Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қар. тәу бас. Құралай.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
721.41 Кб
Скачать

Спекулянт.

Биржалық спекулянттарды көбінде адамзатқа зардап әкелетін экономикалық күнәлармен айыптайды. Спекулянттар өте жоғары немесе өте төмен бағаны ұстануы мүмкін, ал бұл әрекет өз кезегінде ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілердің өмір сүруіне тосқауыл болады. Дефицит және артықшылық осылардың ісі болып табылады, және де бұларды жалған баға, нарықтарды бағындыру және жеткізу каналдарын жою, т.б. жаман істермен айыптауда.

Осы айыптардың үлкен бөлігі спекулянт ісін нашар түсінуден қалыптасады. Фьючерстік нарықтар – бұл күрделі экономикалық механим, оның функционалдық шындық мінездемесі көпшілікке мәлім емес.

Спекулянтсыз фьючерстік келісімшарт нарығы соншалықты мәнсіз, сатып алушыларсыз аукцион секілді болар еді. Көптеген наықтарда спекулянттар саны біршама көп, басқа түрдің қатысушыларына қарағанда, дәл осы спекулянттар жылдам нағыз тауарын, яғни ликвидтік нарық қалыптастырушысы болып табылады. Бұлардың ісі жиі бағаның өзгеруіне әкеледі, аз ғана көтерілуімен ғана емес және маңызды бұйрықтарды бағаның осы немесе басқа жақтарына секіруінсіз орындауға мүмкіндік береді.

Спекулянт фьючерстік келісімшартты сату немесе сатып алу кезінде, өзін бағаның өзгеру тәуекеліне соқтырады. Спекулянт бұл тәуекелді қабыл алады, өйткені бағаның тербелісі кезінде пайда табуға үміттенеді.

Спекулянттың сәтті сатуына байланысты келесі мысал келтіреміз:

Мысалы

Маржа

15 мамыр 1 келісімшарт желтоқсан айына мыс сатылып алынды 90,25

$ 1,500

21 маусым 1 келісімшарт желтоқсан айына мыс сатылды 96,70

+6,45

Спекулянт 6,45 фунт стерлинг мөлшерінде пайда тапты немесе (6,45*$ 250)=$ 1,612,50 комисионды алып тастағанда. Бұл- табыс 107% бастапқы маржада $ 1,500 және ол бес аптадан кейін алынды. Бірақ шығындар да болуы мүмкін.

Мысалы

Маржа

15 мамыр 1 келісімшарт желтоқсан айына мыс сатылып алынды 90,25

$ 1,500

21 маусым 1 келісімшарт желтоқсан айына мыс сатылды 84,25

-6,00 зардап шекті.

Спекулянт фьючерстік келісім шартты сату немесе сатып алу кезінде, өзін бағаның өзгеру тәуекеліне соқтырады. Спекулянт бұл тәуекелді қабыл алады, өйткені бағаның тербелісі кезінде пайда табуға үміттенеді.

Спекулянттарда тауар тасымалдайтын жүк машинасы болмайды, тіпті олар тауар тасымалдау жайында ойланбайды. Көзделмеген тауарларды жеткізу ұзақ мерзімді фьючерстік позицияға қарсы( көптеген әр түрлі пікірлерге қарамастан, сирек болып отырады) бұл көпшілік спекулянттарға маңызды қаржылық қате болушы еді.

Хеджер

«Сіздің ставкаңыздың хеджерлеуі» деген сөздерді естіген шығарсыз. Егер сіз ставканы ертеңгі ойынның жеңісіне Los Angeles Lakersке қойып, кейіннен сол команданың үздік екі ойыншысы ауырып, ойынға қатыспайтынын естігенде, сіз ставканы екінші команданың ойыншыларына қарап, хеджерлей аласыз.

Хедж фьючерстік нарықтарда сол принцип бойынша жұмыс істейді. Хедж өзімен фьючерстік позицияны табыс етеді, ол өз кезегінде спот нарығында бірегейлі және қарама-қарсы позицияда болады. Стэнфорд университетінің экономисі Холбрук Уоркинг бұған нақты анықтама айтып кеткен. Ол хеджді фьючерстік келісім-шарт деп анықтайды, ол кейін қолма-қол ақша келісімі ауыстыру ретінде әрекет етеді.

Қолма-қол және фьючерстік бағалардың бірдей өсу немесе төмендеу тенденциясы бар биржалық тауар арқылы хедж жұмыс істеуші, сондықтан хедждің бір жақты шығыны екінші жақтың пайдасымен конпенсацияланады. Егер сіздер шұғыл тауар ұзақ позицияда болса, онда хедж сіз үшін қысқа мерзімді фьючерстік позицияда қызмет етеді. Егер бағалар төмендесе, онда қолма-қол тауарларда жоғалтқан ақшаңыз қысқа мерзімді позицияда пайдамен қайтарылады.