Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АЛМАТЫ МЕНЕДЖМЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
152.27 Кб
Скачать

2 Қазақстан республикасы мемлекеттік бюджетінің қазіргі жағдайын талдау

2.1 Республикалық бюджеттің атқарылуын талдау

Республикалық бюджет - салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердін міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын іске асыруга арналған орталықтандырылған ақша қоры болып табылады. Тиісті қаржы жылына арналган республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен бекітіледі. Мемлекет республика көлемінде маңызы бар әлеуметтік-мәдени дамуды, экономика саласындағы шараларды осы республикалық бюджет арқылы қамтамасыз етеді.

Республикалық бюджеттің шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  • Қазақстан Республикасының Президентін және оның отбасын қамтамасыз ету, оларға кызмет көрсету және күзету;

  • Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің жұмыс істеуі;

  • сайлаулар мен референдумдар өткізу;

  • мемлекеттік каржы бақылауы;

  • кеден қызметі;

  • мемлекеттің сыртқы саяси кызметі;

  • іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу;

  • мемлекеттің корғанысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

  • ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

  • терроризмге және экстремизм мен сепаратизм көріністеріне қарсы күрес;

  • әділет саласындағы қызмет;

  • сот жүйесінің жұмыс істеуі;

  • республикалық білім беру ұйымдарында дарынды балаларға жалпы білім беру, республикалық мектеп олимпиадаларын өткізу;

  • жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімі бар мамандар даярлау;

  • жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету;

  • сот-медицина және сот-психиатрия сараптамасын жүргізу;

  • ауру адамдарды шетелде емдеуді ұйымдастыру;

  • зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтарға бюджет қаражаты есебінен зейнетақы төлемдері;

  • мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;

  • мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар;

  • арнаулы мемлекеттік жердемақылар;

  • жерлеуге жәрдемакы;

  • баланың туылуына байланысты әлеуметтік төлемдер;

  • мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік, ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары, өнеркәсіп саласында республикалық маңызы бар бағдарламалар;

  • облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттеріне берілетін ресми трансферттер;

  • Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына берілетін ресми трансферттер;

  • үкіметтік борышқа қызмет көрсету және оны өтеу;

  • мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау.

Республикалық бюджеттің тапшылығы жалпы ішкі өнімге (ЖІӨ) пайызбен шаққанда 1,7 пайыз мөлшерінде бекітілген.

2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республиксы Президентінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 962 Жарлығымен бекітілген. 2012-2014 жж. негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің атқарылуы кестеде келтірілген.

Кесте 1. 2012-2014 жж. негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің атқарылуы

Атауы

2012 жыл

2013 жыл

Өзгеріс 2012-2013 жж., %

2014 жыл

Өзгеріс 2013-2014 жж., %

ЖІӨ, млрд.теңге

31 456

35 275,2

38 033,1

Тауарлар экспорты, млрд.АҚШ долл.

96,2

84,7

78,2

Тауарлар импорты, млрд.АҚШ долл.

48,4

48,8

41,2

Мұнайға әлемдік баға, АҚШ долл. /баррель 1 жылда орта есеппен

100,0

108,9

99,0

Дерек көзі: www.stat.gov.kz

2013 жылда жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 2012 жылмен салыстырғанда 6,0 %-ды құрады, ол жоспарланған көрсеткішке сәйкес келеді. Экономиканың өсуіне макроэкономикалық және қаржы тұрақтылығы, банк секторының кредиттік белсенділігінің және халықтың ақшалай табыстарының ұлғаюы есебінен ішкі тұтыну сұранысының кеңеюі, сондай-ақ нарық субъектілерінің инвестициялық белсенділігі ықпал етті. 2013 жыл қорытындысы бойынша инфляция деңгейінің төмендеуімен сипатталады. 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда экспорт өсімінің қарқыны 2012 жылдың тиісті кезеңіне салыстырғанда 95,4 %-ға төмендеді, дегенмен импорт 5,4 %-ға ұлғайды.

Әлемдік экономиканың күтілгенге қарағанда неғұрлым төмен өсу қарқыны мен сыртқы нарықтарда қазақстандық өнімге сұраныстың төмендеуі аясында 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы Қазақстанда экономикалық өсу қарқыны бәсеңдеді. Жедел деректер бойынша 2014 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 2013 жылмен салыстырғанда 4,3 %-ды құрады, ол жоспарланған көрсеткішке сәйкес келеді.

Кесте 2. 2012-2014 жылдар аралығындағы республикалық бюджеттің атқарылуы

Көлденең талдау

Атауы

2012 жылға жоспар

мың тенге

2013 жылға жоспар

мың тенге

Өзгеріс 2012-2013 жж.

%

2014 жылға жоспар

мың тенге

Өзгеріс 2013-2014 жж.

%

1

2

3

4

5

6

I. КІРІСТЕР

4 729 852 668,0

5 152 711 777,0

5 953 312 988,0

Салықтық түсімдер

2 951 663 443,0

3 511 723 367,0

3 732 631 798,0

Салықтық емес түсімдер

241 253 675,0

88 890 504,0

119 307 392,0

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер

19 698 025,0

7 700 000,0

7 752 678,0

Трансферттердің түсімдері

1 517 237 525,0

X1 544 397 906,0

2 093 621 120,0

II. ШЫҒЫНДАР

5 301 003 844,0

5 743 716 813,0

6 497 599 761,0

III. ТАЗА БЮДЖЕТТІК КРЕДИТ БЕРУ

50 758 465,0

40 831 419,0

46 329 675,0

Бюджеттік кредиттер

174 515 975,0

122 125 013,0

118 495 116,0

Бюджеттік кредиттерді өтеу

123 757 510,0

81 293 594,0

72 165 441,0

IV. ҚАРЖЫЛЫҚ АКТИВТЕРМЕН БОЛАТЫН ОПЕРАЦИЯЛАР БОЙЫНША САЛЬДО

361 236 077,0

158 721 629,0

492 232 606,0

Қаржылық активтерді сатып алу

361 746 077,0

167 531 629,0

493 482 606,0

Мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

510 000,0

8 810 000,0

1 250 000,0

V. БЮДЖЕТТІҢ ТАПШЫЛЫҒЫ (ПРОФИЦИТІ)

-983 145 718,0

-790 558 084,0

-1 082 849 054,0

VI. БЮДЖЕТТІҢ ТАПШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ (ПРОФИЦИТТІ ПАЙДАЛАНУ)

983 145 718,0

790558084,0

1 082 849 054,0

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері 2012 жылы 3 843,9 млрд.теңгеге толықтырылды және 2013 жылғы 1 қаңтарда 10 446,5 млрд.теңгені құрады, оның ішінде инвестициялық кіріс 383,7 млрд. теңге сомасында, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 3,4 есеге көп. Негізгі үлесті (88,8 %) мұнай секторынан түсетін тікелей салықтар құрады.2012 жылға арналған республикалық бюджет шығыстары 5 795,7 млрд.теңгені құрады немесе жоспарға 99,3%. 2011 жылмен салыстырғанда республикалық бюджет шығыстарының өсуі 668,4 млрд.теңгені құрады. 41,6 млрд.те ңге пайдаланылмай қалды.

2013 жылғы республикалық бюджет түсімдері 5 242,8 млрд.теңге көлемінде немесе бекітілген бюджетпен (5 228,4 млрд.теңге) салыстырғанда 14,4 млрд.теңгеге өсе отырып анықталды.

Кірістер (трансферттердің түсуін есепке алмағанда) 3 608,3 млрд.теңгені құрайды немесе бұрын бекітілген көлемнен 20,0 млрд.теңгеге жоғары, оның ішінде салықтық түсімдер бойынша 6,9 млрд.теңгеге және салықтық емес түсімдер бойынша - 13,1 млрд.теңгеге ұлғаю есебінен.

2013 жылға арналған мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 8,8 млрд. теңге сомасында анықталды, яғни бұрын бекітілген көлемнен 5,6 млрд.теңгеге аз.

2014 жылға арналған республикалық бюджет түсімдері 6 206,1 млрд. теңге көлемінде немесе бекітілген бюджетпен (5 773,7 млрд. теңге) салыстырғанда 432,4 млрд. теңгеге ұлғая отырып анықталды.

Республикалық бюджет кірістері (трансферттердің түсімінсіз) 4 029,4 млрд. теңге бекітілген бюджетпен (6 220,3 млрд. теңге) салыстырғанда 331,7 млрд. теңгеге ұлғайып нақтыланды және 4 361,2 млрд. теңгені құрады.

Бұл ретте теңге бағамының АҚШ долларына шаққанда (150-185) түзетілуіне байланысты Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшері 1 380 млрд.теңгеден 1 480 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылды.

Нәтижесінде, 16,3 млрд. теңге бюджет қаражатының бос қаражатын тартуды есепке ала отырып, нақтыланған тапшылық 918,6 млрд.теңгені құрады.

Нақтыланған болжамды ескере отырып, республикалық бюджет шығыстары 2014 жылғы бекітілген көлемге қатысты 408,7 млрд. теңгеге ұлғая отырып, 7 124,8 млрд. теңгені құрады.

Келесі кестеде 2015 жылдың қараша айына дейінгі республикалық бюджеттік кірістердің атқарылуын көре аламыз.

Кесте 3. 21.11.2015 ж. республикалық бюджеттің кірістерінің атқарылуы

Өлшем бірлігі: мың теңге

Төлемдердiң атауы

РБ жоспары

РБ фактісі

Ауытқу

Oрындалу %-ы

Салықтық түсімдер

2 684 184 686,0

2 514 137 643,2

- 170 047 042,8

93,7

Салықтық емес түсiмдер

99 191 422,0

146 842 702,4

47 651 280,4

148,0

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

6 864 247,0

1 245 832,8

- 5 618 414,2

18,1

Кірістер (3 кат),

Б А Р Л Ы Ғ Ы

2 790 240 355,0

2 662 226 178,4

- 128 014 176,6

95,4

Трансферттердің түсімдері

2 353 910 589,0

2 255 423 712,0

- 98 486 877,0

95,8

БАРЛЫҒЫ

5 144 150 944,0

4 917 649 890,4

- 226 501 053,6

95,6

Дерек көзі:

2015 жылдың қараша айына дейінгі республикалық бюджеттік кірістердің атқарылуының талдауы келесі кестеде көрсетілген.

Кесте 4. 21.11.2015 ж. республикалық бюджеттің кірістерінің атқарылуын тігінен талдау

Төлемдердiң атауы

РБ фактісі,

мың тенге

Кірістер

(3 кат), %

Салықтық түсімдер

2 514 137 643,2

Салықтық емес түсiмдер

146 842 702,4

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

1 245 832,8

Кірістер (3 кат),

Б А Р Л Ы Ғ Ы

2 662 226 178,4

2015 жылғы 1 қазандағы республикалық бюджет түсімдері 4 342,6 млрд.теңгені құрады және 4 351,7 млрд.теңге сомада есепті кезеңге арналған жоспарға 99,8 %-ға орындалды, оның ішінде кірістер 4 313,0 млрд.теңге немесе 4 319,4 млрд.теңге сомада есепті кезеңге арналған жоспарға 99,9 %-ға орындалды, оның ішінде салықтық түсімдер 2 051,2 млрд.теңге немесе 99,2 %, салықтық емес – 94,9 млрд.теңге немесе 111 %, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1,2 млрд.теңге немесе 73,2 %, трансферттер түсімдері – 2 165,8 млрд.теңге немесе 100,1 %, бюджет кредиттерін өтеу 28,4 млрд.теңге немесе 90,2 %, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдер 1,2 млрд.теңге немесе 140,8 %.

Республикалық бюджет тапшылығы 2015 жылғы 9 айда 774,7 млрд.теңгені құрады. Республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыруға 774,7 млрд.теңге пайдаланылды, оның ішінде қарыздар түсімдері есебінен – 1 058,1 млрд.теңге, қарыздарды өтеу – 281,4 млрд.теңге, бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдығының сомасы (-1,9) млрд.теңге.

Ағымдағы жылдың 9 айында Қаржы министрлігі сомасы 389,6 млрд. теңге мемлекеттік бағалы қағаздарды (МБҚ) орналастырды. МБҚ шығарудың жалпы көлемінде негізгі үлесті (99,9%) ұзақ мерзімді бағалы қағаздар (МЕУКАМ) құрады. Сыртқы қарыздар түсімдері 668,5 млрд. теңге. Ішкі қарыздарды өтеу (МБҚ) 239,5 млрд.теңгені, сыртқы қарыздар – 41,9 млрд.теңгені құрады.