Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Карманов Учебн. пособие.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
21.15 Mб
Скачать

Қазақстан Республикасы

білім және ғылым министрлігі

Қ.И. Сәтбаев атындағы

Қазақ ұлттық техникалық университеті

Т.Д. Қарманов

Бұрғылау жабдықтары

Университеттің Ғылыми-әдістемелік кеңесі

оқу құралы ретінде ұсынған

Алматы 2015

ӘОЖ 622.323(075)

ҚБЖ

Қ

Пікір жазғандар:

Қабдолов С.З., техн. ғыл. док., профессор, ҚБТУ.

Өмірзақова Э.Ж., техн. ғыл. док., ассоц. профессор, Каспий қоғамдық университетінің доценті.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы басылым жоспары бойынша басылды.

Қарманов Т.Д. Бұрғылау жабдықтары. Оқу құралы.  Алматы: ҚазҰТУ, 2015, – 280 бет.

Оқу құралы жоғары оқу орындарына арналған. Оқу құралында мұнай және газ кен орындарын барлау, өнім алу жұмыстарын жүзеге асыру үшін ұңғыларды бұрғылауға арналған жабдықтардың құрылымы мен техникалық сипаттамалары, керекті параметрлерін есептеу реттері баяндалған. Оқу құралы он бес тараудан тұрады. Оқу құралында ұңғы туралы жалпы ұғым, бұрғылау қондырғыларының түрлері, тау жынысын бұзатын аспаптар, бұрғылау процесінде қолданылатын құбырлардың түрлері, түптік қозғалтқыштар туралы, көтеріп-түсіру кешені, ұңғыны жууға арналған циркуляциялық жүйе жабдықтары, лақтыруға қарсы және цементтеу жабдықтары туралы мол мағлұмат берілген.

Оқу құралы Қазақстан Республикасы мұнай және газ өндіру саласымен шұғылданатын мамандар мен колледж және жоғары оқу орындарының мұнай өндірісі мамандықтарын қалаған студенттеріне арналған.

ӘОЖ 622.323(075)

ISBN...

Кіріспе

Мұнай мен газ қазіргі заманның ең тиімді энергия көзі ретінде әрі өте бағалы химиялық шикізат ретінде өндірілуі жоғары сұранысқа ие кен көзі. Республиканың өндірістік саласын мұнай газ шикізатымен қамтамасыз ету мемлекеттің экономикалық даму дәрежесін арттырады және осы өндіріске байланысты ғылыми технологиялық прогресті белгілейді.

Пайдалы кен орындарын іздеуде, барлауда және өндіруде ұңғыларды бұрғылау жұмыстарының маңызы өте зор. Сұйық және газ тәріздес пайдалы қазбаларды барлаудың, өндірудің тиімділігі бұрғылау жұмыстарының сапасымен тікелей байланысты.

Бұрғылау техникасы соңғы жылдарда дамудың жаңа белестеріне шықты. Атап айтқанда көтеріп-түсіру операцияларын дамыту жолында колтюбингті технология, жоғарғы күштік жетектерді қолдану, тау жыныстарын бұзушы аспаптардың бірнеше ұңғыны бұрғылауға жарайтын өте берік түрлерін шығару сияқты көзге көрінетін жетістіктер бар.

Бұрғылау техникасын дамытудың тағы бір бағыты жоғары сапалы қымбат металдан жасалатын жабдықтың, механизмдердің, мұнаралық құрылымдардың металсыйымдылығын азайту, монтаждалу, тасымалдану мүмкіншіліктерін арттыру бағыты болып саналады.

Ұсынылып отырған оқу құралының авторы бұрғылау жабдықтарының техникалық сипаттамасын, қолданыс үрдісін, техникалық мүмкіншіліктерін Ресей мемлекетінде шығарылатын бұрғылау жабдықтарының мысалында түсіндіруге тырысқан.

Осы оқу құралында ұсынылған материалды дұрыс игерген үйренуші бұрғылау техникасы туралы үлкен мағлұмат алады деп ойлаймын.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]