- •Суреттер тізімі
- •Жоба тұжырымдамасы
- •2. Өнім (қызмет) сипаттамасы
- •Өндірістер бағдарламасы
- •Маркетингілік жоспар
- •4.2 Нарықты саралау
- •3 Баға саясаты
- •Нарықты және бәсекелестерді талдау
- •Маркетинг стратегиясы
- •Swot-талдау
- •Техникалық жоспарлау
- •Ұйымдастыру, басқару және қызметкерлер құрамы
- •Жобаны жүзеге асыру
- •Жалпы және әкімшілік шығыстар
- •Қаржыландыруды қажетсіну
- •9.1 Инвестициялар, жобаның табыстық-шығындық құрылымы және өзіндік құн
- •9.2. Инвестициялық жобаның қаржылық тұрақтылығын қамтамассыз ету бойынша іс-шаралар
- •Жоба тиімділігі
- •10.1. Жобаның қаржылық-экономикалық тиімділік көрсеткіштері
- •10.2 Жалпы тәуекелдерді бағалау
- •Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық ықпал
Жоба тұжырымдамасы
«Баянауыл ауданындағы туристік база қызметін ұйымдастыру» жобасын ағаштан жасалған аз қабатты коттедждерді жобалау мен салуға бағытталған іс-шаралар жиынтығы ретінде қарастырған жөн, оларда ілгеріде меймандық нөмірлер, ойын бөлмелерін, бассейн, сауна, жаттығу залы, тамақ ішетін зал және т.с.с. құру жоспарлануда. Осылайша 16 екі қабатты коттедждер салу жоспарлануда. 12 құрылыста жалпы алғанда 60 нөмір орналасады. Құрылыстардың қалған тобы бассейн, сауна, ойын бөлмесі, тамақ ішетін зал, бильярд залы, кинотеатр және т.с.с. ыңғайына бейімделеді. «Баянауыл ауданындағы туристік база қызметін ұйымдастыру» жобасымен жалпы көлемі 1 Га жер телімін төлеп алу, базаның коттедждік инфрақұрылымын салу үшін жұмыс пен материалдарды сатып алу, жиһаздарды, саймандарды алу, жағажайлық аймақты жайластыру, саунаға, бассейнге, тамақ ішетін үйге және т.с.с. арналған жабдықтар қарастырылған. Берілген жоба ұйымдастыруының басты мақсаты – әрекеттегі бизнестің кеңейту, сондай-ақ компания табысын барынша көбейту жоспарлары бар тиімді және бәсекелі бизнес-кәсіпорынды құру. Осылайша жобамен 123 721,7 мың теңге көлемінде несиелік қарыз алу бағамдалады. Бағамдалған пайыздық мөлшерлеме жылдық 14% құрайды. 40 000 000 теңге көлеміндегі тартылған несиелік қаражат Баянауыл ауданындағы 1 Га көлемді жер телімін төлеп алуға бағыттау жоспарлануда. Бұдан басқа, жома әкімшісімен стратегиялық инвесторды жұмылдыру нұсқасы қарастырылуда, бұл қаржы ағындарын оңтайландыруға, сондай-ақ қайта инвестициялауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезеңде жоба әкімшісімен барлық жобалық шараларды іске асырудағы қорытынды шығындар сметасын алдын-ала анықтауы бар берілген инвестициялық жоба бойынша қаржылық-экономикалық модель дайындалған.
2. Өнім (қызмет) сипаттамасы
Компания – жоба әкімшісі міндеті Астана қ. нарығында, сондай-ақ елдің өзге өңірлерінде бизнестің ұзақ мерзімді және сәтті жүргізілуі болып табылады. Әкімшінің негізгі мақсаты әртараптандырылған активтер пакеті мен қаржылық беріктіктің үлкен қорына ие елордалық нарықтың сәтті ойыншысы ретінде компанияның қалыптасуы болып табылады. Компанияның ағымдағы мақсаттары қызметтің өсуі мен кеңеюі болып табылады. Бұл мақсаттарына компания бірқатар объективті мәселелерді шешу жолымен жетпек. Осылайша компания дамуының негізгі мәселелеріне жатады: бәсекелі баға саясаты; кадрлық саясат; салада жаңа және тиімді активтерді қосып алу есебінен бизнесті кеңейту; жаңа серіктестерді іздеу және жұмылдыру; жаңа клиенттерді іздеу және жұмылдыру. Бүгінгі күнде жоба әкімшісі 16 бірлік көлеміндегі және жалпы көлемі 2400 шаршы метр коммерциялық бөлмелерді салу мақсатын алдына қойды. Бұған қоса жағажайлық аймақты жарақтау болжануда. Туристік база құрамына бассейн, сауналар, кинозалдар, саймандарды орналастыру үйшігі, тамақ ішетін үй және т.с.с. кіреді. Бұған қоса компания берілген жобаға кірістіру жоспарланатын 20 жұмыскерді жалдауды іске асыру жоспарлануда. Берілген бизнес жоба барлық нарықтық стандарттарға жауап береді, және келешекте клиенттерге туристік қызмет көрсету бойынша нарықта келтірілген сәтті және табысты ретінде жайғастырылады. Берілген бизнес-бастаманың іске асырылуы аса тиімді активтердің қоржынын үдету бойынша компанияның ұзақ мерзімді жоспарларымен келістіріледі. Берілген бөлмені жалға алып, компания-әкімшілік тартылатын капиталдың ұзақ мерзімді жұмсауын жоспарлайды. Сондай-ақ компания аз мерзімді келешекте берілген кешеннің негізгі қаражатына бірқатар жұмсауларды іске асыруды жоспарлауда, бұл көрсетілетін қызметтер мен база беделінің сапасының жоғарлауына септігін тигізеді. Компанияның тұрақты өсуін қамтамассыз ету үшін ұзақ мерзімді келешекте жоба әкімшісімен жоғары қызмет көрсету сервисі бар және орта және төмен бағалық диапазонда жұмыс атқаратын тұрғындарға жеке қызметтерді көрсету саласында аса тиімді активтер көлемінің перманентік үдетуін іске асыру жоспарлануда.
База құрылысынан және қызметтер спектрінің кеңейтілуінен соң компания әкімшіліктің аз мерзімдегі келешекке қойған негізгі мақсаты – компания жұмысының әрі қарай жетілдірілуі және клиенттік базаның перманенттік атқарымы. Компания дамуының ұзақ мерзімді келешегінде әкімші туристік кешендер санының әрі қарай көбейтуін жоспарлауда.
