Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
инженерная экология шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
238.6 Кб
Скачать

12. Отынды тиімді пайдалану. Отынды жаққанда атмосфераға шығарылатын зиянды заттардың сипаттамалары.

Қазіргі кезеңдегі ғылыми-техникалық прогресс пен өнеркәсіп өндірісі қарқынмен дамыған жағдайда қоршаған ортаны қорғау проблемасы өте өткір мәселеге айналып отыр. қоршаған ортаның негізгі компоненттерінің бірі – атмосфералық ауаның ластануы қазіргі кезеңде адам денсаулығына, ауқымды және аймақтық климаттық жағдайға айтарлықтай әсерін тигізуде.

Ластаушы заттардың негізгі түрлері газ тәрізді заттар. Отын жанғанда, автокөлік қозғалысы кезінде көміртек оксиді бөлінеді. Ол өте улы газ. Қанның құрамындағы гемоглобинмен оңай әрекеттесіп, организміді улайды. Сондықтан, автокөліктерден және өндіріс нысандардан шығатын улы қалдықтарды азайту өте өзекті мәселе болып отыр.

Атмосфера табиғи жолмен және адамның іс-әрекеті нәтижесінде ластанады. Атмосфераның табиғи жолмен ластануы жанартаудың атқылауына (жерде бірнеше мың жанартау бар, олардың 500-ден астамы активті түрде), тау жыныстарының үгітілуіне, шаңды дауылдардың тұруына, орман өрттеріне (найзағай түскенде), теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ерітінді тамшыларының қүрғауына, тірі организмдердің іріп-шіру процестеріне байланысты.

Атмосфералық ластанудың антропогендік (жасанды) көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік, жылу энергетикасы, тұрғын үйлерді жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы, т.б. жатады. Тек өндірістік кәсіпорындардың ғана қорғаныш ортаға әсер етін ластауын мынадай негізгі түрлерге бөлуге болады: шикізат материалдар, құрал-жабдықтар, отын, электр энергиясы, су, қалдықтар, өнімдер, атмосфераға таралатын шығарындылар (газ, бу, ауа тозаңы), энергетикалық шығарындылар, шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, діріл, электромагнитті өріс, жарық, ультракүлгін, лазерлі сәулелер, иондағыш шығарындылар және т.б. Ауаны ластайтын компоненттердің химиялық құрамы отын-энергетика ресурстарының түріне, өндірісте қолданылатын шикізатқа, оларды өңдейтін технологияға байланысты келеді.

13. Жылуэлектр стансаларында күлді ұстап қалу. Ылғал және конденсациялық әсерлі шаң және тамшы ұстағыш құрылғылар.

Инерциялық шаң ұстағыш аппараттары. Бұл шаң ұстағыш аппараттардың жұмыс істеу принципі газдардың құрамындағы шаңның тосқауылға соқтығысып, әрі жылдамдығын жоғалтуы арқылы газдан бөліну қасиетіне негізделген. Бұл аппараттарға шаңқаптар жатады. Бұл шаңқаптарда ірі размерлі шаңдар ұсталынады. Мұндай шаңқаптар домна к

Пештерінің және күкірт қышқылын алу зауыттарында қолданылады. Мұндай шаңқаптарда ұсталынатын шаңның ірілігі 50 мм-ге дейін болу керек. Олардың кемшілік жағы – олардың тез тозатындығы және күрделі тазаланатындығы.

Циклон. Циклон цилиндрлік түтіктен және төменгі жағы тарылып келетін конустан тұрады. Шаңданған газ цилиндрлік түтікте спираль сияқты айналып, цилиндрдің және конустың қабырғаларына соқтығылып, әрі жылдамдығын жоғалтып конустың төменгі жағына түседі. Бұл шаң ұстағыш қондырғыға газды жоғары жылдамдықпен берген сайын, оның шаң ұстағыш қабілеті арта береді. Сондықтан, өндірісте қолданатын циклондарға берілетін газдардың жылдамдығы 5-тен 20 м/с-қа есептелген. Мұндай циклондар өндірісте көбірек қолданылады.

Ылғал ұстағыш аппараттар. Бұл аппараттарда шаңданған газдар сумен ылғалданады. мұндай шаң ұстағыш аппараттың қарапайым түрі жуғыш мұнара деп аталады. Жуғыш мұнараның ішкі керамикалық толтырғыштардан тұрады. Егер шаң ұстағыш аппараттарға берілетін суды майда тамшыларға айналдырып берсе, онда мұндай аппарат скруббер немесе Вентури трубасы деп аталады. Көп жағдайда Вентури трубасы циклонмен жабдықталады.

Фильтрлер. Мұндай шаң ұстағыштарда газ ағыны қуыс материалдардан өткен кезде шаңнан тазарады. Газдарды ірі шаңнан тазартқан кезде фильтр ретінде коксты, құмды, гравийді пайдаланады. Өте майда шаңдарды ұстау үшін қағаз және түрлі маталар пайдаланады. Өндіріс жағдайында барабан, рама немесе қап формасындағы фильтрлерді қолданады.

Мұндай фильтрлердің негізгі көрсеткіші олардың гидравликалық кедергісі. Газдарды тазарту барысында шаңның фильтрге жабысу қалыңдығына байланысты оның гидравликалық кедергісі өседі.

Фильтматериал ретінде бұрын жүн, мақтаны жиірек қолданып келген. Қазіргі кезде олардың орнына синтетикалық материалдар қолданған тиімді болып есептеледі. Себебі, жүн , мақта газдардың температуралары 100 С-тан асатын болса, синтетикалық материалдар 150°С-қа дейін шыдайды. Әрі синтетикалық материалдар шірімей монтаж, жөндеу жұмыстарын жүргізуге ыңғайлы.

Жеңдік фильтрлерді көп жағдайда 250°С температураға дейін төзімді шыны матадан дайындайды. Оларды отырған шаңнан механикалық сілку жолымен немесе кері үрлеу әдісімен тазартады. Мұндай фильтрлерде газдар шаңнан 99%-дейін тазартады.

Қазіргі кезде металлокерамикалық фильтрлердің ашылуына байланысты шаңтазалағыш аппараттардың мұндай түріне көп үміт артылып отыр. Металлокерамикалық фильтрді көп жағдайда газдардан бағалы аэрозоль, шаңдарды бөліп алуға пайдаланады. Мұндай фильтр труба түрінде жасалады. Фильтрдің ұзындығы 2 м,диаметрі 10 см, тазалау эффекті 99,99% берілетін газдың температурасы 500 °С-қа дейін. Оны шаңнан кері үрлеу арқылы тазартады.