Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АЛМАТЫ МЕНЕДЖМЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
152.27 Кб
Скачать

2.2 Жергілікті бюджеттің атқарылуын талдау (Жамбыл ауданы мысалында)

Қай облыстың бюджеті болмасын бюджет кірісін басқару процесі ең алдымен ҚР Бюджет Кодексін, Салық Кодексін және тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңдармен реттеледі.

Бюджетке түсетін кірістер жобасын жасаудағы негізгі база есеп беру мәліметтері, төлемгерлер туралы мәліметтер және салықтық түсімдер сомасы болып табылады. Әртүрлі салықтық және салықтық емес түсімдерді аудару тәртібі, төлемдерді бюджетке төлеу уақыты олардың қалыптасу ерекшеліктерін есепке алу арқылы және бюджетке аударылатын төлемдердің көлеміне қарай анықталады. Осыған сәйкес кез келген деңгейдегі қаржы бөлімдерінің негізгі міндеті жалпы қаржының уақытылы және толық түсуін қамтамасыз ету болып табылады.

Ендігі кезекте Жамбыл ауданы бойынша соңғы жылдардағы аудан бюджетінің қалдай атқарылғандығы жайына кеңінен тоқтала кетсек. Аудан бюджетінің жалпы атқарылуы 5-кестеде көрсетілген.

Кесте 5. Жамбыл аудандық бюджетінің жалпы атқарылуы мың теңге

Аталуы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

жоспа-ры

атқарылуы

атқарылу

%

жоспары

атқары-луы

атқарылу

%

жоспа-ры

атқары-луы

атқа-рылу

%

Түсімдер

1913253

1933953

101

2856095

2924046,5

102

3388559

3407346,1

100,6

Шығыстар

1925905

1914512

99,4

2884189

2876763,6

99,7

3459536

3447259,5

99,6

Бюджет тапшылығы (профициті)

12652

19441

-32094

43282,9

-120977

-89913,3

0

Бюджет тапшылы-ғын қаржы-ландыру

12652

12652

100

32094

-43282,9

120977

89913,3

0

Дерек көзі: www.zhambyl.gov.kz

5-ші кестеде Жамбыл аудандық бюджетінің 2012-2014 жж. Атқарылуы көрсетілген, сәйкесінше осы бюджеттің атқарылыуының көлденең талдауын келесі кестеден көре аламыз.

Кесте 6. Жамбыл аудандық бюджетінің жалпы атқарылуын көлденең талдау

Аталуы

2012 жыл

2013 жыл

Өзгеріс 2012-2013 жж.,%

2014 жыл

Өзгеріс 2013-2014 жж., %

Түсімдер

1933953

2924046,5

3407346,1

Шығыстар

1914512

9

2876763,6

3447259,5

Бюджет тапшылығы (профициті)

19441

43282,9

89913,3

Бюджет тапшылы-ғын қаржы-ландыру

12652

1

43282,9

89913,3

Дерек көзі:

Жалпы аудандық бюджет түсімдерінің 2013 жылдың 1 қаңтарына орындалуы 1933953 мың теңге, ал жоспары 1913253 мың теңге, немесе 101,1%, оның ішінде кірістер орындалуы 583444 мың теңге, жоспары 562744 мың теңге, яғни 103,6 %, облыстан алынған ресми трансферттер орындалуы 1350509 мың теңгені құрайды (ағымдағы нысаналы трансферттер 281611 мың теңге, субвенция 802140 мың теңге, нысаналы даму трансферттер 266758 мың теңге).

2012 есепті жыл көлемінде бюджеттің кіріс көздерінің көлемі барлығы 2 рет нақтыланып, жоспары 492744 мың теңгеден 562744 мың теңгеге нақтыланды, немесе 70000 мың теңгеге көбейді. Орындалуына келетін болсақ, нақтыланған 562744 мың теңгенің орнына 583444 мың теңге, немесе түсімдер 20700 мың теңгеге (104,0 %) артық орындалды.

Негізінен салықтық түсімдердің (577349 мың теңге) 82,6 %-зын әлеуметтік салық пен жеке тұлғалардың табысына салынатын салықтар құрайды (477308 мың теңге). Бюджеттік түсімдердің орындалуына келесі салық төлемгерлері яғни ҚТЖ Жамбыл дистанция жолы (7,9%), ГРЭ – 23 (11,8%), РУ – 6 Кен басқармасы (26,3%), шағын бизнес субъектілері (18,9%) едәуір үлес қосып отыр.

Салықтық емес түсімдердің нақтыланған жоспары 1245 мың теңге, орындалғаны 1382 мың теңге, яғни 111 пайызды құраған.

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдердің барлығы (4713 мың теңге) 131,3 % жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер құрауда.

Ресми трансферттердің түсімдері 100 пайыз орындалған.

Жалпы аудандық бюджет түсімдерінің 2014 жылдың 1 қаңтарына орындалуы 2924046,5 мың теңге, ал жоспары 2856095 мың теңге, немесе 102,4%, оның ішінде кірістер орындалуы 777128,6 мың теңге, жоспары 709046 мың теңге, яғни 109,6 %, облыстан алынған ресми трансферттер орындалуы 2146918 мың теңгені құрайды, ал жоспары 2147049 мың теңге яғни 131 мың теңге қаржы облыстық білім департаментінен қосымша бала бақшаларда топ ашу үшін бөлінген трансферттен түспеген (ағымдағы нысаналы трансферттердің жоспары 976463 мың теңге болса, түскені 976332 мың теңге, даму нысаналы трансферттердің жоспары 196516 мың теңге болса, орындалуы да 196516 мың теңге, субвенция көлемі 974070 мың теңге болса, ол да толығымен түскен).

2013 есепті жыл көлемінде бюджеттің кіріс көздерінің көлемі барлығы 4 рет нақтыланып, жоспары 599518 мың теңгеден 709046 мың теңгеге нақтыланды, немесе 109528 мың теңгеге көбейді. Орындалуына келетін болсақ, нақтыланған 709046 мың теңгенің орнына 777128,6 мың теңге, немесе түсімдер 68082,6 мың теңгеге (109,6 %) артық орындалды.

Негізінен салықтық түсімдердің (742691,5 мың теңге) 87,3 %-зын әлеуметтік салық пен жеке тұлғалардың табысына салынатын салықтар құрайды (648364,7 мың теңге). Бюджеттік түсімдердің орындалуына келесі салық төлемгерлері яғни ҚТЖ Жамбыл дистанция жолы, ГРЭ – 23, РУ – 6 Кен басқармасы, шағын бизнес субъектілері едәуір үлес қосып отыр.

Ресми трансферттердің түсімдері 99,99 пайызға орындалған, облыстық білім департаментінен бала бақшаларда қосымша топ ашу үшін бөлінген нысаналы трансферт сомасы 131 мың теңгеге кем түскен, қалған трансферттер толық түсіп, игерілген.

Жалпы аудандық бюджет түсімдерінің 2014 жылдың 1 қаңтарына орындалуы 3407346,1 мың теңге, ал жоспары 3388559 мың теңге, немесе 100,6%, оның ішінде кірістер орындалуы 848875,1 мың теңге, жоспары 830088 мың теңге, яғни 102,2 %, облыстан алынған ресми трансферттер орындалуы 2558471 мың теңгені құрайды, ал жоспары 2558471 мың теңге яғни 100% түскен (ағымдағы нысаналы трансферттердің жоспары 251583 мың теңге болса, түскені 251583 мың теңге, даму нысаналы трансферттердің жоспары 214881 мың теңге болса, орындалуы да 214881 мың теңге, субвенция көлемі 2092012 мың теңге болса, ол да толығымен түскен).

Негізгі көздер бойынша кірістердің орындалуы мына деректермен сипатталады:

Кесте 7. 2014 жылғы бюджет кірістерінің атқарылуын тігінен талдау (мың теңге)

Түсімдер

Бекітілген жоспар

Нақтыланған

Жоспар

Орындалуы

Түсімдердің атқарлуы, %

Барлығы

726036

830088

848875,1

Салықтық түсімдер

702347

821044

831761,5

Салықтық емес түсімдер

4215

4670

4643,6

Капиталдық операциядан

19474

4374

12470

2014 есепті жыл көлемінде бюджеттің кіріс көздерінің көлемі барлығы 4 рет нақтыланып, жоспары 726036 мың теңгеден 830088 мың теңгеге нақтыланды, немесе 104052 мың теңгеге көбейді. Орындалуына келетін болсақ, нақтыланған 830088 мың теңгенің орнына 848875,1 мың теңге, немесе түсімдер 18787,1 мың теңгеге (102,2 %) артық орындалды.