Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Маханов Жандос бизнес жоспар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
946.69 Кб
Скачать

Бизнес-жоспар

Баянауыл ауданындағы туристік база қызметін ұйымдастыру

2015 жыл

Мазмұны

1.Кестелер тізімі

2.Суреттер тізімі

3.Түйіндеме

4.Кіріспе

5.Жоба тұжырымдамасы

6.Өнім (қызмет) сипаттамасы

7.Өндірістер бағдарламасы

8.Маркетингілік жоспар

9.Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы

10.Нарықты саралау

11.Баға саясаты

12. Нарықты және бәсекелестерді талдау

13.Маркетинг стратегиясы

14.SWOT-талдау

15.Техникалық жоспарлау

16. Ұйымдастыру, басқару және қызметкерлер құрамы

17.Жобаны жүзеге асыру

18.Жалпы және әкімшілік шығыстар

19.Қаржыландыруды қажетсіну

20.Жоба тиімділігі

21. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық ықпал

Кестелер тізімі

Кесте 1. Қызмет өндірісінің жоспарлық бағдарламасы, жылдарға

Кесте 2. Сатудың жоспарлық бағдарламасы, жылдарға

Кесте 3 – 20-дан 55-ке дейінгі жастағы ерлер мен әйелдердің сауалдама нәтижелері .

Кесте 4 – Қазақстанның туристік базаларының қызметтері бойынша орташа чек

Кесте 5 – Негізгі бәсекелестер, олардың күшті және әлсіз жақтары

Кесте 6– SWOT- талдау

Кесте 7 – Кәсіпорынның штаттық кестесі .

Кесте 8– Жобаға жоспарланатын шығыстар

Кесте 9– Жобаның күнтізбелік жоспары

Кесте 10– Жоба шығындарының құрылымы

Кесте 11– Инвестициялық қаржы бөлу

Кесте 12– Жоспарланатын табыстар

Кесте 13 – PESTEL-талдау әдістемесі бойынша жоба тәуекелін бағалау

Суреттер тізімі

Сурет 1 - Павлодар облысы бойынша турбазалар нарығын саралау

Сурет 2– Турбазаның сыртқы фасады

Сурет 3– Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы

Түйіндеме

«Баянауыл ауданындағы туристік база қызметін ұйымдастыру» бизнес-жоспары келуші туристерді, сондай-ақ жарақтарды (жабдықтарды) орналастыруға арналған аз қабатты құрылыстарды (ағаш қималарды) салу арқылы коммерциялық демалыс базасын жасау бойынша инвестициялық шаралар жиынтығын қамтып көрсетеді. Демалыс базасының инфрақұрылымы клиентерге жыл бойы қызмет көрсетуге арналған ойын бөлмелерін, бассейнді, жаттығу залын, бильярдты, кинотеатрды қамтиды. Жеке және мемлекеттік мекемелердің корпоративтік қызмет көрсетілуін қоса алғанда, қызмет көрсету нөмірлерді брондамаған, сондай-ақ брондап қойған келуші туристерге жүргізіледі. Туристік база жұмысы ауысымды жұмыс кестесі мен қызметтердің толық спектрін қамтитын нысанның тәуліктік жұмыс істеуін жорамалдайды. Кешенмен 200 адамға қызмет көрсету қарастырылған. Бұдан басқа, ивент-агенттіктердің, әртістердің, би топтарының және т.с.с. жұмылдырылуы арқылы әкімшілікпен өткізілетін мәдени-ойын-сауықтық шаралар бағдарламасы қарастырылға. Бизнестің осы бағыттағы қызметі қызметтерді көрсету саласына жатады. Жоба мақсаты – курорттық туристік база қызметін ұйымдастыру үшін несиелік қаражаттарды жұмылдыру: Павлодар облысының курорттық ауданында демалыс базасын салудың экономикалық тиімділігін негіздеу; туристік базаны құру мен дамытудың кезең-кезеңдік жоспарын әзірлеу. Туристік нарықта бизнестің берілген бағытының дамуы сервистік қызметтердің ажыратылмайтын бөлігі болып табылады, және біршама тұрақты, орташа табыстылық деңгейіне ие қызмет саласы болып табылады. Бұл сала бейөндірістік экономика аясындағы тұрғындар жұмыс бастылығын бірнеше рет жоғарлатады, бұл шикізаттық қажеттіліктің төмендеуіне, жалпы экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне алғышарттар тудырады. Демек, Қазақстан экономикасының өсуі шикізаттық емес экономика секторларының, әсіресе қызмет көрсету саласының, үдемелі озық өсуімен қоса жүруі тиіс. Бұл экономикалық жаңғыртуды тездетуге, сондай-ақ елдің экономика салаларында еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жоба құны:

123 721 мың. теңге, ҚҚС қоса алғанда

Қаржыландыру көздері:

Жылдық 14%-бен қарыз қаражатын тарту

Қаржыландыру құрылымы:

123 721 мың. теңге – банк қарызы

Жобаны іске асыру мерзімі:

2013 жыл

Жобаны іске асыру нәтижесі:

Жоба ауқымы 1 Га, 200 адамға есептелген туристік базаны салуды болжайды, ол қарағайлы орман аймағын, коттеджді қалашықты, серуендейтін кемелер мен катамарандары бар қайықтық станцияны, балық аулау жарақтары, шаңғы және велосипед саймандары бар үйшіктерді, минералды суы бар стационарлық бассейнді, жаттығу құрылғыларымен жабдықталған спорт залын, жайлы саунаны, көл жағасында орналасқан орыс моншасын қамтиды.

Кіріспе

Қазақстандағы туризмның экономикалық әлеуеті шекетелмеген, алайда оның қалыптасуы мен дамуына едәуір қаржы жұмсалымы мен шығындар керек болады. Туризм үшін қажетті инфрақұрылымды құру туристер үшін табиғаттың бірегей аймақтарына қол жетімділікті қамтамассыз етуді мүмкін етеді. Шығыс Қазақстан облысындағы Белуха тауының аймағының Рахман қайнарларында туристік кешенді салу, Алматы облысында тау шаңғылық курорттар жүйесін құру, және т.б. сынды экологиялық туризм нысандары бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатымен инвестициялар мен жеке капиталды жұмылдыру үшін жағдайлар жасау жоспарлануда. Осы үрдісті жандандыру белгілі шараларды қабылдаған кезде мүмкін болады: ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда экологиялық туризм инфрақұрылымын жасау мақсаттарымен инфрақұрылым дамуының басты жоспарларын әзірлеу жайында мемлекеттік ұлттық табиғи серуентоғайлар мен мемлекеттік табиғи қорлардың техникалық-экономикалық негіздеулеріне түзету жасау; экологиялық туризм бөлімінде Қазақстанның халықаралық ынтамақтастығын дамыту; биологиялық әртүрлілікті сақтау мен дүниежүзілік табиғи және мәдени мұра есскерткіштерін қорғау жайындағы Қазақстанмен ратификацияланған келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау. 2002 жылдың мамырында Дүниежүзілік экологиялық саммитте қабылданған экологиялық туризм дамуы жайындағы Квебек мағлұмдамасының ұсыныстарының іске асырылуын қамтамассыз ету де жоспарлануда: жергілікті тұрғындармен, жекеменшік сектормен, үкіметтік емес ұйымдармен серіктестікте табиғатты, жергілікті мәдениетті қорғау және ұлттық салт пен генетикалық ресурстарды сақтау бойынша шараларды ескеріп, экотуризмді дамыту бойынша ұлттық, аймақтық және жергілікті саясаттарды жасау; табиғи ортаға жағымсыз әсерді болдырмау үшін ықпалды механизмдерді жасау; кіші және орта бизнес өкілдері үшін техникалық, қаржылық және адам ресурстарының дамуын қолдауды қамтамассыз ету; қоршаған ортаны қорғау облысында үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру. 2007-2008 жылдары

Мемлекеттік Бағдарламамен құрастырылған мастер-жоспарлар негізінде Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарында туристік кластерлерді құру және дамыту бойынша шараларды қабылдау жоспарланды. Статистика бойынша Қазақстан Республикасы Агенттіктерінің мәліметтеріне сәйкес, 2011 жылы ҚазақстанРеспубликасының территориясында 915 туристік объект болған, соның ішінде: мейманханалар – 685, кемпингтер – 17, шипажайлар – 36, шипажайлар – профилакторийлер – 15, профилакторийлер – 12, емдеу – профилактикалық орталықтар – 5, пансионаттар – 4, демалу аймақтары – 29, демалу үйлері – 27, туристік базалар – 24, сауықтыру лагерьлері – 35, тау шаңғылық базалар – 4, қонақ үйлер – 13, аңшылар үйлері – 9, балалар-жасөспірім туризм орталықтары – 1, сауықтыру кешендері – 7, мұражайлар – 6, кесенелер – 2, туризм бойнша мемлекеттік мекемелер – 1, басқасы (клубтар, қолөнершілер қалашықтары) – 5. 2011 әрекет еткен 685 мейманхана мен өзге орналасу орындарының 640-ы меншіктің жеке нысанына ие болды, 22-сі мемлекетке тиесілі болды және 23-і басқа мемлекеттердің меншігінде болды. Елімізде 78 төрт және бес жұлдызды мейманханалар әрекет етуде, қалған мейманханалар басқа санаттағыларға жатады. Мамандандырылған орналасу объектреінде: 106 санаторийлер, пансинаттар, санаторий-прафилакторийлерде – 2011 жылы емдеу-сауықтыру қызметтерін 257,4 мың адам пайдаланды, 13 демалу үйлері мен базаларында – 32686 адам демалды. Ең танымал емханаларға жатады: «Сарыағаш» (ОҚО), «Арасан – Қапал» (Алматы облысы), «Мойылды», «Баянауыл» (Павлодар облысы), «Жаңақорған» (Қызылорда облысы), Щучинск-Бурабай аймағы (Ақмола облысы), «Каспий» (Маңғыстау облысы) және т.б. Алайда орналасу объектілерінің, соның ішінде мейманханалардың, пансионаттардың, демалу үйлері мен базаларының, сондай-ақ санаторлық-курорттық мекемелердің материалдық базасы сапалық және физикалық тозудың жоғары деңгейімен сипатталады. Халықаралық стандартар деңгейіндегі сервисті Алматы мен Астанадағы жеке жоғары классты қонақүйлер ғана қамтамассыз ете алады: 5-жұлдызды мейманханалар «Риджент Алматы» және «Хайят Ридженси», «Риксос», «Рэдиссон», «Достық» Интермейманханасы, ең бейнелі шатқалдардың бірі – Алмаарасанда орналасқан биік таулы «Күмбел» VIP- Қонақүйі, сондай-ақ Астананың 5-жұлдызды қонақүйі - «Рамада Плаза». Осылайша жобамен жүзеге асыру орны қарастырылған – Павлодар облысының Баянауыл ауданы. Баянауыл таулы елінің территориясында тұщы сулы 3 ірі көл орналасқан – Сабындыкөл, Жасыбай және Торайғыр. Олардан басқа, құрғақшылжыл мезгілдерінде айтарлықтай деңгейде таяздайтын бірнеше ірі емес көлдер бар (Көшет көлі және т.б.). Сабындыкөл көлінің тереңдігі – 10-13 м, Жасыбай көлі – 7 м дейін. Баянауыл таулары Азия материгінің ортасында орналасқан, сондықтан континенттік типті ауа райына ие. Орташа жылдық температура 3,2С құрайды. Қаңтардың орташа температурасы -13,7С, ең төмені -17,8С. Шілденің орташа температурасы 14,6С, ең жоғарысы 32,6С жетеді. Аязсыз кезеңнің орташа ұзақтылығы 140 күнді ғана құрайды. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 340 мм құрайды, кей жылдары 190-нан 494 мм дейін. Баянауылдағы желдің орташа жылдық жылдамдығы 2,9 м. /сек құрайды. Баянауыл МҒӨК өсімдіктік әртүрлілігі 460 жуық түрді құрайды. Баянауыл облыс орталығы Павлодар қаласынан 222км және индустриясы дамыған Екібастұз қаласынан жүз километр жерде орналасқан. Бұл Ұлттық Серуентоғайда өсімдіктің төрт түрі келтірілген: орман, орманды дала, дала және көгал. Павлодар қаласының Солтүстік-Батыс төңірегінде, Ертістің о жақ жағалауында, әлемдегі бірегей орындардың бірі - Қаздар Қонысы атты табиғат ескерткіші орналасқан. Ең танымал демалу орындарына шипалы және саз ванналарын қолданатын «Мойылды» Санаторийі, «Кристал» демалу үйі, «Баянауыл» Туристік базасы, «Баян» Ұлттық серуентоғайы жатады. 2010-2011 жылдары Павлодар облысындағы туристік ағын ауқымы барлық онжылдық ішінде ең үлкен болды, 40% жылдық өсімнен (2001-2005 жылдары орташа жылдық өсім 5% ғана құрады) асып, 2008 жылы 900 мың туристке жетті. 2009 жылы қаржылық дағдарыс нәтижесінде туристік ағын ауқымы шамалы төмендеді. Елдің көптеген басқа аймақтарымен салаларымен салыстырғанда, 2010-2011 жылдары қайта қалпына келу өте жылдам болды және 40% - ауқымды құрады, 2008-2009 жылдардағы деңгейден асты. 2012 жылдың қорытындысы бойынша Павлодар облысындағы ішкі және сыртқы туристік ағын статистика бойынша ҚР Агенттігінің мәліметтері бойынша 1 234 мың адамды құрады. Түгел Қазақстан бойынша турист ағынының ауқымы 2010-2012 жылдар кезеңінде түрліше бағытталған динамиканы көрсетті. Осылайша Қапшағай демалу аймағы мен «Бурабай» демалу аймағы сынды аймақтарға туристік сапарлардың біршама өсуі орын алды. Сөйтіп үш жылдық кезең ішінде туристер ағыны Бурабайда 224%, Қапшағайда 314% өсті, сол уақытта өзге демалу аймақтарының туристік ағын ауқымы төмендеді - 16%. Дәл сол уақытта берілген сектордың бірқатар сегменттері сапалы өзгерістерге ұшырады, осылайша ойын бизнесі облысындағы жаңа заңнамаға сәйкес, казино, ойын автоматтары және басқасы сынды жеке кәсіпкерліктің субъектілері арнайы бөлінген аймақтарға орын ауыстырды. Берілген іс-шаралар «Бурабай» және «Қапшағай» сынды демалу аймақтарының туристік климатына қолайлы әсерін тигізді. Intesco Research Group бағалауы бойынша 2011 жылы Қазақстанның туристік нарығының көлемі шамамен 3 млрд. долл. құрады, ал 2012 жыл қорытындысы бойынша 3,6 млрд. долл. аясында. Туристік бизнес нарығында заңсыз құрылыстар үлесі шамамен 10% құрайды. Қызметтердің толық спектрін көрсететін туристік базалар астаналық нарықтың 60% қамтиды, ал тар мамандандырылған кешендер үлесіне шамамен 10% тиесілі. 2012 жылдың сәуірдің аяғындағы қалыпта елордада берілген бизнеске шамамен 40 мың адам іске қосылған.

Бүгінгі күнде Қазақстанда түрлі жобалар мен бизнес-бастамаларды сәтті іске асыру үшін барлық қажетті нормативтік-құқықтық және заңнамалық жағдайлар жасалған. Одан арғы мемлекеттік қолдау көрсетілген жағдайда, Қазақстан әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілетті жоғары құраушыға ие мемлекеттер арасынан жетекші орын алуға және дамыған елдердің шикізаттық қосымшасына айналмауға мүмкіндік алады. Берілген бизнес-бастама мемлекеттік деңгейде «Бизнестің жол картасы – 2020» аясында қолдауға ие. Жобаның жүзеге асуының бірінші жыл ағымында кәсіпорын тұрақты клиенттер ағынын табады. Жоғары сапалы қызметтердің шығарылуын жөнге келтіріп, жоба бастамашысы клиенттік базаны кеңейтпек, бұл ілгеріде жобаның жүзеге асырылуынан табысты жоғарлатуға жол ашады. Жоба бір жағынан Қазақстанның тцристік инфрақұрылымын дамытуға, екінші жағынан компания табысын барынша көбейтуге бағытталған. Берілген бизнес-жоба табысты іспен – талап етілген мамандандырылған қызмет көрсетумен айналысуға ғана емес, сондай-ақ берілген сегментте қызмет ететін заңсыз жекеменшік базалардың санын азайтуға ммкіндік береді. Берілген бизнес-жобада туристік база қызметін көрсететін компания жұмысының құрылымы жан-жақты сипатталған. Бизнес-жобаның қаржылық жоспары бизнеске қажетті әлеуетті инвестицияларды анықтайды және бизнес-жоба экономикалық жүзеге асатын бола ма, бизнес табысты бола ма және бизнес бастаманы іске қосу үшін қандай инвестициялық капитал қажет екен, соны анықтайды. Қаржылық модельде келесі қаржылық есептемелер қолданылған: жобаның жүзеге асырылуының 4 жылына табыстар мен шығыстар болжамы; жобаның жүзеге асырылуының 4 жылына айналым капиталы қозғалысының болжамы. Берілген қаржылық модельде келесі көрсеткіштер есептелінген: қарапайым өтелімділік мерзімі – 0,6 жыл; таза келтірінді құн – 28 797 мың тг; Жобаның таза табысынан есептелінген жоба табысының нормасы – 36,7 млн.тг