономикалық негіздемесі
- •29. Радияциялық жағдайды бақылау құралдары мен әдістері.
- •31. Радиоактивті қалдықтарды көму. Мемлекеттік экологиялық сараптама.
- •32. Газдарды тазалау мен тиімді көрсеткіштерін сыныптау жүйелері мен әдістері.
- •33. Радиоактивті қалдықтарды сақтау және заласыздандыру.
- •35. Қышқыл жаңбыр мәселесі.
- •36.Биосфераның ластануы . Озон қабаты.
- •37. Табиғатты қорғау заңдылығын бұзу үшін жауапкершілік.
- •38. Атмосфераның құрылымы.
- •39. Суаттардың жылулық ластануы.
- •40. Ылғал шаң ұстағыштар. Жұмыс істеу механизмі.
- •41. Құрғақ шаң ұстағыштар. Жұмыс істеу механизмі.
- •42. Өнеркәсіптік ағын суларын мұнай өнімдерінен тазарту.
- •45. Аэс ағын суларын тазарту.
- •46. Қазақстандағы экологиялық ахуал.
- •47. Суды тазарту әдістері.
- •48. Атмосферадағы шу .
- •49.Жэс шығарындыларының атмосферада сейілуін есептеу.
- •50. Экологиялық төлқұжат.
- •51. Энергетика объекттерінің қоршаған ортаға әсері.
- •52. Табиғатты пайдалануды ұйымдастыру және басқару.
- •53. Минералды тыңайтқыштардың пайдасы мен зияны.
- •54. Ағын суларын мұнай өнімдерінен тазарту.
- •56. Экологиялық қауіпті жағдай және «экологиялық қатер» түсінігі.
- •57. Қоршаған орта сапасын сертификаттау және стандарттау.
- •58. Жарым- жартылай жанған өнімдердің шығуымен күресу.
- •59. Ядролық апат кезіндегі радияциялық жағдайды болжау.
- •60. Су бассейндерінің өндірістік ағын суларымен ластануы. Ағын суларының жіктелуі.
28.Табиғатты қорғау шараларының техника-экономикалық негіздемесі
Табиғатты қорғау - қазіргі кезде өмір сүрушілер ғана емес сондай-ақ, болашақ ұрпақтардың да денсаулығы мен хал-жағдайы дұрыс және өз уақытындағы шешімдерге тәуелді болатын қазіргі кездегі мәселелердің бірі.
Табиғатты қорғау - бұл табиғи жер және су ресурстарын ұтымды пайдаланып, сақтауды және ұдайы өсіруді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік, қоғамдық, әкімшілік-шаруашылық, техникалық-өндірістік, экономикалық және заңды шаралар жүйесі. Қазақстанның табиғи ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану. Қазақстан Республикасының Мәжілісі және Үкіметінде табиғатты қорғауды күшейтуге, республикамыздың табиғи ресурстарын ұдайы өсіруге бағытталған бірқатар заңнамалық актілер қабылданып, пайдаланылуда. Әрбір облыстардың жанында осы актілердің орындалуын бақылайтын арнаулы мекемелер бар. Республикада табиғат қорғау прокуратурасы құрылды. Ол Қазақстан Республикасының табиғат қорғау туралы заңдарының орындалуын қатаң кадағалайды. Қазақстанда мемлекеттік ұйымдар торабы құрылған, олардың қызметі бірегей құрамды флоралар мен фауналары бар үлкен аумақты барынша ұзақ сақтауға арнайы бағытталған. Бұл ұйымдар - қорықтар, ұлттық табиғи саябақтар және ерекше қорғалатын аумақтар. Қазақстан Республикасында 2003 жылы ерекше қорғалатын 25 аумақ бар деп есептеледі, олардың қорықтары 10, табиғи ұлттық саябақтары - 10. Бұл табиғат қорғау мекемелері шамамен 3 млн гектар ауданға орналасқан.
Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану шаралары
Жер бетіндегі тіршілік иелері атаулылар қорегі және энергияның негізгі көзі болғандықтан, табиғи және су ресурстарын ұтымды пайдалану кез келген елдер үшін негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Қазақстанда шөл, қуаң (аридті) және сортаң жерлердің орасан зор аумағы бар. Мұнда табиғи ресурстар шектеулі, соның салдарынан бұл аумақтарды ұтымды пайдалану республикамыз үшін ерекше көкейкесті мәселе болып есептеледі. Сондықтан республика ғалымдарының алдына өсімдіктердің жаңа іріктемелерін жоғары температура және сортаңдық сияқты қолайсыз факторларға төзімділігі артқан жануарлар қолтұқымдарын шығаруды тездету міндеті жүктелуде. Солтүстік Қазақстанның топырақ өнімділігін шұғыл шектеу факторларының бірі топырақты шаңға айналдырып, жеңіл ұшыратын жел эрозиясы болып табылады. Мұндай жерді жыртқан кезде топырақтың жыртылатын құнарлы қабатын жел ұшырып әкетеді. Атап айтқанда академик А. И. Бараев Қазақстанда топырақ өңдеудің эрозияға қарсы топырақ қорғайтын қайырмасыз жырту жүйесін жасап, кеңінен пайдалануда. Бұл жүйеге сәйкес жырту кезінде топырақ қабатын аудармай, арнаулы сыдыра қопсытқыш (плоскорез) арқылы өңдеп, тек арамшөптердің 4 - 5 см тереңдіктегі тамырын қияды, мұндайда өсімдік (паясы) аңызында кесілген сабақтар тік қалпында қалады. Сөйтіп топырақ құрылымы сақталады да, шаңға айналмайды. Топырақты осылай өңдеген кезде ауаға шаң көтерілмейді. Осы технологияның арқасында Қазақстан жыртылатын жерді сақтап, Қазақстанның солтүстігінде астықтан жоғары түсім алуға қол жеткізді.
