- •1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні
- •1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті, құрылымы
- •2 Қазақстан республикасы мемлекеттік бюджетін қалыптастыру және қазіргі жағдайын талдау
- •2.1 Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің заңнамалық негіздері
- •Бюджет құрылымы.
- •2.3 Мемлекеттік бюджет пайдалану мәселелері мен жетілдіру жолдары
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
ЖОСПАР
КІРІСПЕ .....................................................................................................................3
1 МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ ............................5
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі ....................................5
1.2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті, құрылымы ...................9
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ..........................14
2.1 Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің заңнамалық негіздері ..14
2.2 Мемлекеттік бюджет кірістері мен шығыстарының атқарылуының қазіргі жағдайын талдау .....................................................................................................21
2.3 Мемлекеттік бюджетті пайдалану жолдарын жетілдіру ...............................28
ҚОРЫТЫНДЫ ........................................................................................................34
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ..........................................................................36
КІРІСПЕ
Жүйелілік біздің бүгінгі дүниедегі алдағы он жылдықта жедел алға жылжуымыздың басты қағидасы, міне осы. Қазақстанның әлемдегі тауарлар, көрсетілген қызмет, еңбек ресурстары, каптал, осы заманғы идеялар мен технологиялар нарықтарының шын мәнінде ажырағысыз серпінді бөлігіне арналуы біз он басты міндет шешуіміз керек,- деді Н Назарбаев.
Бірінші міндет – экономиканың тұраулы дамуын қамтамасыз етіп, ұстап тұрумен ғана шектеліп қалмай, оның өсуінің басқаруға қол жеткізу. Мемлекет басшысы атап өткендей, Үкімет Қазақстанды индустрияландыруға түбегейлі жаңа тұрғыдан келуді қамтамасыз етуді, табиғи монополиялар аясын қысқартуды, қаржы жүйесін күшейтуді, тиімді жұмыс істейтін қор нарығын құруды, Қазақстанның қолайлы шарттармен БСҰ ға кіруін қамтамасыз етуі, халықаралық техникалық стандарттарды енгізуі тиіс. Менің Үкіметке беетін ең басты тапсырмам осы деп атап көрсетті Н Назарбаев.
Екінші міндет Қазақстанның экономикалық дамудың «өңірлік локомативіне» айналдыру және оны әлемдік экономиканың оңтайлы «ойшысы» ету. Үшінші өндіруші сектордың тиімдіігін арттыру. Төртінші өндірістің шикізаттық емес секторының дамуын, экономикалық әртараптандырылуын қамтамасыз ету. Бесінші өңірлік және жаһандық экономикадағы өзіміздің жаңа ролімізге сәйкес осы заманғы инфрақұрылымды дамыту. Алтыншы осы заманғы білім беру және кәсіптік қайта даярлау, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту. Жетінші атаулы әлеуметтік қолдау және әлеуметтік саланы нарық қағидаттары негізінде дамыту. Сегізінші саяси жүәені жаңарту демократиялық реформаларды одан әрі жүзеге асыру. Тоғызыншы халықаралық іс тәжірибені ескеріп, әкімшілік реформаны жеделдете жүргізу. Оныншы мінет жаңа Қазақстанның Орталық Азия өңірі мен әлемдік қоғамдастықтағы жетістіктері мен мүмкіндіктерін ала жылжыту.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың тиiсiнше республикалық және жергiлiктi бюджеттерден тиiстi қаржы жылына арнап ақша бөлу туралы актiлерi, осы актiлердiң қайтарымды негiзде ақша бөлу туралы ережелерiн қоспағанда, ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейiн күшiн жояды [1].
Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңдар, тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттардың шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы мәслихаттардың шешiмдерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың оларды iске асыру туралы актiлерi тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Осы жұмысты орындаудағы мақсат қаржы саласындағы мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен қызмет ету барысын түсіну, бюджеттің функциялары мен қызметтерін талдау, мемлекеттік бюджетті кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымын, олардың жіктелуін талдау және осылардың негізінде 2011-2014 жылдарды мысалға ала отырып бюджеттің кірістері мен шығыстарын салыстыра талдау болып табылады.
Осы жұмысты орындаудағы міндеттерге:
Қаржы саласындағы мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен қызмет ету барысын түсіну;
Бюджеттің функциялары мен қызметтерін талдау;
Қазақстанның мемлекеттік бюджетті кірістері мен шығыстары негізінде жан-жақты талдау;
Экономиканың дағдарыстық кезеңіндегі мемлекеттік бюджеттің атқаратын шараларын, негізгі қолдау саясаттарын ұлттық экономиканы мысалға ала отырып талдау;
Әлеуметтік саланың дамытудағы бюджеттің маңыздылығы мен дамыту қызметтеріне тоқталу;
Салықты жетілдіру негізінде мемлекеттік бюджеттің түсімдерінің қалыптасу көздерін табу және олардың нысандары мен жетілдіру әдістерін жазу болып табылады.
20 жылдан кейін жаңа Қазақстанды жаңа әлемде орнықтыру үшін біз жаңа уақыттың өктем талабына уақтылы әрі лайықты үн қатуымыз керек. Сондықтанда Үкіметке 2050 стратегиясының негізгі қағидаларын жаңакезеңге сай дамытып отырған жоғарыда атап көрсеткен барлық міндетерін дәйекті тапсыратынын айтты.
1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі
Мемлекеттiк бюджеттiң экономикалық мәнi сан алуан қаржы баланстарында жекелеген ерекшелiктерi белгiленетiн айырықша салалары бар. Мәселен, мемлекеттiк кәсiпорындармен, ұйымдармен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары қоғамдық өнiмдi құндық бөлудiң айырықша саласын құрайды. Бұл қатынастар қоғамдық қажеттердi өтеуге арналған, орталықтандырылған қаражат қорын құрап, пайдалануға байланысты. Бұл процесс мемлекеттiң тiкелей қатысуымен жүзеге асырылып отырады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы Мемлекеттiк бюджет деп аталған ұғымның экономикалық мазмұнын құрайды [2].
Көптеген қаржы байланыс түрлерiнiң iшiнен, ерекше қасиетпен дараланып тұратын салаларды бөлiп алуға болады. Жалпы қоғамдық өнiмнiң бағамдық үлестiру саласының негiзiн, мемлекеттiң шаруашылық субьектiлер мен халық санымен алғандағы қаржы қатынастары құрайды. Бұл қатынастар үлестiру процесi кезiнде пайда болады. Бұл процеске мемлекетте қатысады және олар қоғамдық сүранысты қанағаттандыру үшiн жұмсалатын ақша қаражатының орталық қорының құрылуы және қолдануымен байланысты. Мұндай қаржы қатынастарының тұтастығы ''Мемлекеттiк бюджет'' деген түсiнiктiнiң экономикалық мазмұнын құрайды.
Қазақстан Республикасындағы әкiмшiлiк-әрекеттегi қызметкерлер мен жұмысшылардың әлеуметтiк-экономикалық қорғалуы, елiмiздiң қорғаныс қызметiндегi ic-шаралардың жүзеге асырылуы осы экономикалық категория ретiнде көрiнетiн бюджетке байланысты. Яғни, салықтың атқаратын ролi жоғары. Бұл менiң тақырыбымның маңыздылығын ашады.
Мемлекеттiк бюджетте экономикалық қатынастарының тұтастығы ретiнде обьективтi қасиетi бар. Оның өзiндiк сала болып өмiр сүруi қоғамдық өндiрiстерге байланысты, әрине олардың дамуына орталық қор қажет. Ақша қаражатын орталықтандыру ұлттық шаруашылықта үнемi айналым болу үшiн қажет, және экономиканы түзеу үшiн де қажет. Бағамдық үлестiрудiң бюджеттiк саласының болуы мемлекеттiң өзiне де қажет.
Мысалы, үшiн қоғамдық өндiрiстiң пропорциялдарын және қарқынын қамтамасыз етедi, оның салалық және аймақтық жүйесiн көздейдi, салалық экономиканың бiрiншi қажеттi бағдарламаларын дамытуға әсер ететiн қорды қалыптастырады, әлеуметтiк өзгерiстер өткiзедi.
Бюджет - мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры болып табылады.
Мемлекеттік бюджет - араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет.
Бюджет қаражаттары есебінен өндірістің ұлғаюы, жалпы мемлекеттік көлемде резервті қорлардың пайда болуы, мемлекет шекарасы күзетіне шығатын шығындар, қарулы күштерді қамсыздандыру сияқты шығындар іске асырылады.
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде екі функцияны атқарады: бөлу және бақылау.
Бюджеттік қатынастар аса көптүрлілігімен айқындалады және шаруашылықтың барлық деңгейлері республикалық және жергілікті бюджеттің, облыстық және қалалық бюджеттердің барлық деңгейлерін қамтиды.
Бақылау функциясы мемлекет қарамағына қаржы ресурстарының қаншалықты толық және қаншалықты тиімді қолданылатынын білуге мүмкіндік жасайды.
Бюджеттің түсімдері - кірістер, бюджет кредиттерін өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар болып табылады.
Бюджеттің шығыстары - шығындар, бюджет кредиттері, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу болып табылады.
Бюджет 7 бөлімнен тұрады:
кірістер: салықтық түсімдер; салықтық емес түсімдер; негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер; ресми трансферттер;
шығындар;
операциялық сальдо = 1-2;
таза бюджеттік кредит беру = бюджеттік кредиттер - бюджеттік кредиттерді өтеу;
қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо = қаржы активтерін сатып алу – мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер (заңды тұлғалардың, соның iшiнде халықаралық ұйымдардың қатысу үлестерiн, бағалы қағаздарын мемлекеттiк меншiкке сатып алу);
бюджет тапшылығы (профициті);
бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) =
(қарыздар түсімі + бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы) - қарыздарды өтеу.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру - қарыз алу және бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабуды қамтамасыз ету.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру көлемі алынған қарыздар сомасының, бюджет каражаты калдықтары қозғалысының қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу сомасынан асып түсуі ретінде белгіленеді.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру оң белгімен белгіленеді және бюджет тапшылығының шамасына сай келеді.
Бюджет жүйесінің экономикалық мазмұны және оның қалыптасуы. Бюджеттік қатынастар және бюджетаралық байланыстары. Бюджет жүйесінің қызмет ету принциптері. Унитарлы және федералды мемлекеттердегі бюджет жүйесінің ерекшеліктері. Бюджет құрылысы. Бюджетаралық қатынастар және бюджеттік трансферттер. Бюджеттің құрылымы.
Бюджет жүйесі - бюджеттердің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттік процестер мен қатынастардың жиынтығы.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрылымын келесі суреттен көруге болады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті
Республикалық
бюджет
Жергілікті
бюджеттер
ҚР-сының Ұлттық
қоры
НН
Облыс бюджеттері
Астана және Алматы қалаларының бюджеттері
Облыстық
бюджет
Қалалық
бюджет
Аудандық
бюджет
Сурет 1. ҚР-сының мемлекеттік бюджетінің құрылымы
Қазақстан Республикасында мынадай деңгейдегі бюджеттер бекітіледі, атқарылады және дербес болып табылады:
- республикалық бюджет;
- облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті;
- аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті.
Бюджет жүйесі мынадай принциптерге негізделеді:
бірлік принципі – ҚР-сының бірыңғай бюджеттік заңдарының қолданылуын, соның ішінде бірыңғай бюджеттік сыныптауды, бюджет процесін жүзеге асырудың бірыңғай рәсімдерін пайдалануды қамтамасыз ету;
толықтық принципі – ҚР-ның заңдарында көзделген барлық түсімдер мен шығыстарды бюджеттерде және ҚР-ның Ұлттық қорында көрсету, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке алуға, сол сияқты бюджет қаражаты бойынша талаптар құқықтарынан шегінуге жол бермеу;
реалистік принципі - бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджет көрсеткіштерінің орта мерзімді фискалдық саясатқа және ҚР-сы мен аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың орта мерзімді жоспарының бекітілген (түзетілген) өлшемдері мен бағыттарына сәйкес келуі;
транспаренттілік принципі - мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді қоспағанда, бюджет заңдары саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есептерді, мемлекеттің фискалдық саясатына қатысты басқа да ақпаратты міндетті түрде жариялау; бюджет процесінің ашықтығы, мемлекеттік қаржы бақылауын жүргізу;
дәйектілік принципі - бюджеттік қатынастар аясында бұрын қабылданған шешімдерді мемлекеттік басқару органдарының сақтауы;
тиімділік және нәтижелілік принципі - бюджеттерді бюджеттік бағдарламалар паспорттарымен көзделген белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу қажеттілігін негізге алып, бюджет қаражатының осы нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті оңтайлы көлемін пайдалана отырып әзірлеу және атқару немесе бюджеттік қаражаттың бекітілген көлемін пайдалана отырып ең үздік нәтижені қамтамасыз ету;
басымдық принципі - бюджеттік процесті республиканың немесе аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарына сәйкес жүзеге асыру;
жауапкершілік принципі - бюджет процесіне қатысушыларды ҚР-ның бюджеттік заңдарын бұзғаны үшін жауапқа тарту;
бюджеттердің дербестік принципі - түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында түсімдердің тұрақты түрде бөлініп тұруын орнықтыру және Кодекске сәйкес олардың жұмсалу бағыттарын анықтау, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінің бюджет процесін дербес жүзеге асыру құқығы, жергілікті бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған кірістерді жергілікті бюджеттер қаражатының бос қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берілмейтіндігі.
Мемлекеттiк бюджетке белгiлi бiр тұтас қаржы қатынастары ретiнде оған қаржы санатының қасиеттерi тән, бюджеттiк қатынастардың үлестiру қасиетi бар, ақшалай түрде жүзеге асады, бағытты ақша қорымен тетелес келедi. Сонымен қатар, бюджеттiк қатынастарға белгiлi бiр ерекшелiк тән, ол әрине қаржы тақырыбынан тыс болмайды. Мемлекеттiк бюджетiнiң өзгеше бiр сфера ретiнде бағамды үлестiру қасиетiн қарасақ, ол мынадай:
мемлекеттiң жалпы қоғамдық өнiмiнiң бөлiгiмен байланысты және оны қолдануымен, яғни қоғамдық сүранысты қанағаттандыру үшiн қолданылатын үлестiру қатынастарының экономикалық формасы
халық шаруашылығы, аймақтар, экономика секторлары, қоғамдық iс - әрекеттiң өрiсi арасындағы бағамды үлестiру үшiн қолданылады
ол қоғамдық өнiммен, яғни оның iс- әрекетiмен байланысты емес, ол одан бөлек жұмыс жасайды, бiрақ соның өзiнде де қаржы қатынастары тауарлық ақшалық прцесспен байланысын үзбейдi.
Мемлекеттiк бюджет басқа да экономикалық санаттар сияқты өндiрiстiк қатынастар мен оларға тән материалдық - заттық өзгерiстердi көрсетедi. Бюджеттiк қатынастар мемлекеттiң ақша қорының орталықтандырылған орында заттандырылады. Осының нәтижесiнде, қоғамда болатын экономикалық процесс өзiнiң iс – әрекетiн мемлекеттiң ақша қорында көрсетедi.
