Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
инженерная экология шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
238.6 Кб
Скачать

14. Электр сүзгілер: жұмыс істеу қағидасы, құрылымы және есептелуі.

Аталмыш жабдық өндірістен шығатын зиянды газдарды 99,1% тазартуға мүмкіндік береді. Осы құрылғының көмегімен біз бұл көрсеткішті 99,7 пайызға жеткізуді көздеп отырмыз. ТМД аумағында бұндай сүзгілер ең үздік деп танылған құрылғылар болып саналады. Бұл жабдықты құрастыру дәлдігінде миллиметрге дейін өте маңызды. Көптеген кәсіпорындар заман талабына сай электр сүзгілерді орнату мәселесіне өте жауапкершілікпен қарайды. Электр станциясының энергоблоктарындағы электр сүзгілерді ауыстыру жұмыстары 2001 жылдан бастап іске асырылып келе жатқан ауқымды шаралардың бірі болып табылады. Олардың орналастырумен отандық компаниялар айналасады. Осы жоба шеңберінде № 6 энергоблокта қазан, турбина және электр сүзгілерінің монтажы бойынша жұмыстар жүргізіліп, жаңа автоматтандырылған басқару жүйесі орнатылды. Аталмыш энергоблоктың іске қосылғандығының арқасында электр станциясының қуаты - 2450 МВт құрап отыр. Компанияның қайта құру жұмыстарына жұмсаған қаржы көлемі - 265 миллион доллар шамасында. Бұл жоба Қазақстанның үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасына енгізілген.

15. Қалдықтарды қайта өңдеу . Аз қалдықты технологиялар.

Қоршаған ортаға өндірістік орындардың жағымсыз әсер ету проблемаларының радикалды шешімі қалдықсыз немесе аз қалдықты технологияларды қолданғанда ғана мүмкін болады. Жүз пайызды тазалау теориялық тұрғыдан қарағанда мүмкін, бірақ бірақ практикалық тұрғыдан қарастырсақ тазалағыш құрылғылырдың тым үлкендігінің және қаражаттың жетіспеушілігінің салдарынан жүзеге асуы мүмкін. Осыған орай альтернативті шешімдер қарастыру, әсіресе аз қалдықты және ресурс үнемдеуші технологияларды енгізу керек. Алғаш рет Н.Н.Семенов пен И.В.Петрянов ұсынған «қалдықсыз технология» термині кейін біздің және өзге де шет елдерінде кең етек жайды.

Аз қалдықты технология қалдықсыз өндірістік орын қалыптастырудағы аралық баспалдақ болып табылады. Аз қалдықты өндірісте қоршаған ортаға зиянды әсер санитарлық органдар қадағалайтын мүмкін мөлшерден аспайды, бірақ техникалық, экономикалық, ұйымдастырушылық немесе басқа да себептерге орай шикізат пен материалдардың белгілі бір бөлігі қалдыққа айналып , ұзақ уақыт сақтауға немесе көмуге бағытталады.

Қалдықсыз өндірістің негізі шикізатты оның барлық комплекстерін қолдана отырып комплексті өңдеу болып табылады, себебі өндірістің қалдықтары бұл белгілі бір себептерге байланысты пайдаланылмаған немесе түгелдей пайдаланылмаған шикізаттың бөлігі. Осы орайда ресурс үнемдеуші технологиялар маңызды болып есептеледі.

Сонымен қалдықсыз және аз қалдықты технологиялар мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:

  • Шикізатты барлық компоненттерін сақтай отырып жаңа қалдықсыз процесстерді қалыптастыру негізінде комплексті қайта өңдеу;

  • Қайта пайдаланылуды талап ететін жаңа өнім түрлерін қалыптастыру және шығару;

  • Өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу және тауарлы өнімді алып, қолдану немесе олардың экологиялық тепе теңдікті бұзбай кез келген тиімді пайдаланылуы;

  • Өндірістік сумен қамтамасыз етілудің тұйық жүйесін пайдалану;

  • Қалдықсыз территориялық өндірістік комплекстер мен экономикалық аймақтар қалыптастыру;

Кейінгі жылдары қадықтарды зиянсыз етудің жаңа бағыттары дамып келеді: тұрмыстық заттар, бұрынғыдай 10 жыл емес 4-18 ай ішінде, арнайы далалық ұралар (қалдық шіритін жерлер) немесе компостирование жасалады. Мұнан басқа да шірітуді өте жеделдететін (1-3 аптаның) қоқысты қайта өңдейтін заводтар да бар. Компостирование жасау арқылы анаэробтық үрдісті тездеткеннен кейін органикалық заттар тез бұзылады, бұл үрдісте азоттың қозғалғыш жақсы сіңіретін формасы пайда болады. Бұл көмбеде ең басты рөлді бактериялар орындайды, олар үшін энергияның көзі органикалық қосылыстар болып саналады. Бұл жағдайда қалдықтар біртекті, барлығының бір қасиетке ие (гомогендік) массаға айналады, немесе өте бағалы азот тыңайтқышына ұқсас зат болады.

Арнайы зауыттарда химиялық және термиялық қайта өңдеуде мусор тыңайтқышқа ғана айналып қоймайды, сонымен бірге қалдықтардан этил спиртін алады, оный құрамында мысалы целлюлоза болады.

Қалдықсыз технология– шикізаттарды мейлінше толық пайдаланудың техникалық, технологиялық және экономикалық ұйымдастыру жүйесі. Бұл жүйе шикізаттарды кешенді түрде пайдаланып, қалдықтарды өңдеп, қосымша өнім алуға негізделген.

Қалдықтар – шикізат өңдеуден және тұтынудан қалған пайдаланылмайтын материал.

Утилизация – қалдықтарды өңдеу арқылы пайдалы материал алуға немесе оларды залалсыздандыруға бағытталған технологиялық шаралар.

Техногенді шикізат көзі – қалдықтарды сақтау негізінде жиналып қалған, өңдеп пайдалануға болатын шикізат көзі.