Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
инженерная экология шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
238.6 Кб
Скачать

23. Ғарыш экологиясы

ҒАРЫШ— Ғаламның астрономиялы анықтамасының синонимі. Кейде Ғарыш ұғымына Жер және оның атмосферасы енбей қалады. Ғарыш «Жер төңірегіндегі» кеңістікті қамтитын жақын Ғарыш және жұлдыздар мен галактикалар, т.б. кеңістігін қамтитын алыс Ғарыш болып ажыратылады. ҒАРЫШ АЛАҢЫ, космодром — ғарыштық аппараттарды құрастыруға, сынауға және ұшыруға арналған ғимараттар мен техникалық құралдар орналасқан жер. Ғарыш алаңының басты нысандарына: технологиялық позиция, старттық жөне командалық өлшеу кешен-дері жатады. Әр нысан күрделі жабдықтар кешені мен олар орналасқан күрылыстардан тұрады. Ғарыш алаңының жабдыктары арнайы технологиялық және жалпы технологиялық жабдықтарға ажыратылады. Ракета тасыгыш пен ғарыштык аппаратты тасымалдауға, күрастыруға, сынауға, үшыру жүйесіне орнатуға, жанар май қүйып, үшұға дайындайтын және үшұды басқаратын жабдықтар арнайы технологиялық жабдықтарға жатады. Дүние жүзіндегі аса ірі ғарыш алаңдары Қазакстанда (Байқоңыр) және АҚШ-та (Шығыс сынақ полигоны, Флорида штаты) орналасқан. Байқоңыр Ғарыштардың ең алғашқысы. Оның жасанды серігі және дүние жүзіндегі түнғыш ғарышкер Ю.А. Гагарин ғарышқа үшты. Ғарыштық аппараттар, сондай-ақ Капустин Яр, Плесецк (Ресей), Батыс сы-нақ полигоны, Уоллопс, Атлантис (АҚШ), Куру (Франция), Утиноура, Танегасима (Жапония), Чанчэнцзе (ҚХР), Сан-Марко (Италия), Шри-харикота (Үндістан) Ғ. а-тарынан да үшырылады.С. Сүйменбаев ғарышкер, астронавт, космонавт ғарышқа ұшу кезінде ғарыштық техниканы сынақтан еткізетін әрі оны пайдаланатын адам; адамның ғарышқа ұшуынан кейін (1961) пайда болған мамандық. Алғашқы Ғарышкелер әскери үшкыштар мен ұшқыш-сынактар қатарынан таңдалып алынды. Өйткені ғарышқа ұшуға кажетті қасиеттер (үшу шеберлігінің жоғары деңгейде болуы, апатқа үшырау жағдайында жылдам шешім кдбылдауы, шу, діріл, үдеу, т.б. әр түрлі факторларға төзімді болуы, бақылау жүмыстарын жүргізіп, оны қорытындылай білуі, т.б.) осындай мамандықка лайықты еді. Кейінірек КСРО-да да, АК-та да ғарыштык кеме экипажына қажетті арнайы білімі бар инженерлер мен ғалымдарды қоса бастады. Ғарышкерлерді дайындау ісі КСРО-да 1960 ж., АКДІ-та «Меркурий» ғарыштық кемесінде үшуға арналып 1959 ж., ал «Джемини» мен «Аполло» ғарыштык, кемелеріне арналып 1962 ж. жүргізіле басталды. Түңғыш ғарышкер Ю.А. Гагариннен (1961) бастап ғарышқа 300-ден астам адам ұшты. Олардың ішінде қазак, Ғарышкерлері де Т.О. Әубәкіров (1991), Т.А. Мұсабаев та бар.

24. Гидросфераның ластануы. Суларды тазарту әдістері.

Гидросфера (гр. һуdor — су, spһаіrа — шар):

1) жер ғаламшарының су қабығы немесе құрлықтағы (тереңдегі, топырақтағы, жер бетіндегі), мұхиттағы және атмосферадағы, яғни жер шарындағы барлық сулардың жиынтығы. Оны мұхиттар мен теңіздердің суы, құрлық сулары — өзендер, көлдер, бөгендер, мұздықтар, сондай-ақ литосфераның жоғарғы бөлігіне сіңетін жер асты суы, атмосферадағы ылғал құрайды. Гидросфера жер бетінің шамамен 71%-ын алып жатыр. Гидросфераның шамамен 94%-ын мұхиттар мен теңіздер құраса, 4%-ы жер асты суларының, шамамен 2%-мұздықтар мен қарлардың (негізінен Арктика, Антарктида мен Гренландия), 0,4%-құрлықтардағы жер үсті суларының (өзен, көл, батпақ) үлесіне тиеді. Оның жалпы көлемі 1370,3 млн км3, бұл планета көлемінің 1/800 бөлігін ғана құрайды. Шөгінді (тұнба) таужыныстардың басым көпшілігі Гидросфера мен литосфераның жапсарында қалыптасады. Аздаған мөлшердегі су атмосфера мен тірі ағзаларда шоғырланған. Су массаларының барлық нысандары су айналымы барысында бір түрден екінші түрге өтеді;

2) жердің теңіз, мұхит, көл, өзен, мұздықтар мен жер асты суларынан тұратын қабығы, солардың жиынтығы. Гидросфераның орташа қалындығы 3,8 км-ге жетеді.

Гидросфераның ластануы — ластағыш заттардың гидросфераға мол мөлшерде түсуі, олардың өзен, су қоймалары, көлдер мен теңіздер, мұхиттар мен жер асты суларын ластап, су ортасының қалыпты жағдайын бұзуы.

Гидросфера — Жер шары суларының жиынтығы, агрегаттық күйіне (сұйык, қатты және газ) қарамастан, химиялық байланыспаған барлық суды қамтитын Жердің сулы қабығы. Ылғал айналымы процесінде судың барлық турі бірінен екін- шісіне өтеді. Гидросфера мұхиттардың, теңіздердің, құрлықтың жер асты және жер үсті суларын қамтиды. Судың біршама мөлшері атмосфера мен тірі организмдерде болады. Көбінесе Гидросфера деп жер бетінің 71%-ын құрайтын теңіздер мен мұхиттарды ғана санайды. Гидросфера көлемінің 96%-ын теңіздер мен мұхиттар, 2%-ға жуығын жер асты сулары, шамамен, 2%-ын мүздар мен қарлар (негізінен, Антарктида мен Гренландияның), 0,02%-ын құрлықтың жер үсті сулары (өзендер, көлдер, батпақтар) құрайды.

2. Ластанған суларды механикалық, химиялық, биологиялық жолмен тазартады.

Механикалық жолмен тазарту әдісі- ластанған сулардан әдейі арналған құралдардың көмегімен ерімейтін зиянды қосындыларды бөлуге бағытталған. Ол үшін сүзгі, мұнай, май ұстайтын құралдар т.б. пайдаланылады. Бұл әдіспен ластанған судың 60%, өндірістік қалдық сулардың- 95%-ке  дейнін ерімейтін қосындылардан айыруға болады.

Ластанған суларды химиялық жолмен тазарту әдісі- әр түрлі реагенттерді қосу арқылы құрамын жақмартуға бағытталған. Химиялық әдіспен ластанған сулардағы ерімейтін зиянды заттарды 95%-ке дейін азайтуға болады.

Ластанған суларды тазартудың биологиялық әдісі биохимиялық процестің көмегімен жүргізіледі. Биологиялық тазарту табиғи жағдайда бөлініп берілген жер учаскелерінде жүргізіледі. Бұлар- жер суару участоктері. Биологиялық тазарту әдісін пайдалану үшін биологиялық тоғандар пайдаланылады.

Қазақстанда жоғарыда аталған су тазарту әдістерінің ішінен тек қана механикалық әдіс пайдаланылады. Республикада жүздеген су тазарту қондырғылары тұрғызылған. Бұлардың жұмысын үнемі қадағалап отырмаса- олардың тиімділік көрсеткіштері төмен болып қала береді. Ал химиялық және биологиялық тазарту әдістері әлі практикаға енген жоқ.

Әрине суларды тазартудың бұдан басқа да жаңа әдістері алға қарай шығуы мұмкін. Бірақ, қаншама жетілдірілген әдістер шыққанымен, ластанған суды мүлтіксіз бұрыңғы қалпына келтіру мүмкін емес.

Суларды тиімді пайдалану және олардың тазалығы сақтауда республикамызда көптеген жағымды тәжірибелер бар. Әсіресе, көп жылдар бойы суармалы егіншілікпен шұғылданып келе жатқан аудандардың пайдалы істерін пайдалана білген жөн.

Енді еліміздегі су қорын сақтау мен дамытуға қатысты не тындырылып отыр дегенге келейік. Бұл орайда алдымен, 2002 жылы Үкімет қаулысымен еліміздегі су қоры мен су шаруашылығы саясатын дамытудың 2010 жылға дейінгі Тұжырымдамасы қабылданғанын, ол бойынша еліміздегі су қорын сақтау мен үнемді пайдалану, сондай-ақ су шаруашылығы саясатының ұзақ, орта және жақын мерзімдерге арналған бірқатар жоспарлары түзілгенін айта кеткен жөн. Осы орайда өткен маусым айының басында Қазақстанның суда жүзетін құстардың негізгі тіршілік көзі саналатын, халықаралық маңыздағы саз-батпақты жайылымдықтар жөніндегі Рамсар конвенциясына қосылуының Үкімет тарапынан заңдастырылуының маңызы зор десек болады. Яғни осы қосылу арқылы енді елдегі жоғарыдағыдай жайылымдықтарға халықаралық деңгейде мән беріліп, фаунасы мен флорасын сақтауға үлкен септігі тиюі тиіс. Дегенмен де, сөз басында айтып кеткендей, жобасы жаңа жасалып жатқан Ұлттық жоспардың директоры және Су қорлары жөніндегі құзырлы комитет төрағасы Әмірхан Кеншімовтің айтуынша, бүгінге дейін Қазақстандағы су қорлары жөнінде жүйелі түрде бағдарлама жасалмапты. Терең зерттеуді қажет ететін бұл күрделі мәселе енді ғана қолға алынып отыр екен. Ендеше, Қазақстанның аграрлы ел екенін, қазірдің өзінде судың ең көп тұтыну үлесінің: 76,5 пайызы ауыл шаруашылығына тиесілі екенін еске тұтсақ, бізге суға қатысты саясатта сақ болмасқа әрі асықпасқа болмайды.