Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Карманов Учебн. пособие.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
21.15 Mб
Скачать

6.5 Шпиндельді турбобұрғылар

Шпиндельді турбобұрғы секциялыға қарағанда бөлек торапқа шығарылған өстік тіреуге ие құрылым. Бұл турбобұрғылар ұңғыны шарошкалы, сонымен қатар гидромониторлық қашаулармен бұрғылауға арналған. Гидромониторлық қашаумен бұрғылау мүмкіншілігі білік пен ниппель арасындағы саңылауда жылжудың азаюымен іске асады. Өйткені шпиндельді турбобұрғыларда өстік тіреу тұйық және турбобұрғының төменгі бөлігінде орналасады.

Шпиндельді турбобұрғылар диаметрі 240, 195, 185, 172 және 164 мм болып жасалады. Диаметрі 195 және 172 мм турбобұрғылар ұңғыны алмазды қашаумен бұрғылауға арналған.

ЗТСШ шпиндельді турбобұрғыларда өстік тіреуге екі немесе үш турбиналық секция жалғанады. Шпиндель құрылғысы 6.5-суретте көрсетілген.

6.5-сурет. Турбобұрғы шпинделі

1, 18 – аудармалар; 2 – төменгі жартымуфта; 3, 15 – реттегіш сақиналар; 4 – контргайка; 5– қалпақ; 6 – гайка; 7, 13 – радиалды тіректер; 8, 12 – тығыздауыш сақиналар; 9 – өкше;

10 – өкше төсемесі; 11 – өстік тірек; 14 – тұрқы; 16 – ниппель; 17 – білік.

Шпиндель корпусқа 14, орналасқан біліктен 17 тұрады. Білік екі радиалды тіреумен 7, 13 жабдықталған. Өстік тіреу 11 тірек дискілер жинағынан 9 және резинаметалдық өкшелерден 10 құралған. Шпиндель білігі тығындауыш сақиналармен 8, 12 жабдықталады.

Төлке корпус бұрандасының реттегіш сақинасы ретінде қолданылады. Турбиналық секция шпиндельге аударма 1 және төменгі жартылай жалғастырғыш арқылы жалғанған. Корпуста бөлшектердің бекітілуі ниппель 16 арқылы, ал білікте қалпақ 5 және контргайка 4, гайка 6 арқылы бекітілген. Қашауды жалғау үшін білік төменгі бөлігінде аудармамен 18 жабдықталған.

ЗТСШ-7¼ ТЛ және ЗТСШ-6½̋ ТЛ шпиндельді турбобұрғыларды тура құймалы турбиналармен бірге жасайды. Мұндай турбобұрғылар шифрына ТЛ әріптерін қосады. Қалған ЗТСШ типті турбобұрғылар тура құймалы турбиналармен немесе топырақ қалыпта құйылған қарапайым турбиналармен бірге жеткізіледі.

Турбобұрғыларды бөлшектердің, сонымен қатар жиналмалы бірліктердің, тіпті үлкен секциялардың өзара алмастыру мүмкіншілігі есебінен, қолдану тиімділігін арттыру үшін сериялы турбобұрғылардың сәйкестендірілуі жүргізілді. Негіз ретінде ЗТСШ шпиндельді турбобұрғылары алынды (6.1-кесте). Бұл турбобұрғыларды бірсекциялы, сонымен бірге көпсекциялы түрінде қолдануға болады.

6.1-кесте. Шпиндельді турбобұрғылардың техникалық көрсеткіштері

Турбо-бұрғы шифры

Турбо-

бұрғы түрі

Турбина сатылар

саны

Сұйық

шығыны

л/с

Nmax

кезінде

бұрау моменті,

Нм

Nmax

кезінде

айналу

жиілігі, с-1

Nmax

кезінде

қысым, МПа

Ұзын-дығы,

м

Масса,

кг

Диа-

метр,

мм

3ТСШ1-240

3ТСШ1-195

3ТСШ1-

195ТА

3ТСША

-195ТА

3ТСШ1-

172

30/16,5

26/16,5

24/18

21/16,5

28/16

315

330

318

327

336

32

30

40

30

25

2648

1481

1746

1961

1765

7,4

6,6

5,9

12,1

10,4

5,5

3,9

2,9

6,5

8,8

23,3

25,7

25,7

25,9

25,4

5975

4790

4325

4745

3530

240

195

195

195

172

Е с к е р т у Nmaxтурбобұрғының шектік қуаты, тығыздығы 1000 кг/м3 техникалық су қолданған кезде

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]