- •Суреттер тізімі
- •Жоба тұжырымдамасы
- •2. Өнім (қызмет) сипаттамасы
- •Өндірістер бағдарламасы
- •Маркетингілік жоспар
- •4.2 Нарықты саралау
- •3 Баға саясаты
- •Нарықты және бәсекелестерді талдау
- •Маркетинг стратегиясы
- •Swot-талдау
- •Техникалық жоспарлау
- •Ұйымдастыру, басқару және қызметкерлер құрамы
- •Жобаны жүзеге асыру
- •Жалпы және әкімшілік шығыстар
- •Қаржыландыруды қажетсіну
- •9.1 Инвестициялар, жобаның табыстық-шығындық құрылымы және өзіндік құн
- •9.2. Инвестициялық жобаның қаржылық тұрақтылығын қамтамассыз ету бойынша іс-шаралар
- •Жоба тиімділігі
- •10.1. Жобаның қаржылық-экономикалық тиімділік көрсеткіштері
- •10.2 Жалпы тәуекелдерді бағалау
- •Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық ықпал
Өндірістер бағдарламасы
Төменеде өндірістік жоспарлық жылдар бойынша бағдарламасы берілген.
Кесте 1. Қызмет өндірісінің жоспарлық бағдарламасы, жылдарға
Өнімнің атауы |
2013 |
2014 |
2015 |
2016 |
2017 |
Демалыс үйі қызметтері |
14 400 |
15408 |
16486 |
17640 |
18 230 |
Сату бағдарламасы өнімді көтерме сатып алушыларға тікелей жеткізуге келісім-шарт жасау арқылы, сонымен қатар жарнамалық акциялар арқылы жүзеге асырылатын болады
Кесте 2. Сатудың жоспарлық бағдарламасы, жылдарға
Көрсеткіш |
2013 |
2014 |
2015 |
2016 |
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
Қызметтің жылдық сатылымынан % |
100% |
100% |
100% |
100% |
100% |
100% |
100% |
100% |
Бөлме тапсырудан кіріс |
100% |
100% |
100% |
100% |
100% |
100% |
100% |
100% |
Жаттығу залынан кіріс |
100% |
100% |
100% |
100% |
100% |
100% |
100% |
100% |
Бассейндерден кіріс |
100% |
100% |
100% |
100% |
100% |
100% |
100% |
100% |
Хауыздан кіріс |
100% |
100% |
100% |
100% |
100% |
100% |
100% |
100% |
Шайтанарбалар, қайықтар мен катамарандар жалдаудан кіріс |
100% |
100% |
100% |
100% |
100% |
100% |
100% |
100% |
Бильярд залынан кіріс |
100% |
100% |
100% |
100% |
100% |
100% |
100% |
100% |
Сату бағдарламасын есептеу барысында инфляция назарға алынған жоқ, себебі инфляцияға байланысты бағаның өсуі кәсіпорын өнімдерінің құнына тікелей қатысты түрде қосылады.
Маркетингілік жоспар
4.1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы Жоба бастамашысы үшін негізгі мүмкіндіктердің бірі мемлекеттік мекемелер мен ұлттық компаниялар үшін туристік база қызметтерін ұсыну бойынша мемлекеттік сатып алуға шығу болып табылады. Бұған қоса, кәсіпорын қызмет ұсынуға коммерциялық ұйымдармен өздігінен шарт жасаса алады. Берілген іс-шаралар тұрақты клиенттер ағынын, табыстылықтың белгілінормасын, сондай-ақ кәсіпорынның сұраныстың маусымдық ауытқуларынан тәуелсіздігін қамтамассыз етеді. Бұған қоса, жоба әкімшісімен түрлі жарнама акцияларын, промо іс-шараларды, тұрақты клиенттерге арналған дисконттау жүйесін жүргізу жоспарлануда. Маркетинг стратегиясы – пайдалы, логикалық құрылыс, осыны басшылыққа алып ұйымдастырушылық бірлік өз мәселелерін шешуге ниетті. Нарық үлесін иемдену үшін жеңілдікті ұсыныстар мен олардың әрекет ету мерзімдерін аударумен клиенттер ағынын ынталандыру бойынша іс-шаралар жоспары жетілдірілді. Жыл ағымында жаңа қиындықтардың пайда болуына қарай және жаңа мүмкіндіктердің ашылуына байланысты іс-шаралар жоспарына түзетулер енгізіледі. Нақты мақсаттар құрастырылған және орындалу барысына айқын бақылау жүргізілуде. Проблема, сондай-ақ біршама шығындар анықталған жағдайларда, жағдайды түзету үшін тексеру бірінші жылға айына бір рет өткізілуде. Бақылау мақсаты – шынымен де фирма сатылым мен табыстардың жоспарланған көрсеткіштеріне жете алатындығына көз жеткізу. Дәл солай клиенттердің қалаулары мен қажеттіліктерін анықтау керек. Ол үшін Астана қ. нарығының төтенше маркетингілік зерттеуі өткізілді, сауалдама туристік сапарларды үнемі жасайтын 30 адам арасында өткізілді: орташа айлық еңбекақысы 66 000 – 120 000 тг. құрайтын 20-дан 55-ке дейінгі жастағы ерлер мен әйелдер. Сауалдама нәтижелерін төменде келтірілген кестеден көруге болады:
Кесте 3 – 20-дан 55-ке дейінгі жастағы ерлер мен әйелдердің сауалдама нәтижелері
Сұрақ |
Ерлер (20-30) |
Ерлер (30-40) |
Ерлер (40-55) |
Әйелдер (20-30) |
Әйелдер (30-40) |
Әйелдер (40-55) |
Сіз демалу үйлерінің қызметтерін қолданасыз ба? |
Иә Иә Иә Иә Жоқ |
Иә Иә Иә Иә Иә |
Иә Иә Жоқ Иә Жоқ
|
Иә Иә Иә Жоқ Иә
|
Иә Иә Иә Иә Иә
|
Иә Иә Жоқ Иә Жоқ
|
Бағалары ұнады ма? |
Иә Иә Иә Жоқ Жоқ |
Иә Иә Иә Иә Иә
|
Иә Иә Иә Иә Жоқ
|
Иә Жоқ Иә Жоқ Иә
|
Иә Жоқ Иә Жоқ Иә
|
Иә Иә Жоқ Жоқ Иә
|
Сіз жылына неше рет демалысқа шығасыз? |
1 рет |
5 рет |
4 рет |
2 рет |
1 рет |
1 рет |
Сізге ұсынылатын қызмет түрлері ұнайды ма? |
2 рет 2 рет 6 рет 0 рет Иә |
2 рет 2 рет 1 рет 4 рет Иә |
2 рет 0 рет 1 рет 0 рет Білмеймін
|
2 рет 2 рет 0 рет 3 рет Білмеймін |
3 рет 2 рет 1 рет 1 рет Жоқ |
1 рет 3 рет 0 рет 2 рет 0 рет |
Сізге жылдам қызмет көрсете ме? |
Жоқ Білмеймін Иә Жоқ Жылдам Білмеймін Жылдам Жылдам Білмеймін |
Жоқ Иә Жоқ Жоқ Баяу Баяу Жылдам Жылдам Жылдам
|
Иә Жоқ Білмеймін Жоқ Білмеймін Баяу Білмеймін Жылдам Білмеймін
|
Жоқ Иә Жоқ Білмеймін Жылдам Білмеймін Жылдам Білмеймін Жылдам
|
Иә Жоқ Білмеймін Иә Баяу Жылдам Білмеймін Жылдам Жылдам
|
Білмеймін Иә Жоқ Иә Жоқ Жылдам Жылдам Білмеймін Баяу
|
Алынған мәліметтер негізінде келесідей қорытынды жасауға болады, 100% сұралғандардың ішінде: демалу үйлерінің қызметтерін қолданады - 80%; бағалары ұнамайды – 24%; орташа демалу үйлерінің қызметтерімен қолданады – жылына 2 рет; қызметтер түрі қанағаттандырмайды – 43%; баяу қызмет көрсетіледі – 17%; білмейді – 30%; жылдам қызмет көрсетіледі – 53% Берілген кестелердің талдауы клиенттердің қолайлы бағалармен сапалы және жылдам қызмет көрсетілудегі қалаулары мен қажеттіліктері қанағаттандырылатынын көрсетті. Өз салаңда табысқа жету үшін ұсынылатын өнімдер мен қызметтер түрін кеңейту, жаңа клиенттерді тарту қажет, өнімнің бағасы мен сапасының қатынасына негізделетін жағымды бейне жасау қажет. Ол үшін радио немесе теледидарда жарнамалық акцияны өткізу міндетті емес, кешен координаталары бар жарнамалық маңдайша жазулармен және жақын жатқан ұйымдарға хабарландыруды таратумен шектелуге болады. Маркетингілік жоспардың мақсаттарына жатады: клиенттерге сапалы және уақытылы қызмет көрсету; өндірілетін қызметке орын алған сұранысты қанағаттандыру; өндірілетін өнімге бәсекеге қабілетті баға; жобаны жүзеге асырудан пайда табу. Кәсіпорынмен Павлодар облысының нарығында туристік база қызметтерін ұйымдастыру жоспарлануда. Қазақстанда, әсіресе Бурабай, Қорғалжын, Балқаш, Зеренді, Қапшағай, Қатон-Қарағай, Қарқара, Байқоңыр, Түркістан, Ұлытау, Баянауыл, Сарыағаш, Алакөл, Бұқтырма, Текелі т.с.с. сынды ірі өңірлік туристік аймақтарда қызмет етудің салыстырмалы төмен сервисы және көрсетілетін қызметтерге жоғары бағасы бар демалу базалары үстем. Орта есеппен тәулігіне бәр адамға шамамен 13-18 мың теңге шығындалады. Құнына сондай-ақ тамақтану кіреді. Аталған объектілермен көрсетілетін қосымша қызметтер әдетте қосымша тариф кестесі бойынша атқарылады. Берілген бизнес жоба жүзеге асырылуының алғашқы кезеңінде шығындардың айтарлықтай бөлігін бағамдайды. Жобаны күту бойынша кейінгі іс-шаралар шығынды емес. Айналым капиталға негізінен суға, электр энергиясына, азық-түлік, кешеннің сервистік қызмет көрсетуіне жұмсалатын шығындар жатады. Туристік базалар қызметтеріндегі қажеттілік үнемі өседі – статистика бойынша ҚР Агенттігінің мәліметтері бойынша 2012 жылы Қазақстанның туристік базаларымен шамамен 1,2 млн. адамға қызмет көрсетілді, бұл алдағы жылмен салыстырғанда 10% артық. Дамудың туристік стратегиясы қазіргі Қазақстан үшін қалыпты нұсқа болып қалуда. Шынында, тәуелсіздік жылдарындағы туристік бизнестегі барлық жағымды жетістіктер – саланың спонтанды дамуының нәтижесі, бірақ мемлекеттік саясат пен көмектің нәтижесі емес. Қазақстанда, территориясы бойынша әлемде тоғызыншы орын алатындығынан-ақ тамашалауға тұратын жерлер бар. Республика үшін туризмның ең келешегі бар түрлеріне жатады: лицензия бойынша сафари (жабайы жануарлар мен құстарға аңшылық, балық аулауды қоса алғанда); спорттық туризм (әсіресе таулы спорт түрлері); бағдарлы туризм (мысалға, Іле өзені бойынша жүзу құралдарымен ағу); курорттарда демалу (шипалыларын қоса алғанда) және археологиялық ескерткіштерді аралау. Ең алдымен табиғи ландшафттың ерекшелігі мен табиғат жабайылығының жоғары дәрежесінің арқасында Қазақстан үшін әлемдік туристік бизнесте бос орын бар. Осыған қоса ол «жағалау және пальма» сегментімен салыстырғанда нашар игерілген. Венгрияда туристер үшін басты магнит болып Орталық Еуропаның ең ірі көлі – Балатон болып табылады, оның көлемі 596 км, ал ең үлкен тереңдігі 11 м. Балқаш көлінің көлемі 18300 км құрайды, ең үлкен тереңдігі – 26 м, соған қоса осы су қойманың бірегей жартылай тұщылығы – жартылай тұздылығы. Балқаштағы қатты желдер желкенді спорт әуесқойларына кең мүмкіндіктер сыйлайды. Республикада барлығы 48262 көл бар, олардың ішінде көлемі 1 км асатыны – 3014, сондықтан әлеует өте үлкен. Шөлдер, шөлейттер, далалар, орманды далалар, ормандар, тоғайлар, өзендер, жоғары белдікті таулар – осының бәрі епті қолдарда туризм үшін дайын база. Қазақстанның оңтүстігі Тянь-Шань тау жүйесінің үлкен бөлігін қамтиды. Осында орналасқан тау сілемі бедердің, өсімдік пен жануарлар дүниесінің әртүрлілігімен ерекшеленеді. Бүлінбегендік деңгейі мұнда еуропалық Альпілерге қарағанда бірқатар биік.
Туристік іс мейманханалар, санаторийлер, мотельдер, дүкендер, әлеуметтік тамақтану кәсіпорындары, жанармай құятын орындар, банктар филиалдары, жолдар, байланыстар түрінде инфрақұрылымның дамуына септігін тигізеді, халықтық кәсіптер, кәдесыйлар талап етіледі. Берілген объектілер мамандықтардың кең спектрі бойынша жұмыс орындарының массасын береді. Материалдық пайдадан басқа, түрлі мемлекет қонақтары келген мемлекетке мәдени, тілдік және психологиялық алуандылық әкеледі. Бірақ жоғарыда айтылғанның барлығы өздігінен пайда болмайды, және өткен жылдар – оған айқын мысал. Павлодар облысының туристік базалар қызметінің нарығында заңсыз кәсіпорындардың үлесі 10-15% артығын құрайды. Клиенттерді қызмет ету мен орналастыру бойынша заңды қызметтер көрсететін кәсіпорындар нарықтың жуықтап алғанда 80-85% құрайды. 2012 жылдың сәуірдің соңындағы қалып бойынша облыста заңды қызметтерді іске асыратын жуықтап алғанда 8 жекеменшік демалу үйлері мен пансиондар жұмыс істейді. Осы нарық сегментінде туристік орталықтардың қызметі тар мамандандырылған (нарықтың 10% үлесі), қызметтердің толық емес спектрі бар базалар (30%), және қызметтердің толық спектрі бар базалар (60%) болып бөлшектенеді. Қызметтердің толық спектріне базада бассейндердің, кинозалдардың, сауналардыңғ мәдени-ойын-сауықтық программалардың, жағажайлық территорияның, велокөліктің, қайықтардың, катамарандардың, және т.с.с. болуы жатады.
