- •Мазмұны
- •1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні
- •1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті, құрылымы
- •1.3 Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің заңнамалық негіздері
- •2 Қазақстан республикасы мемлекеттік бюджетінің қазіргі жағдайын талдау
- •2.1 Республикалық бюджеттің атқарылуын талдау
- •2.2 Жергілікті бюджеттің атқарылуын талдау (Жамбыл ауданы мысалында)
- •2.3 Мемлекеттік бюджеттің даму перспективалары
1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі
Жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің айрықша саласын мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын қаржылық қатынастары құрады. Бұл қатынастарға олардың мемлекет бірден бір қатысушысы болып табылатын бөлгіштік үдерісте пайда болатыны және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған ақшалай қаражат-тардың орталықтандырылған қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты екені жалпы тиісті (тән) болып келеді. Қаржылық қатынастардың бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын құрады.
Бюджет – мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдардың ақшалай қаражаттарының қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржылық ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады, бұл мемлекеттің қаржылық саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет.Құлпыбаев
Бюджет кез-келген мемлекеттің өзіндік қызметтерін қаржы ресурстары арқылы жүзеге асыруға қажетті міндетті шарт болып табылады. Капитализмге дейінгі құрылыста мемлекеттік табыс негізінен табиғи сипатта болды. Қажеттіліктердің көп бөлігі табиғи жиындардың борыштары мен түсімдерінен құралды. Ресурстардың нақты жұмсалу бағыттарын негіздеу үшін арнайы жекелеген шығыс және кіріс сметалары жасалынды. Шығындар мен кірістердің біртұтас сметасын құарстыру талпынысы алғаш XVII ғ. Англияда жүзеге асып, бюджет деген атқа ие болды.
«Бюджет» термині «ақшасы бар қап», «ақша салатын, сақтайтын, әмиян» сиякты тікелей мағынасында екі түрлі түсінікке ие. Бір жағынан, бұл азамат, жанұя, корпорация, аумақ, мемлекет сияқты кез-келген экономикалық субъектінің меншігіндегі қаржылық ресурстардың көлемі, қаражат жиынтығы. Екінші жағынан, бюджет – белгілі бір уақыт аралығындағы кіріс пен шығыстың сәйкестігін сипаттайтын экономикалық субъектінің кіріс және шығыс арасындағы қатынасы, оның қаражаттарының теңдестігі. Басқаша айтқанда, бюджет сөмкенің ішіндегі қаражаттың бар-жоғын да, қаражаттың толтырылуы мен шығындалу өкілдігін де, ақшаның келу-кету жолдарын да анықтайды.
Мемлекеттік бюджеттің мазмұны көп қырлы, оның құрамы әртүрлі экономикалық түсіндірмелері бар түрлі үрдістерден тұрады. Осы тұрғыда мемлекеттік бюджет экономикалық құбылыс ретінде ғылыми көзқараспен мынадай сипатқа ие: экономикалық санат ретінде, қаржы жүйесінің орта буыны ретінде және мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде. Вики
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 4 бабында «бюджет» «мемлекеттің міндеттері мен қызметтерінің жүзеге асыруын қаржыландыруға бағытталған орталықтандырылған қаржы қоры» ретінде түсіндіріледі. Мұндай анықтама бюджеттік қатынастардың материалды жағын сипаттайды.
Осылайша, бюджеттік қатынастардың материалды-заттай нысаны сондай-ақ, мемлекеттіңк бюджет деп аталатын мемлекеттің орталықтандырылған қаражат қоры болып табылады. Аталмыш қор тек қана қаржы қорына ортақ болатын қаржылық қатынастар негізінде ғана емес, сондай-ақ, нақты сипатқа ие келесідей арнайы ерекшеліктерге негізделеді:
жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған;
қатаң мемлекеттік заңдар мен нормативтік құқықтық актілермен реттеледі;
ақша қаражаттары қордың қайнар көзі болып табылады;
әдетте қайтарымсыз негізде пайдаланылады;
аса қарқындылыққа ие, оған әрдайым ұсақ мақсатты қорларға бөлшектер және де керісінше оларды ірілендіру үдерісі тән;
тек қана қор түрінде пайдаланылады. Заң
Бюджеттің бөлу қызметі арқылы аумақаралық және салааралық қаржы ресурстары бөлінеді, қаражат қорлары құрылып пайдаланылады. Аумақаралық қаражат ресурстарын бөлу сәйкес мемлекеттік үкімет пен басқару органының бюджет табысын бекітумен, сондай-ақ түрлі ішкібюджеттік реттеу түрлері арқылы жүзеге асады (субвенциялар, дотациялар, трансферттер және т.б.). ақша ресурстарын әр әкімшілік-аумақтық бірлікке аумақаралық бөлу нәтижесінде жеке бюджет қоры құрылады.
Мемлекеттік бюджеттің бақылау қызметі экономикамен үйлесімді байланыста болуы бюджеттің бөлу үдерісінің түрін, пайда болатын жағымды және жағымсыз беталыс бағытын көрсете алады. Бұл тұрғыда, бюджет қаржы санаты ретінде «экономиканың айнасы» деп айтуға болады. Бюджет табысындағы және бюджет қаржыландырудағы жағымсыз ауытқулар – белгілі бір сала қызметіндегі ақаулар туралы белгі болып табылады. Бұл мұндай ауытқулардың себептерін табу мен сәйкесінше мән беру қажеттілігін туындатады. Сондай-ақ, мұндай белгілер уақытылы бюджет теңсіздігін табу мен оларды жою үшін іс-шаралар ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
қоғамдық
қалауларды институционалдау
реттеу
бөлу
ақпараттық
бақылау
Бюджеттің
қызметтері
Сурет 1. Бюджеттің атқаратын қызметтері
Бюджеттің түсімдері - кірістер, бюджет кредиттерін өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар болып табылады.
Бюджеттің шығыстары - шығындар, бюджет кредиттері, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу болып табылады.
Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында мемлекеттік бюджеттің рөлі:
1) экономиканың қазіргі заманғы даму кезеңінде мемлекеттік бюджет экономикалық және әлеуметтік саясат жүргізуде мемлекеттің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Бюджет шығыстары мен кірістерін жоспарлауда мемлекет экономикалық және әлеуметтік саясатты жүргізу үшін, экономикалық дағдарысқа төтеп беру үшін қаржы құралдарын өз қолында шоғырландырады.
2) Мемлекеттік бюджет экономиканың дамуына әсер етуші құрал болып табылады. Мемлекеттік бюджет арқылы қоғамдық өндірістің құрылымын анықтайтын ұлттық табысты қайта бөлу жүзеге асады. Шаруашылық реформалар жағдайында мемлекет өндіріске әсер етудің бюджеттік әдістерін өзгерте отырып экономикадағы өз позициясын күшейтеді.
3) Мемлекеттік бюджет әлеуметтік сала мекемелерін – ағартушылық, денсаулықсақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды жақсарту арқылы әлеуметтік мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік бюджеттің әлеуметтік үдерістердегі рөлін күшейту әлеуметтік түрленудің қаржылық негізі болып табылатын бюджет қаражаты мен бюджеттік емес қорлардың артуымен, халыққа әлеуметтік қызмет көрсетудің жаңа жоғары деңгейге өтумен түсіндіріледі. Сонымен қатар, мемлекеттік бюдже, азаматтардың материалдық бөліну салдарын біркелкі етуі және халықтың өмір сүру деңгейін көтеруді қамтамасыз етеді.
Бюджет жүйесі - бюджеттердің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттік процестер мен қатынастардың жиынтығы.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.
Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады:
мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе орталық мемлекеттің бюджеті;
федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та — штаттардың, ГФР-да - жерлердің (ландтардың), Канадада - провинциялардың, Ресейде - федерация субъектілерінің бюджеттері);
жергілікті бюджеттер.
Унитарлық (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердің оқшаулану мен дербестігінің түрлі дәрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық процестерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі бюджеттерге қатынасы бойынша белгілі бір реттеуші рел орталық бюджетте сақталады.
