Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АЛМАТЫ МЕНЕДЖМЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
152.27 Кб
Скачать
    1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті, құрылымы

Мемлекеттік бюджет– мемлекеттің белгілі бір уақыт кезеңіне, көбінесе бір жылға арналған кірістері мен шығыстарының қаржы жоспары. Онда мемл. кірістердің түсетін көздері және қаражаттың жұмсалу бағыттары мен арналары көрсетіледі. Мемлететтік бюджетті үкімет әзірлейді, жоғары заң шығарушы органдар қабылдап, бекітеді. Бюджеттің атқарылуы барысында оның ішінара қайта қаралуы мүмкін. Барлық демокатиялық мемлекеттерде мемлекеттік бюджетті қабылдау парламенттің аса маңызды өкілеттіктерінің бірі болып табылады. Қазақстанда мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджет болып бөлінеді. www.el.kz

Мемлекеттік бюджет өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры болып табылады.

Экономикалық қосалқы категория ретінде мемлекеттік бюджет мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталық-тандырылған қорын жасау және оны ұлғаймалы ұдайы өндіріспен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу үдерісінде мемлекетпен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақшалай қатынастарды білдіреді.

Мемлекеттiк бюджеттiң экономикалық мәнi сан алуан қаржы баланстарында жекелеген ерекшелiктерi белгiленетiн айырықша салалары бар. Мәселен, мемлекеттiк кәсiпорындармен, ұйымдармен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары қоғамдық өнiмдi құндық бөлудiң айырықша саласын құрайды. Бұл қатынастар қоғамдық қажеттердi өтеуге арналған, орталықтандырылған қаражат қорын құрап, пайдалануға байланысты. Бұл процесс мемлекеттiң тiкелей қатысуымен жүзеге асырылып отырады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы Мемлекеттiк бюджет деп аталған ұғымның экономикалық мазмұнын құрайды. Құлпыбаев 376-389

Қазақстан Республикасында ҚР жаңа Бюджеттік кодексінің 6-шы бабына сәйкес бюджет жүйесіне бюджеттердің келесі түрлері мен деңгейлері енгізілген:

- мемлекеттік бюджет;

- республикалық бюджет;

- облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті;

- аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті. Заң

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрылымын келесі суреттен көруге болады.

Қазақстан Республикасының бюджеті

Республикалық бюджет

Жергілікті

бюджеттер

Астана және Алматы қалаларының бюджеттері

Облыс бюджеті

Ұлттық қор

Аудандық

бюджет

Қалалық бюджет

Облыстық

бюджет

Сурет 2. ҚР-сының мемлекеттік бюджетінің құрылымы

Бюджеттің құрылымы 7 бөлімнен тұрады:

  1. кірістер: салықтық түсімдер; салықтық емес түсімдер; негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер; ресми трансферттер;

  2. шығындар;

  3. операциялық сальдо = 1-2;

  4. таза бюджеттік кредит беру = бюджеттік кредиттер - бюджеттік кредиттерді өтеу;

  5. қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо = қаржы активтерін сатып алу – мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер (заңды тұлғалардың, соның iшiнде халықаралық ұйымдардың қатысу үлестерiн, бағалы қағаздарын мемлекеттiк меншiкке сатып алу);

  6. бюджет тапшылығы (профициті);

  7. бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) =

(қарыздар түсімі + бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы) - қарыздарды өтеу.

Мемлекеттiк бюджетке белгiлi бiр тұтас қаржы қатынастары ретiнде оған қаржы санатының қасиеттерi тән, бюджеттiк қатынастардың үлестiру қасиетi бар, ақшалай түрде жүзеге асады, бағытты ақша қорымен тетелес келедi. Сонымен қатар, бюджеттiк қатынастарға белгiлi бiр ерекшелiк тән, ол әрине қаржы тақырыбынан тыс болмайды. Мемлекеттiк бюджетiнiң өзгеше бiр сфера ретiнде бағамды үлестiру қасиетiн қарасақ, ол мынадай:

  1. мемлекеттiң жалпы қоғамдық өнiмiнiң бөлiгiмен байланысты және оны қолдануымен, яғни қоғамдық сүранысты қанағаттандыру үшiн қолданылатын үлестiру қатынастарының экономикалық формасы

  2. халық шаруашылығы, аймақтар, экономика секторлары, қоғамдық iс - әрекеттiң өрiсi арасындағы бағамды үлестiру үшiн қолданылады

  3. ол қоғамдық өнiммен, яғни оның iс- әрекетiмен байланысты емес, ол одан бөлек жұмыс жасайды, бiрақ соның өзiнде де қаржы қатынастары тауарлық ақшалық прцесспен байланысын үзбейдi.

Мемлекеттiк бюджет басқа да экономикалық санаттар сияқты өндiрiстiк қатынастар мен оларға тән материалдық - заттық өзгерiстердi көрсетедi. Бюджеттiк қатынастар мемлекеттiң ақша қорының орталықтандырылған орында заттандырылады. Осының нәтижесiнде, қоғамда болатын экономикалық процесс өзiнiң iс – әрекетiн мемлекеттiң ақша қорында көрсетедi.